жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
логика әлемі
Интеллектуалды жарыс 10-сыныптар арасында
Өткізілетін күні: 27.01.2016
Пән мұғалімі: Базарбек Гулзира
Мақсаты:
1. Оқушылардың ізденуге, тез ойлануға,алғырлыққа, тапқырлыққа баулу
2. Білімдерін толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту
3. Математика пәніне қызығушылығын арттыру
Ойынға 3 топ қатысады, әр топта 4 оқушыдан.
Әр топтың ұраны, эмблемасы, сәлемдемесі болуы керек.
Құрал –жабдықтар: Презентация, математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар, зал шарлармен безендірілген.
Жүргізуші.
Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен аяулы шәкірттері!
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін,
Нағыз пән математика атанғансың!
Жүргізуші.
Құрметті көрермендер! Сіздерді әділ-қазы алқасымен таныстырып кетуге рухсат етіңіздер:
Жүргізуші.
Біздің «Миф әлемі» атты интеллектуалды жарыс бес кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең «жасырын сұрақ» (деңгейлік тапсырмалар);
Екінші кезең «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);
Үшінші кезең СЕРГІТУ СӘТІ. (жаңылтпаштар)
Төртінші кезең «ойланайық, ойлайық!» (доп ойыны);
Бесінші кезең «млион кімге бұйырады?» ;
Сайыс бізге сын болсын,
Білмегенге мін болсын.
Командаларды қолпаштап,
Қол соғыңдар кім болсын.
Ал, енді сөз кезегін, өздерін таныстыру үшін команда мүшелеріне береміз.
1-жүргізуші.
Біз сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз. Бірінші кезең «жасырын сұрақ» (деңгейлік тапсырмалар); Кезеңінің шарты әр команда сұрақтарға кезектесіп жауап береді. Оқушылар экрандағы математика, информатика, физика және қазақтың қара есептері тақырыптарынан 20, 30, 40, 50 балдық сұрақтарды өздері қалағанша талдап сқрақтарға жауап беру арқылы ұпай жияды.
Екінші кезең « Сиқырлы әріптер». 3 минут уақыт беріледі.
Мына әріптерден неғұрлым көп математикалық терминдер жазыңдар. Әр терминге 5 балдан.
-
С
І
Р
К
Б
Ы
И
Т
Ұ
Ш
Ү
Н
Е
Үшінші кезең «Математика және …». Командалар әр тараудан құны, қиындығына байланысты тапсырмаларды таңдайды, ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
Математика және биология
10: Ұлу биіктігі 10 м бағанмен жоғары өрмелейді. Күндіз 5 м-ге көтеріледі, ал түнде 4 м төмен түседі.Қанша уақытта ұлу бағанның төбесіне жетеді?
20: Бактериялар қақ бөлу арқылы көбейеді. әр бактерия минут сайын қақ бөлінеді. Егер колбаға 1 бактерия салсақ ол 1 сағатта бактериямен толады. Егер алғашқыда 2 бактерия болса, онда колба қанша уақытта толады?
30: 9 бірдей торғай 1001 ден аз дәнді шұқиды, ал 10 торғай 1100- ден артық дән шұқиды.Әр торғай қанша дәннен шұқып жейді?
Математика және тарих.
10: Ертеден ұзындық өлшеміне не алынбады десеңші: қадам, оқ жетер жер, шынтақ және алақан. Аз қашықтықты өлшеуге бармақтың буыны қолданылған. Бұл өлшемнің атауы голланд тілінен аударғанда «бармақ» дегенді білдіреді. Бұл қандай ұзындық өлшемі?
20: Бұл есепті тарихи деп қарауға болады, себебі қазір ондай таразы қолданылмайды. «бір таразыға дөңгелек ірімшікті салды, ал екіншісіне дөңгелек ірімшіктің ¾-ін және килограмдық кірді салды. Сонда теңбе-тең болды. Дөңгелек ірімшік қанша тартады?і»
30: ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы математик Карл Гаусс жас кезінен математикаға қабілеті зор болды. Ол үш жасында әкесінің есептеуден жіберген қателерін түзеткен,- дейді.Жеті жасынан ол мектепке барды. Ол кезде бір сынып бөлмесінде бірнеше сынып оқушылары дайындалатын. Үшінші сынып оқушыларымен жұмыс істеу керек болғандықтан, бірінші сынып оқушыларына 1-ден 100-ге дейінгі сандарды қосуды тапсырады.Мұғалім тапсырманы айтып болмастан, кішкентай Карл өзінің парағына жауапты жазып мұғалімнің үстеліне қояды.Сендер 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын тез таба аласыңдар ма?
Ерте кездегі есептер
10: Шаруа адам өзеннен қасқырды, ешкіні және шөпі өткізу керек.Қайыққа тек бір ғана адам сыяды және ол өзімен не қасқырды, не ешкіні, не шөпті алып өте алады.Егер ешкі мен қасқырды тастап, шөпті алса, онда қасқыр ешкіні жеп қояды. Егер шөппен ешкіні қалдырса, онда ешкі шөпті жеп қояды.Шаруа өз жүктерін қалай алып өтеді?
20: Торғайлар ұшып келді де , бұтаққа отырды.Егер әр бұтақта бір торғайдан болса,онда бір торғайға бұтақ жетпейді. Егер әр бұтаққа екі торғайдан қонса, онда бір бұтақта торғай болмайды. Қанша бұтақ және қанша торғай болған?
30: Торда қояндар мен тауықтар бар. Олардың 35 басы және 94 аяқтар бар.Торда қанша қоян және қанша тауық бар.
Төртінші кезең « Ребус және оригами».
Ребустар. 20 балдан
20: Сіріңке шилерінен үй жасалған (суретті қара). Екі шиді қозғау арқылы үйді екінші жағына бұру керек.
20: Өлшемдері бірдей болатын 4 үшбұрыш құрастырыңдар, ол үшін 4 сіріңкені алып тастаңдар.
20:
Төрт
шаршы шығу үшін , 12 сіріңкеден құралған
фигурадан 3 сіріңкені алмастырыңдар.
Оригами – қағазды бүктеу арқылы әртүрлі моделдер аңдарды, құстарды, гүлдерді жасауға мүмкіндік беретін жапон өнері.
Оригамидың көркемдігіне жасалуына қарай 10-20 бал беріледі.
2-жүргізуші. Әділ-қазылар алқасы нәтижесін шығарғанша, музыкалық үзіліске кезек берейік.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сендер көрдіңдер.
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер, деп
Сайысымыздың қорытындысын шығару үшін сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.
« Озық ойлы» атағының иегері...
«Ең тапқыр » атағына ие болған
Осымен «логика әлемінде» атты интеллектуалды жарыс ойынды аяқтауға рұхсат етіңіздер.
Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген