Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
"Линзалар. Линзаның оптикалық күші"
Пәні: |
Физика |
||
Сыныбы: |
8 а сыныбы |
||
Уақыты: |
|
||
Сабақтың тақырыбы: |
Линзалар. Линзаның оптикалық күшi. Жұқа линзаның формуласы. Линзаның көмегімен кескiн алу. §70,71,72 |
||
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: А)Ақпараттық құзыреттілік Ә)Проблеманы шешу құзыреттілігі Б)Коммуникативтік құзыреттілік |
А)Оқушылардың жарық туралы білімдеріне сүйене отырып, линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы, линзаның көмегімен кескiн алу туралы оқушыларға түсіндіру,линзалардағы кескін салуды үйрету. Жұқа линзаның өрнегін талдау,линзалармен таныстыруды жинағыш және шашыратқыш линзалардың параллель сәулелердің шоғына әсер ететін сәулелердің жинағыш линзалар арқылы өтуін сызбада көрсету арқылы біліктіліктерін арттыру. Ә) Оқушының күтілетін нәтижеге бағытталған ақыл-ой әрекетін проблема қою және оны педагогикалық технологиялар қолданып шешу арқылы линзаның геометрииялық сипаттамалары фокустары, фокалдық жазықтықтары қамтылған формулаларын дәлелдей білу дағдыларын күшейту.такырып бойынша туындайтын әртүрлі проблемаларды анықтауға, дұрыс шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға дағдыландыру оқушыларды жаңа сабақты өтуде, сол тақырыпқа есептер шығаруда ойлауға, логикалық талдау жасауға бағыт бағдар беру, білім білік дағдыларын қалыптастыру. Б) Оқушылар игерген линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы, линзаның көмегімен кескiн алу туралы алған түсініктерін пайдалана отырып, ауызша-жазбаша қарым-қатынас жасауға қалыптастыру. |
||
Сабақтың типі: |
Аралас |
||
Сабақтың әдісі: |
Түсіндіру, жазбаша, көрнекілік, практикалық, бағалау әдістері т.б. |
||
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: |
Ақпараттық-коммуниативтік технология, презентациялық слайд көмегімен тақырыпты түсіндіру,ұжымдық және топтық оқыту. |
||
Пән аралық байланыс:, |
Информатика, математика |
||
Оқыту құралдары: |
плакат, ЭО, линзалар жиынтығы, жинағыш және шашыратқыш линза, таратпа материал, мультимедиялық проектр, компьютер; |
||
Сабақтын барысы: |
Оқытушының қызметі |
Оқушының қызметі |
Күтілетін нәтиже |
I.Ұйымдастыру бөлімі |
-амандасу,сыныптың тазалығына назар аудару; -оқушыларды түгендеу; -оқу құралдарының дайындығын тексеру; -сабақтың мақсатын жариялау |
-амандасу; -кезекшілік қызметтерін атқару; -оқу құралдарын дайындау; |
-оқушы пен оқытушы арасында өзара түсінік қалыптасуы; -оқушылардың тақырып бойынша негізгі ақпараттарды ұғынуына жағдай жасау. |
II.Үй тапсырмасын тексеру |
-өткен тақырып бойынша оқушылардан ауызша түсінгенің сұрап бағалау ; -оқушы білімін тексеріп, қадағалап отыру; -оқушы дәптерін назарда ұстау;
Оқушының аты-жөні:________________________ Физикалық диктант
|
-формулалар мен тұжырымдамаларды жатқа білуі; -өтілген материалды қайталап, есіне сақтау;
Оқушының аты-жөні: __________________ Физикалық диктант
|
Нақты жағдайларда дұрыс жауаптарын табу үшін ауызша және жазбаша қарым қатынас түрлі құралдарын қолдануы; -өткен сабақтын негіздерін,қағидаларын, формулалары мен заңдылықтарын білуі, ақпараттық мәдениетінің дамуы; -әртүрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға өз шешімінің нәтижесін бағалауға дайын болуы; - өзіндік қорытынды жасауы- қойылған сұрақтарға сәйкес қорытынды жасай алуы; -қойылған сұрақтарға ауызша жауап беру;
|
III.Жаңа материалды түсіндіру
|
Линза деп – екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір денені айтамыз. Олар шашыратқыш және жинағыш болып екіге бөлінеді. Қос ойыс (4) Жазық ойыс (5) Дөңес ойыс(6)
Жинағыш линзалардың
шеттеріне қарағанда ортасы қалыңдау. Сыну беттерінің пішініне қарай линзаларды жазық- дөңес, қосдөңес, қосойыс,жазықойыс және т.б. деп атайды. Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердің С1 және С2 центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды. Оптикалық осьтің бойында линзаның центрінде жатқан О нүктесін линзаның оптикалық центрі деп атайды. Жинағыш линзаның бас оптикалық осіне параллель жарық шоқтарын бағыттаймыз. Шоқтар линзадан өтіп, әрбір беттен сына отырып , линзаның оптикалық осінде жатқан бір нүкдеде жиналады. Бұл нүктені линзаның бас фокусы деп атайды. Линзаның центрінен, фокусқа дейінгі ОҒ арақашықтықты линзаның Ғ фокустық қашықтығы. 2Ғ нүктесі екі еселенген фокустық қашықтық . Линза фокусында бас оптикалық оське перпендикуляр фокустық жазықтық орналасқан.
D линзаның оптикалық
күші: Оптикалық күш D линзаның сыну қабілетінің өлшемі болып табылады. Оптикалық күштің бірлігі үшін диоптрия (1 дптр) алынған. Бұл – фокустық қашықтығы 1 м- ге тең линзаның оптикалық күші. Нәрседен линзаға дейінгі қашықтықты d әрпімен, ал линзадан кескінге дейінгі қашықтықты f әрпімен белгілейді. Линзаның бас фокусы арқылы өтетін сәуле линзадан сынғаннан кейін бас оптикалық оське параллель кетеді
Егер дене 2Ғ фокуста орналасса , онда кескін шын, тең, төңкерілген болады. Егер дене Ғ пен 2Ғ фокус аралығында орналасса, онда кескін шын, кері, үлкейтілген болады. Егер дене Ғ фокуста орналасса, онда кескін болмайды. Егер дене фокус пен оптикалық центр арасында орналасса, онда кескін жалған, тура , үлкейтілген болады. Шашыратқыыш линзада кескін салу: Осы аталғандарды линзадағы кескіндерді салуға арналған интерактивті демонстрацияны пайдаланып оқушыларға көрсетіп есте сақтауларын ескертеміз. |
-оқушылар оқулықтағы жаңа мәтінмен танысады.;
-берілген мәтінге көз жүгіртіп, әркім өз бетінше шолу жасайды.
-барлық сызбаларды дәптерлеріне ережелерімен дәптерлеріне сызады:
- линзаның түсу нүктелеріне байланысты видеороликті тыңдайды;
- жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында қорытындысын жазады
-оқушылар топтасып және жеке жұмыстануға дайындалып, әрқайсысы өздеріне бекітілген сұрақтары бар ақпаратпен танысады;
-оқулық бойынша қысқаша конспект жасайды; -әр оқушы өздерінің линзалар туралы бұрыннан қалыптасқан ой пікірлерімен алмасып, бір-бірінің ойларын мұқият тыңдап, бірге талдайды, әркім өз ойын еркін жеткізеді.
-линза туралы айтып бірін-бірі толықтырады;
-Линзаның бас фокусы арқылы өтетін сәулелердің түсу бұрышын көріп өз ойларын жеткізеді; -жаңа тақырып бойынша линзаның фокустарының аралықтары әр турлі бағытта болатындығымен сызбалар арқылы танысады. |
-жаңа сабақтың мақсатың түсінуі;
- анықтамасын білуі;
-мазмұны бойынша бағдар жасай білуі;
-тақырып бойынша ең негізгісін түсініп, ажырата алуы;
-ойлай және елестете алуы;
-формулалар мен тұжырымдамаларды есте сақтап, жаттай білуі; |
Y.Жаңа білімді бекіту
|
«Ойды дамыту» А) сұрақ – жауап ретінде ә) есептер шығару арқылы: 1. Фокус аралығы 4 см жинағыш линзадан нәрсе 6 см қашықтыққа орналасқан. Кескіннің линзадан арақашықтығын және қандай болатындығын анықтаңыз. Берілгені: Шешуі:
F – фокусы C –линзаның оптикалық центрі S- S/ -
3. Фокус аралығы 25 см шашыратқыш линзаның оптикалық күшінің абсолют мәні нешеге тең? Берілгені: Шешуі:
Жаңа тақырып бойынша сұрақ жауап
1.Жарықтың шағылу және сыну қасиетін жарық шоқтарын басқару үшін арнайы жасалған қандай оптикалық аспаптар қолданылады? 2.Фотоаппарат,бейнекамера,лупа,көзілдірік,микроскоп,дүрбі,телескоптардың негізгі бөлігі не болып табылады? 3.Линзалар дегеніміз не? 4.Линзалардың неше түрі бар? Оларды ата..... 5.Жинағыш линзалар мен шашыратқыш линзалардың айырмашылығы? 6.Сыну беттерінің пішініне қарай линзаларды қалай деп бөледі? 7.Қосдөңес және қосойыс линзаларды қалай елестетуге болады? 8.Линзаның бас оптикалық осі дегеніміз? 9.Линзаның оптикалық центрі дегеніміз? 10.Линзаның бас фокусы дегеніміз? 11.Ғ фокустық қашықтығы дегеніміз? 12.Фокальдық жазықтық орналасқан 13.Линзаның оптикалық күші дегеніміз не? Оның бірлігі? 14.Шашыратқыш линзалардың фокустық қашықтығы мен оптикалық күші қандай сандармен өрнектеледі? 15.Жұқа линзаның формуласы дегеніміз? 16.Сызықтық үлкейту Г дегеніміз? 17.Сызықтық үлкейту Г ол неге тең? 18.Линзаның фокустық қашықтығын анықтайтын әр түрлі әдістердің ішінде ең қарапайымы... 19.Линзаның Ғ фокусы арқылы өтетін сәуле сынғаннан кейін оның бас оптикалық осіне қалай жүреді? 20.Оптикалық оське параллель сәуле линзада сынғаннан кейін линзаның несі арқылы өтеді? -оқушы білімін тексеріп, қадағалап отыру; -оқушы дәптерін назарда ұстау; |
1.Фотоаппарат,бейнекамера,лупа,көзілдірік,микроскоп,дүрбі,телескоп, 2.Линза 3.Линзалар деп екі сфералық немесе бір сфералық және бір жазық бетпен шектелген мөлдір шыны денелерді атайды 4.2 түрі бар. Жинағыш және шашыратқыш 5.Жинағыш линзалардың шеттеріне қарағанда ортасы қалындау, ал шашыратқыш линзалардың ортасы шеттеріне қарағанда жұқалау болып келеді. 6.Жазықдөңес,қосдөңес,қосойыс,жазықойыс және т.б. 7.Екі шардың түйісуінен пайда болған дене тәрізді елестетуге болады. 8.Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердің С1 және С2 центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп аталады. 9.Оптикалық осьтің бойында линзаның центрінде жатқан О нүктесін линзаның оптикалық центрі деп атайды. 10.Шоқтар линзадан өтіп, әрбір беттен сына отырып, линзаның оптикалық осінде жатқан бір нүктеде жиналуын линзаның бас фокусы деп атайды. 11.Линзаның центрінен, фокусқа дейінгі ОҒ арақашықтығы линзаның Ғ фокустық қашықтығы деп аталады. 12.Линза фокусында бас оптикалық оське перпендикуляр фокальдық жазықтық орналасқан. 13.Линзаның негізгі сипаттамаларына оның Ғ фокустық қашықтығы мен фокустық қашықтығына кері шама-линзаның D оптикалық күші жатады: D=1/Ғ 14.Теріс 15.Линзаның фокустық қашықтығын d, ? және Ғ арасындағы белгілі қатынастарды ала отырып, математикалық есептерулер арқылы да анықтауға болады, оны жұқа линзаның формуласы деп атайды: 16.Кескін өлшемінің ? (биіктік) нәрсе өлшеміне Н (биіктікке) қатынасын сызықтық үлкейту Г деп атайды. 17. Г=h/H 18.Линзаның көмегімен кескін алғанда Ғ фокусты өлшеу әдісі 19.Параллель 20.Ғ фокусы арқылы. |
- тақырып бекітіліп, сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты пысықтап, нақтылауы;
Жаңа сабақ бойынша есептер шығарып білімдерін толықтыруы;
-өз іс-әрекетін бағалауы;
Тақырыпқа сәйкес сызбалардагы белгілеулерді ажырата алуы;
-жаңа тақырыпты зейін қоя отырып тындап, түсінуге тырысады;
-оқу материалын талдау, бақылау, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу;
-қорытынды жасай білуге баулу; |
IV.Үйге тапсырма. Қорытындылау |
Білім деңгейлерін анықтау Линзалар. Линзаның оптикалық күшi. Жұқа линзаның формуласы. Линзаның көмегімен кескiн алу. §70,71,72 31-жаттығу |
-өз әрекетінің нәтижесін бағалайды; - қажетті жерлерін түртіп алады; -үйге берілген тапсырманы орындайды; |
-оқу материалы белгілі бір жүйеге келтірілуі;
-өз бетінше жұмыс жасау деңгейі көтерілуі;
- өзін және өзгенің іс-әрекетін бағалай білуді үйренуі; -өз қызметіндегі қызығушылығын анықтай алуы; |
1. Фокус аралығы 4 см жинағыш линзадан нәрсе 6 см қашықтыққа орналасқан. Кескіннің линзадан арақашықтығын және қандай болатындығын анықтаңыз.
Берілгені: Шешуі:
3. Фокус аралығы 25 см шашыратқыш линзаның оптикалық күшінің абсолют мәні нешеге тең?
Берілгені: Шешуі:

