жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Лиро - эпостық жырлар" 6 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Ұлы Жібек Жолы Мұғaлiмнiң aты-жөнi: Кобзаренко Татьяна Алексеевна Мектеп: №18 Ә.Құрмантаев атындағы ЖОМ Сынып: 6 05-06.02.2019ж Қaтысқaндaр: Қaтыспaғaндaр: |
|||||
Сaбaқ тaқырыбы |
Отырарлық ғалым Әбу Насыр Әл Фараби. Септіктерді Қайталау.
|
||||
Осы сaбaқтa қол жеткiзiлетiн оқу мaқсaттaры |
6.2.6.1. тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру; 6.4.5.1 жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; |
||||
Сaбaқ мaқсaты |
|
||||
Бaғaлaу критерийi |
|
||||
Тiлдiк мaқсaттaр |
Тақырыпқа қатысты терминдер: үндестік заңы, қосымша Сөздік қор: қаржыгер, сұраныс, заңгер, дінтанушы, оқытушы, бағдарламашы
|
||||
Құндылықтaрғa бaулу |
Сабақ мазмұны оқушыларды әр мамандықты құрметтеуге шақырады.Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер мен жұмыс формалары арқылы оқушылар бойына -еңбек пен шығармашылық; -азаматтық жауапкершілік сияқты құндылықтарды сіңіреді
|
||||
Пәнaралық бaйлaныс |
Сабақ мазмұны өзін-өзі тану пәнімен ортақ тақырыптар арқылы байланысады.Сабақтағы қолданылатын ресурстар мен орындалатын тапсырмалар жүйесі мамандық саласымен байланысты. |
||||
Aлдыңғы бiлiм |
Оқушылар 5-сыныптан тірек сөздерді қолданып, иллюстрацияларға сипаттама беруді үйренген. Үндестік заңы туралы түсініктері бар. |
||||
Сaбaқ бaрысы |
|||||
Сaбaқтың жоспaрлaнғaн кезеңдерi |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||
Сaбaқтың бaсы – 5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. А) Студенттермен амандасу. Ә) Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру. Б) Студенттердің зейіндерін сабаққа аудару.
Мұғалім бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіреді. -Балалар, біз бүгінгі сабағымызда Ұлы данышпан Әл Фараби туралы танысамыз және септіктер бойынша білімдерімізді тиянақтаймыз. Ендеше бәріміз сабаққа белсенділік танытайық. Ең алдымен үй тапсырмасы бойынша білімімізді тексерейік. 1.Ой қозғау. «Сандар жырлайды» бинго ойны арқылы сұрақтарға жауап береді. 1.Морфология нені зерттейді?
«Жақсы… үйрен, жаман… жирен»
Кіріспе. Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер, Батырлар дүрілдеп өткен жер. Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер, Ғашықтар бір- бірін өпкен жер. Сарылып сал- сері кеткен жер Бас иіп, иіспен топырағын Тағзым жасамай өтпеңдер! Мұғалім: -Ал, балалар, осы оқылған ақиық ақын М. Мақатаевтың «Қазақ жері» өлеңінен бүгін сабақта не жайлы айтқалы отырғанымызды түсінген шығарсыңдар. Өткен сабақтарда біз батырлар туралы білдік. Бүгін ұлы ғалым туралы мәлімет аламыз. Сұрақ: Қазақтың қандай қасиетті, киелі жерлерін білесіңдер? Жауап: -(оқушылардан) -Осындай қасиетті жерде туып өскен ғұлама ойшылдарымыз да көп. Сұрақ: -Қандай белгілі ойшылдарды білесіңдер? Жауап: – (оқушылардан) -Бүгін біз Әбу Насыр Әл- Фарабидің өмірімен, шығармашылығымен танысамыз. 2) Қызығушылықты ояту.«Сен білесің бе?» видео шолу. – Балалар, не көрдіңдер? Қысқаша айтып бере аласыңдар ма? Балалар көрген дүниелерін қысқаша жеткізеді. 3) «Шығыстың ғұлама ғалымы» бейне сюжет көру. Сюжет бойынша пікірлесу.
