400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Линза және оның оптикалық параметрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Линза(нем. Lіnse, лат. lens – оптикалық шыны, әйнек) –— таужыныстар мен пайдалы қазбалар жатысының жасымық тәрізді нысаны; қалындығы шетіне қарай жұқара түсетін домалақ не овал дене.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Жарықтың шағылуы дегеніміз не? Ол қандай заңдарға бағынады?

  2. Жарықтың шағылу заңын қорытып шығарыңдар.

  3. Шағылудың қандай түрлері бар?

  4. Жазық айна дегеніміз не?

  5. Жазық айнаның формуласын қорытып шығарыңдар.

  6. Жазық айна қандай кескін береді?

  7. Сфералық айна деген не?

  8. Сфералық айнаның қайсысы жарықты шашады, қайсысы жарық шоқтарын бір нүктеде жинайды?

  9. Қандай сфералық айнаның фокусы жорамал, қандай сфералық айнаның фокусы шын?

  10. Айнаның ұлғайтуы деген не?

  11. Жарықтың сынуы деген не?

  12. Жарықтың сыну заңын тұжырымдаңдар?

  13. Жарықтың абсолют және салыстырмалы сыну көрсеткіштерінің физикалық мағынасын түсіндіріңдер.

  14. Жарықтың толық шағылуы дегеніміз не? Ол қалай байқалады?

  15. Жарық жазық параллель пластиналар арқылы өткенде қандай құбылыстар байқалады?


Линза және оның оптикалық параметрлері

Линза

Линза(нем. Lіnse, лат. lens – оптикалық шыны, әйнек) –— таужыныстар мен пайдалы қазбалар жатысының жасымық тәрізді нысаны; қалындығы шетіне қарай жұқара түсетін домалақ не овал дене.

Линзалардың негізгі кемшіліктері мынадай

  • сфералық аберрация (лат. aberratio — ауытку) — жалпақ параллелъ сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокустың пайда болуы. Сфералық аберрацияны жою үшін

арнайы линзалар, диафрагма және линзалар жүйесі қолданылады;

  • хроматтық аберрация дегеніміз — линзалар жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялган дақтардың пайда болуы (түрлі-түсті

қосымшадағы 5-сурет). Жарық толкындарының сынуы олардың ұзындықтарына тәуелді (толқынның үзындығы үлкен болған сайын оның сынуы кіші) болғандықтан аталған кемшілік байқалады. Хроматтық аберрацияны арнайы лиызалар жүйелерінің (ахроматтар мен анахроматтар) көмегімен түзетеді;

  • астигматизм — линзаның ұзын және көлденең өлшемдеріне, яғни линзаның қисықтығына тәуелді болатын ақау (түрлі-түсті қосымшадағы 6-сурет). Егер дөңгелек линзалар қолдансақ, онда астигматизм жойылады;

  • дистпорсия (лат. distorsio — қисаю) дегеніміз — кескіннің қисаюы. Бұл қисаю көру аймағы шегінде линзаның көлденең үлғаюының бірдей болмауынан туады. Осы жағдайда нәрсе мен оның кескінінің геометриялық ұқсастығы бұзылады. Мысалы, линза берген квадраттың кескіні көпшік немесе бөшке тәріздес болып шығуы мүмкін.Геодезия мен ұшақтан суретке түсірген кезде дисторсияны болдырмауға ерекше назар аударылады.

Екі сфералық бетпен шектелген молдір дене линза деп аталады. Жеке жағдайларда бір беті жазық болуы мүмкін, практикалық маңызы бар көптеген жағдайларда линзаны шектеуші беттердің екеуі де сфералық бет болып келеді.Егер линзаны шектеуші беттердің қисықтық радиустарды R Shape1  және R Shape2  олардың қалыңдықтарынан анағұрлым аз болса, онда ол жұқа линза деп аталады. Линзаны шектеуші сфералық беттердің қисықтық C Shape3  және C Shape4  центрлері арқылы өтетін түзу линзаны оптикалық бас осі деп аталады.

Жұқа линзадағы оптикалық бас осътің екі жақ бетпен қиылысу нүктелері О Shape5  мен О Shape6  линзаның оптикалық центрі деп аталатын О нүктесінде түйіседі деп есептеуге болады. Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін, бірақ оптикалық қосымша осьтер деп аталады. Оптикалық осьтердің кез-келгенінің бойымен таралатын жарық сәулесі линзадан сынбай өтеді.

Праксиал жарық шоғының оптикалық бас оське параллель таралатын сәулелері осы осьте жатқан және линзаның фокусы деп аталатын нүктеде қиылысады. Линзаның фокусы арқылы оптикалық бас оське перпендикуляр түсірілген MN жазықтық фокустық жазықтық деп аталады.

Shape7  Линзаның оптикалық центрінен оның фокусына дейінгі OF=f қашықтық линзаның фокус аралығы деп аталады:

 

 

Жұқа линзаның формуласы параксиал сәулелер үшін дұрыс

Егер линзаның фокус аралығы оң болса, Shape8  , онда линза оң (жинағыш ) деп, фокус аралығы Shape9  болса, онда теріс (шашыратқыш) деп аталады.

Ауадағы шыны линзалар үшін Shape10  қос дөңес, жазық дөңес жинағыш линзалар болып табылады.

Шашыратқыш шыны линзалар:қос ойыс, жазық ойыс, және дөңес ойыс линзалар болып табылады. Жинағыш линзалардың фокусы шын, ал шашыратқыш линзалардыкі – жалған болады

Линза дегеніміз бұл бір не екі беті қисық болатын мөлдір шыңы (не басқа мөлдір зат, мысалы пластик). Осы қисықтықтың арқасында заттардың көрінуі үлкейеді не кішірейеді.

Линза түрлері

Линзаның екі беттерінің пішініне қарай линзаның түрлері мынандай болады:

1, 2, 3 жинаушы ал 4, 5, 6 линзалар шашыратқыш деп аталады. Себебі алғашқы үшеуі жарықты бір нүктеге жинайды, ал қалғандары шашыратады.

Дөңес және ойыс линза

Линзаның беті ойыс, дөңес не тегіс бола алады. Осыған қарай жоғарыдағы суреттегі линзаларды атау белгіленген:

1 - екіжақты дөңес линза; 2 - тегіс-дөңес линза; 3 - ойыс-дөңес линза, 4 - екіжақты ойыс линза, 5 - тегіс-ойыс линза және 6 - ойыс-дөңес линза.

Линзаның фокусы

Екі жақты дөңес линзаның қисық беттері арқылы сфераларды сызайық:

Бұл сфералардың қисықтығы линзаның қисықтығындай. Екі сфераның O1 және O2 центрлері арқылы өтетің түзу линзаның басты оптикалық өсі деп аталады.

Жинаушы линзаның басты оптикалық өсіне паралель бағытта жарықты түсірсек, бұл жарық бір нүктеде жиналады:

Осы Ф нүктесі линзаның фокусы деп аталады. Ал суретте көрсетілген F арақашықтық линзаның фокустық арақашықтығы деп аталады.

Шашыратқыш линзаның фокусы бұл линза арқылы өткен шашыраған сәулелерді линзаның бергі жағына ойша жалғастырамыз да (суретте оң жағындағы линзада пунктирмен көрсетілген), қиылысатын нүктені аламыз. Бұл фокус нүктесі болады. Ал фокустық арақашықтық осы нүктеден линзаның ортасына дейінгі арақашықтықтың модуліне тең. Бұны теріс шама деп алу келісілген.

Линза дегеніміз - екі жақы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене.

Олар шашыратқыш және жинағыш болып келеді.

Линзаның сфералық беттерінің қисықтық центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды. Линзаның оптикалық осінің центріндегі нүктені оптикалық центр дейміз.

Линзаның қалыңдығы сфералық беттердің қисықтық радиусына шамалас тең болған жағдайда, бұл қалың линза болып табылады, ал әлдеқайда кішірек болса, онда бұл жұқа линза болып табылады.

Жинағыш линзалардың тобына ортасы жуан линзалар кіреді, олардың ортасы жиектеріне қарағанда жуан болып келеді, ал шашыратқыш линзалардың кері болады.

Бірақ кейбір кезде шашыратқыш линзаларда жуан болып келуі мүмкін, мысалға судың астындағы ауа көпіршігі, шашыратқыш линзаға жатады.



Линзалардың түрлері:

1-3 суреттердегі линзалар, жинағыш линзалар қатарына жатады.

  1. Екі жақты дөңес линза

  2. Жазық дөңес линза

  3. Дөңес ойыс линза

4-6 суреттердегі линзалар, шашыратқыш линзалар қатарына жатады.

  1. Екіжақты ойыс линза

  2. Жазық ойыс линза

  3. Дөңес ойыс линза

Суреттегі линзаның басты элементтері: NN – оптикалық ось, О – оптикалық центр, F – фокус аралығы, F' – кескін, H – кескін биіктігі.



Линзаға байланысты формулалар:

 - Жұқа линзаның формуласы

 - Линзаның оптикалық күшін табу формуласы немесе

 мынау формуламен табуға болады.

 - Линзаның сызықтық ұлғаюының формуласы

H – Кескін биіктігі, h – нәрсе биіктігі

 - зат линзадан шексіз қашықтықта жатқан жағдайда (d=шексіздік)


Линзалардың негізгі кемшіліктері:

Сфералық аберрация (лат. aberratio — ауытку) — жалпақ параллелъ сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокустың пайда болуы. Сфералық аберрацияны жою үшін арнайы линзалар, диафрагма және линзалар жүйесі қолданылады.

Хроматтық аберрация дегеніміз — линзалар жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялган дақтардың пайда болуы. Жарық толкындарының сынуы олардың ұзындықтарына тәуелді (толқынның үзындығы үлкен болған сайын оның сынуы кіші) болғандықтан аталған кемшілік байқалады. Хроматтық аберрацияны арнайы лиызалар жүйелерінің (ахроматтар мен анахроматтар) көмегімен түзетеді.

Астигматизм — линзаның ұзын және көлденең өлшемдеріне, яғни линзаның қисықтығына тәуелді болатын ақау. Егер дөңгелек линзалар қолдансақ, онда астигматизм жойылады.

Дисторсия (лат. distorsio — қисаю) дегеніміз — кескінніц қисаюы. Бұл қисаю көру аймағы шегінде линзаның көлденең үлғаюының бірдей болмауынан туады. Осы жағдайда нәрсе мен оның кескінінің геометриялық ұқсастығы бұзылады. Мысалы, линза берген квадраттың кескіні көпшік немесе бөшке тәріздес болып шығуы мүмкін. Геодезия мен ұшақтан суретке түсірген кезде дисторсияны болдырмауға ерекше назар аударылады.


Линзалардың қолданылуы:

Линзалар оптикалық системалардың басты элементі болып саналады.

Линзаларды бинокль, телескоп, оптикалық көздеу құралдары, микроскоптар, фотоапарат, видеокамераларда қолданылады.

Жалғыз жинағыш линзаларды үлкейткіш шыны ретінде қолданылады.

Линзалардың екінші басты қолданылатын жері, бұл офтальмология.

Офтальмология – медицинанын саласының бірі, бұл анатомия мен физиологияны зерттейді. Басты рөлі көз ауруларын емдеу.

Офтальмологияда, линзаларсыз жұмыс жүрмейді. Линзаларды, көздің көру жұмысын емдеумен айналысады, мысалға алыстан көрмеу немесе жақыннан көрмеуді емдеуге линзаларды қолданады.

Линзаларды, көзілдірік және контакт линзаларында қолданады.

Радиоастрономиямен радарларда, көп жағдайда диэлектрлік линзаларды қолданады, линзалар радиотолқын ағынын антенага жинайды.

Плутоний ядролық бомбасының құрылуында линзалық системалар қолданды, линзалық системаның мақсаты сфералық шашырап жатқан толқынды реттеу болды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
3555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі