Тақырып бойынша 11 материал табылды

Линзалар, линзаның оптикалық күші, жұқа линзаның формуласы 8 сынып сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Линзалар, линзаның оптикалық күші, жұқа линзаның формуласы 8 сынып ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Құрманова Г.

Бөлімі:

8.4А Жарық құбылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Құлманова М.Ж

Күні:

24.04.2025ж

Сыныбы: 8 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы.Линзаның көмегімен кескін алу.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.5.1.11 жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолдану;

8.5.1.12 линзаның сызықтық ұлғаю формуласын сандық және графиктік есептер шығару үшін қолдану

8.5.1.13 жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттама беру

Сабақтың мақсаты:

Жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолданады;

Линзаның сызықтық ұлғаю формуласынсандық және графиктік есептер шығару үшін қолданады;

Жұқа линзада сәуленің жолын салады және кескінге сипаттама береді;

Құндылықтарға баулу

Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік:түрлі мамандықтарға қызығушылық танытады, өзіне өзі қызмет көрсетуге дағдыланады.


Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


















5 минут



Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.


Психологиялық дайындық: «Сағат»

Оқушылар сағатқа жазылған сөздер бойынша іс-әрекеттер жасайды, амандасады, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.



Топқа бөлу.

«Qazmath» платформасы арқылы 3 топқа бөлу.







Үй тапсырмасын сұрау.

Толық ішкі шағылу.

«Wordwall» платформасы арқылы сұрақтар беріледі.

1.Қандай айна жазық деп аталады?

2.Жазық айнаның формуласы қандай?

3. Жазық айнада қандай кескін беріледі?

4.Қандай құбылыс жарықтың шағылуы деп аталады?

5.Жазық айна шын кескін бередіма?










Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.




Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді

1-топ. Линза

2-топ. Жинағыш линза

3-топ. Шашыратқыш линза



Оқушылар толық ішкі шағылуға байланысты үй тапсырмасын қайталау сұрақтарына жауап береді.




























Дескриптор:

1.Қандай айна жазық деп аталатынын айтады;

2.Жазық айнаның формуласын табады;

3. Жазық айнада қандай кескін берілетінін айтады;

4.Қандай құбылыс жарықтың шағылуы деп аталатынын айтады;

5.Жазық айна қандай кескін беретінін айтады.

ҚБ:Оқушылардың жауаптарына сәйкес мадақтау,ынталандыру сөздері арқылы бағалау жүргізіледі.













https://qazmath.net/quraldar/topka-bolu/





https://wordwall.net/ru/resource/55729562/%D0%B6%D0%B0%D1%80%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D2%A3-%D1%88%D0%B0%D2%93%D1%8B%D0%BB%D1%83%D1%8B


Сабақтың ортасы



5 минут











10 минут



























5 минут




























10 минут


Жаңа сабақ

Мұғалім түсіндірмесі:

Линза- екі сфералық бетпен шектелген мөлдір дене. Линзалардыӊ екі түрі бар: жинағыш және шашыратқыш.

Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердіӊ центрлері арқылы өтетін түзу линзаныӊ бас оптикалық осі деп аталады.

Бас оптикалық осьтіӊ бойында және линзаныӊ центрінде жатқан нүкте линзаныӊ оптикалық центрі деп аталады. Жинағыш линзаныӊ бас оптикалық осіне параллель жарық шоқтарын бағыттаймыз. Шоқтар линзадан сына өтіп бас оптикалық осьтіӊ бір нүктесінде жиналады. Бұлнүктелинзаныӊ бас фокусы деп аталады.

Топтық жұмыс

«Бірге ойлаймыз...» әдісі

І топ.Теоретиктер тобы

«Менің түсінгенім...» әдісі бойынша мәтінге қысқаша шолу жасау


ІІ топ.Практиктер тобы.

Жинағыш линзада кескін алуды бір мысалмен түсіндіру. Пайда болған кескінді сипаттау.

ІІІ топ.Зерттеушілер тобы

Тәжірибе жасау, зерттеу жұмысын қортындылау.
















Жұптық жұмыс

«Көршіңмен бөліс» әдісі арқылы кескінмен сипаттамасын сәйкестендіру.






Шын, үлкейтілген, төңкерілген





Шын, кішірейтілген, төңкерілген





Тура, жалған, үлкейтілген




Тура, жалған, кішірейтілген




Кескін болмайды





Шын, өлшемдері тең, төңкерілген


Жеке жұмыс

«Өзіңді тексер!» әдісі

1-тапсырма. «Сөйлемдерді толықтыр» әдісі

Берілген сызбалар бойынша төмендегі сөйлемдерді толықтыру.

1.Егер бас оптикалық оське параллель ................

2.Дөңес линза өзі арқылы өткен жарықты бір нүктеге .........

1.Шашыратқыш линзалар өзі арқылы .............................

2.Шашыратқыш линза әр уақытта....................................


2-тапсырма. «Кім жүйрік?» әдісі. Есептер шығару.

а).Жинағыш линзаның көмегімен жарқырайтын нүктенің кескіні алынған. Егер d=0,5м , f=1 м болса, линзаның фокус аралығы қандай болады?

ә).Нәрсе оптикалық күші 2,5 дптр линзадан 50см қашықтықта орналасқан.Егер нәрсені линзаға 5см жақындатса, онда оның кескіні қанша есе үлкейеді.

б). Фокус аралығы 8 см ойыс айнаның алдына 12 см қашықтықта шам қойылған. Шам жалының биіктігі 3 см болса, шамның нақты кескінін алу үшін экранды айнадан қандай қашықтықта орналастыру керек?


3-тапсырма. Линзаларда кескіндерді алу. (Есептің шартында көрсетілген берілгендер бойынша кескіндерді салу)

1.Егер нәрсе жинағыш линзадан 2F>d>F қашықтықта орналасқан болса, онда шын, төңкерілген, үлкейтілген кескін пайда болады.

2.Шашыратқыш линзада нәрсеніӊ линзадан қашықтығы қандай болуына қарамастан, кескін жалған, тура, кішірейтілген болады.



Оқушылар дәптерге термин сөздерді жазады.














Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысады. Топ ішінде мәтінді талдайды. Топ спикерлері топтық жұмысты қорғайды.

І топ.Теоретиктер тобы

«Менің түсінгенім...» әдісі бойынша мәтінге қысқаша шолу жасайды.

ІІ топ.Практиктер тобы.

Жинағыш линзада кескін алуды бір мысалмен түсіндіреді. Пайда болған кескінді сипаттайды.

ІІІ топ.Зерттеушілер тобы


Тәжірибе жасайды, зерттеу жұмысын қортындылайды.

Жинағыш линза, сызғыш, экран, жарық көзін (шам немесе Күн сәулесі) қолданып, жинағыш линзаның артындағы экранда Күннің айқын кескінін алады, тәжірибені жүргізеді және қортындылайды



Оқушылар жұптаса отырып, линзаның көмегімен алынған кескін түрлерін дұрыс жауабымен сәйкестендіреді.

Жұптар бір-бірінің жауаптарын тексеріп, бағалайды.
























Оқушылар функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған тапсырмаларды жеке орындайды.

1-тапсырма бойынша сөйлемдерді толықтырып жазады.

2-тапсырма бойынша есептерді шығарады.

3-тапсырма бойынша жинағыш және шашыратқыш линзалардан алынатын кескіндерді салады.





















Дескриптор:

-Топтық жұмыстағы белсенділіктің болуы;

-Топтық жұмысты қорғау тәртібін сақтауы: уақыт және әдептілік

-Мазмұнның толық ашылуы;


ҚБ: «Сыншы топ» әдісі арқылы


















Дескриптор:

ҚБ: дайын жауаптар үлгісі арқылы жұптар өзара бағалау жүргізеді.


























Дескриптор:

1.Жинағыш линзаның сызбасы бойынша берілген сөйлемдерді толықтырады – 1б;

2.Шашыратқыш линзаның сызбасы бойынша берілген сөйлемдерді толықтырады – 1б;

3.Есептің берілгенін дұрыс жазады – 1б;

4.Өлшем бірліктерді ХБЖ-не келтіреді – 1б;

5.Жұқа линзаның формуласын қолданады – 1б;

6.Линзаның оптикалық күшінің формуласын қолданады – 1б;

7.Сызықтық ұлғайтудың формуласын қолданады – 1б;

8.Берілген сан мәндерді формулаға қойып, есептеу жүргізеді – 1б;

9.Жинағыш линзадан алынатын кескінді салады – 1б;

10.Шашыратқыш линзадан алынатын кескінді салады – 1б.

ҚБ: 10 балл











8 сыныпқа арналған оқулық, презентация











Жинағыш линза, сызғыш, экран, жарық көзін (шам немесе Күн сәулесі)


Постер, маркерлер

















Тапсырма бар парақша




























Тапсырма бар парақша


Сабақтың соңы


5 минут




Рефлексия

« Білім шыңы» арқылы







2-саты: Мен ......... білемін

3-саты: Мен ...... түсінемін

4-саты: Мен ....жасай аламын.



Бағалау. 10 баллдық жүйе бойынша бағалау жүргізу.


Үй тапсырмасы

Тақырыпты оқу.


Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын ауызша айтады.

Мұғалім оқушылардың сабақ барысындағы жауаптарын,жұмыстарын қорытындылап кері байланыс жасап,балдық жүйемен бағалайды.

Ең жоғары балл 10 балл

Оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекетіне мұғалім кері байланыс беріп, бағалайды.

«Бүгінгі сабақта тапсырмаларды толық әрі, дұрыс орындай алдың, «Сен жетістіктерге жетудесің !»








Тапсырма бар парақша







8 сыныпқа арналған оқулық, презентация


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11