Материалдар / "ListBox, ComboBox, Timer компоненттері" сабақ жоспары

"ListBox, ComboBox, Timer компоненттері" сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
ListBox, ComboBox, Timer компоненттері
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Жаратылыстану-математикалық бағыт


І. Сабақтың тақырыбы: ListBox, ComboBox, Timer компоненттері

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық

VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.

VІІІ. Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру

ә) сабақ сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) үйге тапсырма

е) қорытынды

Үй тапсырмасын сұрау мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Visual Basic ортасы дегеніміз не?

  1. Форма дегеніміз не?

  2. Проект терезесі дегеніміз не?

  3. Макет терезесі дегеніміз не?

  4. Қасиеттер терезесін қалай шығарамыз?

  5. Бас мәзірлер қатарын ата.

  6. TextBox компоненттерін түсіндір

  7. OptionButton компоненті дегеніміз не?

  8. label компоненті дегеніміз не?

  9. Frame компоненті дегеніміз не?

  10. OptionButton компоненті дегеніміз не?

  11. CheckBox компоненті дегеніміз не?

Жаңа сабақ

ListBox Тізім басқару элементі ListBox батырмасымен жасалады және мәндер тізімін бейнелеу үшін қолданылады. Пайдаланушы тізімде кейін бағдарлама мәтінінде қолданылатын бір немесе бірнеше мәндер таңдай алады.Тізімнің ең жиі қолданылатын қасиеттерін атап өтсек:

Listindex, ListCouns, TopIndex, Enabled, Text, List, List, MultiSelect, SelCount, Slected, Columns, Sorted, Style

Тізімнің ең жиі қолданылатын әдістері:

Clear, Removeitem, Additem

ComboBox Аралас өріс басқару элементі ComboBox батырмасымен жасалады да, мәндер тізімін сақтау үшін қолданылады. Ол өз бойында ListBox тізімінің және TextBox енгізу өрісінің қызметтік мүмкіндіктерін үйлестіреді. ListBox - тан ерекшелігі ComboBox -те тізімнің тек қана бір элементі бейнеленеді. Оған қоса, мұнда тізімнің бірнеше элементін ерекшелеу режимі жоқ, бірақ ол мәнді TextBox басқару элементі сияқты енгізу өрісі арқылы енгізе алады.

ComboBox объектінің ListIndex, Listcount, Enabled, List сияқты қасиеттері және Clear Removeltem және AddItem әдістері ListBox тізімінің сәйкес әдістеріне ұқсас. Әрине, style қасиеті тізімдікінен басқа түрлер береді, себебі бұл әртүрлі басқару элементтері. Қасиеті: style

- Timer компоненті қосымша орындалғанда көзге көрінбей іс - әрекеттердің белгілі бір уақытта орындалуын қамтамасыз ететін компонент. Сондай-ақ бұл компоненттердің көмегімен қосымшаларда ағымдағы уақыт пен мерзімді көрсетуге болады.

Timer объектісінің негізгі қасиеттері:

Interval – уақыт-өлшеуіш орнату объектісінің қанша уақыттан кейін іске қосылуын анықтайтын шама (мс)

Enabled - ажырату


Жаңа сабақты бекіту

ІХ. Үйге тапсырма

ListBox, ComboBox, Timer компоненттері


Х. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

ХІ. Бағалау.



04 Қараша 2018
1279
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі