Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Лимонның емдік қасиеті. ғылыми жұмыс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»
«БЕЙНЕУ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Авторы: Мақыбаева Ұлмекен Жарылғасынқызы
Жоба атауы: Лимонның адам өміріндегі пайдасы
Бағыты: Таза табиғи орта-салауатты өмір салтын
қалыптастыруды іске асыру негізі
Секциясы: Медицина
Жетекшісі: Сейилханова Нуршат Саришанқызы
2017 ж
Мазмұны
І. Кіріспе...............................................................................................5
ІІ. Негізгі бөлімі
2.1. Лимонның шығу тегі.....................................................................6
2.2. Лимонға ботаникалық сипаттама.................................................7
2.3. Лимонның құрамы.........................................................................9
2.4. Лимонның емдік қасиеттері..........................................................10
2.5. Лимонның иіс кетіргіш және тазартқыш қасиеттері..................13
2.6. Зерттеу материалдары.
1. Лимонның тазартқыш қасиетін тексеру..........................................14
2. Лимонның шай түсін өзгертуін дәлелдеу........................................14
ІІІ. Қорытынды........................................................................................15
Пайдаланған әдебиеттер........................................................................16
Қосымшалар.............................................................................................17
1
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
«Бейнеу мектеп-интернаты»
КММ-нің 7-сынып оқушысы
Мақыбаева Ұлмекен
Жарылғасынқызының
«Лимонның адам өміріндегі пайдасы»
атты ғылыми жұмысына
Пікір
Мақыбаева Ұлмекен Жарылғасынқызы мектепішілік іс-шараларға,аудандық жарыстарға белсенді араласатын және мектебіміздің белсенді,үлгілі оқушыларының бірі. Ұлмекен өзіне тапсырылған жұмысқа зор жауапкершілікпен қарайды. Сонымен қатар алғыр,ұқыпты оқушылар қатарынан. Әсіресе адам өміріне пайдалы,қажетті тақырыптарға үлкен қызығушылықпен қарайды.
Мына «Лимонның адам өміріндегі пайдасы» деген жұмыспен айналысудағы алдына қойған мақсаты да осы. Өлкемізде өсірілмесе де адам ағзасына қаншалықты пайдасы бар екенін зерттеп,оны ортаға салу. Осы жұмыспен айналысу барысында лимонның шығу тегінен бастап оның ботаникалық сипаттамасы,құрамы,емдік қасиеттерін зерттей отырып,оқушының көп ізденгені байқалады. Бұған қоса мәліметтерді жинақтай отырып,оны тәжірибе тұрғысынан дәлелдеп көргені де мақтауға тұрарлық.
Адам ағзасына қажеттіні танып-білу арқылы оқушылар бойында эстетикалық,экологиялық тәрбие қалыптасады десек,осы жұмыстың авторында өз елінің халқына деген сүйіспеншілігі арқылы патриоттық сезімінің жоғары екендігі байқалады.
Жұмыстың орындалуы ғылыми зерттеу талаптарына сай және алдына қойған мақсатына жеткен. Қорыта айтқанда Ұлмекен өзінің ғылыми деректермен,қосымша әдебиеттермен жұмыс істей алатындығын жан-жақты көрсеткен.
Жетекшісі: Сейилханова Нуршат Саришанқызы
Мектеп директоры: Сағындық Айса Жалғасұлы
2
Аннотация
Зерттеу тақырыбы: Лимонның адам өміріндегі пайдасы
Зерттеу мақсаты: Лимон жемісінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып,
оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең
талдау жасау. Лимоннан дайындалатын сусындар мен ем-
домның жасалу жолдарын зерттеп танып-білу.
Зерттеу әдістері: -Лимонның шығу тегін анықтау;
-Лимонның ботаникалық сипаты мен химиялық құрамын
зерттеп білу;
-Лимонның емдік қасиетін айқындау, иіс кетіргіш және
тазартқыш қасиетін айқындау;
Зерттеу жаңалығы: Лимонның емдік қасиетін көрсете отырып,оның пайдасы
мол екеніне көз жеткізу. Лимон қосылған судың
пайдасын тәжірибе жасау арқылы көрсету.
Зерттеудің кезеңдері: Материал жинау,жинақтау,тың деректер іздестіру,
лимонды пайдаланатын адамдармен кездесу және
тәжірибе жүргізіп көру.
Зерттеудің қорытындысы: Зерттеу нәтижелерін,жиналған мәліметтерді
толықтырып,халық арасында лимонның
қолданылу мақсаттарын көпшілікке тарату.
Лимон жемісінің пайдасы туралы баспасөз
беттеріне жариялап,оны ұдайы қолдануға
шақырамын.
3
Аннотация
Тема исследования: Преимущества лимона в жизни человека
Цель исследования: выявление особенностей плодов лимонной травы,
это глубже, чем польза от его человеческого тела
анализ. Лимонные напитки и процедуры,
изучите способы сделать дом.
Методы исследования: - Определение происхождения лимона;
- Ботанические свойства и химический состав лимона
ч обременены;
-Лимон определяют лечебные свойства и запах
удаления
-Определение свойство очищающих;
Новизна исследования: преимущества лечебных свойств лимона
чтобы быть в избытке. Вода с лимонным соком
демонстрируя преимущества проведения
экспериментов.
Этапы исследования: этапы сбора, хранения, поиска данных,
и встречи с людьми , которые используют этот лимон
экспериментальная попытка.
Результаты исследования: Результаты исследования, собранные данные
дополнение популяции лимонов
цели рекламы.
Пресса о преимуществах фруктов лимона
публиковать его на своих страницах и регулярно
использовать его я приглашаю вас.
4
Кіріспе:
-Күз,қыс және көктем айларында жөтеліп,тұмауратып қалатын кездеріміз болып қалады. Дәрігерлер мұндайда түрлі дәрі-дәрмектермен және ине салу әдісі арқылы емдесе,кейбіреулер дәрілік шөптердің көмегіне жүгінеді. Әсіресе,дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағасы үнемі қалта көтере бермейтін кезде емдік қасиеті бар жемістерді тиімді пайдалану туралы кеңірек мағлұмат алып, оларды дұрыс қолдану туралы көбірек білу бәрімізге қажет.
Жеміс- жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды. Бірақ біршама өсімдіктерде басқа бөліктерінен де дамитынын кездестіруге болады. Жалпы айтқанда аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс,ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды екен. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады екен. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады деседі. Өсімдік түріне байланысты жемістің көлемі,пішіні,түсі әр түрлі болатыны белгілі. Жемістің өзі құрғақ және шырышты болып бөлінеді екен. Шырынды жемісті көп тұқымды-алма жемісі.
Қазіргі уақытта адам деснсаулығы басты назарда екені барімізе белгілі. Сонымен қатар денсаулықты сақтауға көп көңіл бөлінуде. «Тазалық-денсаулық негізі,денсаулық-байлық негізі» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек,өйткені адам денсаулығы-қоғам байлығы. Кезкелген адам өз денсаулығының мықты болуына үлкен мән беруі керек. Дені сау адам көңіл-күйі көтеріңкі,еңбекке үнемі құлшыныспен араласады. Отанымыздың келешегі,көркеюі-салауатты өмір салтын сақтауға байланысты деп ойлаймын. Біздер болашақ жастар денсаулық пен тазалықты сақтаудың жаңа жолдарын іздестіру үстіндеміз. Химиялық тазарқыштар мен жасанды дәрі-дәрмектің орнына экологиялық таза өнім табу керек деп ойладым. Сондықтан жеміс-жидектердің арасынан лимонды таңдап,ол туралы мәлімет тауып,оның қасиеттерін ашып,күнделікті тұрмыста қолдану тәсілдерімен таныстыруды жөн санадым.
Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім. Лимон құрамындағы магний,калий мен С дәрумені ми,жүрек және жүйке жүйесі жұмысын қалыпқа келтіріп, қан қысымын реттейді екен. Сондай-ақ теріге нәр беріп,тырнақ,шаш өсуіне де көмектеседі екен. Қант диабетімен ауыратын науқастарға да пайдасы көп деседі.
5
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Лимонның шығу тегі.
Лимон бізге сонау Үндістан мен Қытай жерлерінен келген екен. Кезінде экзотикалық болған бұл жеміс қазірге кезде елімізге орнығып, халқымыздың қолданыстағы жемісі қызметін атқарып жатыр және де олардың көңілінен шығуда.
Цитрус дақыларын зерттеуші мамандары арасында лимонның шығу тегі туралы бір қалыпты пікір жоқтың қасы десекте болады. Оның цитроннан ауып кетіп шыққан мутация деген жорамалдары да бар екен. Лимон жемісі қалай болғанда да табиғатта жабайы түрде кездеспейтін жемістер қатарынан көрінеді.
Лимон жемісі туралы еі алғашқы мәліметтер Қытайда ҮІІІ ғасырға жатқызады. Ал ХІІ ғасырда арабтар оны Испаияға әкелген. Дәл сол кездің өзінде бұл өсімдік дәл қазіргідей түрінде қалыптасқан екен. Александр Македонсийдің әскерлері Еуропаға Үндістаннан лимон жемістерін әкелген. Оларды үнді алмалары деп атап кеткен. Ал атақты теңіз саяхатшысы Джеймс Кук өз теңізшілерін цинга атты ауырудан қорғау үшін осы лимон жемісін жегізген деседі,ХҮІІ ғасырдағы британдық теңізшілерді «лимондықтар»,яғни «лаймиз» деп атап кеткен.
Осыдан жүз жыл шамасы бұрын Нижний Новгородтың жанындағы Павлово атты селода орыс шаруалары лимонды өз үйлерінде өсіріген.
Лимон ағашының мекені- Үндістан,Қытай және Тынық мұхитының тропикалық аралдары. Қазіргі таңда тропикалық аймақтарда ғана емес,сонымен бірге мәдени түрлері субтропикалық Кавказ,Орта Азия,Калифорния,Флорида,Жерорта теңізінің аймақтарында да өсіріледі екен.
6
2.2. Лимонға ботаникалық сипаттама.
Лимон- цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгіжасыл өсімдік.
Ботаникалық сипаттамасы: Лимон ағашының биіктігі 5-8 метр. Бұтақтарының инелері болады. Жапырағы жұмыртқа пішінді,ұшы сүйір. Жапырағындағы эфир майы әсерінен өсімдік жағымды иәс бөліп тұрады. Гүлі ақ түсті,хош иісті. Лимон ағашының жемісі жұмыртқа пішінді,кейбір сұрыптарында домалақ пішін кездеседі. Жемістің ұзындығы 7-12 см,диаметрі 8-10 см,салмағы 120 грамм шамасында. Лимон жемісінің қабығының қалыңдығы 2-5 мм,сары түсті. Лимонның шырыны ақшыл-сарғыш түсті, дәмі ащы.
Елімізде осы уақытта екі жерде ғана лимон өсіріледі. Ол Шығыс Қазақстан облысында,Өскемен қаласының маңайындағы Украинка деген ауылда және Оңтүстік Қазақстан облысында Дидар Имашев басқаратын «Нығметолла» деген шаруашылықта. Қазіргі таңда Атырауда өнеркәсіптік ауқымда лимон өсірілетін алғашқы бақша ашылды. «Біздің климаттық жағдайға бейімделетін лимонның түрін ұзақ таңдадық. Нәтижесінде Ташкенттегі лимонарияда өсірілетін «Дүние» (Мир) сұрпына тоқталып, оның алғашқы 2 мың көшеттін бір гектар жерге ектік, - деді Атырау облысындағы шаруа қожалықтарының бірінің жетекшісі Владимир Розметов. Шаруа қожалығының жетекшісі Атырауда лимон өсіруге өзбекстандық мамандардың көмектесетіндігін айтты. «Күн суытқанда өсіндіні үсік шалмас үшін жылыжай орнатамыз. Алғашқы өнімді алдағы жылы аламыз деп жоспарлаудамыз. 4 жылдан кейін әр тал 150 келіге дейін лимон беруі мүмкін. Бұл жобаны тек Атырау облысында ғана емес, лимонды шеттен алып келетін Қазақстанның басқа өңірлерінде де жүзеге асыруды көздеп отырмыз», - деп атап өтті В. Розметов.
Негізінен Қазақстанға лимонды Испаия, Аргентина және Турция елдерінен әкеледі.
Дұрыс күтіп баптаса,лимон үй жағдайында да гүлдеп,жеміс береді. Үйде өсірілетін лимонның қабықтары жұқа,дәні майда,хош иісі көбірек болады. Дәнінен өсірген лимон 7-8 жылдан,кейде 15-20 жылдан кейін ғана жеміс береді. Бұл процесті тездету үшін,бір жылдық көшетті жеміс беретін ағаштың бұтағымен телу керек. Мұндай өсімдік 2-3 жылда гүлдей бастайды. Бір лимон жемісі толық жетілу үшін сабақ бойында кем дегенде 10-15 жапырақ болуы керек. Лимон өсімдігін үйде де өсіруге болады,оның арнайы сұрыптары бар. (2-сурет)
7
Бұл ағаштар көктем-жаз кезеңінде 2-3 рет гүлдейді.,ал қыста жарық жетпесе демалып тұрады. Жақсы сұрыптары жылына 1-4 рет гүлдеп,жеміс береді. Бөлме лимондарының жемістері жақсы жетіліп,піседі. Олардың дәмдік сапасы сырттан әкелінген лимондарға қарағанда жоғары болады. Бөлмеде өсіп тұрған лимон ағашының жапырақтарынан фитонцид деген зат бөлінеді де,бөлмені аурау таратушы микробтардан тазартып тұрады және ауаны хош иістендіреді. Сол себепті цитрус өсімдіктерін өсірушілер суық тиіп ауруды білмейді. Лимонның иісі шаршағанды басады,көңіл-күйді сергітеді,көздің көруін жақсартады,жұмысқа қабілеттілікті арттырады екен. Компьютермен жұмысты көп жасайтындарға адамдарға пайдасы көп екен,сонымен қатар оның иісі тек жемісінен ғана емес,жапырақтарынан да жақсы иіс шығып тұрады.
Қыста 15-18 ͦ С жылыда,ылғалды ауада,жарықта жақсы сақталады. Құрғақ ауаны,қатты ыстықты жақсы көрмейді. Терезенің алдына қойғанда желдеткіш жабық тұруы қажет. Көктемде баққа топыраққа ыдысымен отырғызып, күзде қайта үйге кіргізу қажет. Лимонды күннің қысқа мерзімінде отырғызса тез гүлдеп,өнім береді. Бөлмеде газ,түтін,мұнай өнімдерінің иісі болса өспей қалады.
8
2.3. Лимонның құрамы.
Лимонның құрамында пектин,эфир майлары,биофлавоноидтар бар. Лимон асқазанды қорытуға көмектесетін заттардың бөлінуіне әсер етіп, ағзаға темір мен калцийдің сіңіруін жеңілдететін энзимдарды бөледі.өзі қышқыл болғанына қарамастан,ол асқазан суларының қышқылдығын төмендетеді. Әрине лимон құрамындағы С дәрумені туралы айтпасқа болмайды. Ол жалпы иммунды жүйені жақсартып,түрлі ауруларға төтеп береді. Лимон ағзаға кері әсерін тигізетін кір-қоқыстарды сыртқа шығарып тастауға көп көмектеседі екен. Атап айтар болсақ, ұзақ уақыт дәрі,антибиотикқабылдасаңыз,лимонның көмегімен бауырды улы заттардан тазартуға болады. Лимонның жеуге жарайтын бөлігінің 100 грамының энергетикалық құндылығы-27-29 калория. Онда құрғақ зат 9,6-10% құрайды,8,4%-көмірсу,олардан 3,5%-ға дейін-қант,0,6-1,1% ақ,0,3-0,8% май,0,4-0,9%клетчатка. Лимондар органикалық қышқылдарға-6-8% бай,сол себептен олар лимон қышқылын жасау үшін пайдаланылады.
Жемітің минералдық құрамына калций (26-27 мг),фосфор (22-26 мг),натрий (1мг),темір (0,3-0,5мг),калий (235 мг) кіреді.
Лимон жемісі дәрумендерге өте бай. 100 грамында 40-85 мг С дәрумені,0,4 мг бета-каротин,0,04 мг-В1 дәрумені,0,2-В2,0,2-В3,0,1-0,3 мг-Р дәрумені бар.
(Лимонның құрамында 5-8% лимон қышқылы,азот пен пектинді заттар,қант,фитонцидтер,калий,мыс,флвавоноидтар,А,В1,В2,С,Д,Р дәрумендері мен эфир майы бар).
Лимонның құрамындағы басты бөліктері ол,әрине су мен лимон қышқылы. Бірақ,олардан басқа адам ағзасына қажетті дәрумендерде бар. Ең көп мөлшерін адам ағзасындағы заттардың дұрыс алмасуы мен қоректенуіне қажетті С дәрумені құрайды. Онымен қатар А,В1,В2 мен Д дәрумендері және тек цитрус дақылдарына лайық цитрин (Р витамины) бар. Химиялық құрамына назар аударсақ,бұл,биологиялық белсенділік пен емдік қасиеттері мол,өте күрделі фенолдық құралым. Минералдық тұзар мен лимон қышқылына бай боғандықтан,лимонды жеу адам адам ағзасына көп пайда келтіреді.
Құрамындағы адам ағзасына пайдалы заттарға бай болғандықтан лимон қажетті азық-түлік,бағалы дәрілік және косметикалық құрал деп саналады.
9
2.4. Лимонның емдік қасиеттері.
Катарактаның қалыптасу қаупін азайтады,кіші қан тамырларының қабырғаларын қатайтады. Қаназдықты және ревматизмді емдеуге көмек береді. Құрамында С дәрумені 100 грамда 48 мг.
Лимон құрамындағы дәрумендердің мол болуына байланысты оның адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Жалпы лимон бактерияға қарсы және иммунитетті жақсарту әсері жөнінен бірінші орында тұр. Бәріміз білетіндей,лимон жемісі С дәруменіне бай,ал ол қыс мезгілінде иммунитетті жоғарлатуда,әр түрлі тыныс жолдарының ауруларында көп пайдасын тигізеді. Біле білсеңіз,100 грамм лимонда 150 грамм С дәрумені бар. Ал, ересек адамға тәулігіне 60 грамм С дәрумені қажет. Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында,дәл осы жұмсағында дәрумендер көп жинақталған. Ал,лимон жұмсағы 90% судан, ал қалған бөлігі суда еритін дәрумендер және алма,лимон қышқылынан тұрады. Құрамындағы калийдің маңыздылығы соншалықты,жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын реттейді, яғни қан қысымы жоғарлаған науқастарға,жүрек инфарктін,инсульттің алдын алуда пайдасы зор. Кейде тіпті,адамның көңіл-күйі болмаған кезде,тәбеті тартпай тұрса,1 тілім лимонды шайға салып ішсе болады. Ол әрі тіске,әрі қызыл иектің қанауында көмектеседі. Суға лимон шырынын қосып,тісті шаюғада болады. Жүкті әйелдерге аса қажетті өнім. Себебі оның құрамында жоғары мөлшерде С дәрумені бар және бұл әсіресе жүкті әйелдердің таксикоз кезінде пайдалы,сол кезде 1 тілім лимонды күніне 1 рет жесе басылады. Бір ескере кететін жайт,лимон цитрустық жемістер қатарынан болғандықтан,
Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Әсіресе, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары бар әйел адамдарға қолданбаған жөн,өйткені оның құрамында қышқыл бар. Лимонды шаймен бірге ішудің пайдасы мол. Оның қасиеті ағзадағы артық жиналған заттарды,шлақтарды шығарады және өзіңді тыныштандырып,жақсы көңіл-күй сыйлайды. Таңертен тұрғанда 1 тілімін шайға салып ішсеңіз,сіз өзіңізді күні бойы сергек,әрі жеңіл сезініп жүресіз. Қандай димонды таңдау керек екенін айта кетейін. Қазіргі кезде лимон түрі өте көп. Оның түрі қаншалықты көп болса,оның барлығының да тигізер пайдасы бірдей. Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне,яғни сыртқы түсі қанық сары түсті,сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек,дақтары болмағанын қадағалаңыз.
10
Судың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екенін бұрыннан білеміз. Диетолог- мамандар су диетасына сәйкес күн сайын аш қарынға 1 стақан таза су ішу керектігін айтады. Сонымен қатар, олар таза суға лимон тілімдерін қосып ішкен дұрыс екенін дәлелдеген.
Цитрус өсімдіктерінің шырыны табиғи дәрумендерге өте бай,адамның көңіл-күйін көтеріп сергітеді. Шырынның адам ағзасына әсері мол. Оны қарапайым адамдардан бастап,даңқты спортшыларда жаттығуларда, сайыстарда пайдаланады. Қазіргі уақытта сапалы шырынды пайдалануға әлемдік деңгейде көп көңіл бөлінуде.
Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі көп адамға аян. Қант диабетімен ауратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп,ұнтақтап,сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып,шай сияқты демдеп,күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп,ауруынан айықтыруға болады екен.
Лимонды кесіп алып,шайға салып,ішіп жүрсе,қан жүрісі реттеледі,қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шәй ішкен адамның жүйкесі бір қалыпты болады.
Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға,склероз,қаназдық ауруларынан жазылуға жәрдем береді екен.
Артық салмақтан арылуды мақсат еткен адамдарға лимон қосылған су көмекке келеді екен. Лимон шырынының құрамындағы пектин ас қорыту жүйесін жақсартып,артық салмақтан арылуға жол береді. Ол үшін күнделікті 1 стақан лимон қосылған суды үш мәрте қабылдау керек.
Лимон қосылған қайнатылған жылы су бауыр,өт,бүйрек ауруларының алдын алып,бұл мүшелердің жұмысын жақсартады. Өт жолында тастардың жиналмауына жағдай жасайды. Ағзаны қажет емес зиянды қалдықтардан арылтады. Қан құрамындағы токсиндерден арылтып,терідегі пигментті дақтардың көзін жояды. Безеу,секпіл,әжімнің түсуіне жол бермейді. Теріні тазалап,оны ағартады.
Лимон - көптеген ауруға шипа. Өйткені лимон дәруменге бай. Бас ауырғанда, қантсыз кофеге лимон тамызып ішу керек.
Лимонды тырнақты қатайту үшін пайдалануға болады. Оны тырнаққа жағып, лимон шырыны қосылған ванна қабылдаңыз. Көк шай мен лимонды араластырып, бетке маска дайындауға болады.
11
Ол бетіңіздің шырайын ашады. Лимон қосылған сумен шашыңызды шайсаңыз, ол шашыңызға көлем береді. Лимон қосылған суға аяғыңызды салсаңыз, аяқтың шаршауы басылады. Лимонмен табанды сүртіп тұру керек.
Лимон қабығын тастамаңыз. Оны қайнаған ыстық суға салып қойсаңыз, біраздан соң жап-жақсы иіссу дайын болады. Онымен денені, шашты шаюға болады.
Жаңа піскен лимонның қабығын алыңыз, цедрадан тазартыңыз, қабаққа салыңыз және бірнеше уақыт ұстаңыз. Кейін терінің үстінде лимон қабығының астында қызыл таңба пайда болады, ол қызиды және қышиды, ал бас ауыруы басылады.
Аяқтың табанына таңертен және кешке лимонның шырынын жағыңыз және жүрмеңіз, аяқ кимді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу курсы – екі жетіден аса емес.
Қабығымен 3 лимонды, 3 бас сарымсақ, 3 стақан мүк жидекті сығыңыз, 7 стақан қайнатылған сумен ашытыңыз, 2 күнге салқын жерге қойыңыз, сүзіңіз, 400 г бал құйыңыз, араластырыңыз және тағы 2 күнге салқын жерге қойыңыз. Күніне 3 рет 1 ас қасықтап ішіңіз. Сонда жап жас қалпыңыз сақталады екен.
Лимонның адам басындағы қайызғақты кетіруге де пайдасы зор екен. Ол үшін 4 лимонның қабығын 1 литр суда 15 минут пісіріңіз, қайнатпаны сүзіңіз. Шашты қайнатпамен аптасына бір рет шайыңыз.
Лимон жемісі біздің өмірімізде тек адамның ішкі құрылысына пайда әкеліп қана қоймай, бетімізгеде мол пайда тигізеді екен. Мысалға айтатын болсақ
Таза лимон шырынымен беттің және қолдың терісін сүртеді. Ол дақты кетіруге көмектеседі. Сонымен қатар, егер лимонның шырынын өкшеге, тізеге, шынтаққа жақсаңыз, қатайған теріні кетіру анағұрлым жеңілдейді.
12
2.3. Лимонның иіс кетіргіш және тазартқыш қасиеттері.
Лимонды үй шаруасында да қолдануға болатынын көбі білмейді. Бірақ оның тазартқыш және иіс кетіргіш қасиеттерін қолдану тәсілдері өте көп.
Мысалы: азық-түлікті кесетін тақтай әртүрлі жағымсыз иісті (сарымсақ, пияз, балық, т.б.) сіңіп алса, оны лимонның жартысымен сүрту керек, ол барлық иістерді бірден кетіреді. Егер жеміс-жидектерді жуатын суға лимон шырынын қосса, ол бактерия мен микробтарды өлтіріп, жемістерге хош иіс береді, себебі оның антибактериалдық және дезинфекциялық қасиеттері бар.
Құрап қалған салат жапырақтарын суық суға салып, оған лимон жартысын сықсақ және бір сағат тоңазытқышта ұстасақ, ол жаңадан ашылады.
Егер лимонға қалампыр бұтағын кіргізіп, оны шқапқа салсақ, ол кеуіп, өзінен жағымды хош иіс шығарады. Ауаны тазартып, тамаша иіс қалтырады.
Ас бөлмесіндегі сұр алюмин заттар мен ыдыстар ұнамаса, оларды лимонның жартысымен сүртіп жылтырлатуға болады.
Киімдегі дақтардан бір стақан лимон шырыны көмектесе алады, оны кір жуғанда жуатын машинаға кұю керек. Жуған киім хош иісті сіңіп алып, дақтардан айырылады. Ал үлкен дақты кетіру үшін, ас содасын лимон шырынын 50/50 ара қатынаста алады. Жуу алдында осы ерітіндіні даққа жағу керек.
Ваннаны тазарту үшін де лимон жақсы көмекші болып табылады. Оның шырынына су және сірке суын (уксус) қоссақ, ол дақтар мен кірді жақсы кетіреді.
Кейбір бұнақденелілердің иістерді жақсы сезетіні белгілі, сондықтан лимон шырынын бөлме бұрыштарына, терезе астына сеуіп қоюға болады. Сол уақыттан бастап, үйге өрмекшілер, құмырсқалар, бүргелер мен тарақандар кіруін қояды. Ал еден жуатын суға лимон шырынын тамсақ, ол дезинфекция жасап, жағымды иіс қалтырады.
13
Зерттеу материалдары
2.6. Лимонның тазартқыш қасиетін тексеру.
Лимон шырынымен матадағы дақты кетір үшін мынадай тәжірибе жүргіздім. Ол үшін маған мына заттар қажет болды. Йод,лимон,мақта.
Мақтадаға йодты тамызып,матадағы даққа лимон шырынын құйдым. Оны 5 миутқа қойып қойдым. Лимон шырынындағы лимон қышқылы йод дағын кетірді. (3-сурет)
Екінші жүргізген тәжірибем,аллюминийден жасалған ыдысты тазалау. Ол үшін маған аллюминийден жасалған ыдыс,лимон,су,шүберек. Аллюминийден жасалған ыдыстың лас жерін лимонның жартысымен сүртіп, 10 миутқа қойып қойдым. Содан соң сумен шайып,ыдыс жуатын шүберекпен сүрттім. Лимон ыдысты тазалауға көмектесті. (4-сурет)
2.6. лимонның шәй түсін өзгертетінін дәлелдеу.
Ол үшін маған қажет болған 2 шыны ыдыс,шай шығаратын аққұман және лимон.
Шайды аққұманға шығарып,екі ыдысқа құйдым. Біреуіне лимон қостым. Лимон қосылған шәйдің түсі өзгеріске ұшырап,ақ рең берді.(5-сурет)
Мен лимон жемісін зерттеу барысында аудандағы көптеген дүкендерге барып,айына лимонды сату мөлшерін анықтадым. Ол төмендегідей көрсеткіш көрсетті.
р\с |
Дүкен атауы |
Лимонды айына сату мөлшері (кг) |
1 |
«Дана» |
20-40 кг |
2 |
«Ернар» |
10-18 кг |
3 |
«Айбек» дүкені |
15-20 кг |
4 |
«Овощий и фрукты» |
10-15 кг |
Барлығы: 55-93 кг |
||
|
Лимон жемісінің өту деңгейін анықтау барысында, «Дана» супер маркетінде өте жоғарғы деңгейде өтетінін анықтадым. (6,7-сурет)
14
ІІІ. Қорытынды
Мен лимон туралы мәлімет жинағанда, оның шығу тегі мен ботаникалық сипаттамасы туралы көп білім алдым. Оның көмегімен қандай ауруларды алдын алып, емдеуге болатынын анықтадым. Лимонды үй шаруасында қолданудың бірнеше тәсілін таптым. Мен осы мәліметті іріктеп, бір кітапшаға жинадым. Оны әр үйдің тазалығын сақтап, ас бөлмесінің жарқырап шығуына жақсы көмекші құрал деп санаймын.
Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екені белгілі болды. Ол дәрумендерге бай өнім. Лимон қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммуниетті жақсартуға,склероз,анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді екен.
Лимон туралы материалдар жинақтау барысында мен ауданымыздың белгілі терапевт дәрігерінің бірі Нұрмағамбетова Салима Дүйсенқызымен сұхбаттасу арқылы көп мәлімет алсам, «Нағи» дәріханасының медбикесі Айдарханова Нұржамал апайымыз құрамында лимон жемісі қосылған дәрілер,соның ішінде «доктор мом», «трависил» сияқты дәрілердің өту деңгейінің жоғары екендігін айтып өтті.(8,9-сурет)
Ұсыныстарым:
Дақ кетіру кезінде қымбат,зиянды дақ кетіргіштер, ыдыс тазартқыш орнына лимон шырынын қолданайық. Және тісіміздің саулығы үшін лимон салынған шәй ішейік. Сонымен қатар таңертең ерте тұрғанда суға салынған лимон суын ішуге кеңес берер едім,себебі бұл күні бойы сергек жүруге көмектеседі екен.
Лимон ағашын елімізде өсіре алмасақта үйімізде өсіруге жұмыстанайық.
Лимон жемісін зерттей келе оның жағымсыз жақтары бар екеніне де анықтадым. Оның тұқымы мен қабығы тамақтың дәмін бұзады. Қазақстан жерінде аз өсіріледі. Лимонның бағасы ауданымызда қымбат. Сол себепті қолдан өсірейік деп айтқым келеді.
Тәжірибе арқылы мен лимонның шын мәнінде таңғажайып жеміс екенін дәлелдедім. Ол үй шаруасына жақсы көмектеседі: киімдегі дақтарды кетіреді, ыдыстарды тазартады, тістің ақ болуына жақсы ықпал етеді, тіпті электр қуатын да береді. Ал адам денсаулығына деген пайдасы шексіз. Сондықтан жемістердің арасында лимонға тең жеміс жоқ деп анықтадым. Күнде бір лимон жесеңіз – ешқашан ауырмайсыз, - деп жұмысымды қорытындылауға болады.
15
Пайдаланылған әдебиеттер.
1 . Өсімдіктер әлемі кітабы
2 . ҚАМШЫ.KZ, Гүлжан Серік -Лимонның пайдасы, бейсенбі, 19 Желтоқсан 2013, 17:31
3 . Уикипедия Ашық энциклопедиясы - Лимон, 18:20, 2017 жыл,қазан 20-сы.
4. Денсаулық журналы. «Лимонның адамға тигізер пайдасы туралы» А.Біржанова. 2009 ж, 13-14 бет
16
Лимон жемісінің суреті
Уйде өсіп тұрған лимон ағашы (2-сурет)
17
Тәжірибе №1 (3-сурет)
Тәжірибе №2 (4-сурет)
18
Тәжірибе №3 (5-сурет)
19
Дукендердегі лимон жемісінің өту деңгейін зерттегенде (6,7-сурет)
20
Аудандық емхананың терапевт дәрігері,бөлім меңгерушісі Нұрмағанбетова Сәлима Дүйсенқызымен кездесу (8-сурет)
«Нағи» дәріханасының медбикесі Айдарханова Нұржамал Ендигоевна