ЛОГАРИФМДІК ЖӘНЕ КӨРСТЕКІШТІК ТЕҢДЕУЛЕРДІҢ
КЕЙБІР ҚОЛДАНЫСЫ.
Тұрсынова
А.Т.
Семей қ. №6 гимназия
математика мұғалімі
Резюме: В статье
рассматривается использование логарифмических и показательных
уравнений при изучении прикладных тем из курса
углублённого изучения
биологии.
Summary: The
article discusses the use of
logarithmic and exponential equations in the study of applied
subjects of the course in-depth study of
biology.
Қазіргі кезде математиканың қолданысы кең
етек жайған. Мектеп математика курсынан бастап математиканың басқа
ғылым салаларымен етене байланысын, оның қажеттілігін түсіндіріп
өту өте маңызды. Еңбек пен жаңалық ашудың байтақ және қиырларына
апаратын кең жол мектепте білген математикалық білімдер арқылы
өтеді. Оқушылардың көпшілігі «Тригонометрия»,
«Логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер», «Интеграл»
тақырыптарының адам өміріндегі қолданыстары жайлы біле бермейді.
Осылардың ішіндегі логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулердің басқа
ғылым салаларында, атап айтқанда биологиядағы қолданысына
тоқталайық.
Ең алдымен қарапайым логарифмдік және
көрсеткіштік функциясы бар бірнеше күрделі емес теңдеулерді
қарастырайық. Олар мынандай түрде
беріледі:
1)
2)
Күрделі теңдеулерге төмендегілерді жатқызуға
болады:
1)
2)
[3]
Биологияда да осындай күрделі логарифмдік
және көрсеткіштік функциясы бар теңдеулер қолданылады, оларға
құрамында параметрі бар теңдеулерді жатқызуға болады. Себебі бұндай
теңдеулер оқушыдан:
-
Параметрі жоқ есепті шешу алгоритімін
түбегейлі түсініп,
меңгеруді;
-
Зерттеу дағдыларын (яғни барлық мүмкін
жауаптарды тауып, зерттеуге
дағдылану);
-
Шығармашылық қабілеттерінің болуын (есептің
жауабын өзінің құрған алгоритммен
табуға);
-
Терең білімі мен оны
фукционалды-графиктік тәсілмен шешу әдісін қолдана білуін талап
етеді.
Бұндай теңдеулерді шешу көп жағдайда
айнымалыны ауыстыру арқылы жаңа айнымалысы бар теңдеуге
келтіріледі. Сонымен қатар, бұл теңдеулердің түбірі есептің
толыққанды шешімі болып саналмайды, себебі олар есептің шартын
қанағаттандырмауы мүмкін. Нәтижесінде, барлық түбірлердің мүмкін
жағдайларын қарастырып, зерттеуге тура
келеді.
Мысалы:
теңдеуі
берілсін. а – ның қандай мәндеріне бір ғана түбірі
болатындығын анықтайық.
Анықтау
үшін
белгілеу енгізіп алайық,
демек 

t-ның мәні тек қана оң сандар бола алады,
себебі E(
, яғни

Квадраттық теңдеудің дискриминантының мәніне
байланысты бір, екі түбірі немесе мүлдем түбірі болмауы мүмкін.
Соңғы жағдай біз қарастырмаймыз, ал қалған екі жағдайды қарастырып
көру қажет. Дискиминантын
табайық:

1-жағдай:
D=0 болса, онда теңдеудің
түбірі
формуласымен анықталады және
де
шартын қанағаттандырады. D = 0 болғанда a = 5
мәнін тексерейік. Онда t=4 болады, демек бұл шешім есептің шартын
қанағаттандырады.
2-жағдай: D > 0 болсын,
онда
теңсіздіктің шешімі а–ның кез келген оң
мәнінде орындалады, a=5 мәнінен басқа. Теңдеудің жалғыз ғана шешімі
болуы үшін, шешімдердің біреуі оң, екіншісі теріс немесе 0 – ға тең
болуы қажет.
Сонымен,
D
>
0 яғни
. Виет теоремасын
қолданып:

а) теңдеудің түбірлері қарама-қарсы болуы
үшін
, яғни
↔ a < 1
бұл
шартын қанағаттандырады және теңдеудің бір
ғана түбірі болады.
б) Екінші жағдайды қарастырайық: түбірлерінің
біреуі оң екіншісі 0–ге тең
делік.

a = 1
болғанда
шартын қанағаттандырады және теңдеудің бір
ғана түбірі болады болады.
Барлық шешімдерді
біріктірсек:
түріндегі шешімін
аламыз.
Яғни,

Енді күрделі түрдегі теңдеулерді шешу
биология курсындағы, атап
айтқанда «Түрлерді ажырату» тақырыбын
зерттегенде логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер
қолданылады.
Бұл тақырыпқа байланысты
бірнеше сұрақтарды қарастырайық. Доминанттық түр бірнеше k
ресурстарды басып алады, пішіні бойынша екінші түр дәл сол
ресурстан қалған k бөлігін алады, содан кейінгі пішіні бойынша
үшінші түр қалған бөліктің k бөлігін алады және ресур S барлық
түрлерге бөлінгенше тағы сол сияқты жалғаса береді. Егер шарт
орындалып түрлердің пішіні ресурстың мөлшеріне пропорционал болса,
онда ол геометриялық қатар түрінде
жазылады.
Ондай қатарға мысал ретінде
аса пішінді түр келесі түрден екі есе көлемдірек, ал екінші түрдің
пішіні одан кейінгіден көлемдірек және т.с.с Бұл геометриялық
таралу моделін алғаш рет биолог Мотомура ұсынған. Оның екі
параметрі бар:
–
көлемді түрдің саны мен k –
геометриялық прогрессияның константасы. Осыдан Мотомураның
формуласы шығады: 
мұндағы
– i-түрлі даралар саны, N –
даралардың жалпы саны,
– константа, және
де 
Логарифмдік таралудың екі
параметрі бар: а және х.

Мұндағы
– әртүрлілік
индексі:
; N – барлық даралардың
қосындысы


түріне келеді.
Мұндағы
- теориялық түрлердің
саны;
- модальдік октавадағы
түрлердің саны. [2]
Оқушылар осындай мысалдар
арқылы пән аралық байланыстар жайлы жалпы мәлімет ала отырып,
олардың тығыз байланысы мен қолданыстарын біле
алады.
Әдебиеттер:
1. В. Г. Рисберг, И. Ю.
Черникова Решение показательных и логарифмических уравнений,
неравенств и систем уравнений повышенного и высокого уровня
сложности (часть I): уч пособие -Издательство
«ПУШКА», 2015
2. В. Г. Рисберг, И. Ю.
Черникова Решение показательных и логарифмических уравнений,
неравенств и систем уравнений повышенного и высокого уровня
сложности (часть II): уч пособие -Издательство
«ПУШКА», 2015
3.
Алгебра оқулығы А.Е.
Әбілқасымова, Н.Р.Майкотов ,Қ.И.Қаңлыбаев.