Материалдар / Логика әлемі Бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Логика әлемі Бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен "Логика әлемі" атты таңдау пәнінің бағдарламасы ұсынылған. Бастпуыш сынып мұғалімдеріне қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2018
1847
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









БАҒДАРЛАМА



Логика әлемі

жалпы орта білім беретін мектептің

1-сыныбына арналған













Құрастырған: Шаймерденова Салтанат Макимовна,

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы,

Шідерті орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі






Т ү с і н і к х а т

6-7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші сыныпқа арналған «Логика әлемі» арнайы курс бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер бастауыштың математикалық білімінің жаңа мазмұнын жасаудың, онымен үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын және ұйымдастыру түрлеріндегі математикалық сауаттылықты анықтаудың қажеттілігін көрсетеді. Осыған орай бүгінгі күн талабына сай даярланған, көзі ашық, білім дәрежесі жоғары, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру үшін сапалы білім беру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. «Логика әлемі» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.

«Логика әлемі» курсы 1 сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі:

аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат жүктеме берілген. 
Бірінші сыныпқа арналған арнайы курс «Логика әлемі» дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындау үшін қажет пайымдау жасау, ой қорыту білігін қалаптастыру бойынша жұмысты жалғастырады. Тапсырмалардың мазмұны бірінші сынып оқушыларына математиканы оқыту әдістемесін дамытудағы қазіргі тенденцияларды ескере отырып құралған жаттығулар жүйесіне негізделген. 
Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді. 
Оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. «Қызықты есептер» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып—үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі. 
Көңілді жаттығулар, викториналар, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді. 
Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған. 
«Қызықты есептер» арнайы курс бағдарламасында келесі тапсырмалар түрлері енгізілген: 
-геометриялық мазмұндағы және кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар; 
-заңдылықтарды, реттілікті анықтауға арналған тапсырмалар; ; 
-өзара-бірмәнді сәйкестік; 
-дидактикалық ойындар; 
-логикалық есептер; 
-қызықты жаттығулар; 
-көңілді жаттығулар (блиц-әртүрлі тапсырмалар); 
-математикалық ертегілер;
санамақтар

;

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Математикалық ұғымдар мен іс - әрекет тәсілдерін оқып үйрету және білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

- Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту;

- Ауызша және жазбаша кестелік қосу, азайтуды үйрету;

- Кестелер, тірек сызбалар арқылы жұмыс істеуді меңгерту;

- Шығармашылық тапсырмалар арқылы балалардың логикалық ойын дамыту;

Бағдарламаны оқудағы білім, білік дағдылары

Білу:

- Заттарды санай білу

- Қайсысы артық немесе кем екенін айта білу;

- Заттар тобын көз мөлшермен санау арқылы және сәйкестендіру арқылы салыстырту;

- Геометриялық фигуралардың атауларын білу;

- Есепті шеше білу;

- Логикалық тапсырмалармен жұмыс жасай алу;

Қолдана алу:

- ауызша және жазбаша есептеуді талдау ;

- өз бетінше есептің қысқаша шартын жазу;

- математикалық терминдерді қолдана алу;

- геометриялық фигураларды ажырату

Күтілетін нәтиже:

- Бағдарламаны оқыту барысында заттарды санауды игеру;

- Қосу, азайтуды, жазуды, оқуды, салыстыра отырып талдау;

- Геометриыялық фигураларды бір – бірінен ажырату;

- Қосу мен азайтудың қасиеттерін дәлелдеу;

- Логикалық есептерді шешудің жолын табу;

Бағдарламаның мазмұны

Қарапайым түсініктер (5 сағат) Математика курсының негізгі обьектісі сан және олармен орындалатын арифметикалық амалдарды оқытып үйретуге арнайы және жүйелі дайындық жұмысы жүргізіледі.

1 – 10 көлеміндегі сандар (5 сағат) Оқытып үйретудің маңызды міндеті – сан және цифр жайында түсінік қалыптастыру, осыған орай сандардың атауларын және олардың сәйкес цифрлармен белгіленетіндігін игерту, цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру. Санның атауын оқушылар естиді және айтады, ал цифрды көреді және жазады. Жаңа санды бұрыннан белгілі ысандармен салыстыру, ең кіші бір таңбалы және ең үлкен бір таңбалы санды анықтау;

Математикалық ертегілер (3 сағат) Оқушылардң ой қиялын шығармашылығын дамыту; Өз қиялынан оқиғалар құрастыруға бейімдеу;

Көңілді санамақтар (2 сағат) Санамақтар арқылы оқушылардың тілдерін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру;

Ойлан, тап (1 сағат) Баланың қызығушылығын, ынтасы мен ықыласын туғызып белсенділігін арттырады;

Қосу, азайтуға байланысты көңілді есептер (2 сағат) Ойын элементтері мен қызықты ізденіс сәттерін тиімді қолдану қажеттігін туғызу, өзіндік іс - әрекетке, ақыл ойының дамуына түрткі болады;

Кестелік қосу мен азайту тақырыбына арналған ойындар (2 сағат) Дидактикалық ойындар арқылы баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыру.

Тест (1 сағат) Оқытудың негізгі нәтижелерін тиянақтап, бекіте түседі және олардың қай деңгейде игерілгендігін анықтауды жүзеге асырады;

Қызықты тапсырмалар (2 сағат) Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түседі.

Геометриялық фигуралар сыр шертеді (2 сағат) Заттың пішінін бағамдау геометриялық фигураларды ажыратуға, бөліктерге бөлу, бөліктерден фигура құрау, топтау көзделінеді;

Жұмбақ есептер (2 сағат) Жұмбақ есептер арқылы қызықтырып, зейінін қалыптастыру;

Өрнектер (1 сағат) Санды өрнектер мен әріпті өрнектерді ажырату, есептеуге машықтандыру;

Математикалық жаңылтпаштар (1 сағат)

Логикалық есептер (2 сағат) Есеп ұғымының бір мәнді белгісін оқушыларға аңғартатын жұмыс түріне жатады. Логикалық ойлау қабілетін арттырады.

Теңдеулер шешу (1 сағат) Белгісіз санды табуға, теңдеуді шешуғе дағдыланады.

Толық ондықтар. Жүз тақырыбына арналған ойындар (1 сағат) Толық ондықтардың құрамын есте сақтау, есептеу дағдыларын қалыптастыру.









































Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1. Қызықты математика Алматы кітап 1998. . 
3. «Сказочные задачи» 1 сынып О.В.Лысова, О.В.Кутянина 
4. Математика және информатика журналы 2002, № 6. 
5. «Қызықты математика» Ә.Б.Ақпаева,Л.А.Лебедева, В.В.Буровова «Алматыкітап» 2011ж. 
6. «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар» 
Ш.Х.Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева «Атамұра» 1997ж. 
7. «Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар» Т.К.Жикалкина,. Алматы «Рауан» 1992ж.

































«Логика әлемі» факультативтің жоспары

Аптасына 1 сағаттан, барлығы 33 сағат

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Заттарды санау

1

6.09

2

Заттарды салыстыру

1

13

3

Біріктіру және бөліп алу

1

20

4-5

Қарапайым түсініктер тақырыбына дидактикалық ойындар

2

27

4.10

6-8

1-10 көлеміндегі сандар

3

11,18,25

9-10

«Он көлеміндегі сандар» тақырыбына арналған ойындар

2

8.11

15

11-13

Математикалық әлемі туралы ертегілер

3

22,29,6.12

14-15

Көңілді санамақтар

2

13,20

16

Ойлан, тап!

1

27

17-18

Қосу және азайтуға көңілді есептер

2

10.01

17

19-20

«Кестелік қосу мен азайту» тақырыбына арналған ойындар

2

24,31

21

Тест

1

14.02

22-23

Қызықты тапсырмалар

2

21,28

24-25

Геометриялық фигуралар сыр шертеді

2

7.03

14


26-27

Жұмбақ есептер

2

4.04,11

28

Өрнек

1

18

29

Математикалық жаңылтпаштар

1

25

30-31

Логикалық есептер

2

2,2

32

Теңдеулер шешу

1

16

33

«Толық ондықтар. Жүз» тақырыбына арналған ойындар

1

23





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!