400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

LESSON-STUDY зерттеу сабағының талдауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы орайда білім сапасын көтеру, сонымен бірге пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін, бақылау дағдыларын дамыту мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бұқар жырау ауданы

«Калинин жалпы білім беру орта мектебі»КММ

Химия –биология пәнінің мұғалімі

Байжигитова Айдана Бейсентаевна

Lesson Study әдісін қолданып өтілген сабақтың талдауы.

Lesson Study –дың мақсаты: оқушыларды зерттей отырып өзіндік қабілеттерін анықтау.

Мен, Байжигитова Айдана Бейсентаевна

7 «А» сыныбына Lesson Study әдісін қолданып, бақылаушы мұғалімдермен бірлесіп зерттеу сабағын өткіздім. Сыныпта 17 оқушы бар. 7 «А» сыныбының өткізген 2 цикл сабақтың тақырыбы: «Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар.

7 зертханалық тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау» Сабақты ұйымдастырудан бастадым. Оқушыларды шаттық шеңберінде тұрғызып бір-бірлеріне жақсы тілектер айтқыздым. Шаттық шеңбері ынтымақтастықта болуға, бір-біріне көмек беруге баулиды. Оқушыларды қышқылдық дәмі бар және сабынды заттардың суреттері мен осы екі заттардың бірге суреттеу арқылы «ҚЫШҚЫЛДАР» «СІЛТІЛЕР» және «БЕЙТАРАПТАР» деп үш топқа бөлдім. Үй тапсырмасын тексердім. Тақырыпты мультимедиалық құрылғының көмегімен Жеміс, Көкөніс, Тағам суреттерін көрсетіп қышқылдардың түрлері мен сабынды заттардың ұқсас қасиеттерін табу арқылы аштым. Жаңа тақырыпқа сай «Түртіп алу» әдісі арқылы оқулықтан оқу арқылы, тақырып бойынша таныс емес үғымдарды дәптерлеріне жазып алғыздым. .

2. Өз беттерінше оқыған тақырыпты әуелі жұпта сосын топта талқылаттым.

.Дамыту әдісі бойынша үш топқа І-топ. Табиғи және табиғи емес қышқылдар атаныз. ІІ-топ. Негіздер. ІІІ-топ. Индикаторлар .тапсырмаларын беру арқылы постер қорғаттым. Топ спикерлері тапсырмаларды қорғап шықты.. Яғни бұл тәсіл, ЖИГСО Үйге тапсырма берілді. Әр топтын бағалаушысы өзіндік бағалау картасына топ мүшелерінің бағасын қойып отырды, мен ортақ баға қойдым. Оқушылыар сабақтан алған әсерін «Рефлексия пирамидасы» арқылы толтырды.

Рефлекцияда оқушылар сабақтан алған әсерін жазды.

Өткен сабақты пысықтау барысында оқушыларға сұрақтар берілді. Балалардың сабақты қалай меңгергенін байқау барысында тез және ұтымды жауап беруіне назар аударылды. Оқушылар өткен сабақты жақсы меңгерген, барлық оқушылар жарыса жауап беріп отырды, тіпті С деңгейлі оқушының да жақсы қатысып отырғаны қуантты. Сын тұрғысын ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан-жақты іздену қабілеттерін дамытады және деңгейі төмен оқушыларда қозғалып, сабаққа деген ұмтылысы мен тапсырманы орындауға ынталанады. Сын тұрғысынан ойлау модулін әр сабақта қолданған ұтымды. Ол үшін оқушылардың сөздік қорларын молайту қажет. Осылайша өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашуға ұмтылыс жасалды. Бұл сабақта байқағаным, оқушылар бір ұжымда жұмыс істейді, деңгейі төмен оқушыға деңгейі жоғары және орта оқушылар бағыт беріп, топты алып шығуға талпынды. Өз ойларын айтты.









































Бұқар жырау ауданы

«Калинин жалпы білім беру орта мектебі»КММ

Химия –биология пәнінің мұғалімі

Байжигитова Айдана Бейсентаевна

Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study –ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді.

Осы орайда айында 7"А"  сыныбында білім сапасын көтеру, сонымен бірге пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін, бақылау дағдыларын дамыту мақсатында пән мұғалімдерімен бірлесіп Lesson Study өткізілді. Топ құрамы П.С, Хуанган А белгіленді.

Неге осы сынып таңдалып алынды?

Себебі   бірінші деңгейлі мұғалімдер Нашарова Т.Ж , Оразбаева Б.Н тізбектелген 4 сабаққа жоспар құрып,

зерттеу жүргізу үшін мұғалімдердің бірлесуімен Lesson Study-ді өткізу жоспары құрды.

Біз қатысушылар үш А, В, С деңгейіндегі оқушыларды таңдап алдық.

А деңгейіндегі оқушы «Үлгерімі өте жақсы» А. есімді оқушы, В деңгейінде «Үлгерімі жақсы»  Н. есімді оқушы, С деңгейінде «Үлгерімі орташа»

А. есімді оқушыны таңдап алып, талдау жұмыстарын жүргіздік. Әрбіреуіне мінездеме беріліп, жан-жақты қарастырдық. Зерттеуге қатысушы мұғалімдер  оқушыларды бақылап отырды.

Топтық жұмыс нәтижесінде оқушылардың бір-біріне деген жолдастық қарым-қатынасы артады топтық жарыстар кезінде топ жетекшінің ұйымдастыру қабілетінің арта түсетіндігі байқалады оқушы бағалауының әділ болатындығы  және бірнеше оқушыны бағалау мүмкіндігі туатындығы белгілі болады

-Берілген тапсырманы отырып, жоспар құра алады;

-Берілген мәтін бойынша тапсырмаларды , орындайды

-Берілген мәтіннен негізгісін сұрыптай алады;

-Оқыған материалдары бойынша диалог құрай алады

Топта шығармашылық қабілеттері дамып,

өз ойын ашық айта алады;

-Білім сапасы артады.

Lesson Study үш цикл бойынша өткізілді. 1-циклде алғашқы зерттеу сабағы бірлесіп жоспарланып, өткізілді, сабақ соңынан оқушылармен сұхбат жүргізіліп, олардың пікірлері ескеріле отырып,  зерттеу жүргізуші мұғалімдер бірлесе талдау жасап, келесі зерттеу сабағы бірлесе жоспарланып отырды.  Осындай іс-әрекет әрбір зерттеу сабағынан кейін қайталанып отырды.

Алғашқы зерттеу сабағын талдау барысында оқушыларға өз бетімен орындау үшін деңгейлік тапсырмалар дайындау ұсынылды. Екінші  зерттеу сабағы алғашқы сабақтың қорытындысындағы ұсыныс ескеріле отырып құрылды және өткізілді. Сабақта оқушылар деңгейлік тапсырмалармен жұмыс атқарды, сабақты талдау нәтижесінде үшінші зерттеу сабағына шығармашалық тапсырмаларды күрделендіріп беруге ұсыныс жасалды. Алдыңғы сабақтан соңғы ұсыныс, оқушымен сұхбат нәтижесі ескеріле отырып, мұғалімдердің бірлесуімен үшінші зерттеу сабағының жоспары құрылып, өткізілді.

1 цикл аяқталған соң мұғалімдердің бірлесуімен  Lesson Study  қорытындыланды. Нәтижесінде  жалпы сыныптағы әр түрлі деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, төмендегідей қорытынды жасалды:

С деңгейіндегі оқушы:

-  Берілген мәтінмен жұмыс жасай алды;

-  Сұрақтарға жауап беріп, топта өзінің шығармашылық қабілетін көрсете алды

В деңгейіндегі оқушы:

-  Алған білімдерін қолданып, қосымша материалдармен жұмыс жасай алды;

-  өздіктерінен білім алуы үшін жоспар құра алды.

А деңгейіндегі оқушы:

-  Проблемалық сұрақтарды анықтап, жауап табуда ізденді. Өз білімдерін шығармашылық тапсырмаларды орындай алды.  

Сабақтарының нәтижесінде біз мынаны ұқтық. А деңгейіндегі оқушы берілген тапсырманы орындап , қасындағы оқушыларға көмектесе бастағаны, В деңгейіндегі оқушы да топпен жұмыс кезінде оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасады, топта сурет салып басқа қырынан көзге түсті. Ал С деңгейіндегі оқушы сұрақтарға жауап беріп , топтық жұмыс барысында өз идеяларын ашық айта білді.

Бұл зерттеу жұмысы тек оқушылардың білім сапасын көтеруге ғана бағытталып қойған жоқ, сонымен қатар, тәжірибие алмасу болды. Осыған байланысты, пән мұғалімдеріне төмендегідей ұсыныстар жасалды:

-  Өз бетімен жұмыс белгілі бір мақсатқа бағытталған, оқушы орындай алатындай етіп таңдалуы тиіс;

-  Тапсырма бар ынтасын салып жұмыс істейтіндей, қызықты етіп әзірленуі керек;

-  Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай бағытталуы керек;

-  Тапсырмаларды дайындау барысында көп алмау;

-Мұғалімге уақытты үнемдей алу;

- Оқушылардың берген жауабын мұқият тыңдап, қатесін түзетіп отыру;


Қорытындылай келе, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін  жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ.  Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуға үйреттік. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып,бірін-бірі, өздіктерін, жұптарын, топтарын бағалауға үйретіп, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарыммызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі "С" дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап "В" дәрежесіне жеткізуге, "В" дәрежесіндегі оқушыларды "А" дәрежесіне жеткізуге тырысамыз.



Шаттық шеңбер Топтық жұмыс


Постер қорғау Өзара бағалау










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
28 ұстаз жүктеп алған
23.03.2019
6655
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі