Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Құрастырған:
Оспанова Алия Токмадиевна «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені»
КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-модератор
Логика әлемі 2 сынып мұғалімдеріне арналған вариативтік бағдарлама/ Шар қ. 2024,76 бет.
Пікір жазған: Қазақ ұлттық қыздар педогогикалық университетінің п.ғ.к.
профессоры: А.М.Жубандыкова
Логика әлемі вариативтік бағдарламасының мақсаттары:
-
математикалық білім, білік және дағдыны игеру;
-
Логика әлемі мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс- әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімделу, сондай-ақ ата- дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты дүниежүзілік мәдени мұралармен үндестүру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру;
-
оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интелликтуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсу;
-
мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындалуды жүзеге асыру.
Логика әлемі вариативтік бағдарламасының міндеттері:
-
баланы тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізу;
-
математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып- білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
-
оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларын қалыптастыру.
«Логика әлемі » вариативтік бағдарламасын оқытып-үйренудің өзіндік ерекшеліктері:
-
Ұтымды әдіс-тәсілдер қолданылады;
-
Әр сабаққа сәйкес келетін материалдар беріледі;
-
Сабақтың принципі сақталады;
-
Білік пен дағдыны жетілдіруге бағытталған;
-
Дәстүрден тыс ойлауды, ой тұжырымдауды талап етеді;
-
Бағаланбайды, тек мадақталады;
-
Дамыта оқытуды жүзеге асырады;
-
Халықтық педагогиканың элементтері пайдаланылады.
Күтілетін нәтиже:
-
оқушылардың ойлау қабілеті, танымдық белсенділігі, шығармашылық іс-әрекеті дамиды;
-
математика пәніне қызығушылығы артады;
-
математикаға қабілетті тұлға қалыптасады.

Түсінік хат
Түсіндірме
Бұл вариативтік бағдарлама оқушыны тапсырмалармен ғана шектеп қоймай, табиғат берген қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасайды. Бұл пән оқушының өмірге таным, түсінігін молайтып, шығармашылық қабілетін шыңдап, ғылымға, ұшқыр ойлауға қызығушылығын ашады.
Логикалық тапсырмаларды орындау барысында оқушы өздігінен ойланып, өз шамасын өзгелермен салыстыра отырып, ұшқыр ойлауға талпынады. Жеңілден қиынға, оңайдан күрделіге көшу, бірізді білім беру жүйесін шыңдай түседі.
Берілген «Логика әлемі» вариативтік бағдарламаны оқу арқылы оқушыларды іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады, ақыл-ой деңгейін қалыптастырады. Бұл пән баланың бойындағы қорқыныш пен «қате жасап қоямын-ау» деген мазасыз ойлар төмендейді де, сенімділік пен тұрақтылық дамиды.
Логика әлемі баланың ой -өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшандылыққа, ойын дәлелдеуге үйретеді. Логика әлемі вариативтік бағдарламасы аптасына бір рет оқытылады.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2 сынып – аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.
Бағдарлама негізгі 3 бөлімнен тұрады. Әр бөлім оқушылардың ой өрісін жетілдіріп, санасын саралауына мүмкіндік алады.

«Логика әлемі » вариативтік бағдарламасының
күнтізбелік-тақырыптық жоспары
2 – сынып. Аптасына – 1 сағат. Барлығы – 34 сағат
|
Сабақ |
Сабақ тақырыбы |
Сағат |
Мерзімі |
|
І – тоқсан |
|||
|
1 |
Сиқырлы нүктелер |
1 |
|
|
2 |
Ғажайып сызықтар |
1 |
|
|
3 |
Еркін өлшемдегі фигуралар |
1 |
|
|
4 |
Фигураларды салу, бояу, санау |
1 |
|
|
5 |
Фигуралардың ортақ және ерекше белгілері |
1 |
|
|
6 |
Құрастырмалы денелер |
1 |
|
|
7 |
Құрастырмалы денелер |
1 |
|
|
8 |
Ғажайып математика жарысы |
1 |
|
|
|
ІІ – тоқсан |
|
|
|
9 |
Көңілді санамақтар |
1 |
|
|
10 |
Қызықты үшбұрыштар мен шаршылар |
1 |
|
|
11 |
Математикалық жаңылтпаштар |
1 |
|
|
12 |
Тұрақты тіркесті санамақтар |
1 |
|
|
13 |
Ғажайып цифрлар |
1 |
|
|
14 |
Сандар сыры |
1 |
|
|
15 |
Цифрлы жұмбақтар |
1 |
|
|
16 |
Өлшемдер |
1 |
|
|
17 |
Жас математик |
1 |
|
|
18 |
Өрнекті есептер |
1 |
|
|
ІІІ – тоқсан |
|||
|
19 |
Өрнекті есептер |
1 |
|
|
20 |
Суретті есептер |
1 |
|
|
21 |
Суретті есептер |
1 |
|
|
22 |
Әзіл есептер |
1 |
|
|
23 |
Әзіл есептер |
1 |
|
|
24 |
Қара есептер |
1 |
|
|
25 |
Қара есептер |
1 |
|
|
26 |
Жұмбақ өлең есептер |
1 |
|
|
|
ІV - тоқсан |
|
|
|
27 |
Жұмбақ өлең есептер |
1 |
|
|
28 |
Суретті теңдеулер |
1 |
|
|
29 |
Суретті теңдеулер |
1 |
|
|
30 |
Графикалық модельді есептер |
1 |
|
|
31 |
Графикалық модельді есептер |
1 |
|
|
32 |
Комбинаторикалық есептер |
1 |
|
|
33 |
Ойнайық та, ойлайық! |
1 |
|
|
34 |
Шешулері мен жауаптары |
1 |
|
1-сабақ
Сиқырлы нүктелер
Мақсаты: Нүктелер арқылы геометриялық фигуралардан денелер құрастыруды үйрету. Қарындаштың ұшы және олардың қағаз бетінде қалдыратын іздері – нүкте арқылы геометриялық фигуралардан денелер құрастыру қарастырылады.
1.Нүктелер достығы
Ерте-ерте ертеде Геометрия деген елде кішкентай нүкте өмір сүріпті. Бұл өзі өте әдемі қызыл нүкте еді. (Мұғалім тақтада түрлі-түсті бормен, ал оқушылар дәптерде қызыл қарындашпен нүкте қояды).
Бір күні нүкте отырып ойланады:
-Шіркін, менің көп досым болса ғой! Қой, мен серуенге шығып, өзіме дос іздеп келейін.
Қызыл нүкте қақпаның сыртына енді шығып келе жатса, оған қарсы бір жасыл нүкте келе жатыр. Жасыл нүкте қызыл нүктеге келіп, оның қайда бара жатқанын сұрайды.
-Дос іздеп шықтым. Менің қасыма қатар тұр, бірге серуендеп келейік, - деді қызыл нүкте. (Мұғалім мен оқушылар бірінші нүктенің қасына екінші нүктені қояды). Біраз уақыттан кейін қызыл нүкте мен жасыл нүктенің алдынан көк түсті нүкте шықты.
Осылайша нүктелер саны күннен күнге көбейіп, дос болып кетеді. Көбейгендері сонша олар бір қатарға тұра қалып еді, түзу шыға келді. (Мұғалім түзу сызады). Осылайша түзу сызық пайда болады.
Нүктелер түзу келе жатса, түзу сызық шығады да, ал олар түзу жүрмесе қисық сызық шығады.
2. «Нүктелі фигуралар» ойыны.
Ойын шарты: Бірнеше нүктелер арқылы оқушылар қалаған фигураларын кескіндейді.

3. Әр гүлдің жанына сондай түсті нүкте қой.

4. Қай шар жетіспейді?

5. Кез келген тақырыптағы логикалық есептер
1.Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы,екі алдыңғы аяғы,екі артқы аяқтары бар. Жануарда неше аяқ бар? Жауабы: 4
2 Арманға түскі тамаққа күнделікті 50 теңге беріліп отырды.Ал ол 30 теңге ғана жұмсады. Сонда бір аптада Арман неше теңгені үнемдеді?
Жауабы: 5 күнге -100 тг, ал алты күн болса-120 тг
3.Бақтан алғашында 12 кг алмұрт әкелінді,екінші рет одан 4 кг кем әкелінген.Барлық әкелінген алмұрттарды әр пакет қалтаға 2 кг-нан салғанда неше пакет қалта қажет болды? Жауабы: 10 қалта
4.Орманнан 9 бөрене әкелу керек. Машинаға 4-тен артық бөрене сыймайды.Барлық бөренені әкелу үшін орманға неше рет бару қажет?
Жауабы: 3 рет
5.Назымның 4 қарындашы бар,ал Оспанда осынша қарындаш және тағы да сонша және тағы да соншаның жартысындай қарындаш бар.Оспанда қанша қарындаш бар екенін тап.
Жауабы: 10 қарындаш
2-сабақ
Ғажайып сызықтар
Мақсаты: Геометриялық фигуралармен таныстыру (нүкте, сәуле, түзу, кесінді) және оларды бір-брінен ажырату мен сызудың ерекшелігін танып білуге негізделген.
1. Қарындаштың бастан кешкендері
Ертеде, бір қарындаш өмір сүріпті. Бір күні қарындаш түзу сызықтың бойымен келе жатады. Ол түзудің бойымен ұзақ жүріп, әбден шаршады. Тоқтап, дем алды да, өзіне-өзі: «Әлі қанша жүрер екенмін? Мына түзудің шегіне жетемін бе, жоқ па?» - деді.
Мұны естіп тұрған түзу күліп жіберді де:
-Әй, Қарындаш-ай! Сен менің шегіме ешқашан жетпейсің ғойсен түзудің шегі болмайтынын білмеуші ме едің? – деді.
-Қой, онда мен қайта кейін қарай қайтайын, адасып кетіп жүрермін, - деді Қарындаш.
-Ол жақтың да шегі жоқ. Сызықтың шегі болмайды, - деді Түзу.
Түзу тіпті әндетіп жіберді:
Шетсіз, шексіз түзу сыз
Шетсіз, шексіз түзу сыз, - деп.
Мұны естіген Қарындаш мұңайып қалды.
-Сонда мен тоқтаусыз жүре бермекпін бе?
-Егер тоқтағың келсе түзудің бойынан екі түзу белгіле, - деді Түзу. (Балалар мұғаліммен түзудің бойынан екі нүкте белгілейді).
-Алақай! – депқуанып кетті Қарындаш. – Енді мен түзудің бойымен бір нүктеден екінші нүктеге қыдырып жүре аламын. Тоқта, сонда бұл қалай аталады?
Бұл менің кесіндім, - деп жауап берді түзу жымиып. (Балалар түрлі түсті қарындашпен кесіндіні белгілейді).
-Түзудің кесіндісі, Түзудің кесіндісі, - деп қайталай отырып, Қарындаш кесіндінің бір шетінен екінші шетіне серуендеп жүреді.
Міне, осылай кесінді пайда болған екен.
2. «Нүктелерді қос» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Нүктелерді қосу арқылы денелерді құрастыруға үйрету

3. «Үш тақтайша».
Тақтайшалардың қайсысы астында, қайсысы үстінде жатыр?

4. таяқашадан үй құрастыру және 2 таяқшаны қозғау арқылы жалауша құрастыру.

1. Үстелдің үстінде 5 стақан сүт тұр еді, Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды столдың үстіне қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды.
Жауабы: 5
2. 4 жұмыртқа 2 минут қайнайды.1жұмыртқа неше минут қайнайды.
Жауабы: 2
3. Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар? Жауабы: 33 асығы бар
4 . 1 тонна мақта ауыр ма, 10 центнер темір ауыр ма ? Жауабы: тең
5 .Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда, біреуі жерге қонды. Неше түйеқұс ұшып кетті. Жауабы: Түйеқұс ұшпайды
6.. ..7ондық және 8 бірліктен тұратын санды тап. Жауабы: 78
7 Бір жұмыртқа 5 минут піседі. Бес жұмыртқа неше минутта піседі.
Жауабы: 5 мин
3-сабақ
Еркін өлшемдегі фигуралар
Мақсаты: Геометриялық фигураларды еркін өлшеммен сызу арқылы оларды ажырата білуге машықтандыра түсу барысында жаңа фигурамен таныстыру жүзеге асырылады. Келешекте қандай да бір фигураның өзіне тән мәнді белгілерін тағайындауды және сол арқылы фигураны анықтауды біртіндеп енгізуге арнайы дайындық болып табылады.
1. Фигураны еркін өлшеммен сыз.

2. «Сәулетші» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Заттарды бөлшектеу, құрау.
Қажетті құрал-жабдықтар: құрастырмалы ойыншықтар (машина, үйшік, ұшақ, т.б.)
Ойын мазмұны: Ойынды жарыс түрінде өткізуге болады. Сынып топқа бөлінеді және әр топ орын таңдайды. Үстел үстінде құрастырылған заттар орналасады. Белгі бойынша әр қатардағы бірінші оқушы жүгіріп шығып, өзіне белгіленген ойыншықты бөлшектейді. Тапсырманы орындаған оқушы қатардың соңына барып тұрады. Екінші шыққан оқушылар шашылған заттарды жинайды. Ойын осылай жалғаса береді. Заттарды жинастыруды тез орындаған оқушы жеңімпаз атанады.
3.
а). Екі қолда неше саусақ бар?
ә). Үш қаздың аяғы нешеу?
б). Екі аттың аяғы нешеу?
4. Ұқсас емесін тап.
а). ә). б). в).
5. Әртүрлі тақырыптағы логикалық есептер
1. Ләззат, Ғалия және Нағима әр үйде тұрады. №1-биік және тастан, №2 үйбиік және ағаштан, №3 үй аласа тастан салынған. Егер Ғалия мен Нағима биік үйде, Ал Нағима мен Ләззат тастан салынған үйлерде тұрса, кім қай үйде тұрады?
2. Қасқыр, Түлкі және Аю үш үйде тұрды: біріншісі –үлкен терезелі ақ үй, екіншісі – үлкен терезелі жасыл үй, үшіншісі – кішкентай терезелі жасыл үй. Егер Қасқыр мен Түлкінің үйлері үлкен терезелі, ал Қасқыр мен Аюдың үйі жасыл үйлер болса, онда әрқайсысының үйлері қандай?
3. Қарлығаш, Майра және Нағиманың етіктері бар. Біріншілері –биік және қызыл, екіншілері биік емес және көк, ал үшіншісі – биік емес және қызыл. Қарлығаш пен Нағиманыкі – биік емес, Ал Нағима мен Майранікі – қызыл. Кімнің етігі қандай?
4. Тамыздың 3 күнінде әр түрлі ауа райы болды: 2, 5, 10. Бірінші күні суық және жаңбырлы, екінші күні жылы және жаңбырлы, ал үшінші күні жылы және құрғақ болды. 2 және 10 тамызда жылы, ал 5 мен 10-да жаңбырлы болды. Әр күні қандай ауа райы болды?
5. Серік, Марат, Қанат және Батырдың доптары бар. Біреуі – былғары және үлкен, екіншісі – былғары және кішкентай, үшіншісі резеңке және кішкентай, ал төртіншісі қоңыр. Марат пен Қанаттың доптары кішкентай, Марат пен Батырдың доптары былғары болса, әрқайсысының доптары қандай?
Логикалық есептердің жауаптары:
1. Нағима №1, Ғалия №2, ал Ләззат №3 үйде тұрады.
2. Қасқыр №1, Түлкі №2, ал Аю №3 үйлерде тұрады.
3. Қарлығаштікі -2, Нағиманікі-3, ал Майранікі №1 етік.
4. 2 тамызда жылы және құрғақ, 5 тамызда суық және жаңбырлы, ал 10 тамызда жылы және жаңбырлы болды.
5. Серіктің добы-қоңыр, Мараттікі – кішкентай және былғары, Қуаныштікі – кішкентай және резеңке, ал Батырдікі – үлкен және былғары доп.
4-сабақ
Фигураларды салу, бояу, санау
Мақсаты: Фигураларды салу, бояу, санау арқылы олардың түстері, пішіндері, өлшемдері әр түрлі болатынын анықтай білуге және нақты заттарды санауға үйрету көзделген.
1.
а). Кестедегі шаршы, үшбұрыш, дөңгелектерді санай отырып, олардың түстерін ажыратады.

ә). Дидактикалық ойын арқылы қосу, азайту және тең ұғымдары тиянақталады.
«Кім шапшаң?» ойыны.
Ойын шарты: Кестедегі фигураларды пайдаланып қосқанда шаршыны (үшбұрыштың, дөңгелектің) артатынын, азайтқанда кемитітін ұғынады.

2. «Нүктелерді қос» ойыны.

3. Таяқшалар.

Көк таяқша қанша?
Сары таяқша қанша?
4. Төмендегі фигуралардың қайсысы басқалардан өзгеше?

а). Ә). Б). В).

1. Мойнақ Алааяққа қарағанда жиі, ал Бөрібасарға қарағанда сирек үреді. Қай ит жиі үреді.
2. Егер жылқы қоянға қарағанда аласа, ал жирафтан биік болса, онда ең биік қай жануар?
3. Марат Қуанышқа қарағанда мектепке жақын, ал Батырға қарағанда алысырақ тұрады. Кім мектептен алыс тұрады?
4. Үш қыз жануарлардың суреттерін салды. Сонда 2 иттің және 1 мысықтың суреті шықты. Қамар мен Ләйла және Майра мен Ләйла әр түрлі жануардың суреттерін салды. Кім ненің суретін салды?
5. Төрт дос бос уақытын әр түрлі өткізді: біреуі кітап, екіншісі радио, ал қалған екеуі телевизор қарады.Егер Батыр кітап оқыса, Игілік не істеді, Дамир мен Игілік және Рашид пен Дамир бос уақыттарын әр түрлі өткізсе, әрқайсысы не істеді?
6. Марат, Самат, Игілік және Қуаныштың үш қармағы және бір спиннингі бар.Егер Самат пен Қуаныштың және Қуаныш пен Мараттың құралдары әр түрлі болса, онда әрқайсысы нені ұстады?
Жауабы:
1. Бөрібасар жиі үреді.
2. Қоян биік.
3. Қуаныш алыс тұрады.
4. Қамар мен Майра иттің суретін, ал Ләйла мысықтың суретін салды?
5. Батыр кітап, Дамир радио, ал Рашид мен Игілік телевизор қарады.
6. Маратта, Саматта және Игілікте қармақ, Қуанышта спининг болды.
5-сабақ
Фигуралардың ортақ және ерекше белгілері
Мақсаты: Фигуралардың ортақ және ерекше белгілерін таныта отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуге машықтандыру жүзеге асырылады. Геометриялық фигураларды пайдалана отырып заттардың формалары құрастырылады.
1.
-
Үшбұрыш және төртбұрыш сыз.
-
Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын ата.
-
Үшбұрышты қызыл, тіктөртбұрышты жасыл түспен боя.
а).

ә). Фигураларды салыстыру «Аю».

2. «Геометриялық мозаика» ойыны.
Ойын шарты: Геометриялық фигуралардан заттар құрастырылады.
Мысалы:
-
№1-конвертте 4 сары түсті, 4 көк түсті, 1 қызыл түсті шаршылар;
-
№2-конвертте 1 сары, 4 қызыл түсті шаршы және 4 жасыл түсті үшбұрыш.
-
№3-конвертте 4 үшбұрыш, 2 төртбұрыш салынған.
Оқушылар осылардан әр түрлі фигуралар құрастырады.
3. Берілген фигурадағы екі таяқшаны қозғау арқылы үшбұрыш құрастыру.

1. Қарлығаш, Майра, Ләззат және Зәуре әр спорт түрімен айналысты: үшеуі ұзындыққа секірді, ал біреуі биіктікке секірді. Майра мен Ләззат және Ләззат пен Зәуренің әрқайсысы әр спорт түрімен айналысса, әр қыз қай спортпен айналысты?
2. Марат пен Батыр жазда демалуға барды: біреуі – ауылға, екіншісі – теңізге барды. Егер Батыр теңізге бармаса, Марат қайда демалды?
3. Қуаныш, Бекзат және Серік кітап оқып отыр: біреуі -саяхат, екіншісі – соғыс, үшіншісі – спорт туралы оқыды. Қуаныш спорт туралы емес, ал Бекзат соғыс және спорт туралы емес. Сонда әрқайсысы қандай кітап оқып отыр?
4. Нағима, Батима, Ғалия және Разия жеміс ағаштарын отырғызды: біреуі — алма, екіншісі – алмұрт, үшіншісі — өрік, ал төртіншісі – шие отырғызды.Егер Батима шиені, Ғалия алма мен шиені, ал Разия өрік отырғызса, онда әр қыз қай жеміс ағашын отырғызды.
5. Ақ тышқан қорадан үйге, ал сұр тышқан үйден қораға қарай бір уақытта жүгірді. 5 минуттан ақ тышқан сұр тышқанға қарағанда үйге жақындады. Қай тышқан баяу жүгіреді?
Жауабы:
1. Ләззат биіктікке, ал қалғандары ұзындыққа секірді.
2. Марат теңізде, ал Батыр ауылда демалды.
3. Қуаныш — соғыс, Бекзат саяхат, Серік – спорт туралы оқыды.
4. Ғалия алмұрт, Батима алма, Нағима шиені отырғызды.
5. Сұр тышқан.
6-сабақ
Құрастырмалы денелер
Мақсаты: Геометриялық фигуралардан денелерді құрастыруды практикалық іс-әрекет арқылы көрсетуге негізделген.
1. Геометриялық фигуралардан (қоян, қайық, машина т.б.) құрастырылады.

2. «Жебе» ойыны.
Ойын шарты: Суреттегі жебе тәріздес фигураны бір рет қию арқылы құрастырылады.

3. Бір таяқшаны өзгертіп үйдің бағытын басқа жаққа ауыстыру.

4. Мына суреттегі үшінші қатарда қай фигура жоқ?

1. «Терезені сындырған кім?» деп сұраған мұғалімнің сұрағына балалар былай жауап берді: « Терезені Дамир емес, Талғат сындырды.», Дамир айтты: « Терезені Талғат не Пернебек сындырды», Талғат: « Терезені Дамир сындырды», Мұғалім екі баланың шын, ал бір баланың өтірік айтқанын білді. Кім терезені сындырды?
2. Үш дос қыз кездесті. Біреуі қара көйлек, екіншісі қызыл, ал үшіншісі ақ көйлек киген екен. Егер Сәуленің көйлегі қызыл да, қара да емес, Дананың көйлегі қызыл болса, онда Қатираның көйлегі қандай?
3. «Мысықты кім әкелді?» деген анасының сұрағына қыздары былай жауап берді: Айжан: «Бұны Ләззат істеді». Ораз: « Мысықты Тоқсұлу әкелді». Айжан: «Мен емес». Тоқсұлу: «Ораз мен әкелді деп жалған айтты». Анасы балаларының тек қана біреуі шынын айтқанын білді. Ол кім?
4. Есепті кесте сызу арқылы шығару керек. Жүріруден өткен жарыста Батыр, Ғалым және Дулат жүлделі үш орынды жеңіп алды. Егер Ғалым екінші мен үшінші орын алмаса, ал Дулат үшінші орын алмаса, әр бала қай орындарды алды?
5. Сен нешедесің?-деп сұрағанда, Еркін:-Егер ең кіші үш таңбалы саннан ең кіші үш таңбалы санды азайтып, оның оннан бір бөлігін алсаң, менің жасымды табасың,- деп жауап берді. Еркін нешеде?
Жауабы:
1. Талғат өтірік айтты, терезені Талғат сындырды.
2. Сәуленікі ақ, Дананыкі қызыл, ал Қатираныкі қара көйлек.
3. Мысықты Айжан әкелді.
4. Батыр – үшінші, Ғалым – бірінші, Дулат – екінші орын алды.
5. Неше 8 торғай қонды.
7-САБАҚ
Құрастырмалы денелер
Мақсаты: Геометриялық фигуралардан денелерді құрастыруды практикалы
әрекет арқылы көрсетуге негізделген
1. Геометриялық фигуралардан (машина, балапан) құрастырылады.

2. «Танграм» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Есептеу дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Құрал-жабдықтар: Мысалдар жазылған геометриялық фигуралар.
Мазмұны: Фигураларда жазылған мысалдарды дұрыс шешкен жағдайда қоянның денесін дұрыс құрастырып шығады.

3. «Үнді шайы».
Сәске кез болатын. Анам кесеге шайдан толтырып құя салды. Кенже інім аңдамай қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың?
4. Қайсысы өзгеше?

1. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген. Шешесі неше сәбіз жеген?
2. Ерзат саяжайдан алма жинады. Барлық жиналған алманың үштен бір бөлігін, яғни 12 алманы Айгүлге, ал қалғанының үштен бір бөлігін және 1 алманы Әйгерімге берді. Ерзаттың өзінде 15 алма қалды. Ерзат қанша алма жинаған еді?
3. Сағат 22-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің көзі жарқырап тұруы мүмкін бе?
4. Дүкенде 19 теңгеге сауда жасадық, бiрақ сенде кiлең 3 теңгелiктер бар. Ал сатушыда кiлең 5 теңгелiктер. Тығырықтан шығар жол барма?
5. Сайран, Абыл, Тұманбай, Бердіхан төртеуі таразыға түсіп, салмақтарын анықтады.Сонда өлшеу нәтежелері-37 кг.,42 кг.,39 кг., және 40 кг. болды.Абыл Сайраннан ауыр, бірақ Бердіханнан жеңіл, ал Тұманбай Сайраннан жеңіл.Бұл балалардың салмақтары қандай?
Жауаптары:
1. Шешесі 28 сәбіз жеген.
2. Ерзат 36 алма жинады.
3. Жоқ, өйткені түн болады.
4. жоқ, сен оған 3+3+3+3+3+3+3=21, ол саған қалған ақшаңды қайырып бере алмайды, өйткені онда 5-теңгеліктер ғана бар.
5. Бердіхан-42 кг, Абыл-40кг, Сайран-39 кг, Тұманбай-37 кг.
8-САБАҚ
Ғажайып математика жарысы
Мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу және математика пәніне деген қызығушылықты арттыру.
1-бастаушы:
-Сәлеметсіздер ме, жиналған көпшілік!
2-бастаушы:
-«Ғажайып математика» атты кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
1-бастаушы:
Бірігіп бас қостық осында,
Ойланып, көңілді көтеріп.
Бір есеп жүрсе егер басыңда,
Оны да шешіп бір кетелік.
2-бастаушы:
Бұл жерден естірміз талайды,
Есеппен сап басты не шуды,
Сол есеп әрқашан қалайды,
Өз мәнін дұрыстап шешуді.
1-бастаушы:
Есептің қызығын көретін,
Боламыз десеңдер білімгер.
(екеуі қосылып):
Ең дұрыс шешімді беретін,
Жауапты дәл таба біліңдер!
1-топ. «Тапқырлар» тобы.
Ұраны. Оқу – білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
2-топ. «Білгірлер» тобы.
Ұраны: Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
1-сайыс. «Жұмбақтар».
1.
Маратта бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні,
Неше болады шешуі? (7)
2.
Көлден ұшып кетті жеті қаз.
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі? (5)
3.
Табақта бес алма,
Қолымда төрт алма.
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма? (9)
4.
Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін де жеп қойсам
Қалады онда неше алма? (0)
2-сайыс. «Қызықты есептер».
1.Шыбынның неше аяғы бар?
2.Араның неше аяғы бар?
3.12 шырпы талын пайдаланып қанша шаршы жасауға болады?

4.10 таяқшадан бірдей 3 шаршы құрастыр.

3-сайыс. «Жаңылтпаштар».
Әр топтан бір оқушы шығып, жаңылтпашты қайталап айтады.
1.
Ұшып кетті үш құс
Ұшып келді ұшқыш.
2.
Жоғалды бес шыбыш
Жоқ әлі еш сыбыс.
4-сайыс. Геометриялық фигуралардан аққала және машина бейнелерін құрастыру.
Бір минутта геометриялық фигуралардан аққала және машина бейнесін құрастырып, әр бөлшегі қай фигурадан құралғандығын айтып өтеді.

5-сайыс. «Қай топ шапшаң?».
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
7 |
|
5 |
|
3 |
|
1 |
|
8 |
|
6 |
|
|
3 |
|
|
8 |
7 |
|
5 |
|
3 |
|
|
9 |
|
7 |
|
5 |
|
|
Сайыс бағаланып, қорытынды шығарылады.
9-САБАҚ
Көңілді санамақтар
Мақсаты: Санамақтарды жаттату арқылы цифрларды таныту және санауға үйрету. Табиғат құбылыстарын көзге елестетіп, әр сөздің мағынасын жүрекпен сезіну, бізді қоршаған болмыс шындығын ұғынуға мүмкіндік береді., әрі оқушылардың қиялының дамуына игі әсер етеді.
1. Бір – Сыныпқа тез кір.
Екі – Серікпен күресуге бекі.
Үш – Менімен жорыққа түс.
Төрт – Ол жанып тұрған өрт.
Бес – Алмас жалқауларға өш.
Алты – Жақсы оқу – оқушының салты.
Жеті – Біз тұрған жер орманның шеті.
Сегіз – Қойларымыз семіз.
Тоғыз – Мынау сиқырлы қара қобыз.
Он – Бүгін біздікіне қон.
2. «Бір үйде біз нешеуміз?»
Кел, санайық екеуіміз
Бас бармағым - әкем,
Балан үйрек – апам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Титтей бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
3. Басқатырғыш.
Екі шырпыны қозғап жануарды артына қарату.

4. Суретке қарап, әрқайсысының құйрығын тауып бер.

1. Ұшақ 7 сағ 35 минутта ұшып кетіп, 10 сағ 20 минутта ұшып келді. Ұшақ нешеде кейін ұшып келді?
2. Отбасында 10 бала бар. Ең үлкені 20 жаста, әр келесі баланың жасы 2 жасқа кіші. Ең кіші бала неше жаста?
3. Айдос үйдің 6-қабатында
тұрады, ал Жандос осы подъездің
3-қабатында тұрады. Егер Айдосқа дейін 60 баспалдақ болса, Жандосқа
дейін неше баспалдақ бар?
4. Геологтар әрқайсысының массалары 1кг, 2кг, 3кг, 4кг, 5кг және 6кг болатын алты тас тауып алды. Тастарды үш қапшыққа салды, оларды
әрқайсысындағы тастардың массасы бірдей болатындай етіп, қалай бөліп салуға болады?
5. №1,№2,№3 пәтерлерде үш мысық бар: ақ, қара және сарғыш. №1 және №2 пәтерлерде қара мысық жоқ, Ақ мысық №1 пәтерде емес. Әр мысық қай пәтерде тұрады?
Жауаптары:
1. Ұшақ 17 сағ55 минутта ұшып келді.
2. Ең кішісі 2 жаста.
3. Жандосқа дейін 30 баспалдақ болады.
4. 6 + 1, 5 + 2, 4 + 3 етіп салады.
5. №1 – сарғыш, №2- ақ, №3- қара мысық тұрады.
10-САБАҚ
Қызықты үшбұрыштар мен шаршылар
Мақсаты: Шаршылар мен үшбұрыштардың бос торкөздеріне сандарды таңдап қою арқылы жылдам ойлануға, есептеуге бейімделеді.
1.

2. «Тез ойла!» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Ауызша есептеу дағдысын меңгерту, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Шаршы сыртындағы сандарға ортада орналасқан сандарды қосу және азайту.
|
5 |
|
0 |
|
4 |
|
8 |
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+3 |
|
|
|
6 |
|
-2 |
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 |
|
2 |
|
3 |
|
7 |
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
+ |
3 |
= |
8 |
|
8 |
- |
2 |
= |
6 |
3. Ұқсас фигура құрастыр.

Қызыл таяқша қанша? Көк таяқша қанша?
4. Үйдің терезесі неше шаршыдан құрастылырған?

а).1 ә).2 б).4 в).5

1. Қатира Батимадан үлкен, ал Нағима Қатирадан үлкен, бірақ Сәуледен кіші.Үлкенінен бастап қыздарды бір қатарға қой..
2. Тоқсұлу бесінші, ал Орынкүл сегізінші қабатта тұрады. Жамиля мен Сымбат Орынкүлден төмен, бірақ Тоқсұлудан жоғары тұрады. Жамиля Сымбаттан төмен тұрады. Қыздар қай қабатта тұрады?
3. Қайықпен екі бала жүзіп жүрді. Оларға үлкен кісі келіп, келесі жағалауға шығаруларын өтінді. Қайыққа 2 бала немесе 1 үлкен кісі міне алады. Балалар ақылды еді, сондықтан олар шешімді тез тапты. Сен таптың ба?
4. Үш маймыл Су-Су, Қо-Қо және Ла-Ла пальмаға мінді. Қо-Қо Су-Суға қарағанда 8 м биіктікке, ал Ла-Ла Қо-Қоға қарағанда 5 м кем пальмаға мінді. Ла-Ла мен Су-Судың қайсысы биікке және неше м биікке шығып алды?
Жауаптар:
1. Бірінші Сәуле, Нағима, Қатира және Батима тұрады.
2. Тоқсұлу -5, Жамиля – 6, Сымбат – 7, ал Орынкүл 8-қабатта тұрады.
3. 1. Екі бала қайыққа отырып, келесі жағалауда біреуі қалады. 2. Екінші бала қайтып келіп, қайықты үлкен кісіге береді де, өзі осы жағада қалады. 3. Үлкен кісі келесі жағаға шығып түседі де, №1 бала қайықты алып қайтып келеді.
4. 8-5= 3(м) Ла-Ла биікке шығып ал
11-САБАҚ
Математикалық жаңылтпаштар
Мақсаты: Математикалық жаңылтпаштар – дыбыстар мен сөздерді, математикалық ұғымдарды ашық айтуға, ойлау жүйесін арттыруға, математикалық сөздік қорларын байытуға негізделген.
1. Жаңылмай, жылдам айт!
а). Бұл біл піл,
Бұл – бір ірі піл.
ә). Үш ұшқыш алды,
Үш кір қысқыш
Үш тіс ысқыш.
2. «Шынжыр» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: 10 көлемінде ауызша, жазбаша есептеуге дағдыландыру.
Қажетті материалдар: Цифрлар жазылған үлестірмелі қималар.
Мазмұны: Оқушыларға цифрлар жазылған қималар таратылып беріледі. Мұғалім бір цифрды атайды. Оқушылар сол санның құрамын табады.
9=7+2
6=3+3
5=3+2
3=2+1 т.с.с.
Ойын нәтижесінде тез және қатесіз орындаған топ озып шығады.
3.
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
1 |
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Көлденеңінен:
1.Геометриялық фигура.
2.9+1
Тігінен:
1.Сан
2.10-1
4. Қайсысы артық?

а). ә). б). в).
5.Әртүрлі тақырыптағы логикалық есептер
-
Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
-
Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
-
4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
-
2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
-
Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
12-САБАҚ
Тұрақты тіркесті санамақтар
Мақсаты: Тұрақты тіркестерден құралған санамақтар оқумен тығыз байланысты. Мұндай тапсырмалар оқушыларды сергітіп, тапсырманы тез ынтамен орындауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушылар сандарды қатыстырып өз беттерімен санамақтар құрастыруға үйренеді.
1. Бір ауыз сөз,
Екі айтпайтын адам,
Үш қайтара сәлем,
Төрт түлік мал,
Бес уақ намаз,
Алты алаш,
Жеті қат жер асты,
Тоғыз торау жол,
Он саққа ой.
2. «Шытырмандар» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Шапшаң, тез есептеуге дағдыландыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Мазмұны: Шеңберлердегі сандарды қосу немесе азайтқанда ортасындағы сандар шығу керек.
Мысалы, 1+7+2=10
8-4-2=2 т.с.с.

3. Таба білесің бе?
Мұнда неше үшбұрыш бар?

4. Қайсысы артық?

а). ә). б). в).
5.Әртүрлі тақырыптағы логикалық есептер
1. Менің жасым 8-де. Інімнің жасы менің жасымның дәл жартысына тең.Ал апамның жасы інім екеуміздің жасымыздың қосындысына тең. Апамның жасы нешеде?
Жауабы: (8:2)+8=12
2. Менің отбасымда әкем,анам,апам,інім,інімнің 2апасы тұрамыз.Біздің отбасында неше адам бар?
Жауабы : 5 адам
3. Ағашта 9 құс отыр еді.5 құстан өзгесі ұшып кетті.Ағашта қанша құс қалды?
Жауабы :5құс қалды
4. Мен екі сан ойладым.Оларды қосқанда 8 шықты.Азайтқанда да 8 шықты.Мен қандай сандар ойладым?
Жауабы:8 және 0 , 8+0=8 8-0=8
5. Раушанның екі алмасы бар еді.Оның екі құрбысы келді. Ол оларға екі алмасын берді,ал олар Раушанға жарты алмадан берді. Қайсысы көп алма алды?
Жауабы:Раушан көп алма алды.
13-сабақ
Ғажайып цифрлар
Мақсаты: Цифрларды суреттер бойынша беру арқылы оқушының ойлау, есте сақтау қабілетін арттыра отырып, қосындының мәнінің артық болатынын ұғындыру және цифрларды суретпен жазу арқылы әдемі, көркем жазуға бейімдеуге негізделген.
1.

2. «Кім шапшаң?» ойыны.

3. Ұқсас фигура құрастыр.
Қызыл таяқша қанша? Көк таяқша қанша?

4. Қайсысы өзгеше?
а). 1 ә). 2 б). 3 в).

Сенбілік кезінде мектеп ауласына 10 көшет ектік.3 көшеттің түбін әктедік.Мектеп ауласында неше көшет болды?
-
9 парақ қағаз сатып алынды.Жасыл қанша болса қызыл сонша,бірақ көктен көп, ал сары жасылдан көп. Әр түсті қағаздан неше парақ алынған?
Жауабы: 2-жасыл, .2.-қызыл, 4.-сары,1.-көк
-
Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
Жауабы : 48 жұмыртқа
-
Екі баланың 35 асығы бар.Біреуінің 3 асығы артық. Әр балада неше асықтан бар?
Жауабы:бірінші балада 19 ,екінші балада 16,сонда 19+16=35 19-1
-
Қалам 8 теңге тұрады,кітап одан 4 есе қымбат.3 қалам мен 1 кітап қанша тұрады?
Жауабы: 8*4=32 (8*3)+32=56 теңге
14-сабақ
Сандар сыры
Мақсаты: Қазақ халқының санау жүйесіне қолданылатын сандар (1, 2) сырын ұғынуға, әдет-ғұрыпты қастерлеуге, дүниетанымын кеңейтуге, ой қабілетін дамытуға негізделген.
1. Бір
Бір санына мағынасы жағынан жақын: жалғыз, жалқы, жеке, дара, сыңар.
Бір биеден ала да туады, құла да туады.
Жалғыз ағаш орман емес.
Жалғыздық құдайға жарасқан.
Жалқы тал.
Жалқы жігіт.
Жеке жүріс.
Дара басшылық.
Егіздің сыңарындай.
Екі
Екі санына мағынасы жақын сөздер: жұп, қос, егіз, пар.
Екі аяқтыда бажа тату.
Төрт аяқтыда бота тату.
Екі езуі екі құлағында.
Екі құлағынан күн көрінеді.
Жұбын жазбады.
Қос бармақ.
Қос етек.
Қос нүкте.
Егіз қозыдай.
Егіз туғандай.
Пар келмейді.
Тапсырма: 1, 2 сандарына мақал-мәтелдер құрастырып айту.
2. «Гүл сыйлау» ойыны.

3. Ребус шешу.

4. Артығын тап.
а). ә). б). в).
5.Әртүрлі тақырыптағы логикалық есептер
-
Ойлаған санды 3-ке көбейтіп, көбейтіндіден 6-ны азайт та,нәтижені 2-ге бөл. Сонда 15 шықты. Ойлаған санды тап. ( 12 саны ) .
-
Мен бір сан ойладым. Сол санды 5-ке көбейтіп, нәтижеге 2-ні қостым. Қосындыны 6-ға бөлгенде 7 саны шықты. Мен қандай сан ойладым.
(8 саны).
-
Үстел үстінде 5 майшам жанып тұр еді. Еркін оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше майшам қалды? ( 5-еу).
-
Математика олимпиадасында Азамат, Ерболат, Тілек алғашқы үш орынға ие болды. Азамат бірінші не екінші орын ала алмады, ал Тілек екінші орынды алған жоқ. Ерболат үшінші орын алған жоқ. Азамат нешінші орынға ие болды? Ерболат ше? Тілек ше?
(Азамат 3 орын, Ерболат 2 орын, Тілек 1 орын).
-
Марат ойлаған санның төрттен бір бөлігіне 26-ны қосқанда 70 шықты. Марат қандай сан ойлаған? (44 саны)
15-сабақ
Цифрлы жұмбақтар
Мақсаты: Цифрларға байланысты жұмбақтар жаттату, сан ұғымын бала санасында ұялатуға негізделген. Балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды. Ауызша есепке жаттығуын, логикалық ой жүйелерін толықтыра түсуін арттырады.
1.
а). Бір, бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, мыңы бар.
Әрқайсысының құны бар.
ә). Ағайынды жетеуінің,
Бесеуінің жұмысы бар.
Жұмысы жоқ екеуінің.
б). Он екіге жетіп,
Жүрген кері кетіп
2. «Тездет, бірақ қателеспе!»
Дидактикалық мақсаты: Есептеу дағдыларын бекіту.
Мазмұны: Ойын жарыс түрінде топқа бөлініп ойналады. Әр топ мүшесі үстел үстінде жатқан үлестірмелі қималарды алып, ондағы берілген мысалдарды кезектесіп орындайды. Қолындағы қимада жазылған санның құрамын анықтайды.
60=10+50 90=50+40
60=30+30 90=60+30 т.с.с.
3.
а). Ерланның бір інісі, бір ағасы болса, олар неше ағайынды?
ә). 0-ден 10-ға дейінгі сандарды жазу үшін қандай және неше таңба керек?

Бір айда 5 рет жексенбі болуы мүмкін бе?
(ия наурыз айында).
-
Сыныптағы 30 оқушының жартысы ағылшынша, жартысының үштен бірі әрі ағылшынша, әрі немісше, қалғаны тек немісше үйренеді. Оқушылардың нешеуі немісше, нешеуі ағылшынша үйренеді? Нешеуі әрі ағылшынша, әрі немісше үйренеді?
( ағылшынша 15 оқушы, ағылшынша әрі немісше 5 оқушы, немісше 10 оқушы )
-
Фархаттың массасы 21 кг, Мұрат 18кг, ал олардың әкесі 75 кг. 100кг жүкті ғана көтере алатын қайықты пайдаланып, олар өзеннің арғы бетіне қалай өтеді?
( 21кг мен 75кг, сонан сон 75кг мен 18кг)
-
Әдия 5-қабатта, ал Гүлшат сол үйде, одан екі есе жоғары қабатта тұрады. Гүлшат қай қабатта тұрады?
(10 қабатта)
-
(9 9) 9 = 162 қандай таңба болуы тиіс?
(қосу және көбейту таңбасы)
6.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
(Ағаш басында балық отырмайды)
16-сабақ
Өлшемдер
Мақсаты: Адамның бүкіл өмірі уақытпен, уақытты өлшей білумен, уақытты бөле білумен тығыз байланысты. Уақыт және оны өлшеуге қызығушылығын ояту, уақытты тиімді пайдалануға бейімдейді.
1.
а). Жұмбақты шеш.
Бір ұзын ағаш, ағаштың үстінде төрт ұя, әр ұяда үш тұқым бар.
Ә). Ертеде «Апта» деген шал болыпты. Оның Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі деген ұлдары болыпты. Аптаның неше ұлы бар?
2. Оқушы мектепке неше минутта жетеді?
Дидактикалық мақсаты: Ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Мазмұны: Баланың жүру бағыты бойынша мысалдар шығарылады. Соңғы мысалды шығарған кезде оқушы мектепке дейін неше уақытты жететіні шығады.

3. Ребусты шеш.
А).

ә).

-
Суретте барлығы неше кесінді бар?

а).8
ә).6
б).9
в).7
-
Әртүрлі тақырыптағы логикалық есептер
1. 11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
2. Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?(5)
3. Алдында 1, артында 2, артында 1, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келе жатты. Барлығы неше қаз бар? (Жауабы:3)
4. Үш санның қосындысы 3 ке тең. Қосылғыштар қандай сандар?
Жауабы: Бұл тапсырманың 3 түрлі жолы бар.1. 1+1+1=3 2. 1+2+0=3 3.3+0+0=3
5. Салтанаттан «Сендердің сыныптарында неше озат оқушы бар?» –деп сұрағанда , ол былай деп жауап берді. –Егер ең үлкен үш таңбалы саннаң ең үлкен екі таңбалы санды шегерсе және нәтижені ең кіші үш таңбалы санға бөлсе, сонда озат оқушылардың саны шығады. Сыныпта неше озат оқушы бар?
Жауабы: (999-99):100=9 оқу озаты
6. Мен бір сан ойладым. Сол санды 5-ке көбейтіп, нәтижеге 2-ні қостым. Қосындыны 6-ға бөлгенде 7 саны шықты. Мен қандай сан ойладым?
Ж. (7·6-2):5=8 (8·5+2):6=7
17-сабақ
Жас математик
1-бастаушы:
Сан менен таңба тұр сап түзеп,
Орындап формула әмірін.
Кім айтшы ән жырдан жақсы деп,
Есептің қоңырқай өмірін.
2-бастаушы:
Боламын ойға алаң, сәл сабыр,
Мен айтам, ағымнан жарылам.
Сенің бар айналаң, өмірің,
Есептің жанына бағынған.
1-бастаушы:
Заводтар салынып нуларда,
Шын оттар жанар ма жалынсыз.
Тепловоз рельспен зулар ма,
Математиканың заңынсыз.
2-бастаушы:
Ұшқыштар дыбыспен қоса өрлеп,
Ғарыштық сапарды мықтасаң.
Осының бәрін біз жасар ма ек,
Алдымен есептеп шықпасаң.
1-тапсырма.

2-тапсырма. Неше шаршы, неше үшбұрыш бар?

3-тапсырма. Қалам ұшын көтермей сыз.
Суретті фигураны қалам ұшын көтермей, бір жүрісті қайталамай бірден сызып шық.

4-тапсырма. Төртбұрыш және шаршы.
Фигураны бір қию арқылы тіктөртбұрыш және шаршы құрастыру керек.

Қорытынды.
18-сабақ
Өрнекті есептер
Мақсаты: Өрнекті есептер дайын өрнек түрінде беріледі. Өрнек бойынша есеп құрастыру оқушыларды өз бетінше есеп құрастыруға, шартын құруға және оны шешуге үйретуге негізделген.
1. 3+2 өрнегі бойынша есеп құрастыр.
Санжар 3 балық ұстады. Айдар 2 балық ұстады. Санжар мен Айдар қанша балық ұстады?
2. «Қояндар жарысы» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Оқушыларды тез есептеуге дағдыландыру.
Мазмұны: Қояндар мәреге жетіп, сәбізді жеу үшін кедергілерден өту керек. Әрбір кедергіде мысалдар берілген. Сол мысалдарды орындап, мәреге жету үшін қояндарға оқушылар көмектеседі.

3.
а). Екі күн қатарынан жаңбыр жауа ма?
ә). Ребусты шеш.

Мынадай тік төртбұрыш сал:
1) Ені 2см,ұзындығы 4см;
2) Ұзындығы 5см, ал ені одан 4см қысқа болатын;
3) Ені 4см, ал ұзындығы одан 2см артық болатын;
4) Ені 6см, ал ұзындығы екі еселенген еніне тең болатын;
-
Мынадай шаршы сал:
1) Қабырғасы 1см-ге тең болатын;
2) Суреттегі кесінді ұзындығы 2 см деп алып, қабырғасы сондай екі кесіндінің ұзындығына тең болатын;
Сиқырлы сұрақтар
1. Ең кіші үш таңбалы сан.
2. Қабырғалары тең тіктөртбұрыш.
3. Ондықтан құралған сандар.
4. Бір таңбалы сандар.
5. Кеміту амалы.
6. Геометриялық фигура.
7. Бұрыш түрлері.
8. Уақыт өлшем бірлігі.
9. Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз.
10. Бір минутта неше секунд бар.
20-сабақ

1. 4-1 өрнегі бойынша есеп құрастыр.
Алмас 4 қоян бақты. 3-еуін ол Саматқа берді. Алмаста неше қоян қалды?
2. «Мысалдар нәтижесінен сөз құра» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және сауатты жазуға үйрету.
Мазмұны: Әр партаға бір-бірден конверт таратылады, әр конвертте үлестірмелі конверттер салынған. Қималар екі бөлікке бөлініп сызылған, жоғары бөлігінде мысалдар, төменгі бөлігінде әріптер жазылған. Оқушыларға мынадай тапсырмалар беріледі.
а). Мысалдарды шығар, шыққан нәтижелерді өсу ретімен орналастыр.
ә). Пайда болған сөзді оқы.
5+1 3+4 6+2 8+1 9+1
к і т а п
3. Сөзжұмбақ.

Көлденеңінен:
1.Қатты зат.
2.Биік жер.
3.Ешкіні шақыру.
4.Тәтті тағам.
Тігінен:
1.Сан.
4. Ұқсас емесін тап.
а). ә). б). в). г).
5. Әртүрлі логикалық есептер
-
Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?
-
Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған?
10 айырмашылығын тап
«Бунгало».

«Велосипедші».

20-сабақ
Суретті есептер
Мақсаты: Сурет арқылы есептер құрастыру, есепті нақтылы жағдайда көруге, есептің шығару жолдарын құруға, шешуін орындауға, шешуінің дұрыс екендігін тексеруге мүмкіндік тудырады. Есепке өздері талдау (анализ) жасауға үйренеді.
1. Сурет бойынша есеп құрастыр.

2. «Кім зерек?» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Қосу мен азайтуды тез, шапшаң орындауға жаттықтыру.

3. Суреттен не көріп тұрсың? Құмырадағы су көбейе ме, әлде азая ма?

4. Санның құрамын тап!

«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп:
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.
Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз
сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп
ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай
өлең айтыпты:
«Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен.
Мұны естіген ұрылар:-«Қой
мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», -
деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.
Сонда үйде адам нешеу?
Ойлан, тап!
«Мысықты кім әкелді?» деген анасының сұрағына қыздары былай жауап берді: Айжан: «Бұны Ләззат істеді». Ораз:
«Мысықты Тоқсұлу әкелді». Айжан: «Мен емес». Тоқсұлу: «Ораз мен әкелді деп жалған айтты». Анасы балаларының тек қана біреуі шынын айтқанын білді. Ол кім?
Қарлығаш, Майра, Ләззат және Зәуре әр спорт түрімен айналысты: үшеуі ұзындыққа секірді, ал біреуі биіктікке секірді. Майра мен Ләззат және Ләззат пен Зәуренің әрқайсысы әр спорт түрімен айналысса, әр қыз қай спортпен айналысты?
21-сабақ

2. «Кім алғыр?» ойыны.
Жазып есепте.
Дидактикалық мақсаты: Қосу және азайту амалдарын тез, шапшаң есептеуге жаттықтыру.

3. «Таба білесің бе?»
Мұнда неше үшбұрыш, неше дөңгелек бар?

4. Ұқсас емесін тап!
а). ә). б). в). г).
22-сабақ
Әзіл есептер
Мақсаты:Әзіл есептер оқушылардың ақыл-ойын, ой ұшқырлығын дамытуға бейімдейді. Есеп өмірмен ұштастырыла алынып, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табуға қарастырылған.
1.
а). Дидар мен Жандос доминоны екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?
ә). Тігулі тұрған қызыл, жасыл, көк асықтың қызылын ұстамай, қалған екеуінің ортасына орналастыр.
2.
а). Қаздың да екеу аяғы,
Қарғаның да екеу аяғы,
Қанша болады екеуінің аяғы?
ә). Бақшаға
Жақсы аға
Көп-көп
Ойыншық
Келді алып
Бір балық,
Екі қыран,
Үш үйрек.
Болды қанша барлығы?
Қане, есепте.
Кім зерек?
3.
а).

ә).
|
|
- |
|
= |
2 |
|
8 |
- |
|
< |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+ |
3 |
= |
5 |
|
3 |
+ |
|
= |
7 |
4. Ең жүйрігі не?

а). ә). Б
23-сабақ

а). Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауыр?
ә). Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?
2. «Дос таңдау» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, бір таңбалы сандарды қосу мен азайтуға жаттықтыру.
Мазмұны: Бірінші топтағы оқушыларға мысалдар жазылған қималар ілінеді, ал екінші топтағы оқушыларға сол мысалдардың жауабы ілінеді. Бірінші топтағы мысал жазылған оқушы өз мысалының жауабы жазылған екінші топтағы оқушыға допты лақтырады. Ол оқушы бірінші топтағы мысал жазылған оқушыға допты лақтырады. Ойын ары қарай жалғаса береді. Жауабын дұрыс тапқан оқушы өз досын қасына алып отырады.
Мысалы, 4+2
6-1
3.
|
С |
Т ’100 у |
4. «Қай сан жасырынып тұр?»

а) Есепті кесте сызу арқылы шығару керек. Жүріруден өткен жарыста Батыр, Ғалым және Дулат жүлделі үш орынды жеңіп алды. Егер Ғалым екінші мен үшінші орын алмаса, ал Дулат үшінші орын алмаса, әр бала қай орындарды алды?
ә)
-
Мараттың айтуынша, оның жасы 10-нан көп емес және 10-нан аз емес. Мараттың жасы нешеде?
-
Сен нешедесің?-деп сұрағанда, Еркін:-Егер ең кіші үш таңбалы саннан ең кіші үш таңбалы санды азайтып, оның оннан бір бөлігін алсаң, менің жасымды табасың,- деп жауап берді. Еркін нешеде?
-
Ағасы мен қарындасы бірге 20 жаста, ағасы қарындасынан 2 жас үлкен, ағасы неше жаста, қарындасы неше жаста екенін есепте.
б) 10 айырмашылықты тап
«Турист».

24-сабақ
Қара есептер
Мақсаты: Қара есептер қазақтың өз өмірінен, күрделі тұрмыс тіршілігінен алынған есеп. Ата-бабамыздың ғасырлық тәжірибелерін еске түсіру, оны басшылыққа алу, ретін келтіріп, орамына қарай пайдалануға негізделген.
Қосу, азайту, топтауға, жіктеуге т.с.с. математикалық ұғымға негіздеу арқылы есепті шығару көзделеді.
1.
а). Егіздейтін ешкі.
Ешкі жылына бір рет егіз лақ туады. Бір ешкі 2 жылда неше бас болады?
ә). Өрістегі жылқы.
Барлық жылқының екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң үшеуі айдалып кетті. Сонда өрісте бір жылқы қалды. Барлығы неше жылқы еді?
2. «Хан талапай» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Санау дағдыларын бекіту.
Мазмұны: Ойынды жарыс түрінде өткізуге болады. Ойын басқарушы:
Талапай-ау, талапай,
Табылды ойын, алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп өлең шумағын айтып, асықты шашып жібереді. Оқушылар шашылған асықты жинап алады. Әр оқушы өзінің қолындағы асықты санап шығады. Кім көп жинаса сол оқушы жеңімпаз атанады.
3. Ою неше шаршы мен үшбұрыштан құралған?

Тікбұрыш сал.
-
Тікбұрыштың бір қабырғасының бойынан оның төбесінен 3 см қашықтықта жатқан нүктені белгіле.
-
Тік төртбұрыштың ені -14см, бұл оның ұзындығы 11 см қысқа.Тік төртбұрыштың ұзындығы қанша?
-
Сынықтың бір кесіндісінің ұзындығы 22 см, ал екіншісінің
ұзындығы одан 3см ұзын. Сынықтың жалпы ұзындығы қанша?
Ойлан, тап!
Ерзат саяжайдан алма жинады. Барлық жиналған алманың үштен бір бөлігін, яғни 12 алманы Айгүлге, ал қалғанының үштен бір бөлігін және
1 алманы Әйгерімге берді. Ерзаттың өзінде 15 алма қалды. Ерзат қанша алма жинаған еді?
-
Сағат 22-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің көзі жарқырап тұруы мүмкін бе?
-
Дүкенде 19 теңгеге сауда жасадық, бiрақ сенде кiлең 3 теңгелiктер бар. Ал сатушыда кiлең 5 теңгелiктер. Тығырықтан шығар жол барма?
25-сабақ

а). Барлығы қанша қой?
Екі, екі қой – төрт қой. Және екі қой және үш қой. Барлығы қанша қой?
ә). Шынжырдың алты буыны бар. Иесі оған күніне бір буын қосып отырды. Үш күнде шынжырда неше буын болды?
2. «Ақсүйек» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Белгісіз санды табуға, өрнектің мәнін табуға жасырынып тұрған санды тауып жаттауға арналған ойын.
Мазмұны: Ойынға сынып түгел қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнында «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады.
|
9 |
7 |
|
3 |
|
|
a |
7 |
6 |
5 |
3 |
|
|
5 |
|
4 |
|
a-1 |
|
|
|
|
Кім «ақсүйекті» көп жинаса, сол ұтады.
3. Құрақ көрпеше неше шаршы мен үшбұрыштан құралған?

4. Қайсысы артық?

а). ә). б). в).
-
Әртүрлі тақырыптағы логикалық есептер
«Санды тап!»
-
Мен бір сан ойладым, егер одан 20 - ны азайтсақ, нәтижесі 50 болады. Мен қандай сан ойладым?
-
Мен бір сан ойладым, егер одан 10 - ды азайтсақ, нәтижесі 2 болады. Мен қандай сан ойладым?
-
Мен бір сан ойладым, егер одан 40 - ты азайтсақ, нәтижесі 20 болады. Мен қандай сан ойладым?
-
Мен бір сан ойладым, егер одан 8 - ді азайтсақ, нәтижесі 2 болады. Мен қандай сан ойладым?
«Ойлан, тап!»
-
Отбасында 10 бала бар. Ең үлкені 20 жаста, әр келесі баланың жасы 2 жасқа кіші. Ең кіші бала неше жаста?
-
Айдос үйдің 6-қабатында тұрады, ал Жандос осы подъездің
3-қабатында тұрады. Егер Айдосқа дейін 60 баспалдақ болса, Жандосқа дейін неше баспалдақ бар?
«10 айырмашылықты тап!»
«Сиқырлы үйшік».

26-сабақ
Жұмбақ өлең есептер
Мақсаты: Жұмбақ өлең есептер ұйқас арқылы оқушыларды ойлауға, мағынасын түсінуге, ауызша жылдам есептеуге, ой жаттықтыруға берілген. Есепті әр түрлі екпін түсіріп түрлендіріп айту арқылы баланы ойлануға, жауаптарын табуға мүмкіндік тудыру, оқу сабағы мен математика арасында байланысты іске асыруға негізделген. Дерексіз ойлаудан нақты ойлауға мүмкіндік тудырады.
1.
а). Сағыз
Дүкеннен көп сағыз алдым,
Одан және сегіз алдым.
Бір сағыз тағы алдым
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды,
Қолда бәрі?
ә). Азайту
Қорада тұр қамалып,
Шұнақ құлақ он ешкі.
Самат ашып еді есікті,
Шығып кетті бес ешкі.
Қалды сонда неше ешкі?
б). Он ара
Тал басына бір ара
Қонушы еді күнара.
Бүгін тоғыз туысын
Ертіп келді бұл ара.
2. «Баспалдақ» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Бір таңбалы сандарды қосу мен азайтуға байланысты мысалдар шығаруға жаттығу.
|
|
|
|
|
9+1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
8+1 |
|
10-1 |
|
|
|
|
|
|
7+2 |
|
|
|
9-3 |
|
|
|
|
6+3 |
|
|
|
|
|
8-2 |
|
|
6+1 |
|
|
|
|
|
|
|
7-5 |
3. «Ребус» шешу.
|
|
|
|
|
Қо |
4. «Қай дөңгелек артық?»
а). ә). б). в). г).
5.Әртүрлы тақырыптағы логикалық есептер
1. Азайтудың нәтижесі қалай
аталады?
2. 1 сағатта неше минут
бар?
3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды
ата.
4. Шарты мен сұрағы бар кішкене
әңгіме?
5. Мектептегі 45
минут?
6. Оқу жылының алғашқы айы
қандай?
7. Азайту амалының компоненттерін
ата?
8. 3 пен 9 - дың
көбейтіндісі?
9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы
нешеу?
10. Санды сол санның өзіне
бөлсе..
11. Қосудың нәтижесі қалай
аталады?
12. 1 ғасырда неше жыл
бар?
13. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды
ата.
14. Периметрді қалай
табамыз?
15. Мектептегі 10
минут?
16. Қыс айларының алғашқы айы
қандай?
17. Бөлу амалының компанеттерін
ата?
18. 3 пен 7 - нің
көбейтіндісі?
19. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері
нешеу?
20. Кез келген санды бірге
көбейткенде...
27-сабақ

а). «Атам, әкем және мен»
Болса есепке талабың,
Айта қойшы,
Қане, мен
Неше адамды санадым?
ә).
Келеді ұшып екі торғай,
Топ достарын ертіп талға.
Болды сегіз әлгі жиын,
Келді ертіп неше торғай?
2. «Балық аулау» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Балалардың мысалдарды тез, дұрыс орындауға баулу. Есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Ойын мазмұны: Тақтаға өзен
суреті салынған плакат ішінде балықтар орналасады. Балықтардың
артында мысалдар жазылады. Оқушылар өздеріне ұнаған балықтарын
қармақпен аулап алады. Сыртына жазылған мысалды шығарады. Мысал
дұрыс орындалса, балықшы балықты өзімен бірге алып кетеді. Қате
орындаса, балық өзенге қайтадан түседі. Ойын ары қарай жалғаса
береді.
Мысалдар:
2+3 6-3
-
8-2
7+1 9-1 т.с.с.
3. 8 таяқша ал, мынадай фигура құрастыр. Қанша таяқша артық қалды?

Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?

Бір айда 5 жексенбі бола ма?
-
Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
-
Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек?
-
Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
-
Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?
-
Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
-
Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
-
Марат кешкі сағат 10 - да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 - ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?
-
Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?

Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
-
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
« 10 айырмашылықты тап»
«Қар үй»

28-сабақ
Суретті теңдеулер
Мақсаты: Суреттер арқылы теңдеу құру және шешуді үйретуге негізделген. Оқушылардың нақты білім деңгейі ескеріле отырып, сурет бойынша теңдеулер құрастырылады.
1.
а).
+ а
=
![]()
ә).
- а
=
![]()
б). а -
=
![]()
2. «Лезде қосу» ойыны.

3.
-
Қайсысы жылдам ұшады?

а). ә). б).

« Ойлан, тап!»
-
Лифт 150 кг көтереді. Салмақтары 60кг, 80кг, 80кг, 80кг.Төрт адам жоғары қабатқа көтерілу үшін лифт неше рет көтерілуі керек?
-
Сайран, Абыл, Тұманбай, Бердіхан төртеуі таразыға түсіп, салмақтарын анықтады.Сонда өлшеу нәтежелері-37 кг.,42 кг.,39 кг., және 40 кг. болды. Абыл Сайраннан ауыр, бірақ Бердіханнан жеңіл, ал Тұманбай Сайраннан жеңіл.Бұл балалардың салмақтары қандай?
-
Геологтар әрқайсысының массалары 1кг, 2кг, 3кг, 4кг, 5кг және 6кг болатын алты тас тауып алды. Тастарды үш қапшыққа салды, оларды әрқайсысындағы тастардың массасы бірдей болатындай етіп, қалай бөліп салуға болады?
« 10 айырмашылықты тап!»
«Археологтар»

29-САБАҚ
Суретті теңдеулер
1.
а).
|
|
|
|
|
+ |
|
a |
|
= |
|
|
|
|
|
|
|
|
ә).
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
- |
|
a |
|
= |
|
|
|
|
б).
|
a |
|
- |
|
|
|
|
|
= |
|
|
|
|
|
|
|
|
2. «Кім тапқыр?» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Есептеу дағдыларын арттыру.
Мазмұны: Дөңгелектерге орналасқан сандарды қосқанда (азайтқанда) шығатын сандарды тармақтарға орналастыру керек.
т.с.с.
3. Қандай шар орналасқан?

Ақ және қара шарлар кезектесіп орналасқан. Төменгі жетінші қатарда қандай шарлар орналасқан?
4. Қайсысы өзгеше?
а). ә). б). в). г).
5.Әртүрлі тақырыптағы логикалық тапсырмалар
-
Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?
-
Қосарлап жегілген ат-арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді?
-
4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?
-
Бір килограмм темір мен бір килограм мақтаның қайсысы ауыр?
-
Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды.Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?
-
Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
-
Батыржанның төрт ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Батыржанның неше баласы бар?
-
8-наурызда екі шешей мен екі қызына, әжей мен немересіне үш орамал сыйға тартылды. Бұл қалай?
-
Айдың, аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен кім атап шығады?
-
Алдында 1, артында 2, артында 1, алдында 2, біреу екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келе жатты. Барлығы неше қаз бар?
« 10 айырмашылықты тап»
«Сайқымазақ»

30-САБАҚ
Графикалық модельді есептер
Мақсаты: Графикалық модельдер оқушыларды есептердің жаңа түрлерімен таныстырғанда, осы есептерді ілгеріде қарастырылған түрлерімен салыстырғанда және берілген иллюстрациялар бойынша есептер құрастырғанда қолданылады.
Сонымен қатар модель иллюстрацияланған есеп шешуінің тура және тиімді жолын көрсете алады.
1.
а).

ә).

2. «Математикалық лото» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Қосу және азайту кестесін меңгерту және есте сақтауын арттыру.
Мазмұны: Бірінші қатардың оқушыларына математикалық лото таратылады. Олар алдарындағы лотоға жазылған мысалды оқып, іштей жаттайды. Мұғалім нөмірлерді айтып тұрады, ал сол нөмір шыққан оқушы мысалдың үстін бос таратылған қағазбен жабады. Кімде екі нөмірі қатар айтылса, сол оқушы мысалын тақтаға жазады. Ойын осылайша жалғаса береді.
3. Үш топқа бөл.

4. Суреттердегі үшбұрыштардың саны нешеу?

а).1 ә).3 б).4 в).2

Қайықпен екі бала жүзіп жүрді. Оларға үлкен кісі келіп, келесі жағалауға шығаруларын өтінді. Қайыққа 2 бала немесе 1 үлкен кісі міне алады. Балалар ақылды еді, сондықтан олар шешімді тез тапты. Сен таптың ба?
«Дүкен» ойыны
Дидактикалық мақсаты: Ауызша есептеуге қарапайым түрде күнделікті өмірмен байланысты жаттықтыру. Ақшаны ұсақтап үйрену.
Құралдар: Дүкеннің өзіне тән заттар ,(көкөніс, оқу құралдары т.б.) оның жазылып алынған бағалары, жасалған тиындар мен ақшалар.Таразы, есепшот,әр түрлі бұйымдар.
Мазмұны: Оқушылардың ішінен сатушы, кассир, тексерушілер жеке шығады.қалған балалар сатып алушылар болады.Бұйымдардың бәрінің бағасын жазып, іліп қояды.Сатып алушылардың қалаған заттарын көрсетіп, чектерін алып келсе, соны есептеп затын беріп тұрады.Бағылаушылар оларды тексеріп тұрады. Осылайша ойын жалғасып отырады. Рольдерін ауыстырып отырса ойын қыза түседі
31-САБАҚ

2. «Ғарышкерлер» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны: Тақтаға бірнеше мысалдар жазылған үш қатарға арналып үш зымыран суреті ілінеді. Мұғалім оқушыларға: «Айға ұшатын үш ғарышкер керек», деп мысалдарды бөліп береді. Оқушылар тапсырманы орындайды. Қай қатар бірінші орындаса, сол қатар айға ұшып жетеді.
І ІІ ІІІ
4+2 7+1 4+4
3-1 6-2 8-3 т.с.с.
3. Сызбада қанша шаршы бар?

4. Суреттен неше тіктөртбұрыш бар?

а).3 ә).6 б).4 в).5
5.Әртүрлі тақырыптағы логикалық есептер
1. Әтеш бір аяқта тұрып 3 келі тартады. Екі аяқта тұрып әтеш қанша келі тартады?

2. Бір көпбалалы отбасыда әр 5 ұлда 3 қарындасы бар. Барлығы қанша бала бар?
3. Бөлменің 4 бұрышының әр қайсысында мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы тағыда 3 мысық отыр. Осы бөлмеде барлығы қанша мысық отыр?
4. Кiм Маридің анасының жанында отыр?

Отырғышта Мари, оның анасы, әже және қуыршақ отыр.
Әже немеренiң жанында отыр, бiрақ қуыршақтың жанында емес. Қуыршақ ананың жанында отырған жоқ. Кiм Маридің анасының жанында отыр?
(A) Мари;
(B) Әже;
(C) Мари және әже;
(D) Мари және қуыршақ;
(E) Әже және қуыршақ.
5. Алаңғасар үй иесiде не өсiп шығады?

Алаңғасар үй иесінде « Қияр », « Гүл » және « Түймедақ » жазулары бар 3 жәшік көшеттері бар. Ол « Түймедақ », « Қияр » және « Раушан » гүлін жәшіктерге отырғызды, бірақ жазу атауына сай келген жоқ. « Түймедақ » жазуы бар жәшікте не өседі?
(A) қияр; (B) раушан; (C) түймедақ; (D) анықтауға болмайды; (E) қарбыз.
32-САБАҚ
Комбинаторикалық есептер
Мақсаты:Комбинаторикалық есептер – оқушылардың қызығушылығын арттыруға, логикалық ойлауын дамытуға, талдау жасауға, жан-жақты салыстыруға негізделген. Шығармашылыққа, ізденімпаздыққа бейімдейді.
1.
а). Әр түрлі 3 қыздың (ұлдың), 3 құстың және 3 жануардың атын атаңдар.
ә). 7 кітапты екі сөреге қалай жайғастыруға болады? Жауабын шаршылар және үшбұрыштар жәрдемімен көрсетіңдер.
б). Дәптерге төрт нүкте белгілеңдер. Оларды екі-екіден қосып, неше кесінді сызуға болады?
2. «Кім жылдам?».

Мазмұны: Шаршы ішіндегі сандарды қосқанда дөңгелек ішіндегі сан шығуы тиіс.
3. Бірдей жеті таяқшадан шаршы құрастыр.
4. Сәйкестендір.
|
7 |
- |
4 |
|
|
9 |
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
+ |
2 |
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
- |
1 |
|
|
9 |
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
+ |
3 |
|
|
3 |
5.Әртүрлы тақырыптағы логикалық тапсырмалар
1. Баспалдақта неше саты бар?

Марат саты бойынша баспалдақ арқылы адымдай келе жатып бiрiншi баспалдақты өткiзіп жіберді. Сонымен қатар ол басқан адымдарын санап отырды: « Бір, екі, үш...».
Баспалдықтағы сатылар саны нешеу?
(A)5; (B) 7; (C) 9; (D) 11; (E)12
2. Әрбiр шынжыр табанда өз жапырығы бар. Қай жапырақ кімдікі екенін анықта.

3. Бір топ бала тоғаннан,
Он бес балық ұстады.
Бөліскеде оларды
Тиді әркімге үш балық.
Сыпайын бір ол сені
Бала сонда қанша еді.

33-САБАҚ
Ойнайық та, ойлайық!
Мақсаты: Тараулар бойынша алған білім, білік дағдыларын тиянақтау, алғырлыққа тәрбиелеу.
Бүгінгі сайыстың екі топқа бөлінетіндігін хабарлау.
1-топ. «Үшбұрыштар».
Ұраны: Ойын ойнап, ойлаймыз,
Есептен құр қалмаймыз.
2-топ. «Төртбұрыштар».
Ұраны: Біз тәртіпті баламыз,
Жарыста бәйге аламыз.
1-тапсырма. «Пошташы» ойыны.
8 = + 6 = +
7 = + 10 = +
2-тапсырма. «Сауалнамалар» жарысы.
Сұрақ жазылған қима қағазға жазбаша жауап қайтарады.
-
Кесіндіні немен өлшейміз.
-
Аптада неше күн бар.
-
Бүгін аптаның нешінші күні?
-
10 см неше дм-ге тең?
3-тапсырма. «Жорға» сайысы.
6 + 3 9 – 5
0 + 7 10 – 0
7 – 1 5 + 4
9 – 7 8 – 8
4-тапсырма. Геометриялық фигуралардан дене құрастыру.
Қорытынды.
34-САБАҚ
ӘРТҮРЛІ ТАҚЫРЫПТАҒЫ ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР
1. Есепті кесте сызу арқылы шығару керек. Жүріруден өткен жарыста Батыр, Ғалым және Дулат жүлделі үш орынды жеңіп алды. Егер Ғалым екінші мен үшінші орын алмаса, ал Дулат үшінші орын алмаса, әр бала қай орындарды алды?
2. Сен нешедесің?-деп сұрағанда, Еркін:-Егер ең кіші үш таңбалы саннан ең кіші үш таңбалы санды азайтып, оның оннан бір бөлігін алсаң, менің жасымды табасың,- деп жауап берді. Еркін нешеде?
3. Лифт 150 кг көтереді. Салмақтары 60кг, 80кг, 80кг, 80кг.Төрт адам жоғары қабатқа көтерілу үшін лифт неше рет көтерілуі керек?
4. Кеңеске: Торғайларға неше үйшік істедің дегенде, әр үйшікке екі құстан келіп қонғанда бір үйшік жетпей қалды. Ал төртеуден отырғанда бір үйшік артылып қалды. Барлығы неше үйшік істеді? Неше торғай келіп қонды?
5. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген. Шешесі неше сәбіз жеген?
6. Ерзат саяжайдан алма жинады. Барлық жиналған алманың үштен бір бөлігін, яғни 12 алманы Айгүлге, ал қалғанының үштен бір бөлігін және 1 алманы Әйгерімге берді. Ерзаттың өзінде 15 алма қалды. Ерзат қанша алма жинаған еді?
7. Сағат 22-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің көзі жарқырап тұруы мүмкін бе?
8. Дүкенде 19 теңгеге сауда жасадық, бiрақ сенде кiлең 3 теңгелiктер бар. Ал сатушыда кiлең 5 теңгелiктер. Тығырықтан шығар жол барма?
9. Сайран, Абыл, Тұманбай, Бердіхан төртеуі таразыға түсіп, салмақтарын анықтады.Сонда өлшеу нәтежелері-37 кг.,42 кг.,39 кг., және 40 кг. болды.Абыл Сайраннан ауыр, бірақ Бердіханнан жеңіл, ал Тұманбай Сайраннан жеңіл.Бұл балалардың салмақтары қандай?
10. Ұшақ 7 сағ 35 минутта ұшып кетіп, 10 сағ 20 минутта ұшып келді. Ұшақ нешеде кейін ұшып келді?
11. Отбасында 10 бала бар. Ең үлкені 20 жаста, әр келесі баланың жасы 2 жасқа кіші. Ең кіші бала неше жаста?
12. Айдос үйдің 6-қабатында

13. Геологтар әрқайсысының массалары 1кг, 2кг, 3кг, 4кг, 5кг және 6кг болатын алты тас тауып алды. Тастарды үш қапшыққа салды, оларды

14. №1,№2,№3 пәтерлерде үш мысық бар: ақ, қара және сарғыш. №1 және №2 пәтерлерде қара мысық жоқ, Ақ мысық №1 пәтерде емес. Әр мысық қай пәтерде тұрады?
15. Қатира Батимадан үлкен, ал Нағима Қатирадан үлкен, бірақ Сәуледен кіші.Үлкенінен бастап қыздарды бір қатарға қой..
Жауаптары
1. Батыр – үшінші, Ғалым – бірінші, Дулат – екінші орын алды.
2. Неше 8 торғай қонды.
3. Шешесі 28 сәбіз жеген.
4. Ерзат 36 алма жинады.
5. Жоқ, өйткені түн болады.
6. жоқ, сен оған 3+3+3+3+3+3+3=21, ол саған қалған ақшаңды қайырып бере алмайды, өйткені онда 5-теңгеліктер ғана бар.
7. Бердіхан-42 кг, Абыл-40кг, Сайран-39 кг, Тұманбай-37 кг.
8. Ұшақ 17 сағ55 минутта ұшып келді.
9. Ең кішісі 2 жаста.
10. Жандосқа дейін 30 баспалдақ болады.
11. 6 + 1, 5 + 2, 4 + 3 етіп салады.
12. №1 – сарғыш, №2- ақ, №3- қара мысық тұрады.
13. Бірінші Сәуле, Нағима, Қатира және Батима тұрады.

Қолданылған негізгі әдебиеттер
-
Дидактикалық ұлттық ойындар мен есептер. С.Елеубаев. Алматы, 1995. 3-10 беттер, 18-19 беттер.
-
Математикадан дидактикалық материалдар мен ойындар және қызықты тапсырмалар. Ә.Наурызбайқызы, Қ.Әубәкірқызы, С.Мұхабатқызы. Алматы «Рауан», 1998. 39-52 беттер, 70-71 беттер.
-
Бастауыш кластарда математиканы оқыту. Т.К.Оспанов, Алматы «Мектеп», 1987. 6-7 беттер, 65-68 беттер.
-
Математика оқыту әдістемесі. Т.К.Оспанов, Ж.Т.Қайықбаев, К.Ә.Ерешова. Алматы «Атамұра», 1998. 33-35 беттер, 164-1686 беттер.
-
Ұлттық дүниетаным. А.Құрарұлы. Алматы «Өнер», 2002. 34 бет, 51-55 беттер.
Қосымша әдебиеттер
-
Бастауыш мектеп. №2-2004, 33-34 беттер.
-
Бастауыш мектеп. №10-2002, 9-бет.
-
Бастауыш мектеп. №11-2002, 30-31 беттер.
-
Бастауыш мектеп. №3-2004, 43-бет.
-
Бастауыш мектеп. Ю6-2004, 56-57 беттер.
-
«Халық тәлімі» газеті.
-
Бастауыш сыныпта математикалық оқыту.
Мазмұны
|
Сабақ реті |
Тақырыбы Беті |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
1-сабақ
19-сабақ
|
Сиқырлы нүктелер ---------------------------------------------------6 Ғажайып сызықтар---------------------------------------------------8 Еркін өлшемдегі фигуралариқырлы нүктелер-----------------10 Фигураларды салу, бояу, санау-----------------------------------12 Фигуралардың ортақ және ерекше белгілері-------------------14 Құрастырмалы денелер---------------------------------------------16 Құрастырмалы денелер---------------------------------------------18 Ғажайып математика жарысы-------------------------------------20 Көңілді санамақтар--------------------------------------------------22 Қызықты үшбұрыштар мен шаршылар-------------------------24 Математикалық жаңылтпаштар----------------------------------26 Тұрақты тіркесті санамақтар--------------------------------------28 Ғажайып цифрлар---------------------------------------------------30 Сандар сыры---------------------------------------------------------32 Цифрлы жұмбақтар------------------------------------------------34 Өлшемдер------------------------------------------------------------36 Жас математик------------------------------------------------------38 Өрнекті есептер----------------------------------------------------40 Өрнекті есептер-----------------------------------------------------42 Суретті есептер------------------------------------------------------44 Суретті есептер------------------------------------------------------46 Әзіл есептер----------------------------------------------------------48 Әзіл есептер----------------------------------------------------------50 Қара есептер---------------------------------------------------------52 Қара есептер---------------------------------------------------------54 Жұмбақ өлең есептер----------------------------------------------56 Жұмбақ өлең есептер----------------------------------------------58 Суретті теңдеулер--------------------------------------------------60 Суретті теңдеулер--------------------------------------------------62 Графикалық модельді есептер-----------------------------------64 Графикалық модельді есептер------------------------------------66 Комбинаторикалық есептер---------------------------------------68 Ойнайық та, ойлайық!----------------------------------------------70 Логикалық есептер--------------------------------------------------72 Пайдаланырған әдебиеттер---------------------------------------75

78
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Логика әлемі

шағым қалдыра аласыз

‘