|
Топқа бөлуге арналған суреттер қиындысы (пазлдар)
|
|||
Сaбaқтың ортaсы 28 минут
|
4) Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс. А) Сөздікпен танысу. Әбігершілік- бір нәрсеге мазасыздану, әбігерге түсу (беспокойство) Тұжырым- белгілі бір ойды қорытындылау(вывод) Шығыстанушы- шығыс халқын зерттеуші (востоковед) Бірегей- ерекше, айрықша (уникальный) Шаһар- қала (город) Аристотель – грек елінің ұлы ғалымы Шам – қазіргі Сирия мемлекетінің астанасы Дамаск қаласының көне атауы. Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб шаһарында дүниеге келген. Толық аты-жөні әл Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ, ал арғы атасының аты – Тархан . Оның туған жері – ежелгі қазақ қаласы Отырарды Арабтар Барфа, (Фараб) деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазды. Исламмен, араб халифатымен байланысты барлық қалаларда болған. Ол сарайлық әбігершіліктен алыс өмір сүруді жөн көріп, ғұмырының соңғы жылдарын Сайф ад-Дауль Хамиданың қамқорлығымен Алепо мен Шамда (Дамаскіде) өткізеді. Ол 80 жасында Шам шаһарында қайтыс болады. Сүйегі Кіші қақпалардың ар жағына қойылады. Ол жалпы теориялық ойлар әлемін жасап, өзіндік философиялық тұжырымына ұсынды. Әл Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында тұрған ғұлама көзі тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды. Фараби өз шығармаларында араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениетінің жетістіктерін талдап, жақындастыра білді. Мұны «Үлкен музыка кітабы» атты еңбегінен де байқауға болады. Ол өз заманының ғылымын жүйелеуге ұмтылды. Бұл ойын «Ғылым жігі жөніндегі сөз» атты трактатында көрсете білді. Фараби халыққа білім беруді армандады. «Мемлекет қайраткерінің афоризмдері», «Азаматтық саясат», «Бақыттың жетістіктері» атты еңбектерінде өрбиді. «Музыка туралы үлкен трактатында» музыка ғылымының мәселелерін зерттейді. Музыканың жақсы жақтары мен оның тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсетеді. Фараби адамзат құрметі үшін интеллект өте қажет нәрсе деп есептейді. Әл Фараби «Қайырлы қала тұрғындарының кітабы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Музыканың үлкен кітабы», «Өлең сөз және шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Логика», т.б. еңбектері – ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер. Ә) Мәтінді тізбектеп оқу. Б) Топпен жұмыс. Мәтінге ат қою, сұрақтар құру және сұрақтарды бір –біріне қойып жауап беру. В) Грамматикалық тапсырма. Тақтамен жұмыс. Екі бала мәтінде қарамен берілген сөзге морфологиялық талдау жасайды Г) Ауызша септеу. ( жай септеу -ғалым, білім, тәуелді септеу-өнер, тарих) Д) Карточкамен жұмыс. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазу. Ұлы данышпан ….. туған. … Арыс өзенінің бойында орналасқан. Арабтар Отырарды …. атаған. Отырар,… ең ірі қалалардың бірі. Ж) Мәтіннен синоним, антоним болатын сөздерді тауып жазу. 1-ші топқа- синоним, 2-ші топқа-антоним.
|
Оразбаева Ф., Дәулетбекова Ж., Рауандина А., Рахметова Р., Юсуп А. Қазақ тілі мен әдебиеті: қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған оқулық. Бәйшешек. – Көкжиек- Горизонт, 2018. – 12-б.
|
|||
Сaбaқтың соңы 7 минут
|
Сергіту сәті. «Сөз тапқанға қолға жоқ» ойны. Тақтаға әр командадан 2 бала шығады. Тиісті әріптерді таңдайды. Мұғалімнің сұрағына сол әріптен басталатын сөзбен жауап беру.
1 деңгей- сөйлемдер құрастыру. 2 деңгей-хат жазу. «Ұлы ойшылға хат» Қажетті сөздер: Ұлы ғалым, білім мен өнер, философиялық тұжырым, өнегелі өмір, жастайынан, мәңгілік мұра.
2) «Әл Фараби» сөзіне топтастыру стратегиясы. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Ұлы ойшыл Отырар қаласының тумасы
Ғалым энциклопедист Музыка зерттеуші Бірегей тұлға
Рефлексия «Рефлексия пирамидасы» 1. Сіз бұрыннан білетін төрт нәрсе. 2. Сіз үйренген үш нәрсе. 3. Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нәрсе. 4. Есіңе сақтау керек маңызды бір нәрсе. Үй жұмысы. «Ең жақсы мамандық» тақырыбында эссе жазу |
|
|||
Қосымшa aқпaрaт. Сұранысқа ие мамандықтар жайлы түсінік беру |
|||||
Сaрaлaу: Сiз қaндaй тәсiлмен көбiрек қолдaу көрсетпексiз? Сiз бaсқaлaрғa қaрaғaндa қaбiлеттi оқушылaрғa қaндaй тaпсырмa бересiз? |
Бaғaлaу: Сiз оқушылaрдың мaтериaлды игеру деңгейiн қaлaй тексерудi жоспaрлaп отырсыз? |
Денсaулық және қaуiпсiздiк техникасын сақтау |
|||
Сыныптағы саралау жұмысы тапсырма арқылы саралау жолымен жүзеге асырылады. Айталық, мәтіннен кейінгі жұмыс бойынша жұмыс істегенде Барынша қолдау қажет ететін оқушылар сөйлемдерде бос тасталған орындарға тиісті тірек сөздерді орналастырады, осында толық қолдау көрсетемін.Орташа қолдау қажет ететін оқушылар жекелеген сөздерді ретімен орналастыру арқылы сөйлем шығарады. Қолдауды қажет етпейтін оқушылар дербес өз ойларынан сөйлемдер құрастыра алады.
|
Сыныптағы бағалау оқушылардың жұптық, топтық жұмыстарына объективті түрде кері байланыс беру арқылы жүзеге асырылады. Кері байланыс беруде мұғалім оқушылардың бағалау критерийлері мен дескрипторларды негізге алып сөйлеуін қадағалайды. Қалыптастырушы бағалауда оқушы жұмысында «нені жақсарту керек?» дейтін сұрақтарға жауап табуға бағытталып отыру қажеттілігі ескеріледі. Сабақтың басында ынталандыратын үшін «Бас бармақ» әдісі жүргізіледі, сабақтың ортасында «Мадақтау сэндвичі», «Стикерлер» әдісі арқылы бағалау өткізіледі. Сабақ соңындағы «Рефлексия пирамидасы» рефлексиясы келесі сабақты жоспарлауға негіз болады. |
Оқушылардың сабақтағы физиологиялық психологиялық дамуларын сақтау мақсатында сабақ «Жылы лебіз», «Пазл құрастыру», «Попкорн», «Джигсо»,«Сәйкестендіру», «Суреттер сөйлейді» сияқты оқытудың интербелсенді әдісіне негізделіп құрылады. Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында сынып сабақ өткізуге қажетті құралдармен, АКТ-мен жабдықталады.
|
|||
Сaбaқ бойыншa рефлексия |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз |
||||
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен? |
|
||||
Жaлпы бaғaлaу Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек? |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген