жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Логика әлемі" - күнделікті сабақ жоспары
Күнделікті сабақ жоспары
Мерзімі: 14.01.2014ж
Сабақ № 17
Сынып: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Фигуралар сыры
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Геометриялық фигураларға байланысты әр түрлі тапсырмалар орындата отырып, оқушылардың білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Баланың тілін, ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Сөз арқылы ойын дұрыс байланыстырып айта білуге, шығармашылық еңбек ете білуге, ұйымшылдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, геомериялық фигуралар
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Армысың арайлы алтын күн,
Армысың жер ана,
Армысың аспан ата,
Армысыңдар қонақтар
Армысыңдар достарым.
Оқушылардың білімдерін жетілдіру:
«Тез ойла» ойынын жүргізу:
-
Аққуды атпайды, достықты.........?
-
Ер өлсе де, ..........?
-
Батырдың аты, ғалымның..................?
-
Үлкен бастар, ...................?
-
Досы жоқ адам, тұзы ...................?
ІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін сабақта біз сендермен «Фигуралар сыры» деген тақырыппен танысамыз. Ол үшін геометриялық фигуралар жайлы сендер не білесіңдер, соны еске түсірейік?
-
Геометриялық фигураларды атаңдар.
-
Олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
№1тапсырма. Қай фигураның ішінен бір кесінді жүргізіп, шаршы шығарып алуға болады?

№2 тапсырма. Суреттегі фигуралардың атауларын жаз.
Соңғының алдындағысын – қызыл, оң жақтан үшіншісін – көк, сол жақтан біріншісін – қоңыр, ал қызылдың оң жағындағыны жасыл түске боя.

№3 тапсырма: Фигуралардың суретін сал.
Үшбұрыш ортада, үшбұрыштың сол жағында шаршы, үшбұрыштан жоғары тік төртбұрыш, үшбұрыштан төмен дөңгелек, ал шаршының астында сопақша, тік төртбұрыштың үстінде бесбұрыштың суретін сал.
№
4
тапсырма. Суреттегі жеңіл машина қандай
фигуралардан құрылғанын анықта.
ІІІ. Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
IV. Дәптермен жұмыс:
№1 тапсырма. Суреттеді мұқият қара. Айырмашылығын тап. Оң жақтағы суртті сол жақтағы суреттегідей етіп толықтыр.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
№2 тапсырма. Түсініп оқы. Ойланып, тапсырманың шешуін тап, сызып көрсет.
Бағбан қарт 12 түп алма ағашын өсірді. Ағаш мол өнім берді. Бір күні қарт дүниеден өтті. Оның баласы алма бағын сатты. Сатып алушылар бақты тең бөліп беруді талап етті. Жігіт алма бақты қалай тең төртке бөліп береді.
№3 тапсырма. Көп нүктенің орнына үш әріптен тұратын буын жаз. Ол бірінші сөздің соңғы буыны және екінші сөздің бастапқы буыны болатындай болсын.
Мысалы: құ (май) мыл
ха ( . . . ) лық жол ( . . . ) тан
бұр ( . . . ) пақ кек ( . . . ) де
қас ( . . . ) ман кес ( . . . ) дік
№4 тапсырма. Басқатырғыда берілген тапсырманың басталар жерін тауып, бағытын үзбей жүргізсең әрқайсысында бес құстың аты шығады. Бір торкөзге екінші рет баруға болмайды. Не байқадың? Оларды жаз.
а)
-
-
а
у
ы
л
ш
ғ
д
е
б
а
р
е
н
е
ғ
ы
у
а
т
а
қ
ы
қ
у
л
к
е
р
и
а
-
№5 тапсырма. Шаршының торкөздерінде 1, 15, 20 сандары қойылған. Енді сен бос орындарға 2, 3, 4, 5, 6, 8 цифрларын қой. Олардың тігінен және әр жолдағы сандардың көбейтіндісі 120 болуы керек.
-
-
-
-
20
1
15
-
-
-
V. Сабақты қорытындылау.
Күнделікті сабақ жоспары
Мерзімі: 21.01.2014ж
Сабақ № 18
Сынып: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Математика ертегісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Математика ертегісі арқылы әртүрлі тапсырмалар орындата отырып, оқушылардың білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту,
Тәрбиелік: Оқушыларды танымдылыққа, ізденпаздыққа, ептілікке, таза, көркем жазуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: суретті жүмбақ, суретті есептер, математика елі салынған плакат.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Оқушылардың білімдетін жетілдіру:
-
Екі сабақтың арасындағы бос уақыт?
-
Бокс ойыны үшін алаң?
-
Айырмаға азайтқышты қосқанда не шығады?
-
Өрмекшінің аяғы нешеу?
-
Неге адамдар спортпен айналысады?
-
Шөптің түсі жасыл, ал теңіздің түсі ше?
-
Тура тілді?
-
Сүттей ақ, судай таза?
ІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін сабақта біз сендермен математика ертегісімен танысып, саяхатқа барамыз. Мұқият тыңдап әрбір тапсырманы тиянақты орындауға тырысайық.
Ертеде «математика» патшалығы болыпты. Математика қожайынының 6 баласы болыпты. Әрбір математика баласының өзіндік дарындылығы болыпты. Бүгін біз сол математика патшалығына саяхатқа барып, математика балаларымен білімдерімен бөлісіп көреміз. Олардың сендерге дайындап қойған тапсырмалары бар екен. Егер біз тапсырманы дұрыс орындасақ, бізге келесі математика еліне жол ашылады. Дайын болсақ, сапарға аттанайық.
1 аялдама: «Суреттеу»
Тапсырма. Заңдылығын сақтап бос орындарға жетіспей тұрған суреттерді сап.
![]()
а) ә)
![]()
![]()
![]()
2 аялдама: «Анаграмма»
Тапсырма. Анаграмманны шеш және артық сөзді сыз.
Елөбек пшаон ептрә ақп
_________ _______ _______ __________
Збақры реөкгшні ыақсқ
__________ ___________ _________
3 аялдама: «Жұмбақ»
Тапсырма. Суретті жұмбақ. Шешуін тап, суретін сал.
Суретте балапаны жоқ үш тауық пен олардың үш балапандары берілген. Әр тауыққа екі балапаннан болатындай етіп, осы балапандар мен тауықтарды орналастыр.


4 аялдама: «Сауықтыру»
ІІІ. Сергіту сәті: Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
5 аялдама:«Ойлан, тап»
Тапсырма. Суретті мұқият қара. Қай кірпі алманы ала алады? Жолды сызып көрсет.



6 аялдама: «Амалдар»
Тапсырма. Нәтиже 100 болатындай, 5555 цифрларының арасына жақшалар мен амалдар таңбасын қой.

|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
V. Сабақты қорытындылау.
Күнделікті сабақ жоспары
Мерзімі: 28.01.2014ж
Сабақ № 19
Сынып: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Уақыт өмір өлшемі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға уақыт және оның өлшем бірліктері туралы түсінік беру, білімдерін бір жүйеге келтіру.
Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, логикалық ойлау қабілеттерін түрлі тапсырмаларды орындату арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Шығармашылық еңбек ете білуге, ұйымшылдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: кесте, геомериялық фигуралар, уақыттың өлшем бірліктері.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басты иіп бәріміз
Оқушылардың білімдерін жетілдіру:
-
«Шөл кемесі» атанған жануар?
-
Қар қайда бұрын ериді? Орманда ма, қалада ма?
-
Төрт аяғымен тұрған сиырдың салмағы 197кг.
Жатқан сиырдың салмағы қанша?
-
Қандай қар тез ериді? Таза ма, лас па?
-
Қандай жәндіктің мұрты аяғынан ұзын?
-
Үш майшам жанып тұр еді. Оның біреуін сөндірді. Неше майшам қалды?
ІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін сабақта біз сендермен уақыт өмір өлшемі деген тақырыппен танысамыз. Алдымен мына уақыт өлшемдерін еске түсірейік:
1 ғасыр = 100 жыл 1 апта = 7 тәулік
1 мүшел = 12 жыл 1 тәулік = 24 сағат
1 жыл = 12 ай = 365 (366) тәулік 1 сағат = 60 минут
1 ай = 31 немесе 30 тәулік 1 минут = 60 секунд
(ақпанда 28 немесе 29 тәулік)
Енді мына сұрақтардың дұрыс жауаптарын атаңдар:
-
Сағат жылдан (ұзақ / қысқа )
-
Ай аптадан ( ұзақ/ қысқа)
-
Минут секундтан (ұзақ/ қысқа)
-
Ай жылдан (ұзақ/ қысқа)
-
Ғасыр жылдан (ұзақ/ қысқа)
ІІІ. Бекіту жұмысы:
№1 тапсырма. Салыстыр:
2 тәул. > 47 сағ. 6 мин. > 300 с
5ғ. 42 ж. > 54 ж. 1ж. 3 күн < 381 күн
3 сағ. > 120 мин. 3 сағ. 5 мин < 190мин
№2 тапсырма. Дұрыс мәндерін қой:
-
Сағат алтыдан ширек минут кетті немесе 6 сағат ______ мин.
-
Сағат бес жарым немесе 5 сағат ______ мин.
-
3 сағат 45 минут немесе 15 минутсыз ______.
-
9 сағат 15 минут немесе ______ ширек минут кетті.
-
Жарты ғасыр - ? жыл.
-
Ширек ғасыр - ? жыл.
-
Минуттың үштен бір бөлігі - ? с.
-
Бір жарым минут - ? с.
-
Бір минуттың алтыдан бір бөлігі - ?с.
-
Күннен Жерге жарық 8 минут және бір минуттың үштен бір бөлігінде жетеді. Бұл қанша секунд?
IV. Сергіту сәті: Көжектерім тұршы, беттеріңді жушы,
Айнаға қарашы, шашынды тарашы.
Киімінді киші, мектепке қарай жүрші
Орныңа отыршы, сабағыңды оқышы.
V. Дәптермен жұмыс:
№
1
тапсырма. Суреттегі фигураларды әртүрлі
түске боя. Суреттің бетіндегі бірінші үшбұрыш, оның астында
дөңгелек, одан кейін шаршы, ең астында бесбұрыш болатындай болсын.
Бір боялған жерді қайталап бояуға
болмайды.

№2 тапсырма. Нәтиже дұрыс болатындай амалдардың таңбаларын қой.
( 1 + 2) : 3 = 1
( 1 * 2) + 3 - 4 = 1
1 2 3 4 5 = 1
1 2 3 4 5 6 = 1
1 2 3 4 5 6 7 = 1
1 2 3 4 5 6 7 8 = 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9 = 1
№3 тапсырма. Асты сызылған сөздерге мағынасы жақын сөздерді тап. Оларды меңзермен сызып қос.
Әлияның үйі мектепке жақын. қас қарайғанша
Мұрат достарынан адасып қалды. екі адым жерде
Балалар орманда қараңғы түскенше жүрді. аузынан бір елі тастамай
Бағылан ауылдағы атасын үнемі айтып жүреді. көз жазып
№4 тапсырма. Ұқсас екі үйдің суретін тап. Оларды меңзермен қос.
![]()
![]()
![]()
![]()
№5тасырма. Графикалық диктант.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
V. Сабақты қорытындылау.
Күнделікті сабақ жоспары
Мерзімі: 04.02.2014жыл
Сабақ № 20
Сынып: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Сан ойла, тез ойла.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға есептерді тиімді тәсілмен шығаруды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу .
Қолданылатын көрнекіліктер: суретті есептер, макеттер, кесте.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Қане, тәртіп сақтайық
Тез есептеп аттайық
Алға қадам басқанда
Батылдықпен аттайық
Тірек білім, білік, дағдыларды белсендіру.
«Тез жауап бер» ойынын жүргізу:
-
Мұртты балық?
-
Орман дәрігері?
-
Қанатты оятқыш?
-
Көктемнің белгісін білдіретін құс?
-
Орманның айлакері?
-
Қыстайтын құс?
II. Жаңа сабақ
Балалар, бүгін сабақта біз сендермен «Сан ойла, тез ойла» тақырыбына байланысты түрлі тапсырмалар орындаймыз.
1 тапсырма: 1, 7, 5 цифрларын пайдаланып, неше әртүрлі екі таңбалы сан жазуға болады? Бұл сандарда цифрлар екі рет қайталануға болады. Барлық нұсқаларды жаз.
1? 7? 5?
1? 7? 5?
1? 7? 5?
2 тапсырма. «Тир» ойынын жүргізу. Қызыл түспен ойыншының бір рет тигізгендегі ұпайының саны көрсетілген. Әр ойыншы қанша ұпай жинағанын анықта.
- 14ұпай -12
ұпай
![]()
![]()
Мұрат Дулат
III. Дәптермен жұмыс:
№ 1 тапсырма. Сөздердің екінші сыңарын ойланып жаз.
Сақал – мұрт Жеміс - _______
Өзен – _______ Құлау - _______
Көйлек – ________ Апта - _________
Той - _________ Көрпе - ________
№2 тапсырма. Зат не үшін пайдаланылады?
Мысалы: үстел – тамақ, ақын –өлең, балға – шегелеу.
а) Сәйкес сөздің астын сыз.
Көл – (су айдыны, түбі, шомылу)
Мектеп – (сыныптар, оқу , ғимарат)
Тас – (тау, жол, су)
ә) Сәйкес сөзді жаз.
Дәрігер – ________________________________
Кітап – __________________________________
Кеш – ___________________________________
Асхана – _________________________________
IV. Сергіту сәті: Бала, бала, балақан
Қане, созшы алақан
Саусақтарың әйбәт
Былай-былай ойнат.
V. Дәптермен жұмыс:
№3 тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастырып көр.
Кәусар бақшада көкөністер өсірді.

№4 тапсырма. Қосынды тура болатындай үш санды тап. Оларды меңзермен қос.
Үлгі: 576 30 11 353 24 = 940
723 168 38 452 26 = 646
14 70 2 371 913 = 997
421 800 21 236 297 = 739
№
5
тапсырма. Заңдылықты сақтап моншақтан
қатені тап. Артық моншақты сыз.
![]()
![]()
IV. Сабақты қорытындылау.
Күнделікті сабақ жоспары
Мерзімі: 11.02.2014жыл
Сабақ № 21
Сынып: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімге құштарлығын арттыру, білімдерін сарапқа салу арқылы жеңімпаз топты анықтау.
Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулу, ой - өрісін, зейінін дамыту.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу .
Қолданылатын көрнекіліктер: суретті есептер, геометриялық фигуралар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Тірек білім, білік, дағдыларды белсендіру.
«Тез жауап бер» ойынын жүргізу:
-
Жауапты және түсіндіруді қажет ететін сөйлем?
-
Екіге бөлінетін сандар?
-
Сөздердің мағынасын өзгертетін қосымша?
-
Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз табы?
-
Прозадағы шағын әдеби шығарма?
II. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін біздің сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сайыстың аты «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар». Қазір біз сыныпты 4 топқа бөлеміз. Содан соң сендерге әртүрлі тапсырмалар беріледі. Кім тапсырманы дұрыс, әрі тез, тиянақты орындаса, сол топ жеңіске жетеді.
Сыныпты 4 - топқа бөлу
1. Топтардың атын анықтау, таныстыру
1. Логикалық тапсырмалар:
-
Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
-
Айша, Әсем, Жамал үшеуінің әкелері - дәрігер, мұғалім, ұшқыш. Айша мен Әсемнің ұшқыштың қызы еместігі және Әсем мен мұғалімнің қызы екеуі көрші тұратыны белгілі болса, қыздардың әкелері кім?
-
Майра, Камила және Сания үшеуі көк, сары, ақ түсті көйлектер киген.
Майраның көйлегі ақ емес, Камиланың көйлегі ақ та, сары да емес. Қыздардың көйлектерінің түсі қандай?
-
Ойын жүргізу үшін қызыл, көк, қара түсті үш тақия дайындалған. Ержан көк пен қараны кимейтіндігін, ал Ермек өзіне көк тақия жарасатынын, Самат таңдамай - ақ кие беретінін айтты. Балалардың әрқайсысы қандай түсті тақия киді?
2. «Ойлы болсаң, озып көр!»
1-топ:
1.1 кг. мақта ауыр ма, 1кг. темір ауыр ма? (Бірдей)
2.Анаңның әкесі саған кім болады? (нағашы ата)
3.Суда қандай тас жоқ? (Құрғақ)
4.Жердің қақ ортасында не бар? (Е әрпі)
5.Бос ыдыста неше құлпынай бар? (ештеңе жоқ)
2-топ:
1 . Жер бетіндегі ең ақылды, күшті кім?
2. 1дм неше см бар?
3. Геометриялық фигураларды ата?
4. Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек 1-еуі тығылды,1-еуі жығылды.
Қалғаны неше үйрек? (6)
5. Екі ешкінің мүиізі нешеу?
3-топ:
1.Заттарды бір-біріне біріктіргенде қандай амалды қолданамыз?
2.Сен атаңа кім боласың? ( немере)
3.10 асықтың 3-еуін досың сурап алды, айтшы сонда нешеуі қолыңда қалды?
4. Тырна таразы табақшасында екі аяғымен тұрғанда 6кг болды, ал бір аяғымен тұрса неше кг болады? (6кг)
5. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
4-топ:
1.Әкеңнің анасы? (Әже)
2. Заттарды бір-бірінен ажыратқанда қандай амалды қолданамыз?
3. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
4. Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
5. 1 ғасырда неше жыл?
3. Суретті мұқият қара. Түсініп оқы, оның шешуін тап.
Сөредегі кітаптарды ұлы жазушының фамилиясы шығатындай етіп, «Ә» әрпін қозғамай, тек үш кітапты орнын ауыстырып, орналастыр.
У
О
Е
Ә
В
З
________________________
4. Жаңылтпашты дұрыс, жатқа айту.
Әр топқа бір жаңылтпаштан беріледі.
-
Ықылық тиді, ықылық, түйілдім қатты тұтығып,
Ықылық қалды тұтылып, сытылып шықтым құтылып.
-
Қайрақтыда Қайратты қайраттан деп қайрапты.
Қайрат біздің қайратты, құрыш қазан қайнатты.
-
Асан бақша жақтан ақ сабақ асқабақ әкелді,
Басқа жақтан басқарақ асқабақ әкелді.
-
Көк бұйра бір бұлақ тіл қатар былдырлап.
Тастарды ұрғылап, ағады құлдырап.
5. Барлық топқа бірдей тапсырма беріледі.
Сөздердің жүйелілігін көрсетіп цифрмен белгіле.
2 3 1
Үлгі: үстел, жазу үстелі, жиһаз
Қазақ, Қазақстан азаматы, астаналық
Жас өспірім, үздік оқушы, оқушы.
Шөл дала жануары, ақ бөкен, аң
6. Барлық топқа бірдей тапсырма беріледі.
Т
екшелерді боя. Қызыл текше жасылдан төмен, ал сары текше қызылдың
оң жағында орналасқан.



Сайысты аяқтау, жеңген топты анықтау.
III. Сабақты қорытындылау.
Күнделікті сабақ жоспары
Мерзімі: 18.02.2014жыл
Сабақ № 22
Сынып: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Теңдеу құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есептерді теңдеу құра отырып шешу жолын ұғындыру. Сөз есептерге теңдеу құру арқылы шешуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты түрде шапшаң орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды топпен ұйымдаса жұмыс істей білуге, еңбекке баулу.
Қолданылатын көрнекіліктер: суретті есептер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Тірек білім, білік, дағдыларды белсендіру.
«Тез жауап бер» ойынын жүргізу:
-
Үйде балық ұстауға болатын су айдыны?
-
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмайсың?
-
Қандай сұраққа «жоқ» деп жауап бере алмайсың?
-
Ауладағы тауықтардың 10 аяғы бар. Аулада неше тауық жүр?
-
Цирктегі күлдіргіш әртіс?
-
Шанаға жегілетін бір пар жылқы 20 шақырым жүрді. Аттардың әрқайсысы неше шақырым жүрді?
-
Жерден жеңіл көтеріп аласың, бірақ алысқа лақтыра алмайсың?
II. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін сабақта біз сендермен теңдеу құру арқылы есептер шығарамыз.
1. «Ой қозғау»:
- Теңдеудің неше түрі бар? (күрделі, қарапайым)
- Салыстыру, ұқсастығы неде, айырмашылығы неде? (ұқсастығы екеуіде теңдеу, айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады, қара - пайым: тек қана бір амалмен орындалады)
2. «Ойлан, тап!»
- 1кг сары май 360 теңге тұрады. Жарты кг сары май қанша тұрады?
360: 2=180 (жарты, немесе 500г)
х: 5=18
х=18•5
х=90
90: 5=18
18=18
-
Қайсысы ыңғайлы? (әрине теңдеу құрған)
3. «Топпен жұмыс»
І – топ:
Берілгені: Шешуі: 1706 – х = 1009
Бар еді – 1706 қап ұн. х = 1706 – 1009
Қалды – 1009 қап ұн х = 697
Жөнелтілді -? қап ұн 1706 – 697 = 1009
1009 = 1009
Жауабы: 697 қап ұн
ІІ – топ:
Берілгені: Шешуі: 548 – х = 399
Болды - 548т қызылша. х = 548 - 399
Қалды - 399т қызылша. х = 149
Тиеп жіберді -? т қызылша. 548 – 149 = 399
399 = 399
Жауабы: 149т қызылша.
ІІІ – топ:
Берілгені: Шешуі: ( 8 • 5 ) + х = 63
Әр қ. 8 көшеттен - 5 қатар 40 + х = 63
Жиектеді -? көшет х = 63 - 40
Болды - 63 көшет. х = 23
( 8 • 5 ) + 23 = 63
63 = 63
Жауабы: 23 көшетпен жиектеді.
III. Сергіту сәті: «Санамақ құра біл!»
Бір дегенім – білек,
Білсең, білек те керек.
Екі дегенім – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек
4. «Логикалық тапсырма»
Шаршының Р=64см
S1=? см2
S2=? см2 2есе кем
в2=4см
а2=? см
Шешуі: 1) 64: 4=16 (шаршының қабырғасы)
2) 16см•16см=256см2 (шаршының ауданы)
3) 256: 2=128 (тік төртбұрыштың ауданы)
4) 128: 4=32 (тік төртбұрыштың қабырғасы)
Жауабы: S1=256см2, S2=128см2, а2=32см
5. Қызықты есептер.
1. Атасы мен әжесінің екеуінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес неге?
2. Су жағасында тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр. Сонда екі балапан қайда? (2 балапан тауықтікі)
3. Жаңа жыл дастарқанына біздің мектепте 263 дана алма даярланды. Егер мерекеге 86 ұл және одан 2 есе артық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме?
Шешуі: 86*2=172 (қыз)
172+86=258
263 - 258=5
Жауабы: Алма жетеді, 5 алма қалады.
4. Қосындының да мәні, көбейтіндісінің де мәні 6 - ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап. (1, 2, 3; 1 + 2 + 3 = 1 • 2 • 3)
5. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 8 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)
6. 60 және 12 сандарының қосындысы мен көбейтіндісінің мәндерін салыс - тыр. Не байқадың? (60+12=72, 60 •12=720)
7. Жылдамдық 20 км/сағ, уақыт 2 сағ болса қашықтық нешеге тең? (40км)
IV. Дәптермен жұмыс:
1 тапсырма. Заңдылығын анықтап ал. Жазуды жалғастыр.
236801, 368012, .....................
450279, 502749, 027459, .......................
683014, 630148, 601483, ...........................
319547, 731954, 473195, .........................
2 тапсырма. 1 минутта құрылымына сәйкес 10 сөз жаз.
М ... ... М ... ... М ... ... М ... ... М ... ...
М ... ... М ... ... М ... ... М ... ... М ... ...
3 тапсырма. Ойыншықтарды боя.
Екінші және жетінші – көк түске, бірінші мен бесінші – сары, үшінші мен оныншы – жасыл, төртінші мен тоғызыншы – қызыл, ал алтыншы мен сегізіншіні – көгілдір түске боя.

V. Сабақты қорытындылау.
Күнделікті сабақ жоспары
Мерзімі: 25.02.2014жыл
Сабақ № 23
Сынып: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Жеті жұмбақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жұмбақтап берілген есептерді ұсына отырып, оқушылардың есептеудің түрлі жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, есептеу дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: суретті есептер, балықтың суреті.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Тірек білім, білік, дағдыларды белсендіру.
«Тез жауап бер» ойынын жүргізу:
-
Кепкен жүзім?
-
Түтін шығатын қондырғы?
-
Үлкен маңызды жол?
-
Қыста болатын ызғарлы суық?
-
Адамның бетін қарыған аяз?
-
Өзенде қатқан мұздың көктемде еріп, сынып, су ағынымен аққан бөліктері?
II. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін сабақта біз сендермен жұмбақпен берілген есептерді шығарамыз.
№1 тапсырма. Неге ұқсатасың? Шешуін тапсаң, оны суретпен қос.
шам
Артынан қарағандағы піл
Екі үй бірге
Тәтей еден жуды
Қалпақ киген вьетнам велосипедпен
Қалпақ киген адам ескек еседі
№2 тапсырма. Мұқият қара. Шешуін тап.
Жаюлы тұрған кірдің тасасында тек аяқтары ғана көрініп мысықтар отыр. Санап көр. Неше мысық оңға қарап отыр? Нешеуі солға қарап отыр? Барлық мысық қанша?
№3 тапсырма. Цифрлармен жазылған сөздерді жаз және оқы.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Қ с р д а ұ ы з н т
____________________________________________________
169478 .......................... 7472..................................
10587............................. 1053587............................
2537................................ 259510.............................
159510........................... 6879471...........................
107395............................. 15859..................................
№4 тапсырма. Ойлан, тап.
Мен бір сан ойладым, оған 5-ті қостым, сонда 60 шықты. Мен қандай сан ойладым?
-
73-тің ойлаған саннан 23-і артық. Қандай сан ойладым?
-
6-ның белгісіз саннан 39-ы кем. Белгісіз сан нешеге тең?
-
58-дің ойлаған саннан 18-і кем. Қандай сан ойладым?
-
Егер 62 саны ойлаған саннан 27-ге артық болса, ойлаған сан қанша?
III. Сергіту сәті: Көжектерім тұршы, беттеріңді жушы,
Айнаға қарашы, шашынды тарашы.
Киімінді киші, мектепке қарай жүрші
Орныңа отыршы, сабағыңды оқышы.
IV. Дәптермен жұмыс:
№5 тапсырма. Теңдіктер тура болатындай толықтырып жаз. Амалдарды орында.
350 ... ... = 174 638 ... ... = 143 36 ... ... = 180
428 ... ... = 610 520 ... ... = 685 45 ... ... = 180
826 ... ... = 451 275 ... ... = 153 60 ... ... = 180
№6 тапсырма. Қарындашты қағаздан үзбей, бір сызықты екі рет жүргізбей балықтың суретін сал.
№7 тапсырма. Балабақшадағы балаларға ойыншық сатып алу керек. Ойыншықтар біркелкі немесе әртүрлі де болуы мүмкін. Басты шарты – сатып алу құны 1000 теңгеден аспауы керек. Қандай ойыншықтар сатып алуға болады? Әртүрлі жағдайларды қарастырып, теңдіктер жаз.

220 теңге 250тг 180 тг 350тг 150тг 340тг
V. Сабақты қорытындылау.
Күнделікті сабақ жоспары
Мерзімі: 04.03.2014жыл
Сабақ № 24
Сынып: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық өлшемдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Логика пәнін оқытуда оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беруге, қазақтың тұрмыстық салт- дәстүрлері әдеп- ғұрыптары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, өз ұлтына деген мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: суретті есептер, киелі сандар
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Қане, тәртіп сақтайық
Тез есептеп аттайық
Алға қадам басқанда
Батылдықпен аттайық
Тірек білім, білік, дағдыларды белсендіру.
«Тез жауап бер» ойынын жүргізу:
-
Шошайып үйілген шөп?
-
Суда жүзген кезде тұмсығы мекн көзі көрінеді?
-
Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады?
-
Оны майдандастары «Шығыс жұлдызы» деп атады?
-
Абылайдың шын есімі кім?
-
Көздеп ататын жер?
II. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін сабақта біз сендермен ұлттық өлшемдермен танысамыз.
Барлығымыз мұқият тыңдап отырамыз.
I. Қазақша өлшемдер
1 Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері.
2 Азық-түлікке қатысты өлшемдер
II. Қашықтық өлшемдерінің атаулары
1.Өте жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері
2.Жақын деген мағынада
3.Өте алыс
III. Қазақша ұзындық өлшемдері
Сүйем, сынық сүйем, қарыс сүйем,қарыс тұтам, білем шынтақ, қолтық құлаш, табан елі.
Жүру кезіндегі
Адым аттам
IV.Бес саусақты үлкендер қалай атайды
Бас бармақ , сұқ саусақ, ортан саусақ, аты жоқ саусақ шынашақ.
Қазақ халқында жиі қолданылатын сандар.
Қазақ халқы 3,5,7сандарын қасиеттері, киелі сан деп есептейді.Ата-бабаларымыз бұл сандарға ерекше мән берген.
Мысалы: Білімді кісіні жеті жұртың тілін біледі дейді. Қауіп -қатерден аман қалғаны үшін жеті шелпек пісіреді,алыс жолға шығарда жеті тиін садақа жолға тастайды. Жеті қазына, жеті ата,үш қуат,үш би,бес қару т.б. ұғымдар кездеседі.
3 саны
"Үш"сөзін қазақ халқы жиі қолданылады
Мысалы:
Үш жамандық
1.Нақақ қан төгу. 2.Кісі малын нақақ алу. 3.Ата бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш жақын
1. Су анасы -бұлақ. 2 Жол анасы тұяқ. 3 Сөз анасы құлақ.
Үш мұрат
1. Жол мұраты жету.2.Дау мұраты біту. 3.Қыз мұраты кету
Үш тәтті
1.Жан .2.Мал. 3.Жар.
Үш жұрт
Жігіттің үш жұрты бар.
1.Өз жұртты. 2.Қайын жұртты. 3.Нағашы жұртты.
Үш байлық
Денсаулық.Ақ жаулық.Он саулық.
Төрт санының мағынасы
Сөз тіркестері:
1.Дүниенің төрт бұрышы (шығыс,батыс,оңтүстік,солтүстік)
Төрт қонақ түрін атаңдар:
-
Арнайы қонақ. Құдайы қонақ.Қыдырма қонақ.Қығылма қонақ.
Төрт түліктің пірің атаңыз.
-
Түйе пірі -Ойсыл қара,жылқы пірі-- Қамбар ата,сиыр пірі -Зеңгі баба,қой пірі -Шопан ата,ешкі пірі -Шекшек ата.
Төрт қымбат не?
-
Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт- береке атаң қымбат.
Мейрімді анаң қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
5 саны:
Бес дұшпан:
-
Өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ.
Бес асыл:
-
Талап ,еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Бес байлық
-
Әуелгі байлық -денсаулық.
Екінші байлық -еркіндік.
Үшінші байлық -тіл байлық.
Төртінші байлық- қайрат -күш,ақ жаулық.
Бесінші байлық -балаңыз.
7саны:
Жеті жұт:
-
Құрғақшылық,мал жұтау,обо (індет),өрт, соғыс,жел сілкіну,сел.
Жеті ата
-
Әке, бала.немере,шөбере,шөпшек, немене,туажат.
Жеті қазына
-
Ер жігіт,сұлу әйел,ақыл білім,жүйрік ат,құмай тазы,қыран бүркіт,берен мылтық.
Жеті күнді ата(бүгін дүйсенбі,ертең сейсінбі, бірсікүні сәрсенбі,арғы күні бейсенбі,қасиетті күн жұма,соңғы күні сенбі,азына жексенбі).
Жеті жетімге не жатады?
-
Тыңдаусыз қалған сөз жетім,
Қиюсіз қалған бөз жетім .
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысыз қалған ел жетім.
Аққу қазсыз қалған көл жетім
Елінен айырылған ер жетім
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол жетім.
Қазақ халқында мүшел жас деген ұғым бар.Ол 13жастан басталады,соған 12 жылдан қосыла отырып кезеңдерге бөлінеді.
III. Сергіту сәті: Қазым, қазым қанқылда,
Көлде жүзіп саңқылда
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?
Жоқ, жоқ, жоқ кәмпит тәтті болмайт ас.
Арпа менен бидай шаш.
IV. Дәптермен жұмыс:
№1 тапсырма. Төмендегі спорттық бұйымдар кімге тиесілі? Ойлағ көз алдыңа еселтет. Таңдауыңды меңзер арқылы қос.
№2тапсырма. Суретті мұқият қара. Ненің құлағы мен құйрығы? Ойлан, шешуін тап. жануардың атын жаз.
....................... ......................... ..........................
....................... .......................... ..........................
№3 тапсырма. Сөйлемді оқы. Сөйлемде қанша дауысты дыбыс болса, бірінші гүлдің сонша күлтесін боя. Ал қанша дауыссыз дыбыс болса, екінші гүлдің сонша күлтесін боя.
Ырыс алды – ынтымақ.

№4 тапсырма. Суретті мұқият қара. Бірініші мен үшінші суреттің арасында қандай сурет салу керек? Өз ойыңды айтып бер. Суретті толықтырып сал.


№5 тапсырма. Қонжық салмағы 7кг бал салынған күбіні сыйлыққа алды. Ол балдың жартысын жегенде, балы бар күбінің салмағы 4кг тартты. Күбіде неше килограмм бал болған?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қандай екі санның қосындысы көбейтіндісінен кем болады?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қандай екі санның қосындысы көбейтіндісінен артық болады?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
V. Сабақты қорытындылау.
Күнделікті сабақ жоспары
Мерзімі: 11.03.2014жыл
Сабақ № 25
Сынып: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Таң ғажайып алаң.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың пәндер бойынша алған білім деңгейлерін тексеру.
Дамытушылық: Танымдық қабілетін, логикалық ойлауын, тіл байлығын жетілдіру.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: мақал-мәтелдер, 8 конверт, суреттер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Қане, тәртіп сақтайық
Тез есептеп аттайық
Алға қадам басқанда
Батылдықпен аттайық
Тірек білім, білік, дағдыларды белсендіру.
-
Қазақстан, Ресей, Өзбекстан - ?
-
Айнұр, Әсия, Жанат - ?
-
Етік, бәтеңке, туфли - ?
-
Жайық, Іле, Арыс - ?
-
Дәрігер, құрылысшы, ұшқыш - ?
-
Сағат, минут, секунд - ?
II. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін сабақта біз сендермен «Таң ғажайып алаң» атты сайыс жүргіземіз. Сайыстың таң ғажайып алаң деп аталу себебі, сайыстағы тапсырмалар әртүрлі пәндерді қамтиды. Сайысқа барлық оқушылар қатысады.
Көңілді тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
1-кезең. «Жорға»
1-оқушыға:
1. ҚР Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
2. Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Жыл мезгілдерін ретімен ата. (Қыс, көктем, жаз, күз)
2-оқушыға:
1. Мысықтың неше аяғы бар? (4)
2. Мал жайылатын орын? (Өріс)
3.Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын дыбыс? (У)
3-оқушыға:
1. Сөйлем неден құралады? (Сөзден)
2. ҚР рәміздерін ата (Гимн, Ту, Елтаңба)
3. Күз айларын ата (Қыркүйек, қазан, қараша)
4-оқушыға:
1. Бағдаршамның неше көзі бар? (3)
2.Тұңғыш ғарышкер кім? (Юрий Гагарин)
3. Түйенің сүті? (Шұбат)
5-оқушыға:
1. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)
2. Ауаның температурасын өлшейтін құрал? (Термометр)
3. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
6-оқушыға:
1. Мемлекеттік Туда қандай құс бейнеленген? (Қыран)
2. Ғарышкерлер киімі қалай аталады? (Скафандр)
3. Адамның бір қолында неше саусақ бар? (5)
7-оқушыға:
1. Жылқының сүті? (Қымыз)
2. Қандай сөздер бас әріппен жазылады? (Кісі, жер-су аттары)
3. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (Дауысты және дауыссыз)
8-оқушыға:
1. Бір таңбалы сандарды ата. (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9)
2. Шөлге шыдамды жануар? (Түйе)
3. Алфавиттегі таңбаларды ата (ь,ъ)
ІІ кезең. «Ойлан, тап!»
Сегіз конверт қойылады.
1) Оқушылар конвертте қиылған суреттерді құрастырады.
2) Сол заттың атын қағазға жазады.
3) Дыбыстық талдау жасайды.
ІІІ кезең. «Жеті жұрттың тілін біл»
Әр оқушыға 1 жұмбақтан жасырылады. Жұмбақтың шешуін қазақ және орыс тілінде айтуы тиіс.
1) Мұртын сипап күн бойы,
Бетін сусыз жуады.
Тырсылды аңдып күн бойы,
Тышқанды көп қуады. (мысық - кошка)
2) Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса, аттама (Кітап-книга)
3) Аяғы бар жүрмейді,
Аузы бар күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді. ( қуыршақ - кукла)
4)Айдалада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау. (Жұмыртқа - яйцо)
5) Әрі қызыл, әрі тәтті,
Жеген жанды таңырқатты. (Алма - яблоко)
6) Қаймықпайды күштi аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. ( Пiл - слон)
IV кезең. «Сандар әлемі»
Әр оқушыға жеке тапсырмалар беріледі.
Дұрыс жауап-1 ұпайдан
6 + 3 = 3 + 7 = 3 + 4 =
5 – 2 = 7 – 2 = 10 – 6 =
4 + 3 = 10 – 4 = 5 + 2 =
VI. Мақалдың жалғасын тап.
1.Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
2.Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
3.Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің наны тәтті.
4.Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
5.Мектеп - кеме,
Білім - теңіз
6.Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
Қорытынды: Жеңімпазды анықтау, дипломдар мен сыйлықтар табыс ету.
Күнделікті сабақ жоспары
Мерзімі: 18.03.2014жыл
Сабақ № 26
Сынып: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Кім тапқыр?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың логикаға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу. Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылыққа баулу..
Қолданылатын көрнекіліктер: мақал-мәтелдер, кесте
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басты иіп бәріміз
Тірек білім, білік, дағдыларды белсендіру.
«Ол не?» ойынын жүргізу.
-
Құйқылжытып дала күйін, үй ішіне салады үйін
-
Қал десем – қалмайды, жұмсасам – бармайды.
-
Қолы жоқ, сурет салады, тісі жоқ, тістеп алады.
-
Тақиям толған сөк, ерте тұрсам жоқ.
-
Тиіп кетсе ән салған, дауысына ел тамсанған.
II. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін сабақта мен «Кім тақпыр?» атты сайыс жүргізбекпін.
Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер - деп сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін:
1. Логикалық есептер
2. Мақал –сөз мәйегі
3. Ойлан, тап.
4. Математикалық жұмбақтар
5. Қорытынды
Мұғалім: Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз - деп, білім сайысында логикалық есептер шығарамыз.
1 кезең. Логикалық есептер.
1. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)
2. 1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? (Бірдей )
3. 4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп сыз. Сонда қандай сан шықты? (2 105)
4. Сандар қатарындағы келесі санды тап? 20, 21, 23, 24, 26, 27, … (29)
5. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір-бірден). Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады? (16)
6. Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (17)
7. Көл тоғанды қырға бар
Келіп қонды тырналар.
Жұптан қонып сол жерде
Отыр екен он жерде
Санап берші тырналар
Қанша болды ол жерде? (20)
Мұғалім:
Ал, балалар, балалар
Мақал –мәтел айтайық.
Қиындыққа қайыспай
Асулардан асайық –деп, берілген мақалдарды жалғастырайық демекші, сайысымыздың 2 кезеңін бастайық.
2-кезең. Мақал – сөз мәйегі.
1. Бір тал кессең.....( он тал ек).
2. Жеті рет өлшеп..... (бір рет кес)
3. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
4. Отыз тістен шыққан сөз, ....( отыз рулы елге тарайды)
5. Екі құзғын таласса, ....(бір қарғаға жем болар)
6. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
7. Алтау ала болса ауыздағы кетеді...(
Мұғалім:
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек - деп, сайысымыздың «Ойлан, тап!» атты кезеңін бастайық
3-кезең. Ойлан, тап!
Тапсырма: кодталған сөздерді шеш. Сөйлемдерді оқы және жаз.
|
А |
Ә |
Б |
В |
Г |
Ғ |
Д |
|
Е |
Ё |
Ж |
З |
И |
Й |
К |
|
Қ |
Л |
М |
Н |
Ң |
О |
Ө |
|
П |
Р |
С |
Т |
, |
У |
Ұ |
|
Ү |
Ф |
. |
Х |
Һ |
Ц |
Ч |
|
Ш |
Щ |
Ъ |
Ы |
І |
Ь |
Э |
|
Ю |
Я |
- |
- |
! |
? |
: |
6 (5,5) (4,4) (5,2) (2,5) (5,2) - (1,7)
5 (2,1) (6,4) (2,5) (4,2) (1,3) (4,5)
4 (5,2)
3 _________________________
2
1 ә) (1,7) (3,4) (1,7) (4,4) (1,7) (3,4)
(4,2) – (4,5) (1,7) (4,5)
1 2 3 4 5 6 7 __________________________
Мұғалім: оқушылар тапсырманы орындағанша біз көрермендермен сұрақ-жауап ойынын жүргізейік:
1) Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді. (апта күндері)
2) Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай. (натурал сандар)
3) Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 минут ұшты, ал қайтарда сол жылдамдықпен 90 минут ұшты. Бұл қалай? (1сағ 30мин=90 мин)
4) Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км шауып өтті. Әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты? (15км/сағ)
5) Тоғайда 10 қырғауыл отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (екеуі)
6) 10 центнер темір ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма? (тең)
7) 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап. (307)
Мұғалім:
Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен –деп “Математикалық жұмбақтар” .
сайысында кім жылдам қол көтерсе сол оқушы жауап береді.
4 – кезең. Математикалық жұмбақтар.
1. Бес ін, бес іннің аузы бір ін? (қолғап)
2. Жүз төрт түйме, он бір ине?(есепшот)
3. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар(киіз үй)
4. Шекер жейтін аққұтан
Бір қазыққа байланды
Аузына тістеп шекерін
Ол қазықты айланды (циркуль)
5. Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз (цифр)
6. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап? (х)
III. Қорытынды. Жеңімпазды анықтау, марапаттау.
Күнделікті сабақ жоспары
Мерзімі: 01.04.2014жыл
Сабақ № 27
Сынып: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Логикалық есептер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды логикалық есептермен таныстыру, олардың шешу жолдарын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлауын тереңдету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: суретті есептер, таяқшалар
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басты иіп бәріміз
Тірек білім, білік, дағдыларды белсендіру.
«Ойлан, тап?» ойынын жүргізу.
-
Қыста су неге айналады?
-
Кемелердің тұрағы?
-
Пойыздар неге темір жолмен жүреді?
-
Бос ыдыста неше жаңғақ бар?
-
Тісі көп, бірақ тамақ жемейді?
-
Сеппейді, отырғызбайды бірақ өздері өседі?
-
Жүннен тоқылған тқсеніш?
II. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін сабақта біз сендермен логикалық есептер шығарамыз.
№1 тапсырма. Логикалық жұмбақтар.
1. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке
Мықты болсаң, қанша екен тез есепте
Алдында екеу, екеу келеді артында
Екі - екіден келеді қос бүйірде.
(4)
2. Табақтағы жемісті
Былай ғана бөлісті
Екі анасы, қос баласы
Әжесі мен немере
Бір - бірден тиді алмасы
Айтшы қанша жан басы?
(Әжесі, шешесі, немересі)
3. Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуге тиіс еді. Бөлме саны 100 болса, қанша рет «9» санын жазу керек? (19 рет)
4. Біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы, ол әрбір жарты сағатта 1 рет, толық сағат санын сол уақытта көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда тәулігіне неше рет соғады? (204 рет)
5. 12 жылдың мүшел аттарын ата? (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)
6. «3» цифрын 3 рет пайдаланып ең үлкен санды жаз. (333)
7. «1» цифрын 4 рет пайдаланып ше? (1111)
9. «1» цифрын 5 рет амалдар таңбасын пайдаланып 100 - ді қалай жазуға болады? (111 - 11=100)
10. «2» цифрын 3 рет қолданып 1 - ді ше? (2 - 2: 2=1)
№2 тапсырма. Суреттегі заттардың атауларын жаз.
Соңғының алдындағысын – қызыл, оң жақтан үшіншісін – көк, сол жақтан біріншісін – қоңыр, ал қызылдың оң жағындағыны жасыл түске боя.

....................... .................. ......................... ....................
№3 тапсырма. Фигуралардың суретін сал.
Үшбұрыш ортада, үшбұрыштың сол жағында шаршы, үшбұрыштан жоғары тік төртбұрыш, үшбұрыштан төмен дөңгелек, ал шаршының астында сопақша, тік төртбұрыштың үстінде бесбұрыштың суретін сал.

III. Сергіту сәті: Көжектерім тұршы, беттеріңді жушы,
Айнаға қарашы, шашынды тарашы.
Киімінді киші, мектепке қарай жүрші
Орныңа отыршы, сабағыңды оқышы.
№4 тапсырма. Суретті мұқият қара. Үш шаршы шығатындай етіп, төрт таяқшаның орнын ауыстыр.
![]()
![]()
_______________________
№5 тапсырма. Логикалық сұрақтар.
1. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
2. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста. Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )
4.. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
5. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)
6. Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
7. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
8. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
9. Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
10. Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1 - ге ғана бөлінетін сандарға)
11. Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады? Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)
12. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)
13. Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады. Мысалы. 1/2 )
14. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)
IV . Сабақты қорыту.
Күнделікті сабақ жоспары
Мерзімі: 08.04.2014жыл
Сабақ № 28
Сынып: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы сөзжұмбақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды жұмбақтап берілген есептерді шығару жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлауын тереңдету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: суретті есептер, кесте
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басты иіп бәріміз
Тірек білім, білік, дағдыларды белсендіру.
«Ойлан, тап?» ойынын жүргізу.
-
Тышқанның ұнататын тамағы?
-
Тақтаға немен жазады?
-
Үйге кірген және шыққан адамдарға қолын береді?
-
1 сағатта қанша минут бар?
-
Қандай әріптер сөздің басында жазылмайды?
-
Ханның бас киімі?
-
Ең кіші төрт таңбалы сан?
II. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін сабақта біз сиқырлы сөзжұмбақ тақырыбына байланысты тапсырмалар орындаймыз.
№1 тапсырма. Суретті мұқият қара. Жетіспей тұрған бөлшектерінің суретін сал.
![]()
![]()
![]()
№2 тапсырма. Ойланып, жаз. Бір сөзбен қалай айтуға болады?
Жалғыз, сыңар, жеке, дара - ...................................
Егіз, қос, пар, жұп - .................................................
№3 тасырма. Суретті мұқият қара. Автобус, жүк машинасы, ұшақ және тік ұшақты меңзермен сызып орналастыр.





III. Сергіту сәті: Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
№4 тапсырма. Әдеби шығармалардың атын толықтырып жаз.
Бәрінен де ........................................................................................
Ағайынбыз ......................................................................................
Қайдан келдің .................................................................................
Кітап ...............................................................................................
Кел, балалар, ..................................................................................
Менің атым - ...................................................................................
Ақылшым - .....................................................................................
№5 тапсырма. Графикалық диктант.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
IV . Сабақты қорыту.
Күнделікті сабақ жоспары
Мерзімі: 15.04.2014жыл
Сабақ № 29
Сынып: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Екеулеп жауап бер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін жетілдіру, логикалық есептерді шешуге дағдыландыру, шығармашылық ізденістерін ұштау.
Дамытушылық: Логика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіруге жағдай жасау.
Тәрбиелік: Оқушыларды тез шешім қабылдауға, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: суретті есептер, кесте
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басты иіп бәріміз
Тірек білім, білік, дағдыларды белсендіру.
«Ойлан, тап?» ойынын жүргізу.
-
Бір сиырдың аяғы, құйрығы, мүйізін бірге санағанда барлығы нешеу?
-
Мен және сен, біз екеуміз, сонда біз қаншамыз?
-
Жылдың ең қысқа айы?
-
Біреуі сөйлейді, екеуі көреді және екеуі тыңдайды. Ол не?
-
Тісі күнде өсетін жануар?
-
Алма ағашында өсетін жеміс?
II. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін сабақта біз «Екеулеп жауап бер» тақырыбына байланысты сайыс өткіземіз.
Бүгінгі сайысқа қатысушы топтар:
І топ: «Арифметика»
ІІ топ: «Логика»
Сайыстың шарттары:
І. Танымдық сайыс
ІІ. «Сөз тапқанға...»
ІІІ. «Ойлан тап»
IV. «Мені түсін»
V. «Кім жылдам?».
Мұғалім: Сайысымыздың І бөлімі «Танымдық сайыс». Әр топқа жеке – жеке сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.
І. «Танымдық сайыс»
«Арифметика» тобы:
1. Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
2. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
3. Бір айда 5 жексенбі бола ма?
4. Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?
5. Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
6. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
7.Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек?
«Логика» тобы:
1. Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
2. Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
3. Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?
4. Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
5. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
6. Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?
7. Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
ІІ. «Сөз тапқанға...»
«Арифметика» тобы:
/ М, Б, Е әріптері/
1. «Математиканы білмесең, дұрыс өмір сүрмейсің» - деген пікірге не айтасыз?
2. Математиканы жақсы меңгеру үшін адамға не қажет?
3. Сенің жақын құрбыңның жасы нешеде?
4. Дүкенге барған кезіңде неше теңгеге сауда жасайсың?
5. Сенің жан досыңның аты кім?
6. Аспаннан қанша жұлдыз көріп тұрсың?
7. Сенің қанша досың бар?
«Логика» тобы:
/Т, К, Ж әріптері/
1. «Матеатика – ғылымдар патшасы» дегенді қалай түсінесің?
2. Математикадағы қандай сандар туралы не ойлайсыз?
3. Геометриялық фигуралардың бірін ата.
4. Компьютерде жұмыс жасай аласыз ба?
5. Сенің ойыңша ең үлкен қай сан?
6. Математика ғылымы туралы өзіңіздің пікіріңіз қандай?
7. Математика ғылымы сені қызықтыра ма?
ІІІ. «Ойлан тап»
Мұғалім: Сайысымыздың келесі бөлімі «Ойлан тап». Бұл сайыста сіздер ұпай саны көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы арнайы сұрақтарға жауап берулеріңіз керек. Егер жауап бере алмай қалсаңыздар, қалған топтар жауап береді. Ұпай сол жауап берген топқа беріледі.
Математикалық жұмбақтар:
10 ұпай. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. /сызғыш/
30 ұпай. Дүниеге тұмсықсыз – ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі. /Қарындаш/
50 ұпай. Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ.
Шиыр – шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. /Қалам/
Әртүрлі (20ұпай)
Бейне сұрақ. Сіздерге кішкентай бүлдіршіндеріміз Гүлнұр, Қымбат сұрақ қояды.
1. Алманың жартысы неге ұқсас?
2. Үш ағайындының жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз.
3. Ұпай сіздікі.
IV. «Мені түсін»
Мұғалім: Сайысымыздың келесі бөлімі «Мені түсін». Бұл бөлім бойынша сіздер өздеріңіз таңдап алған бетте жазылған сөздерді іс – қимыл арқылы бейнелеулеріңіз қажет.
/ сызғыш, циркуль, транспортир, шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш, принтер, математика – 5, шар, дөңгелек, сан/.
V. «Кім жылдам».
Мұғалім: Сайысымыздың соңғы бөлімі «Кім жылдам». Экранда, өздеріңіз көріп отырғандай, әртүрлі сандар (1 – 52 дейінгі) жасырылған. Сіздердің міндеттеріңіз – осы жасырылған сандарды рет ретімен іздеп табу. 1 минуттың ішінде ізделінді сандарды рет – ретімен тауып, белгілеп шығады.
ІІІ. Қорытынды. Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау.
Күнделікті сабақ жоспары
Мерзімі: 22.04.2014жыл
Сабақ № 30
Сынып: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Білім биржасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: тест, геометриялық фигуралар, кесте.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Қане, тәртіп сақтайық
Тез есептеп аттайық
Алға қадам басқанда
Батылдықпен аттайық
Тірек білім, білік, дағдыларды белсендіру.
-
Темір жана ма?
-
Балық жүзе ме?
-
Қоян ұша ма?
-
Торғай жүгіре ме?
-
Ұл бала нан жей ме?
-
Қарағайда алма өсе ме?
-
Тоңазытқыш сорпаны жылыта ма?
II. Жаңа сабақ.
- Балалар бүгінгі біздің сабағымыз топтық ойын түрінде өтеді. Бүгін біз логиканың қыр - сырымен танысып, көңілді демалып, білімге деген құштарлығымызды ортаға саламыз /ойын мақсатымен таныстыру/
Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Логика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Ортаға 1 топ - төртбұрыш, 2 топ - үшбұрыш, 3 топ - шаршы топтарын ортаға шақырамыз.
І кезең. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)
«Төртбұрыш» тобы
Төртбұрыш деп қарама - қарсы қабырғалары тең болатын, төрт бұрышы, төрт төбесі, төрт қабырғасы бар фигураны айтады.
«Үшбұрыш» тобы
Үшбұрыш деп бір жазықтықта жатпайтын, үш төбесін кесінділер қосатын, үш бұрышы бар фигураны айтады.
«Шаршы» тобы
Шаршы деп барлық бұрыштары тік, барлық қабырғалары тең болатын тік төртбұрышты айтады.
ІІ кезең. «Бәйге» (Әр топ 1 минут ішінде 1 сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер «келесі» деп жауап бересіздер)
«Төртбұрыш» тобына.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
4. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек
5. Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
6. Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
«Үшбұрыш» тобына
1. Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?
2. Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
3. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
4. Марат кешкі сағат 10 - да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 – ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?
5. Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
6. Немере атасынан: "Жасың нешеде? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?
«Шаршы» тобына
1. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
2. Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
3. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
4. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
5. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
6. Асханаға 50 кг пияз және одан 30 - ы артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (80 кг)
7. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
ІІІ. кезең. Математика сиқыры
Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір - бірден кезекпен оқушылар шығып орындап отырады.
( 13 + 22 ) - 20 25 + х = 41 + 12 15 + 22 + 5 + 18
(33+4)- 30 45 - х=100 - 60 21+35+9+25
IV кезең. Жалғасын тап
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
Y. кезең. Ғажайып әлем
Ұяшықтардағы сандарды таңдау арқылы берілген ойын есептерді шығару.
20 ---- 20 ---- 20
30 ---- 30 ---- 30
40 ---- 40 ---- 40
Сол жақтағы 20. (әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен логикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі: маған екі балық, саған бір балық тағы солай қайталап, он рет айтады. Сонда түлкіге неше, қасқырға неше балық тиесілі?
Жауабы: Ең көп балықты түлкі алды - 20, 10 балыққа артық.
Ортадағы 30.(әзіл есеп) «Қу түлкі»
Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т. с. с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.
Жауабы: 7 балық
Оң жақтағы 40. “Алма жинау”
Айдос 15 алма, ал Айна одан 5 - еуі артық терді. Олар барлығы неше алма жинады?
Жауабы: 35 алма
Сол жақтағы 30.
Ең алғаш мектеп ашқан кім?
Жауабы: Ыбырай Алтынсарин
Ортадағы 30.
Оңынан бастап оқысаң да, солынан бастап оқысаң да сол сан
Жауабы: нөл
Оң жақтағы 20.
Математикалық амалдарды ата
Жауабы: қосу, азайту
Сол жақтағы 40.
Қосудың компоненттерін ата
Жауабы: қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні
Ортадағы 40.
Азайту амалдарының компоненттерін ата
Жауабы: азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні
VI кезең. «Кім озып келер?»
Геометриялық фигуралардың периметрін, белгісіз қабырғасын есепте.
«Төртбұрыш» тобына.
Ұзындығы 5см, ені 3 см болатын төртбұрыштың периметрін табыңдар.
Р = 5см+5см+3см+3см=16 см
«Үшбұрыш» тобына.
Үшбұрыштың бір қабырғасы 6 см, 3см, периметрі 18 см. Үшбұрыштың белгісіз қабырғасын тап.
Шешуі: 18 – (6+3)=9 (см) Жауабы: 9 сантиметр
«Шаршы» тобына.
Қабырғасы 4 см болатын шаршының периметрі 16 см. Шаршының белгісіз қабырғасын тап:
Шешуі: 16 - (4+4+4) =4 (см) Жауабы: 4 сантиметр
Тест I нұсқа
1. Сәйкес өрнекті тап: 54 пен 26 - ның қосындысынан 20 - ны азайт
а. (54 - 26) - 20
ә. (54+26)- 20
б. (54+26)+20
2. Осы суреттен жоқ фигураны тап.
а. дөңгелек
ә. Шаршы
б. үшбұрыш
3. Чебурашка дүкеннен 4 бірдей дәптер сатып алды. Неше теңге төледі?
а. 60тг
ә. 20тг
б. 15тг
4. Керекті таңбаны қой: 25+56* 54 - 13
а. «»
б. «=»
5. Арманда 8 дәптер, Мараттың одан 11 - дәптері артық. Маратта қанша дәптер бар?
а. 21
ә. 18
б. 19
Тест II нұсқа
1. 18 - 12 өрнегінің мәнін тап:
А) 6
В) 15
С) 4
2. Ең үлкен бір таңбалы санды тап:
А) 2
В) 9
С) 10
3. 43+35 өрнегінің мәнін тап:
А) 53
В) 70
С) 80
4. Ерболдың 15 шары болды. Ол жетеуін досына берді. Ерболда неше шар қалды?
А) 12
В) 8
С) 6
5. Суретте неше шаршы бар?
А) 5
В) 4
С) 6
ІІІ . Сабақты қорытындылау.
-
Оқушылардың ұпай саны есептеліп, жеңімпаз топ анықталады. Сайыс сабаққа белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген