400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Липидтердің құрылымдық компонеттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Липидтердің құрылымдық компонеттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері. «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығы аясында денсаулықты сақтау үшін май өнімдерін орынды қолданудың маңызын ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

10.А. Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар

Бөлімше: Молекулалық биология және биохимия

Күні:

Курс : 1

Сервис және жаңа технологиялар колледжі

Мұғалімнің аты-жөні:Сельбаева Жанылсын Рамазановна

Қатысқандар:25

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Липидтердің құрылымдық компонеттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.4-майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау







Сабақтың мақсаты

- Майлардың құрылымдық компоненттерін атайды

-Липидтердің химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттайды

Бағалау критерийі

- Майлардың құрылымдық компоненттерін атайды

-Липидтердің химиялық құрылысын анықтайды

-Липидтердің химиялық қызметтерін сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар қолданады:

Майлардың құрылымдық компоненттерін сипаттайды және липидтердің құрылысы мен қызметтерін түсіндіреді

Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөз тіркестері: Липидтер, қарапайым липидтер, күрделі липидтер, фосфолипидтер, гидрофилді, гидрофобты, триацилглицерол (триглицерид), балауыз, май қышқылы, күрделі эфир, стероидтар, холестерин, глицерол (глицерин), моноглицерид, диглицерид

Талқылауға арналған тармақтар:

Липидтер дегеніміз не?

Қарапайым және күрделі липидтер, мысал ....

Май қышқылы, мысал...

Құндылықтарға баулу

«Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығы аясында денсаулықты сақтау үшін май өнімдерін орынды қолданудың маңызын ұғынады.

Жеке жұмыстану арқылы жауапкершілікті сезініп өз бетімен жұмыстануға, өз ойын толық жеткізу дағдысы дамиды.

Тақырып бойынша топпен жұмыс жасай отырып, сыни ойлауға, ұйымшылдыққа, тез ойлауға, жылдамдыққа, өзара ынтымақтастықта үйлесімді әрекет жасау құндылықтары дамиды.


Пәнаралық байланыс

Органикалық химия – майлардың физикалық, химиялық қасиеттері

Математика -есептеулер

Алдыңғы білім


8.4.1.2 көмірсулар мен липидтің құрылымы мен биологиялық қызметтерін сипаттау












Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



















Сабақтың ортасы


























- Оқушыларды сынып жұмысына ұйымдастыру.

Ширату жаттығуы

Әдісі: «Атаулар туралы үш сұрақ»

Тапсырма : липидтер, майлар, стероидтер әр топқа беріліп 3 сұраққа жауап жазады



Липидтер

Майлар

Стероидтер

Қайда?




Қалай?




Қандай?




1. Бұл атауларды  сіз осыған дейін қайда және қандай мағынада кездестірдіңіз?

2.Осы ұғымдардың өмірде қолдананылуана қандай мысалдар келтіресіз ?

3.Бұл ұғымдардың жаңа тақырыппен байланысы неде деп ойлайсыз?


С: мақсат, жеке қолдау, диалог арқылы

Қ Б: Мұғалім-оқушы, мұғалімнің ауызша мадақтауы.


Берілген сөздер арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады,оқу мақсаты таныстырылады


Жаңа сабақты түсіндіру

«Миға шабуыл» әдісін пайдаланып оқушылардың липидтер туралы не білетінін анықтау.

  1. Липидтер дегеніміз қандай қосылыстар?

  2. Липидтер қалай жіктеледі және жәй (қарапайым) липидтерге қандай қосылыстар жатады?

  3. Күрделі липидтерге қандай қосылыстар жатады?

  4. Липидтердің биологиялық және практикалық маңызы қандай?


Топтық жұмыс

Әдісі: «Ойлан-топтас-бөліс»

Білімалушылардың назарына бейнежазба мен оқу материалдары ұсынылады. Білімалушы тақырыпқа сәйкес ақпаратпен танысады және әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша ұйымдаса отырып оқулықтағы бөлімшелерді оқып, ойласып,топта талдайды.

1-топ:Майлардың химиялық құрылысы мен олардың қасиеттері туралы постер дайындау.

2-топ:Липидтер туралы топтастыру жасау

3-топ:Майлардың қызметі туралы жарнама дайындау

Білімалушылар өз ойларымен бөлісіп, әр түрлі ойларды ортаға салу арқылы бір шешімге келіп. топта тақырыпты талдау барысында талқыланған деректерді қағазға түсіреді

Дескриптор:

-Майлардың химиялық құрылысын мен қасиетерін түсіндіре алады

-Жасушаның сыртқы мембранасы-тірі жасушаны қоршаған ортадан бөлетін тосқауыл қызметін аткаратынын анықтайды.

-Адам ағзасындағы кейбір гормондар майтәрізді болып келетінін меңгереді.

С: қарым-қатынас, оқу ортасы, ресурс, жұмыс қарқыны, жеке қолдау көрсету, нәтиже, бағалау.

КБ:«От шашу» әдісі. Топтар бір-бірін бағалайды


Жұптық жұмыс «Венн диаграммасы»

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі.

Майлар мен липидтердің арасындағы айырмашылықты талдап,ұқсастықтарын ой бөлісе отырып,сипаттап жазу.


Майлар Липидтер

Shape3 Shape2 Shape1

Ұқсастығы

Айырмашылығы

Айырмашылығы






Дискриптор:

-Майлар глицерин мен май қышқылдарына ыдырайтынын біледі.

-Майлардың суда ерімейтінін анықтайды.

-Липид молекуласының табиғаты әртүрлі болатынын ажыратады.

-Тірі жасушада кең тараған липидке фосфолипидтер жататынын меңгереді.

С: қарым-қатынас, оқу ортасы, ресурс, жұмыс қарқыны, жеке қолдау көрсету, нәтиже, бағалау.

ҚБ: «Доп лақтыру» әдісімен жұптар бірін-бірі бағалайды Оқытушының мадақтауы, қолдауы


Топтық жұмыс .

Әдісі «Қар кесегі»

Тапсырма. Әрбір топ білім алушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.


1.Барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын заттарды атаңыз:

2. Липидтердің ішінде ең көп таралғанын және ең негізгізін ата:

3.Барлық липидтерге тән жалпы қасиетті ата:

4. Липидтердің ішіндегі ең көп тарағанын және белгісін көрсет:

5.Майдың 1 граммы толық ыдырағанда бөлінетін энергияны көрсет:

6. 1 кг май тоттыққанда (ыдырағанда) одан түзілетін су мөлшерін көрсет:

7. Қорганыштық қызмет атқаратын затты ата:

8.Организмге қажетті энергияның 25-30% -ын не береді?

9. Майлардың сұйық немесе қатты болуы неге байланысты?

10.Майлар ерігіштігі жөнінен қандай қасиет көрсетеді?

Дескриптор:

-барлық тірі жасушалар құрамына кіретін және тіршілікке қажетті заттарды атайды;

-липидтердің қызметтерін біледі;

-майлардың құрылысын және қызметтерін сипаттайды


С:қарым-қатынас, жеке қолдау, оқу ортасы мазмұн, мақсат, ресурс, жылдамдық, жауапкершілік, нәтиже,

ҚБ: дескрипторға байланысты жалпы ұжымда бірін-бірі бағалау.



Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

  1. Химиялық құрамы бойынша липидтердің негізгі компоненттерін атаңыздар:

(б) Липидтердің түрлері, компоненттері мен мысалдары

берілген кестедегі бос орындарды толықтырыңыздар:

Липидтердің түрлері

Липидтерді құрайтын негізгі компоненттер

Липидтер түрлеріне мысал

Жай (қарапайым) липидтер


Бейтарап майлар, стероидтар және балауыздар /воскілер/ жатады


Күрделі липид спирт қалдығынан, жоғары май қышқылдарынан және басқа да заттардан /азоттық негіздер, фосфор қышқылы, көмірсулар және басқалары/ тұрады


(в) Майдың қызметін берілген мысалымен сәйкестендіріңіз



Қызметтері


Мысал



1

қорғаныш

A

суық мезгілде ұйықтауға кететін жануарларда кездеседі



2

гормон түзу

B

түйе өркешіне толысқан май



3

құрылыс

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
2178
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі