Тақырыбы: Л
дыбысы және әріпі
Мақсаты: Л
дыбысымен таныстыру;
Білімділік: Құрамында
Л дыбысы бар сөздерді талдау.Л дыбысын
дұрыс дыбыстап,оның таңбасын,әріпін
таныстыру.Л дыбысы бар
сөз,сөйлем құрату.
Дамытушылық: Ойын
арқылы тілдерін,ой-өрістерін,сөздік
қорларын,есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік:Өз
ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Оқу
іс-әрекетінің
көрнекіліктері: Суреттер,текшелер
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,көрнекілік
Оқу
іс-әрекетінің түрі: ойын
сабақ
Оқу
іс-әрекетінің барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
-Балалар,қәнекей
бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас
бұрын бір-бірімізге жылы лебізімізді
білдіріп,
көтеріңкі күй сыйлайықшы.
Аспанымыз
ашық болсын,
Еліміз аман болсын,
Деніміз
сау болсын,
Ақшамыз көп болсын.
-Балалар,
бүгінгі оқу іс-әрекетімізге келген
қонақтарымен сәлемдесейік.
-Балалар,
бүгін бізде сауат ашу оқу іс-әрекеті.Біз
өткен оқу іс-әрекетінде қандай дыбыстармен
танысып едік есімізге түсірейікші.
ІІ.Өткен
сабақты пысықтау.
Ол
үшін біз сендермен қәзір «Дауысты,
дауыссыз дыбыстар» ойынын
ойнайық.Мен сендерге дыбыстарды
айтамын,ал сендер қолдарыңдағы көк,қызыл
түсті дөңгелек- текшелермен дыбыстарды
ажыратып айтып көрсетесіңдер. (Тәрбиеші
өткен дыбыстарды айтады).
ІІІ.Негізгі
бөлім.
-Балалар,бүгін
бізге қонаққа Алдар көсе келіпті,ол
бізге бір жаңа әріпті өзімен бірге ала
келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп
әкелгенін «айтпаймын» дейді,ол әріпті
табу үшін біз мынадай тапсыр- маларды
орындауымыз керек.
-Тапсырмаларды
орындаймыз ба? (Балалардың
жауаптары).
1-тапсырма.
-Мынау
не? (Лақ)
-Лақ қай малдың төлі және ол
қалай дыбыстайды? Лақ ешкінің төлі,ол
мә-мә-мә деп дауыстайды
-Лақ сөзінде
неше дыбыс бар? (3 дыбыс)
-Лақ сөзін
буынға бөліп көрейік? (Буынға бөледі)
-Неше
буын бар? (1 буын)
-Сөздің басында
қандай дыбысты естіп отырсыңдар? (хормен
айтқызу)
-Л қандай дыбыс?
(дауыссыз)
-Дауыссыз дыбысты қандай
түспен белгілейміз? (көк)
2-тапсырма. «Кім
жылдам?» дидактикалық ойынын
ойнау.
Балаларға
ойын ойнату арқылы тақтаға ілінген
суреттегі заттардың атауларын
атату.
Оларды буынға бөлгізу.Дыбыстың
сөз басында,ортасында,аяғында келетінін
баланың өзіне байқатып атату.Сөйлем
құрату.
Тақтадағы
суреттер:
Піл
Ли-мон Лақ Түл-кі А-пель-син.
3-тапсырма: Дәптермен
жұмыс.
Жазбаша
жұмыс орындату.Дәптердегі Л әріпінің
кіші және бас әріптерін үлгі бойынша
жазады. ІV.Сергіту
сәті.
Қарлығаш
болып ұшамыз,
Лақ болып қашамыз.
Аю
болып қорбаңдап,
Орнымызды
табамыз.
4-тапсырма.
Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?».
1-ші
себетке Л
дыбысы бар суреттерді саламыз.
2-ші
себетке Л
дыбысы кездеспейтін суреттерді
саламыз.
V.Қорытындылау.
-Балалар,бүгін
бізге кім қонаққа келді?
-Алдар көсенің
тапсырмаларын орындадық па?
-Сонымен,
ол бізге қандай жаңа әріпті алып
келіпті?
-Л
дыбысы дауысты ма,дауыссыз
ба?
-Жарайсыңдар,балалар,сендерге
Алдар көсе де ризашылықтарын білдіріп
жатыр.
-Ал,енді балалар,осымен бүгінгі
оқу іс-әрекетімізді аяқтап Алдар көсе
және бүгінгі оқу іс-әрекетімізге қатысып
отырған қонақтарымызбен қоштасайық.
Біз
ақылды баламыз,
Айтқан тілді
аламыз.
Бүгін келген қонаққа,
Сау
болыңыздар деп айтамыз.