400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Линолеум бетін пышақпен ою әдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Пышақ пен жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Линолеум бетін пышықпен ою әдісі

Сабақтың мақсаты: Берілген қағаз ою нұсқамен линолеум бетіне ою түсіріп, пышықпен немесе қайшымен ойып қырқу.

1.Тәрбиелік: Қағазға ою түсіру арқылы оқушыларға ұлттық ою түрлерімен таныстыру және ою атауларын дұрыс айтып жаттау.

2.Дамыту: Линолеумге түскен оюды пышықпен немесе қайшымен ойып қырқу әдістерін үйрену арқылы құрал саймандармен материалды дұрыс өңдеу дағдысын дамыту. Сөздерді дұрыс айтуды меңгерту.

Сабақтың құрал-саймандары мен көрнекіліктері:

Плакаттар, линолеум, қағаз бен линолеумді кесуге арналған пышық, қайшы, қалам, қағаз, ою-өрнек нұсқалары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

М:Бүгінгі кезекші кім?

О:Бүгін кезекші Қазбек.

М:Бүгінгі сабаққа дайынсыңдар ма?

О:Ия,дайынбыз!

ІІ.Өткен сабақты қайталау:

М:Қандай ою түрлерін білесіңдер?

О:Қошқар мүйіз.

О:Түйе табан.

М:Қағаз мен картонның айырмашылығы неде?

О:Қағаз жұқа, картон қалың.

М:Қағаз бен картонды немен өңдейміз?

О:Қайшы, пышықпен.

2.Сөздік жаттығу (хормен)

Линолеум, пышық, қайшы, қырқу, ою, кесу.

ІІІ.Жаңа сабақ. Біз бүгін линолеумді пышықпен дұрыс, әрі қауіпсіздік ережелерін сақтап ойып, өңдейміз.

М:Линолеумді тура және доғал екі сызық бойымен және шеңбер тәріздес сызық бойымен оюға болады.

М:Мына сызық қандай сызық?

О:Түзу сызық.

М:Ал мына сызық қандай сызық?

О:Доғал сызық.

М:Линолеумді ою барысында пышықты дұрыс ұстау қажет.

М:Мынау – пышақтың жүзі, ал мынау – пышықтың сабы.

М:Мына пышақ өткір ма, жоқ өтпес пе?

О:Өткір.

М:Пышықты оң қолымен ұстап сызық бойымен ояр алдында ойылатынсызық алдынан линолеумді сол қолмен ұстау қажет.

М:Пышықты жұмыс барысында жөнсіз жан-жаққа сермеуге болмайды.

М:Линолеумді ою барысында пышықты бір қалыпты сызық бойымен тартып отыру қажет.

Техникалық қауіпсіздік ережелері:

1.пышақ дұрыс ұстау.

2.Ойылатын линолеумді екінші қолмен дұрыс ұстау.

3.Ойылатын линолеумді дұрыс бекіту.

4.Жұмыс барысында оқушылардығ ара қашықтығы кауіпсіз жерде отыруы (плакат).

IV.Практикалық жұмыс.

Оқушылар салынған нұсқа бетін пышақты пайдаланып линолеумді ою әдістерін көрсетеді.

Әр оқушыға әр түрлі ою-өрнектер түскен 10х10 см шаршы (квадрат) бетін ою қажет.

V.Тақырыпты пысықтау.

М:Мынау қандай ою?

О:Бұл қошқар мүйіз оюы.

М:Мына ойылып жатқан оюдың атауы қандай?

О:Бұл жапырақ оюы.

М:Біз бүгін не істедік?

О:Біз бүгін линолеум ойдық.

М:Оюлар қайдан алынады?

О:Оюлардың барлығы табиғат пен жануарлардың түріне қарап алынады екен.

VI.Қорытынды.

Сабақты қорытындылап, оқушылардың сабақ барысында істеген жұмыстары жайлы сұрақ – жауап өткізу.

М:Сонымен біз бүгін қандай тақырыпты сабақ өттік?

О:Линолеум бетін пышақпен ою әдісін үйрендік.

М:Біз бұл сабақта не істедік?

О:Пышақпен линолеум ою әдістері арқылы ою ойып үйрендік.

VII.Үйге тапсырма.

Ою-өрнек түрлерін қарап, өздеріңе ұнайтын ою түрін түсті қағазға қиып келу.

VIII.Бағалау

Оқушылардың сабақ барысында сұрақтарға жауап қайтарғанына байланысты және практикалық жұмысына қарап бағаланады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
378
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі