жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Lesson study» сабағының мақсаты және оның тиімділігі
«Lesson study» сабағының мақсаты және оның тиімділігі
Қазіргі заман талабына сай әрбір педогог үшін өз білімін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтар оқып, ізденіп көруімізге болады.
Сол жаңалықтардың бірі-жаңаша тәсіл- Lesson Study деп аталады. Lesson Study -мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педогогикалық тәсіл. Оған жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.
Сабақты зерттеу, яғни Lesson Study әдісінің тиімділігі өте зор. Бұл сыныптағы іс-әрекетті бақылаудың, зерттеудің ерекше түрі. Ол мұғалімдер тобынан құрылады. Сабақты бірлесіп жоспарлауды, сыныпты бірлесе зерттеуді талап етеді.
Lesson Study-дің тарихын айтатын болсақ, бізге Жапониядан келген тәсіл. АҚШ қа бұл әдістемені Lesson Study деп аударған Макота Йошида болады. Бұл мектептегі жетілдірудің ерекше тәсілі. Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш және орта мектептегі негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды педогогикалық тәсілдерді жасау мақсатында Жапониямен қатар Сингапур, Гонконг, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания тағы да басқа елдер қолданады. Ең алғаш рет бұл тәсіл 1870 жылы Жапонияда тәжірибені арттыру мақсатында пайда болған екен.
Lesson Study-дің басты мақсаты:
-оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылады.
- Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педогогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.
- Lesson Study бағытында жұмыс істейтін мұғалім әрбір оқушының деңгейін анықтайды;
- Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтілетіні туралы қысқаша жазу.
Зерттеу нәтижесінде, сыныптағы оқушылардың оқу жетістіктері артып, пәнге деген қызығушылықтары артады. Бұл әдісті қолданар алдында әрбір мұғалім өзіне керек топ немесе сыныпты және өзі қолданатын әдісті таңдап алу керек. Топтардағы зерттеудің басты мақсаты мен міндеттерін анықтап алғаннан кейін әр пән мұғаліміне негізгі нысандарды анықтау міндеттеледі.
Осы сыныптағы зерттелетін үш оқушыны анықтау
Бұл тәсілдің тиімділігі:
- оқушылардың білім алуына жағдай жасайды, көмектеседі.
- оқушылардың үлгерім сапасы жақсарады;
- әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге болады;
- сабаққа деген қызығушылықтары артып, оқу үдерісінде өзгеріс байқалады.
Бұл тақырып бойынша мен өз тәжірибеммен бөлісуді жөн көрдім.
Біздің мектебімізде бұл тәсіл әр оқу жылында ұйымдастырылады.
Lesson Study тәсілінің нәтижесі мектеп оқушыларының алға қарай ілгерілеуін, сабаққа деген құлшынысын көрсетеді. Біз мұғалімдер тобы оқу жылының басынан зерттеу сабағының жоспарын құрастырдық. Жоспарға негізделіп әрекет етіп, бақылау нәтижесінде сабақтың, оқушылардың үлгерімінің жақсара бастағанын байқадық. Бірлесе сабақты жоспарлаудың арқасында біз сыныптағы оқушылардың деңгейін анықтай алдық. Тапсырмаларды түрлендіріп, деңгейлік тапсырмаларды көбірек құрастырдық. Нәтижеде үлгерімі төмен оқушыларымның орта деңгейдің тапсырмаларын қызығушылық пен ынтасымен орындағынын байқадым. Әрине, бұл қуанышты жағдай, жақсы жетістік десек те болады. Мен өз сыныбымда диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігінің артқанын байқадым. Сыныпта диалогтік оқытуды басты назарға алу мақсатымыз-диалогтік оқыту арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік атмосфера орнату болды. Өйткені, оқушылардың таным белсенділігін арттыруда сұрақты түрлендіре қойып жауап беруде. Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу-қарым-қатынас жасаудың үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деген. Осы әдіс арқылы оқушыға мәтін беріліп, сұрақ құрастыру және екінші оқушыға жауап беру тапсырмасы жүктелді. Оқушылар тапсырмаларды өздері таңдап орындайды.
Үлгерімі төмен оқушы дайын сұраққа жауап береді. Орта деңгейдегі оқушы сұрақ құрастырады.
Үшінші жоғарғы деңгейдегі оқушы мәтін құрастырады. Яғни, біз осы тапсырманы таңдап орындаған оқушылардың білім деңгейін анықтай аламыз.
Еліміздегі болып жатқан жағдайға байланысты, қай платформада оқытсақ та, оқушының білім сапасын арттыру үшін түрлі әдістерді қолдану мұғалімнің шеберлігінде. Lesson Study тәсілі біздің елімізге өте қажет деп ойлаймын. Болашақта әрбір ұстаз өз пәнін жетік меңгеріп, оқушының сабаққа қызығушылығын арттыра білсе, жаман оқушы болмайтынына сенімдімін.
Қорыта айтатын болсам, бұл әдістің тиімді жағы өте көп. Lesson Stady –мұғалімдерді оқыту мен тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық және білімді жетілдіруге бағытталған педогиканың ең озық тәсілдерінің бірі. Бұл тәсіл-сабақты зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Зерттеу сабақтарынан кейін, мұғалімдер өздерінің педогогикалық әдістерін талдайды. Сондықтан да, оқушының дамуына жағымды жағдай тудырып, оқу процессіне ынтасымен қатысатындай етіп сабақты құрастыратын біз-мұғалімдер.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А.Әлімов Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. Алматы, 2015
2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педогогикалық шеберлік орталығы, 2015. -252 бет.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген