жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
лицензиялық жұмыс "Қызықты қазақ әлемінде" 3сыныпқа арналған
Құрастырған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні
мұғалімдері: Джузикеева Айнагуль Бакитжановна
Ибрашева Гулайхан Рахимжановна
Курмангалиева Бигайша Аскеровна.
Қостанай 2019 жыл
Аннотация
Бұл жинақта оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнін оқушыларға терең меңгертіп, қазақша дұрыс сөйлеп, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында құрастырылған. Бұл жаңарту бағдарлама аясында оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 3-сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру дәрежесін,сөздік қорын ескере отырып, оқулықтағы материалдарды толықтыру мақсатында қолданылатын қосымша ұсыныстар.
Мұнда оқушылардың сөйлеу тілін кеңейту, байыту мақсатында қысқа және қызықты мәтіндер,өлең, мақал,түрлі дидактикалық тапсырмалар берілді. Сондай-ақ жаттығу,тапсырмалардың түрлері де кеңінен қамтылды.
Дидактикалық материалдарды берудегі мақсат-оқушылардың тілін дамытуда, тіл үйренуде, сөздік қорын байытуда оқулыққа қосымша дүниені бір жерге топтап, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.
Аталған тапсырмалар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша құрастырылған.
Үлестермелі ұсыныстардың дайындау барында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар(суреттер, фотосуреттер,мәтіндер,бейнематериалдар) қолданылады.
Мазмұны
«Жанды және жансыз табиғат» ортақ тақырынба
«Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен »ортақ тақырыбында
«Уақыт » ортақ тақырыбында
«Сәулет өнері» ортақ тақырыбында
«Өнер» ортақ тақырыбында
«Атақты тұлғалар » ортақ тақырыбында
«Су –тіршілік көзі» ортақ тақырыбында
«Демалу мәдинеті » ортақ тақырыбында
«Жанды және жансыз табиғат» ортақ тақырыбы
Оқылым.
Тыңдалым
Мәтінді тыңда, оқы.
Жылқы
Жылқы төрт-түліктің бірі. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы сымбатты, сүйкімді жануар.
Сөйлемдерді топтастырып сәкестендір.
-
Жылқы сымбатты
сүйкімді,әрі жүйрік болып келеді.
Жылқы туралы ағыз әңгімелер
Түліктің бірі.
Жылқы төрт
сүйкімді жануар.
Жылқы баласы
өлең-жырлар,ертегілер өте көп.
К
ластер
жаса.
Қосымша жалғауларың жалға.
Менің жылқы... Біздің жылқы...
Сенің жылқы... Сендердің жылқы........
Сіздің жылқы.... Сіздердің жылқы.........
Оның жылқы... Олардың жылқы.......
Сергіту сәті
Күн ұйықтайды.
Күн оянады.
Жел соқты
Жаңбыр жауды
Бұлт шатырлады
Күн ашылды
Жел басылды.
Айтылым
Сөйлемдерді ретімен орналыстырып, оқы.
1. Жылқы сымбатты, сүйкімді жануар.
2. Жылқы төрт-түліктің бірі
3 Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді.
Білгенге маржан
Түйенің төлі-ботақан,
Қойдың төлі-қошақан,
Ешкінің төлі-лақ,
Жылқының төлі-құлыншақ,
Сиырдың төлі-бұзау.
«Сәулет өнері» ортақ тақырыбында
Айтылым
Суреттермен жұмыс
Бұл не?
Ал мынау қай ғимарат?
Саған қай ғимарат ұнайды?Неге?
Оқылым
«Бәйтерек» - сәні қаланың.
Түрлеген оның алаңын.
Аялайды «ағашты»
Сарыарқаның самалы
Көктөбе – көркем, көрікті,
Табиғатына тамсанам.
Ол жерден түгел көрінер
Алматы шамы самсаған
Бұл – үлкен сарай.
Қызығады талай.
Мұнарасы биік
Тұр аспанға тиіп.
Тыңдалым
«Бәйтерек»
монументі
Астанадағы «Бәйтерек» монументі 2002 жылы салынған. Оның биіктігі-97 метр. Ғимарат үш бөліктен тұрады. Жоғарғы жағында алтын түсті шар орналасқан. Аңыз бойынша ол самұрық құстың жұмыртқасы деп саналады. Бәйтерек«өмірағашы» деген мағынаны білдіреді.
«Бәйтерек» монументі- Астана қаласының символы.
Тесттік жұмыс. Дұрыс жауабын тап
1. Бәйтеректің биіктігі неше метр?
а) 92метр г) 100
б) 97 д) 200
2. Бәйтерек деген ненің мағынасен білдіреді?
а) өмір ағашы г) ағаштың жапырағы
б) ағаштың өмірі д) өмір
3.Бәйтеректің жоғары жағында не бар?
а) шар г) құс
б) доп д) құстың жұмыртқасы
Сергіту сәті
Аспанға қарап ай көрдім,
Жерге қарап жер көрдім.
Оңға бқрылып, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Жазылым
Тапсырма.Суретке қара. Бәйтерек туралы 4-5 сөйлеммен сипаттап жаз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сұраққа жауап беру
*«Бәйтерек» сөзі қандай мағынаны білдіреді? ________________________
*Ғимарат неше бөліктен тұрады?____________________________________
* Бәйтерек монументі қай жылы салынды? ____________________________
*Аңыз бойынша қай құстың жұмыртқасы салынған? ____________________
Мақал –мәтелді жаттап ал.
Отансыз
адам —
Ормансыз
бұлбұл.
Әркімнің өз жері — жұмақ.
Ер елінде, гүл жерінде.
Адасқан буындарды тап. Сәйкестендір
«Өнер» ортақ тақырыбында
Оқылым
.Тыңдалым.
Мәтінді оқы,
Менің отбасым өнерлі.
Менің отбасым өнерлі. Атам –белгілі зергер. Әкем домбыра тартады. Ағам суретші. Анам киім тігеді. Інім ән айтады. Мен би үйірмесіне қатысамын. Біз «Өнерлі отбасы» байқауына қатыстық. Біз бірінші орын алдық
Тапсырма.Диалогті толықтыр
Сенің отбасың қандай?
Сенің әкең немен айналысады?
Отбасыларыңыз қандай байқауға қатыстыңыздар?
Байқауда нешенші орынға ие болдыңыздар?
Мәтін бойынша сөйлемдердің ретін көрсет (1,2,3).
Мақал-мәтелді жаттап ал
Қол
өнері кілемде.
Сөз
өнері өлеңде.
Сергіту сәті
Менің атым Алма,
Он саусағым талма.
Домбыра тартып берейін,
Билейтінің бар ма?
Айтылым.
Сұраққа жауап бер.
Оның отбасы қандай?
Оның атасы зергер ме?
Әкесі не тартады?
Оның ағасы кім?
Олар
қандай байқауға қатысты.
Керекті сөздер: домбыра, тартамын, үйретті, атам,ауылда.маған.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жаңылпаш.
Ол бір ән айтты,
Мен бір ән айтым.
Мен бір ән айттым –
Домбырамен айттым,
Ол бір ән айтты –
Болбыр бір ән айтты
Жұмбақ
Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,
Әр үйде бар тапқышым, кәне білші? (радио)
Жазылым
Диаграмманы толықтыр.
Сергіту сәті
Біз кішкетай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарап табынып,
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз.
Үлкендерді сыйлаймыз,
Не айтса да орындап,
Күлкімізді сыйлаймыз.
Тапсырма. 1.Отбасы туралы пирамида құрастыру
2.Сөйлемдегі қосымшаларды толықтыру
Менің отбасы.... Біздің отбасы.......
Сенің отбасы..... Сендердің отбасы......
Сіздің отбасы..... Сіздердің отбасы......
Оның отбасы.... Олардың отбасы.....
Тыңдалым
Су-
тіршілік көзі
Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетін төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол –мөлдір, түссіз. Суды ішеміз және жуынамыз. Өсімдіктерді, бау – бақшаны суарамыз. Сумен ас әзірлейміз. Су бізге пайдалы. Сусыз өмір жоқ.
Мәтін не туралы?
Су қандай?
С
усыз
өмір бар ма?
Айтылым
Керекті сөз тіркестер: таза су, қол жуамыз, суды ішеміз, өзенде шомыламыз, сумен суарамыз.
Жазылым
1) Сөздерді тауып жаз.
..... өмір сүру мүмкін емес /сусыз/
Сусыз ....... жоқ /өмір/
Өсімдіктерді, бау – бақшаны ...... /суарамыз/
.. бізге пайдалы /су/
2) Су туралы пирамида жаса.
Үлгі: Жер.
Жер тамаша.
Менің жерім тамаша.
Менің жерім сұлу, тамаша.
3) Сәйкестендіріп жаз
көктемде
...... салқын болады.
жазда
...... мұздай болады.
Су
күзде ..... жылы болады.
қыста ...... ыстық болады
Оқылым
Диалог жалғастыр.
Сәлем
-----------------------------
Су туралы не білесің?
-----------------------------
Өмірде бізге су керек пе?
-----------------------------
Неге керек? Мысал келтір?
-------------------------------
Өлеңді мәнерлеп оқы
Бурабай
Бурабай ма, Бурабай,
Орманға бай, суға бай.
Қысы –жазы жайнайды,
Жасыл нуы құрамай.
Қайың, шырша, қарағай
Көл жиегін жағалай.
Дөңгеленіп тұрады,
Қол ұстасқан баладай
(Қ. Толыбаев)
Сергіту оқы, жаса
Бір, екі, үш деп,
Оңға, солға бұрылдық,
Төрт, бес, алты деп,
Алға, артқа иілдік.
Тіземізді бүктіріп,
Қолды создық тік тұрып.
Тыңдалым
Демалу
мәдениеті
Мен демалуға өте жақсы көремін. Мен театрға баруға ұнатамын. Алғашқы рет отбасымен бірге бардым. Әдемі көрініс көрдім. Келесі аптада сыныптастармен бірге қуыршақ театрға барамыз. Біздің қалада көптеген театрлар бар.
Қандай театрлар бар?
Сен демалыс күнде қайда демалуға барасың?
Айтылым
Берілген
сұрақтар бойынша «Демалу мәдениеті»
туралы айту.
-Сен жазда қайда демалдың?
-Қандай көрікті жерлер білесің?
-Сен қандай мұражайда болдың?
-Театрда қандай көрініс көрдің?
Жазылым
Сәйкестендіру
-
Мен Алматы қаласында
келді
Біз отбасымен театрға
демалдым
Сенің досың киноға
бардық
Сөйлемді дұрыс жаса.
А) Мен, доспен, демалдым,бүгін
В) Демалуға, мен, көремін, жақсы
С) Мұражайға, мен, бардым, мұғаліммен, бірге
Ақпараттың дұрыстығын көрсет.
-
Акпарат
Дұрыс
Дұрыс емес
Осы аптада қуыршақ театрға барамыз.
Мен демалуға өте жақсы көремін
Әдемі көрініс көрдім.
Біздің ауылда көптеген театрлар бар.
Алғашқы рет доспен бірге бардым
Оқылым
Өлеңді мәнерлеп оқы . Тақырыбын қой.
Құмнан
қамал тұрғызып
Суда шомылып
ойнаймыз
Демалыста қыдырып
Әлемдерді шарлаймыз
Сергітуді оқы, жаса
Сергіту
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Бойымызды созайық,
Белімізді жазайық.
Тыңдалым
«Жақсыдан
үйрен,жаманнан жирен»
Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты. Ішкі жан дүние – мінез-құлық. Дауыс көтеріп оспадарсыз сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды. Адаммен қарым-қатынасың сөз ғой, сондықтан да айналаңнан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен дауысыңды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп, жақсылықты бойыңа жина. Рухани байлығың – білім мен тәрбие. Киім киісі, жүріп-тұрғаны көңілге қонымды, күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін, оқушыны ұстаз да, ата-ана да мақтаныш тұтады. Теледидардан көргеннің бәріне еліктеуге, үйренуге болмайды. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» дегендей жақсы мен жаманның арасын ажырата білу керек.
Тапсырма
1.Мәтін не туралы?
2.Мәтін бойынша сөйлемнің ретін көрсет (1,2,3)
Рухани
байлығың-білім мен тәрбие
Жаманнан
жирен,жақсыдан үйрен
Ішкі
жан дүние-мінез- құлық
Айтылым
Суретке
қарап екі баланы сипаттап айт.
Жазылым
Кестеге сүйеніп, сурет бойынша 2 сөйлем
құрап жаз .
Қандай?
Кім?
Не
істеді?
Оқылым
Мақалдарды түсініп оқы.
Әдепті
бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз
бала ата-анасын қақсатар.
«Сіз»
деген әдеп,
«Біз»
деген көмек.
Әдепті
бала – арлы бала,
Әдепсіз
бала – сорлы бала.
Сергіту
Жабырқауды
білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз – талапты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан.
Тыңдалым
Уақыт
Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тұрмақ емес. «Кешегі күн өтіп кетті Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан, бүгінгі күннің құны мен қадірін біл.» Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана « аһ» ұрамыз. Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды.
Тапсырма
1.Мәтінен тірек сөздерді тап.
2.Тірек сөздермен сөйлемдер құру
Айтылым
« Күн тәртібің» туралы айт.
Жазылым
Тапсырма
Қосымшаларды қосып жаз.
1.Менің уақыт+
Сенің уақыт+
Сіздің уақыт+
Оның уақыт+
2.Сөздерді аударып жаз.
Уақыт-
Пайдалану-
Дұрыс-
Бос уақыт-
Өткізу-
Оқылым
Тапсырма
Мақалдың мағынасын түсіну
1.Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.
2.Елу жылда ел жаңа.
3. Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.
4.Жан жарасына уақыт емші.
5.Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.
Сергіту
Біздер тату баламыз,
Гүл -гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы серігіп қаламыз.
Тыңдалым
«
Атақты тұлғалар»
Абай Құнанбаев шын аты (Ибраһим) (1845- 1904) жылдары өмір сүрген - ұлы ақын, философ. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Қазақ халқының рухани көсемі дәрежесіне көтерілген кемеңгер адам. Туып-өскен жері — Семейдегі Шыңғыстау өңірі. Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Ұлы ақын ретінде, философ ретінде әлемдік деңгейде мойындалып, танылған тұлға.
Тапсырма
1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
1.Ақын қай жылдары өмір сүрген?
2.Шын аты кім?
3.Қай жерде туған?
4.А.Құнанбаев кім?
Айтылым
Тапсырма
Абайға мінездеме айт?
Жазылым
Мына сөздерден сөйлемдер құрап жаз
Білімді, жақсы , ақын, ақылды, ұлы,
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Қыс
Ақ
киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр,
мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы
ақ қырау, түсі суық,
Басқан
жері сықырлап, келіп қалды.
Дем
алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі
құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай
бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен
қызарып ажарланды.
Бұлттай
қасы жауып екі көзін,
Басын
сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Сергіту
Он, жиырма, тоқсан, жүз,
Тойлаймыз ата тойын біз
Абай ата өзіңдей,
Біз жазушы боламыз.
Жазған өлең, әңгіменді,
Ынта қойып оқимыз.
Пайдаланған әдебиет.
1. Ф. Ш. Оразбаева, Т.Т. Аяпова, Р.С. Рахметова, Ж. Нұрсұлтанқызы
«Қазақ тілі» оқулық
2. «Қазақ тілі» К. Сариева.
3. «Алақай» Көркем сөз әлемі.
4. К. Сариева «Мы говорим по казахский»
5. Ж. Жеткізген. «Қазақ тілі грамматикасы».
6. «Бастауыш мектеп» Республикалық ғылыми әдістемелік журнал.
7. «Бастауыш сыныпта оқыту» Республикалық ғылыми әдістемелік журнал.
8. «Ғажайып буындар» сауат ашу кітапшасы.
9. «Бастауыш сынып» журнал №8 2013
10. «Қазақ тілі» 3 сынып. Алматы кітап 2009ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген