400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Литосфера тақырыбы бойынша қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға тестке дайндалу үшін керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Литосфера тақырыбы бойынша қайталау

6 сынып Ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: «Литосфера» тақырыбы бойынша қайталау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жүйелі ойлауын, өздігінен, топ болып жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту;
Оқушыларды ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу мақсатында қорытынды – қайталау сабағы;
Сабақтың көрнекіліктері: Карта, кескін карта, сабақ жоспары жазылған плакат, жердің құрылысы (ішкі, сыртқы) сызбасы, термин сөздердің кестесі, ұлы тұлғалардың аты - жөні жазылған плакат.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, Биология, тарих, әдебиет, дене шынықтыру пәндерімен байланыстырады.

Сабақтың жүрісі:
I Ұйымдастыру
Сабақтың жоспары:
1. Өткен сабақ бойынша білім дағдыларын тексеру (көрнекіліктер арқылы)
2. Тест тапсырмалары (ауызша)
3. Футбол ойыны (деңгейлік тапсырмалар)
4. Картамен жұмыс
5. Терминдермен жұмыс (кесте арқылы)
6. Ұлы тұлғаларды тану жарысы (топпен жұмыс)
7. Сөзжұмбақ
Қорытынды

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша төмендегідей сұрақтар мен тапсырмаларға жауап береді.
a) Жердің сыртқы құрылысын атап, топтастырып сипаттама бер.
b) Осының ішінде біз өткен «литосфера» дегеніміз қандай қабат? Ол қандай мағынаны білдіреді?
c) Жердің ішкі құрылысын атап, топтастыр сипаттама бер.
d) Литосфералық тақта жеген не? Литосфералық тақта нешеу? Атап шық.
Ескерту: Осы кезде әр қатардан жақсы оқитын 1 - оқушы қатарындағы оқушылардың берген жауабы белгілеп отырады
Ал келесі тест тапсырмасын мен ауызша оқимын. Сендер сұрақтардың қайсысы дұрыс жауаптарын 4 жауап қолдарыңдағы
А, Ә, Б, В деген үлестірме арқылы көтеріп отырасыздар. Қате көтерген оқушыға сары белгі беріледі. Ал мұқият тыңдаймыз
1. Жердің ең үстіңгі қатта қабаты
а) биосфера ә) атмосфера б) литосфера в) гидросфера

2. Еуразия материгіндегі ең биік сөнбеген жанартау
а) Везувий, ә) Қазбек б) Ключи шоқысы в) Килиманджаро
3. Жер сілкіну жиі болатын аймақтар:
а) жазықтар ә) таулы аймақтар б) ойпаттар в) үстірттер
4. Жер қыртысының қозғалысын бақылайтын аспап
а) нивелир ә) тұсбағар б) сейсмограф в) эхолот
5. жер сілкіну ошағы дүмпуінің жер бетіне шығатын жері
а) кратер ә) эпицентр б) жанартау в) гейзер
6. Фонтан сияқты атқылайтын ыстық бұлақ
А) лава ә) гейзер б) гнейс в) кратер
7. Химиялық шөгінді тау жынысы
а) құмтас ә) әктас б) шағын в) тас тұзы
8. Шөлдерде желдің әрекетінен пайда болатын орақ тәріздес құм төбешіктің аты
а) жыра ә) шатқал б) шағыл в) барқан

Жақсы балалар. Енді біз деңгейлік тапсырма орындап көрейік. Дене шынықтыру сабағынан барлықтарын білетін «Футбол ойынын» ойнайық. Ойын шарты мынадай:
Қазір ортаға
1) Қақпашылар – өте жақсы оқитын оқушыдан 2 оқушы 1 деңгейдегі
2) Қорғаушылар – жақсы оқитын оқушыдан 4 оқушы 2 деңгейдегі
3) Шабуылшылар – нашар оқитын оқушыдан 4 оқушы шығады
Төреші: «Өте жақсы» оқитын бір оқушыны сайлап аламыз. Ол оқушы барлық жауапты тексеріп тұрады. Қателескен, дұрыс жауап бермеген оқушыға өзінің сары үлестірме – сұрағын береді. Жауап бере алмаған командаға «гол» болады. Сынып екі командаға бөлінеді. Ала доптың суреті бар үлестірме «деңгейлік» сұрақтар таратылады. Допты кімге берсе, сол оқушы жауап беріп отырады. Жауап берген оқушы келесі балаға беруі тиіс.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
1031
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі