Логарифмның қасиеттері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Логарифмның қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімдік жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ жоспары

Сабақ бөлімі: Когнитивті дағдылар және гимнастика арқылы денені басқару дағдылары.

Күні: 20.11.2020ж

Сыныбы:7 «ж»

Мұғалімнің аты‑жөні:Белгібаев Б.Қ

Сабақ тақырыбы:

Акробатикалық жаттығулар кешені.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):

7.3.2.2-Дене жаттығуларының алдында жалпы қыздыру жаттығуларын жасау және ағзаны қалпына келтіру жаттығуларының құрамын көрсету.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Бірлесіп жұмыс істейді,пікірлеседі, ортақ пікір шығара алады, тыңдайды, бағалайды.

Көптеген оқушылар: Акробатикалық жаттығулардың орындалу жолдарын біледі, түсінеді.

Кейбір оқушылар: Акробатикалық жаттығуларды жақсы орындайды.

Тілдік мақсат:

Акробатикалық жаттығуларды қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерді талқылайды және көрсетеді.

Пәнге тән лексика терминология:

Гимнастикалық матылар, алға қарай аунап түсу, артқа қарай аунап түсу, көпіршек тұру жауырынға тұру.

Бағалау критерийлері:

Акробатикалық жаттығулардың жасалу жолдарын біледі, көрсете алады.

Құндылықтарды дамыту:

Силастық, татулық, шыншылдық.

Сабақтың барысы

Сабақты жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған іс‑әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

дайындық бөлім



8-10 мин

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі. Бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбын, күтілетін нәтижелерін және сабақ мақсаттарын таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

Қауіпсіздік сақтау ережелерін біледі.

Акробатикалық жаттығулардың жасалу жолдарын біледі.

Акробатикалық жаттығуларды орындай алады.

Мұғалім жүгіріп денені қыздыруға көшеді, жүгіріп болған соң тыныс алуды ретке келтіріп, құралсыз ЖДЖ‑ларын орындалуды көрсетеді. Жалпы дамыту жаттығуларының орындалуы:

1.Қолдар белде, аяқтар иық деңгейінде, басты бір рет оңға қарай баяу айналдырамыз. Бір рет солға айналдырамыз.

2.Қолдар иықта, аяқтар иық деңгейінде, қолдарды иық буынынан алға қарай 4 рет және артқа қарай 4 рет айналдырамыз.

3.Қолдар кеуде алдында, аяқтар иық деңгейінде. Қолдарды 2 рет кеуде алдында кері сермейміз, тұлғаны оңға бұрып қолдарды жазып 2 рет кері сермейміз. Жатығуларды өз кезегінде солға бұрылып орындаймыз.

4. Қолдар белде, аяқтар иық деңгейінде сәл алыс орналасқан. 1-2-оң қолды жоғары көтеріп, 2 рет солға қарай иілеміз. Өз кезегінде оңға қарай жаттығуды орындаймыз.

5. Қолдар иықта, аяқтар иық деңгейінде. 1-оң тізені жоғарыға көтеріп, сол қолдың шынтағына тигіземіз. 2-БҚ. 3-сол тізені сол қолдың шынтағына тигіземіз. 4-БҚ.

6. Қолдар екі жанымызға созылған, аяқтар иық деңгейінен алыс орналасқан, тұлға алға еңкіш. Әр санақта оң қол ұшын сол аяққа, сол қол ұшын оң аяққа тигіземіз.

7. Қолдар тізе үстінде, аяқтар бірге қосулы. Қолдар көмегімен тізе буынын 4 рет оңға және 4 рет солға қарай айналдырамыз.

8. Қолдар белде, аяқтар бірге. 4 рет оң аяқта, 4 рет сол аяқта жоғары секіреміз.



Видеоролик












Видеоролик

Сабақтың ортасы негізгі бөлім


25-27 мин

Мұғалім оқушыларға акробатикалық жаттығулардың орындалу жолдарын көрсетеді.

1.Гимнастикалық матыда екі қолды тіреп, алға қарай аунап түсу жаттығу.

2. Гимнастикалық матыда жамбастарға отыру арқылы артқа қарай аунап түсу жаттығуы.

3.Екі жауырынды тіреп екі аяқты тік көтеріп 900 жасап тұру.



Оқушылар ватсап арқылы акробатикалық жаттығуларды жасап мұғалімге жіберулері керек. Мұғалім оқушыларды бағалайды.








Видеоролик

Сабақтың соңы

Қорытынды бөлім

3-5 мин

Оқушыларды бағалау. Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: Таңертеңгі жүгірулер, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын орындау.


Сабақ бойынша рефлексия

Бүгінгі сабақта сіздерге қандай жаттығуларды орындау болды?

қиын

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды? (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:



Тексерілді:

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г.С.Жекенова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2021
824
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі