Материалдар / Логика, математика, информатикадан іс- шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Логика, математика, информатикадан іс- шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Апталық, декадаларда оқушылармен өткізетін жоба жоспары тапсырмаларымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2024
197
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

LOGIC LAND (логикалық эстафета) жобасының жоспары

8-9 сыныптар арасында математикадан, информатикадан және логикалық тапсырмаларды орындаудан тұратын марафон «Қазақстан - ұлы дала елі» жобасымен кіріктірілген.

Мақсаты: Білім алушылардың:

- Математикалық, ақпараттық, логикалық сауаттылықтарын, жалпы STEM бағытындағы пәндерге қызығушылығын арттыру;

- Тапқырлық, ізденімпаздық, белсенділік қабілеттерін дамытуға баулу;

- Логикалық және халықаралық PISA тапсырмалары арқылы ойлау қабілетін дамыту.

- Теория мен практиканы ұштастыру дағдыларын нығайту;

- Қазақтың ұлы тұлғалары туралы ақпарат жинау.

Жоба 4 кезеңде өтеді. Әр кезең шарты мен өткен оқушылар тізімі LOGIC LAND бұрышына ілініп отырады.

I кезең «Логикамыз кәне?»

II кезең «Қазақтың ұлы тұлғалары»

III кезең «Логика өмірде»

IV кезең «Ұлы дала математикасы» жобасы.

I кезең: 11.12.2023 күні «Логикамыз кәне?» тапсырмасын қатысуға ниет білдірген білім алушыларға лездемеде таратып беріледі. Балалар 10 логикалық есептерден тұратын парақшаларды сағат 12.00 ге дейін жауаптарымен тапсыру керек. Тапсыру орнын немесе тапсырманы жіберетін чат көрсетіледі. 50% сұраққа жауап берген оқушылар екінші кезеңге жолдама алады және LOGIC LAND бұрышына ілінеді.

Тапсырмалары:

«Логикалық эстафета» 1 кезең

Қатысушының аты-жөні_____________________

WhatsApp 8 __________________

  1. Бүгін күн бейсенбі. Мен саяхаттан дүйсенбіден 3 күн бұрын келдім. Мен үйде болғаныма қанша күн болды?

  2. Мен үш таңбалы санмын.Менің ондығым 4 -ке тең және ол бірліктен артық. Менің жүздігім мен бірлігім ондықтан 3- ке кем. Мен қандай санмын.

  3. Саматтың жасы 8 –де Оның анасының жасы Саматтың жасынан 24 жасқа үлкен. Қанша жылдан кейін анасының жасы Саматтың жасынан 3 есе үлкен болады.

  4. Дарынның әкесінің бес баласы бар. Олардың аты жөндері Дидар, Мерей, Олжас, Дархан, бесінші баласының есімі кім?

  5. Көрермендер залында 15 қатар, әр қатарда 25 орын бар. Көрермендер залында жалпы қанша орын бар?

  6. Мен бір сан ойладым, сол санды 4-ке көбейтіп, тағы 512-ні қосып. Сосын 47-ні алып тастап, содан соң 7-ке бөлгенде нәтижесінде 95 шықты. Мен қандай сан ойладым?

  7. 24 сағаттың ішінде сағаттық тіл мен минуттық тіл неше рет тік бұрыш жасайды?

  8. Мен бір сан ойладым, сол санды 4-ке көбейтіп, тағы 512-ні қосып. Сосын 47-ні алып тастап, содан соң 7-ке бөлгенде нәтижесінде 95 шықты. Мен қандай сан ойладым?

9. Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген?

10. Әкемнің жасы 33 те болғанда мен 9 жаста едім. Ал қазір әкем менен екі есе үлкен. Сонда қазір менің жасым нешеде?

11 . Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар?

12 . Әрқашан үлкейетін, ешқашан азаймайтын не?



II кезең: 12.12.2023 күні «Қазақтың ұлы тұлғалары» тапсырмаларын білім алушылар кітапханадан алады және белгіленген уақытқа дейін берілген 5 есеп шешімімен бірге Ұлы тұлғалар туралы кестені толтырады. Тапсырманы 50% орындаған білім алушылар келесі кезеңге өтеді, LOGIC LAND бұрышына ілінеді.

Тапсырмалары:

«Логикалық эстафета» 2 кезең

Өткізетін уақыт: 17:00 ге дейін; Орны: 1 қабат кезекші орны

Whatsapp: 87_____________; 8____________

  1. 25 кітапты қораптарға салып орналастырды. Барлығы сегіз қорап бар: екі қызыл, үш көк және үш жасыл қорап. Әр қызыл қорапта бес кітап бар, ал әр көк қорапта екі кітап бар. Әр жасыл қорапта орналасқан кітаптар саны да тең екені белгілі. Жасыл қорапта неше кітап бар? *

  2. Төмендегі суретте :

  • Үш қатар тұрған фигуралар – шаршылар

  • Ашық түске боялған фигура –қабырғасы 18 тең шаршы

  • А нүктесі кіші шеңбердің центрі

  • В нүктесі үлкен шеңбердің центрі

СД кесіндісінің ұзындығын табыңыз?

  1. Дәулеттің фермасында қой мен тауық бар. Бұл жануарлардың барлығының аяқ санын қосқанда 520 аяқшығады. Бір күні Дәулет 15 қой мен 16 тауықтың қашып кеткенін байқады. Фермада қалған жануарлардың аяқ сандары қанша.

  2. Фигураның көлемін табыңыз:

  1. Алгоритм. Сызықтық алгоритм бірінен кейін бірі орындалатын амалдар тізбегінен тұрады. Берілген алоритмнің блок сызбасында х=9 болса, нәтижедегі у тің мәнін тап.



III кезең: 13/12/2023 күні «Логика өмірде» тапсырмалары функционалдық сауаттылық бойынша беріледі. Келесі кезеңге өткен оқушылар бірден IV кезең тапсырмасын алады және келесі күнге дайындалады.

Тапсырмалары:

«Логикалық эстафета» 3 кезең

Өткізетін уақыт: 17:00 ге дейін; Орны: 1 қабат кезекші орны

Whatsapp: 87_________; 87____________

  1. Бассейнге үш сорғы қосылған.

 A сорғысы : бассейнге бір минутта 50 литр су құяды

B сорғысы : бассейнге бір минутта 60 литр су құяды

C сорғысы : бассейннен сыртқа қарай бір минутта 50 литр су айдайды (шығарады)

а) А және В сорғысы арқылы 550 литрлік бассейінді қанша минутта толтыруға болады?

б) 550 литр бассейіндегі суды С сорғысы қанша уақытта сыртқа шығарады?

с)  Сағат 15:30-да бассейн толығымен бос болды. 15:35-те үшсорғы жұмысқа қосылады. 15:45-та үш сорғы сөндіріледі.15:45 те бассейінде қанша литр су болады?


 2. Қысқы демалыста Дархан көлікпен Бурабайға дейін саяхатқа шықты. Белгіленген күні ол алғашқы 15 км-ді  60 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Содан кейін ол 90 км/сағ орташа жылдамдықпен 5 сағат жүрді, арасында 30 минут демалыс жасады. Жолдың қалған 20 км бөлігін ол 40 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтті.

а) Дархан барлығы қанша км жол жүрді?

б) Дархан Бурабайға сағат 13:00-де жетсе, ол жолға нешеде шықты?


Shape1



  1. Атам өзінің квадрат пішінді бақшасына алма ағаштарын отырғызды және алма ағаштарын желден қорғау мақсатында бақшаның шет жақтарына қайың ағашын отырғызды.

Алма ағаштарының отырғызылу заңдылығы:

Қайың ағашының отырғызылу заңдылығы: 8n (n – алма ағашының қатары)

а) Атам бақшасында алма ағаштарын біртіндеп арттырып отырды, бұл жағдайда не тез артады: алма ағаштары, әлде қайың ағаштары?

б) Алма ағашының қатарының саны 12 болғанда қайың ағашының саны қанша болады?


  1. PShape2

    басы

    ython тілінде код үзіндісі берілген:

AShape3 =2

BShape4

A=2, B=3, C=1

=3

C=1

DShape5 =(A+B+C)/3

GShape6

=A**2+B**2+C**2

а) print( D, G ) болғанда нәтиже неше болады?

әShape10 Shape9 Shape8 Shape7

?

) print( D+G ) болғанда нәтиже неше болады?









IV кезең: 14.12.2023 күні «Ұлы дала математикасы» жобасын постерге немесе презентация дайындап келеді. Жоба қазақтың сан, өлшем бірлік немесе ескі есептеулер туралы болу керек. Мысалы: «Қазақтардың қасиетті саны», «Асық ойынындағы есептеулер» т.б. жоба 12.30 да №34 кабинетте өтеді. Әділқазылар шешімімен жеңімпаздар анықталып марапатталады. Дипломдар мен сыйлықтар беріледі.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!