Логика лабиренті

Тақырып бойынша 21 материал табылды

Логика лабиренті

Материал туралы қысқаша түсінік
«Лабиринт» тапсырмаларын орындату арқылы баланың зейін концентрациясын, көлемін дамыту, зейінділікке баулу, есте сақтау қабілетін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Логика лабиренті

Сабақтың тақырыбы: Логика лабиренті

Сабақтың мақсаты: «Лабиринт» тапсырмаларын орындату арқылы

баланың зейін концентрациясын, көлемін дамыту, зейінділікке баулу, есте сақтау қабілетін арттыру.

2. Балаға «Лабиринт», «Топтастыр»,

«Пілге бананға барар жолды көрсет», «Итке күшіктеріне барар жолды көрсет» тапсырмаларын бере отырып, танымдық әрекеттерінің арта түсуіне, зейін концентрациясының дамуына ой өрісінің кеңейуіне ықпал ету.

3. Сабақ барысында ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, оқу құралдарын таза ұстауға, айналасына мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қима суреттер, ойыншықтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушымен амандасып, хал жағдайын сұрап, психологиялық жағымды ахуал орнатып, бала зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыптар бойынша сабақта өткен

тапсырмаларды еске түсіріп, қайталау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Тапсырма.

Балаға «Лабиринт» тапсырмасын ұсынып, тапсырманың қалай орындалатындығын түсіндіру, тапсырманы орындау барысында зейінділік, зеректік, икемділік сияқты талаптарды айтып отырамын. Баланың әр дұрыс орындаған тапсырмаларын мақтау, мадақтау арқылы жігерлендіріп отырамын. Бұл тапсырма баланың қабылдау әрекетінің дамуына, зейін көлемінің кеңейуіне игі әсерін тигізеді.

Тапсырма

Балаға «Топтастыр» әдістемесі ұсынылады. Бұл әдістемеде бала бейнеленген суреттерге мұқият қарай отырып, шыршаны бір бөлек, жұлдызшаны бір бөлек, гүлді бір бөлек, үйді бір бөлек, шелекті бір бөлек, саңырауқұлақты бір бөлек, жалауды бір бөлек топтастырып, санап шығуы тиіс. Топтастыру, санау арқылы зейін концентрациясының дамуы арта түседі. Балаға алдымен өзім топтастырып көрсетемін, кейін өзіне орындатамын.

Тапсырма

Балаға «Пілге бананға барар жолды көрсет» әдістемесі ұсынылады.

Тапсырманы орындау барысында баладан зейінді болуды, тиянақты орындауды талап етемін.




Тапсырма

Сергіту жаттығуы

Қорбаңдаған аюдың, Тербеледі ағаштар,

Құлпынайы көп екен. Алдымнан жел еседі.

Теріп, теріп алайық, Кіп кішкентай бөбектер,

Қалтамызға салайық. Үлкен болып өседі.


Тапсырма

Балаға «Итке күшіктеріне барар жолды көрсет» әдістемесі ұсынылады.Бұнда бала суреттегі лабиринт жаттығуы арқылы итке күшіктеріне барар жолды шатасқан сызықтардың арасынан сызып көрсетуі керек. Бұл баланың көрнекі бейнелі ойлауы мен зейін әрекетінің дамуына көмектеседі.


Жаңа сабақты бекіту: Сабақта өткен тапсырмаларға шолу жасау, есте

қалғандарын қайталату.


Үйге тапсырма: «Шатасөан сызықтар» тапсырмасын орындату


Сабақты қорыту: Сабақты қорытындылап, оқушы білімін


бағалау, мақтап, мадақтап, келесі сабаққа


шығарып салу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2025
32
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі