Лидерлік және басшылық туралы не білеміз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Лидерлік және басшылық туралы не білеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Лидер - ағылшын тілінен аударғанда басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді, яғни адамдарды өзін - өзі белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез - құлықтарына әсер ете білу үшін басқарушының қолданатын басты құрылғысы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Лидерлік және басшылық туралы не білеміз?

Бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру бағдарламалары бойынша 401-450 дәрежеге енді. Университетте еліміздің барлық аймағынан келген 20 мыңнан астам студент, сондай-ақ алыс жақын шетелден келген студенттер білім алады.

ҚазҰУ-дың 75-жылдық өмір жолында қалыптасқан дәстүрлерге, есімдері мен атқарған істері ұлы шаңырақтың, яғни еліміздің жасампаз оқу орны басынан кешкен тарихының ғылымға риясыз қызмет ету мен батыл инновациялардың ажырамас бөлігі болып табылатын алдыңғы буын ағалар мен замандастарға тән ерлікке табан тірейді.

2003 жылы 16 қыркүйекте Еуропадағы белгілі Болонья (Италия) университетінің қабырғасында университет Дүниежүзілік университеттердің хартиясына қол қойды. Сөйтіп, ҚазҰУ Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып Еуропалық білім кеңістігіне кірді.

Университет білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, лидер болуға, көшбасшыға тән қасиеттерді тәрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда.

Көшбасшылық қасиет деген қандай болады? Ал лидер деген ол кім жалпы? Ол адамның лидер екеніне қалай көз жеткізе аламыз? Кез - келген адам лидер бола ала ма? Лидерді қандай шартқа сай таңдаймыз деген көптеген сауалдар көкейімізде екені белгілі. Алдымен лидер деген кім соны біліп алайық. Лидер - ағылшын тілінен аударғанда басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді, яғни адамдарды өзін - өзі белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез - құлықтарына әсер ете білу үшін басқарушының қолданатын басты құрылғысы. Лидер ол жан - жақты. Ол - философ та, психолог та, автор да, идеолог та, қысқаша айтсақ, өз ісінің маманы. Ең алдымен лидер мен басшы деген сөзді ажырата ала білу керек. Басшы деген, барлығымызға мәлім, жұмыс беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам болып саналады. Бұл негізгі адамның лауазымы. Ал лидер дегеніміз, адамдарды жақындастыра отырып, белгілі мақсатқа жету жолында адамдарды бағыттаушы тұлға.

Жалпы лидер мына компонентер негізінде туындайды: эмоциялық, іскерлік, ақпараттық.

Эмоциялық лидер топ- жүрегі, іскерлік лидер топ- қолы,ақпараттық лидер топ- миы

Ал көшбасшыға тән қасиеттерге тоқталсақ.

Бірінші қасиет. Мінез-құлық: жартастай берік болу.

Нағыз мінез-құлық дегеніміз- ішкі жан – дүниенің кең болуы

Екінші қасиет.Хариза: бірінші қалыптастақ әсер, бәрін шеше білу

Харизма дегеніміз-адамдарды өзіне тарту қабілеті

Үшінші қасиеті.Ісінізге жан-тәнімен берілу

Төртінші қасиеті.Дұрыс қарым-қатынас орната білу

Бесінші қасиеті. Біліктілік

Алтыншы қасиеті. Ерлік: ерлігі бар адам, көп адамға тең

Қорытындылай келе көшабылық- бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау. Кез - келген ұйым немесе адамдардың белгілі бір мақсатқа жету жолында құрылған тобы және оны бастайтын көшбасшысы болатыны анық. Сол сияқты, біздің білім алып жатқан ордамыз, әл - Фараби атындағы қазақ Ұлттық Университетінде 17 факультет болса, әр факультетті басқару стратегиясымен ұстап отырған белгілі бір басшы мен лидерлер бар. Қазақ Ұлттық Университетіміздің әлем бойынша дамыған 200 университеттің қатарына кіруінің бірден бір нәтижесі ол - лидерлердің ұйымдастырушылық қасиеттерінен туындаған көрінісі.



Адам үшін психология дегеніміз не? Оның қазіргі қоғамдағы құндылығы қандай? Бұл сұрақтар бүгінде өте өзекті. Психология негіздерін білу үлкен рөл атқарады, дегенмен біз бұл туралы ойламаймыз. Адамдар көп қобалжиды, қайғыға батады, біреумен жанжалдасады немесе ақпаратты қатты қабылдайды. Жалпы, адам өмірі зебра секілді, ақ пен қараға толы… Психология- бұл жан дүниесі. Көптеген мамандар психологияға адам туралы маңызды ғылымдардың бірі ретінде жүгінеді. Бұл ғылым барлық қызмет салаларында көрініс табады және кез-келген мамандық иесіне өзінің қадір-қасиетін сақтауға және айналасындағы адамдармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Психология адамдарға өздерінің ішкі жағдайларын түсінуге жәрдемдеседі.

Менің түсінігімде психология- адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді.Жалпы алғанда, адамдар қарым-қатынастарын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі түсіну қиын, әрбір адамның ішкі әлемі ерекше жіне бірегей. Сондықтан психология адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл ішкі жеке мотивтерді адамға жетелейтінін, оның мінез-құлқына және іс-әрекетін анықтауға көмектеседі.





Тленчиева Н.С

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Стасюк А.А

Психология мамандығының 1 курс магистранты

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Мұхтарқызы Дана. 1 курс студенті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2024
246
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі