жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Linux ОЖ-нің негізгі түсініктері. Linux ОЖ-нің файлдық жүйесі.
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
Уақыт (минут) |
Оқытушының әрекеттері |
|
1 |
2 |
3 |
|
1. Ұйымдастыру кезеңі |
2 |
Білім алушылармен амандасу, сабаққа қатысуын тексеру |
|
2. Білімнің өзектілігі |
18 |
Білім деңгейін тексеру мақсатында білім алушыларға сұрақтар қою |
|
3. Жаңа білім мен қызметтің әдістерін қалыптастыру |
25 |
Программаларды орындау. Терезенің көлемін өзгерту. Терезені жылжыту. Терезелер мен шарт белгілер қосымша программаларды іске қосу. Орындау командасы |
|
4. Білімді жалпылау және жүйелендіру |
25 |
Білім алушыларға карточкалар тарату |
|
5. Оқуды бақылау немесе өзін-өзі бақылау және қызметтің әдістері |
15 |
Оқытушы жаңа тақырыпты меңгеру нәтижесі бойынша белсенді білім алушыларды бағалайды |
|
6. Үй тапсырмалары туралы ақпарат беру |
3 |
Студенттерге жаңа тақырыптан өзіндік дайындалуға сұрақтар және тапсырмалар беру. Ә. 1, 79 б. |
|
7. Қорытындылау сабақ және рефлексия |
2 |
Оқытушы жаңа тақырыпты түсінбеген балаларға қысқаша түсіндіріп өтеді және қосымша тапырма береді |
Linux ОЖ– нің негізгі түсініктері
Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды.
Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.
OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің он жылдан аса тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.
Бұл жұмыстың мақсаты Linux-тің мүмкіндіктері мен жұмыс ережелерімен танысу болып табылады. Бөлімдерде операциялық жүйенің жалпы мағлұматтары және оны дербес компьютерде қондырудың процесі келтіріледі. Сонымен бірге операциялық жүйеде графиктік және мәтіндік режимдермен жұмыс істеуге болатыны көрсетіледі. Және де кейбір администраторлау мағлұматтары мен OS-тің жан-жақты қамтылуы беріледі.
Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.
Linux операциялық жүйесімен танысу
Linux – Unix операциялық жүйесінің толық функционалды нұсқасы. Бұл операциялық жүйеге, Unix операциялық жүйесінің ең қуатты мүмкіндіктері кіргізілген, және де Linux–ке Unix операциялық жүйесінің қазіргі кездегі қолданбалары қосылған. Бұл қолданбалар GNU тізбегімен таралып өзіне кәсіби деңгейдегі қолданбаларды кіргізеді. Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP–серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.
Linux-тің бірінші түрі шыққаннан кейін екі айдан соң Линус Торвальдс жаңа оперциялық жүйені таратты және басқаларды Linux-ті дамыту жұмысына шақырды. Сондықтан Linux операциялық жүйесі бүгінгі күнде көптеген жер шарының программистерімен дамытылуда және олардың жемісі көптеген Интернет сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі күнге дейін Линус Торвальдс болып саналады.
Linux Unix-тің жеңілдетілген түрінің қорында орналасқан, ол Minix деп аталады. Алғашынан бастап Linux тез бейімделген, кіші және арзан операциялық жүйе ретінде жасалады.
Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері
-
Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір мезгілде бірнеше жұмыстарды орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын қолданады.
-
Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты дискінің бөлімін виртуалдық жады ретінде пайдалана алады. Операциондық жадыда активті процестерді сақтайды және дискіге програманың аз қолданылатын бөлімдерін кіргізеді. Жүйенің барлық жадысы қолданылады (виртуалдық және операциялық), Linux үшін бағдарламалармен дискінің жалпы жадысы сипатталады.
-
Операциялық жүйенің графиктік ортасы. XWindow – бұл стандартты интерфейс, ол Unix-те графиктік мүмкіндіктерді орындайды.
-
Linux барлық қолданбалы тор хаттамаларын, сонымен бірге Интернет-хаттамасы TCP/IP, желілік хаттамалары SMB* және Novell, Nis ақпараттық хаттамалары, NFS, WINS және т.б. желілік файлдық жүйенің хаттамаларына жәрдемдеседі.
-
Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы қайталанатын процедураларды сақтаудың орнына жүйе стандартты кітапхана жиынын береді. Олар қажет уақытта бағдарламаларға қосылады.
-
SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына ұқсас болуы. Linux көбінесе стандарттарды қолданады.
-
Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux AT&T* сияқты саудалық дамытылуларын пайдаланбайды. Сондықтан әрбір адам өзінің OS модулін жазуға мүмкіндік алады.
-
Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан.
-
Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке арналған он вирус қана белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық жүйеге зиян келтіре алмайды.
4. Жаңа материалды бекіту
Ол үшін студенттерге жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
5. Сабақты қорыту
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
6. Үй тапсырмасын беру: жоғарыда келтірілген кестелер көмегімен мысалдар құрастыру.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген