400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Логика" жарыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық жұмыс істеуге тез ойлануға дағдыландыру,жетістігін бағалай білуге,қарым-қатынасты күшейтуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Психология


Сабақтың тақырыбы: Логика

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі:  Жарыс түрінде

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік.Өткен тақырыпты қайталап,жаңа тақырыппен таныстыру.

2.Тәрбиелік:Ұлттық салт-дәстүрег тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Шығармашылық жұмыс істеуге тез ойлануға дағдыландыру,жетістігін бағалай білуге,қарым-қатынасты күшейтуге үйрету.

Көрнекілігі: таратпа жұмыстары, сөзжұмбақ,  сызбалар.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, сызу, тарих, геометрия.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар екі топқа бөлу.

Топқа ат беру. «Білімділер», «Алғырлар»

Уй тапсырмасын тексеру.

«Менің болашақ мамандығым»шығарманы талқылау.

Жаңа сабақтың мақсаты.Логика ғылымымен таныстыру.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Логика дегеніміз не? Кіріспе Логика гректің «логос» (ой, сөз, ұғым) сөзінің «лог» деген түбіршегі және «ика» жұрнағы екеуі кірігіп құрмаласуынан жасалған біріккен сөз болып табылады. Сонда логиканы ойқисындама немесе ой өнері, ой тану деп сөзбе-сөз аударуға болады. Біз логика деген ұғымға сананы дамытушы құрал немесе жақсы дамыған ақыл-ой деген анықтама берер едік. Бірақ логика сөзінің тарихы ғылыми тұрғыдан тереңде жатыр.логика тек жақсы әрі тез деген ұғымдармен шектелмейді. Оның әлі зерттелмеген дүниесі көп. Логика – объективті дүниенің, шындықтың даму заңдарын бейнелеу. Логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланысын көрсетеді. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен Логика таным теориясымен де байланысады. Логика философияның да негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия «оймен басталып, оймен жалғасады», сондықтан оны кейде «ойлау туралы ойлау» деп анықтайды.Логиканың алғашқы тарихи нұсқасын ежелгі грек философы Аристотель жасаған. Аристотельдің логикалық идеяларының сақталуына, мән-мағынасының ашылуы мен тарихи жалғасын табуына ортағасырлық философтар әл-Фараби, ибн Сина, ибн Рушдтың сіңірген еңбегң зор. Аристотельдің дәлелденбейтин пікір индукция туралы ілімін әл Фараби жүйелі түрде дамытты. Шығыс зерттеушілермен қатар Батыс ғалымдары да логика мәселесімен көп айналысты. Ерте дәуір ойшылдарының салып кеткен сара жолын қазақ әдебиетінің ірі өкілі, хан Абылайдың кеңесшісі дана адам Бұқар жырау жалғастырды.Болашаққа көз жүгірте отырып, алда күтіп тұрған оқиғаларды ақыл-оймен айта білген Бұқар жырау нағыз дана адам болған Логика қалтарыста жол табу формасы екенін Бұқар жырау дәлелдеді. Жалпы алып қарағанда Логика ол – өмір сүру формасы, лгика ол стратегия.«Логика өнері – интеллектінің кемеліне келуіне жағдай туғызатын, адамды ақиқат жолға бағдарлайтын заңдар жиынтығын үйрететін пән».Әбу Насыр әл-Фараби Өркениеттің ең маңызды міндеті – адамды ойлай білуге оқытып, үйрету – деп Томос Эдисон анықтама береді. «Ойын жоқ мектеп адам миын кептіріп жүрегін жүдедетін ең зеріктіргіш «қазыналық» енжар мекемеге айналады», - десе В.А. Сухомлинский.Кел балалар ойнайық.Ойналық та, ойлайық! – деген қазақы ғибарат сөз ойынның маңызының қаншалықты зор екенін білдірмей ме?Жалпы қазақ халқы ойға жүйрік қой. Осыны тағы бір дәлелдейікші. Оның үстіне логикалық тапсырмалар адамды ширатып телпіндірмей ме? Ендеше іске сәт! Тапсырмаларды шешу барысында кімнің ойы жүйрік екенін байқаймыз. 

І. Ширату сұрақтары

1.Қонжықтың 3 банка балы бар еді. Ол бір банкадағы балын жеп алды. Неше банка қалды?

2.Бір жұмыртқаны пісіру үшін 10 мин уақыт керек. Ал 3 мұмыртқаны пісіру үшін қанша уақыт керек?

3Ерте уақытта бір топ қаз ұшіп келе жатады. Алдынан бір қаз шығып

-Сәлеметсіздер ме 100 қаз? – дейді.

Сонда топ қаз:

- біз 100 емеспіз, бізге өзіміздей және жартымыздай, тағы жартымыздың жартысындай одан кейін өзің қосылсаң сонда ғана 100 боламыз», - депті. Ұшып бара жатқан қаздар нешеу?Шешуі: + + + + 1 =10011 ширек=99 (қаз)9*4 =36 (қаз) 1 ширек=9 (қаз)36+36+18+9+1=100

4.Аулада қаз, тауық, қой және стыр жүр. Егер тауық үшеу және қаз сонша болса және қой сиырдан артық тауықтан кем болса ауладағы үй жануарлары нешеу?

    1. тауық 3 күнде 3 жұмыртқа туса 6 тауық 6 күнде неше жұмыртқа туады?

6.Торғай аттым, қарға түсті. Кім біледі, қалай болды?

7.Бір бала жүгіріп келе жатып, бір кезде құлап қалады. Сол кезде шалқасынан жүгіреді. Сонда ол қалай?

8.Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?

9.19+10=5 Қалай?

10.7+4-4=0 Қалай теңестіреміз

2-тапсырма,

Мұқият қара. Өз қағазыңа осы суретті бұлжытпай сал.

3-тапсырма

Қазір бірнеше сөз оқимын. Сіздер мұқият тыңдап есте сақтаңыздар. Айтылған талап бойынша жазып шығасыздар.

Рәсім, ақын, пана, шілде, райхан, пәтер, астық, рет, шыны, ащщы, пеш, шортан, риза, шаруа, анар.А –ақынастықащыанарП – панапәтерпешР – рәсімрайханризаретШ – шілдешынышортаншаруа

4-тапсырма

Тілге байланысты тапсырма

Көп нүкте орнына әріп жаз.

Бірінші сөздің соңғы әрпі екінші сөздің бас болсын. Қандай сөздер пайда болар екен?

До ... ан ... лмұр ... аба ... ұртпіше ... ұрл ... ды ... үре ... ала ...шопа ... ауры ... ере ... іта ... ойыз

5-тапсырма

Мына ребусты шеш: Бірдей әріптердің орнында бірдей сандар, әртүрлі әріптерге әртүрлі сандар сәйкес келеді.

 

       Г Г Г Г                               Жауабы: 2 2 2 2

         Г Г Г                                                  2 2 2

          А А А А                                         4 4 4 4

      А А А А                                            4 4 4 4

   А А А А                                             4 4 4 4

 А Б В Г Д А                                     4 9 3 2 8 4

Ал қанекей балалар жалпы логика туралы түсінік алсақ бәйгемізді жалғастыра берейік.

Қорытынды

6- тапсырма

Ойынның шарты: Екі топтан екі оқушы шығып қораптан асық алып шығарады да қалташадан сол асықтың санына сәйкес таратпа жұмысын алып орындайды.Кім бірінші орындаса сол топ жеңіске жетеді.

№1

Қанша кісі?

Атам,әжем,ағаммен

Әкем,інім және мен

Анам және енесі мен атасы

Енесінің бөлесі-

Отыр едік шай ішіп

Жеңгем кірді майысып

Арқасында кіші інім

Саны қанша айта ғой

Үйдегі бар кісінің?

Жауабы: 10 кісі

№2

Біздің үйде көжек көп

Іштерінде өжет көп≥

Әсіресе бес көжек

Маған нағыз дос көжек

Қолымнан кеп жем жейді

Басқалары келмейді

Бес көжекке достасқан

Сәбіз бердім қос-қостан

4 сәбізім соңында

Қалып қойды қолымда

Сәбізімді әуелгі

Санап берші ал енді.

Жауабы: 14 сәбіз

№3                                                                №4

Шығармақ боп неше есеп                Бір топ бала тоғаннан

Жиналғанды бес есек                       Он бес балық ұстады

Үшеуі ұйықтап отырды                    Бөліскенде оларды үшеуден

Ынталысы неше есек                        Неше бала сен тапшы

                             Жауабы: 2                                                    Жауабы: 5

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі