400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы. Линзаның көмегімен кескiн алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы. Линзаның көмегімен кескiн алу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы.

Линзаның көмегімен кескiн алу


Білім беру ұйымының атауы:

5 ҚББОМ КММ

Мұғалімнің аты-жөні:

Әбдуәлиқызы Ұлжан

Күні:

23.04.2026

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы. Линзаның көмегімен кескiн алу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.5.1.11 жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолдану;

8.5.1.12 линзаның сызықтық ұлғаю формуласын сандық және графиктік есептер шығару үшін қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Линзаларда кескін тұрғызу үшін (жинағыш және шашыратқыш) екі сәулені қолданады;

Көптеген оқушылар істей алады: жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтайды

Кейбір оқушылар істей алады: сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндерімен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалайды

Бағалау критерийлері


- Линзаларда кескін тұрғызу үшін (жинағыш және шашыратқыш) екі сәулені қолданады;

- Алынған кескінді сипаттайды.

- тәжірибеде шыныныӊ сыну көрсеткішін анықтайдй;

- толық ішкі шағылу құбылысыныӊ жүзеге келу шартын біледі;

- толық ішкі шағылудыӊ шекті бұрышын есептейді.

Құндылықтарға баулу


Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету.

ЖИ құралдары

ЖИ көмегімен шығармашылық өнім (мәтін, жоба, презентация, код, диаграмма) жасайды;


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут







Оқушылармен амандасады. Психологиялық ахуал.

Плакатқа жылы сөздер жазылған конфеттерді іледі (сенім, табыс, күш, шабыт, қуаныш, батылдық, сабыр т.б.). Оқушыларға өзіне қажет немесе жетіспейтін сөз жазылған конфетті таңдауды ұсынады.



Өткен материалды еске түсіру мақсатында оқушыларға сұрақ қойылады.



1.Жарықтың сынуы деген не?

Жарықтың бір ортадан екінші ортаға өткенде бағытының өзгеруі.

2.Жарық қай жағдайда сынады?

Әр түрлі орта шекарасында.

3.Сыну көрсеткіші (n) нені білдіреді?

Жарықтың ортада таралу жылдамдығын сипаттайды.

4.Толық ішкі шағылу деген не? Қандай жағдайда болады?

Жарық толық шағылып, басқа ортаға өтпейді.

Түсу бұрышы шекті бұрыштан үлкен болса

Оқушылардың тақырыппен, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысуы.

Өз көңіл күйіне сай конфетті таңдап алады. Таңдау себебін қысқаша айтады. Сабаққа жағымды көңіл күймен қатысады.







Сабақтың оқыту мақсаты мен бағалау критерилерін анықтап алады.


Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.












Мұғалімнің мадақтау сөзі, қолдау көрсету











Қалыптастырушы бағалау,

Оқушыларды тапсырманың дұрыс жауаптарына байланысты бағалау, әр дұрыс жауапқа 1 балл.



















Плакат,конфеттер











Презентация
























Сабақтың ортасы
















Жаңа сабақ

15 минут

















































































































Бекіту

5 минут


Сабақ басталмас бұрын оқушылар топқа бөлініп алады. Үстел үстіндегі алдын ала дайындалған қиындылар бойынша 1-2-3 топқа бөлінеді.



Жаңа сабақ.

Тақтада линзалар қолданылатын өмірден мысалдар келтірілген. Оқушылардан не білетінін сұрап жаңа сабаққа көшу.

Презентация тақырыбы: Линзалар. Линзаның оптикалық күші. Жұқа линзаның формуласы. Линзадағы кескін


Линза дегеніміз не?

Линза — мөлдір материалдан (шыны, пластмасса) жасалған, екі жағы дөңес немесе бір жағы дөңес, бір жағы ойыс болатын оптикалық дене.

Линза жарық сәулелерін сындырып, олардың бағытын өзгертеді.


Қолданылуы:

Көзілдірік

Фотоаппарат

Телескоп

Микроскоп

Проектор


Линзаның түрлері

Жинағыш линза

  • Ортасы қалың, шеттері жұқа

  • Сәулелерді бір нүктеге жинайды

Шашыратқыш линза

  • Ортасы жұқа, шеттері қалың

  • Сәулелерді жан-жаққа шашыратады

Негізгі ұғымдар

Оптикалық центр (O) – сәуле өткенде бағыты өзгермейтін нүкте

Бас оптикалық ось – линзаның ортасы арқылы өтетін түзу

Фокус (F) – сынған сәулелер жиналатын нүкте

Фокустық қашықтық (f) – линза ортасынан фокусқа дейінгі арақашықтық


Линзаның оптикалық күші

Линзаның жарықты сындыру қабілетін сипаттайтын шама.


Мұнда:

D – оптикалық күш

f – фокустық қашықтық (м)

Өлшем бірлігі: диоптрия (дптр)


Мысал

Егер линзаның фокустық қашықтығы:

f = 0,5 м болса

D=\frac{1}{0.5}=2

Жауабы: 2 дптр


Жұқа линзаның формуласы

Линзадағы кескін мен нәрсенің арақашықтығын байланыстырады:


Мұнда:

f – фокустық қашықтық

d – нәрсенің линзаға дейінгі қашықтығы

F – кескіннің линзаға дейінгі қашықтығы


https://www.youtube.com/watch?v=-eF2xhtvfm0

жұқа линзалар мен линзада кескін алу туралы бейнеролик.


Линзадағы кескін түрлері

  • Нақты кескін

  • Экранда алынады

  • Төңкерілген болады

  • Жорамал кескін

  • Экранда алынбайды

  • Тура болады


Жинағыш линзадағы кескін

Егер нәрсе:

  • 2F-тен алыста болса → кішірейген кескін

  • 2F-де болса → өлшемі тең

  • F пен 2F арасында болса → үлкейген кескін

  • F ішінде болса → жорамал, үлкейген кескін


Шашыратқыш линзадағы кескін

  • Әрқашан жорамал

  • Тура

  • Кішірейген


Линзалардың өмірдегі маңызы

  • Адам көруін түзету

  • Фотоаппарат түсіру

  • Телескоппен ғарышты бақылау

  • Микроскоппен ұсақ денелерді көру

  • Проектор арқылы экранға шығару


Берілген кестені толтырады.



Қорытынды

  • Линза жарықты сындырады

  • Екі түрі бар: жинағыш және шашыратқыш

  • Оптикалық күш диоптриямен өлшенеді

  • Жұқа линза формуласы есеп шығаруға көмектеседі

  • Линза көптеген құралдарда қолданылады


Өтілген сабақты бекіту мақсатында «Бәйге» ойынымен 3 топпен ойын ойнаймыз.

https://ust.kz/oiyndar/baige/linzalar-563.html




Стикерлер, қиындылар



Презентация,интерактивті тақта






















































Интерактивті тақта,бейнеролик






























үлестірмелер










Интерактивті тақта

Сабақтың соңы.

10мин




Кері байланыс













Үй тапсырмасы

Кері байланыс.



-255 бет

32 жаттығу

Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.





Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл


Үлестірме стикерлер







Дескриптор











Оқулық



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29.04.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12