400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Липидтердің құрылымдық компонеттері. Майлардың қасиеттері мен функциялары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Липидтердің құрылымдық компонеттері. Майлардың қасиеттері мен функциялары" тақырыбына сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Оқу сабағының жоспары



№3. Липидтердің құрылымдық компоненттері.

Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері.

(сабақтың тақырыбы)

    

Модуль /пән атауы __Биология_________________

Педагог ___Жүсіп Жанар Әбдіғалымқызы__ дайындады

20_ жылғы "___" ____________

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ __ курс, _ ______________

Сабақтың түрі аралас сабақ

2. Мақсаты, міндеттері: Липидтердің құрылымдық компонентерін және майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін түсіндіру.

3. Күтілетін нәтижелер: Липидтердің құрылымдық компонентерін және майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін түсінеді.

4. Қажетті ресурстар:

1) Презентация, суреттер, таратпа материалдар

2) Биология. Оқулық. 10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева.

3) https://www.okulyk.kz/10-class

5. Сабақтың барысы

5.1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, топ басшысының мәлімдемесі бойынша білім алушыларды түгендеу, сабаққа назар қою.

5.2. Білім алушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру:

Сұрақ-жауап әдісімен өтілген тақырыптарға шолу

  1. Көмірсулар дегеніміз не?
    2) Көмірсулар қалай жіктеледі?

  2. Көмірсулардың биологиялық рөлі қандай?

5.3. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі:

“Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері”

Мұғалімнің түсіндіруі.

Липидтер – барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтердің молекуласының құрамына С, Н,О элементтері кіреді. Липидтердің ішіндегі ең көп тарағаны және белгілісі – майлар

Құрамындағы элементтердің байланысына және құрылымына қарай липидтер алуан түрлі болады. Майлар өзара эфирлік байланыспен қосылатын глицирин мен май қышқылынан тұрады. Триглицеридтер – полярсыз, себебі молекуласында зарядтар біркелкі таралмаған. Бұл олардың сумен байланыс түзбейтінін және суда ерімейтінін білдіреді.

Триглицеридтер тығыздығы судың тығыздығынан төмен, сол себепті олар су бетінде қалқып жүреді. Стероидтар конденсацияланған төрт сақинадан тұратын, көміртегі қаңқасымен сипатталатын липидтер.Холестерин, жануарлар жасушаларының компоненті болып табылатын маңызды стероид. Дегенмен, холестериннің жануарларға қажеттілігі қанның жоғары деңгейі жүрек –қан тамырлары аурына себеп болуы мүмкін.

Стероидтар -барлық түрі кристалл заттар, оптикалық активті және органикалық ертінділерде жақсы ериді. Мұндағы ең маңыздысы - холестерин стероиды гармондар биосинтезіне қатысады. D витаминдер тобы кальций алмасу процессін реттейді және омыртқалылардың сүйек қаңқасының құрылу процесіне қатысы бар.

1-тапсырма. Жеке жұмыс. “Түртіп алу” әдісі.

Оқулықпен жұмыс.

Тақырыпты түсініп оқу, керек мәліметтерді жазып алу.

Туындаған сұрақтарды қою.

5.4. Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:

2-тапсырма. «Дұрыс па? / Бұрыс па?»

Төмендегі кестеге көмірсулар туралы ақпараттарды толықтырып, түсіндіріңдер.

1. Майлар негізінен қоректік және энергетикалық қор заттарының рөлін атқарады________

2. Майлардың молекуласы үш атомды спирт − глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұрады________

3. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет – олардың полярлы еместігі.__________

4. Липидтер полярлы емес сұйықтарда, мысалы, бензинде, эфирде, хлороформда жақсы ерімейді______

5. Фосфолипидтер мембранаға жартылай өткізгіштік қасиет береді_________

6. Жануар майларының құрамында қанықпаған қышқылдар көп._________

7. Май-метаболиттік су көзі. 1 кг май тотыққанда одан 1,1 кг-да су түзіледі___


5.5. Cабақтың қорытындысы

Биологиялық диктант

Биологиялық диктант:

  1. Майлар судан жеңіл. Олар жылу және ............. өткізбейді.

  2. Майлардан қалған фосфолипидтердің бір бөлігі – ............., ал, фосфор қышқылы - ............. .

  3. Жануарлар ағзасына қажет кейбір .... , ......, ......., ......, дәрумендер майтәрізді заттар түрінде кездеседі


6. Сабақ бойынша рефлексия

«БББ» әдісі

7. Бағалау

Оқу мақсатын талдай отырып, білім алушыларды бағалау

8.Үй тапсырмасы:

1. “Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері” тақырыбын оқу;

2. Интернет ресурстардан тақырыпқа байланысты материалдарды оқу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
340
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі