400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Логика қайда?"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Логика қайда?" тақырыбында 4 сынып оқушыларына арналған логикалық ойын әзірлемесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ШАЛҚАР ОРТА МЕКТЕБІ КММ



Бекітемін

Мектеп директоры

Т.Касымбекова

_________________



Логика қайда?” (сыныптан тыс іс- шара)

4 сыныптар арасындағы логикалық ойын

Қатысушылар: 4 А, 4 Ә, 4 Б, 4 В.







Жауапты: Үмбеталиева Г.

Асқарова Б.Т.

Шалқар 2023 жыл

Логика қайда?’ ойыны

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың логикаларын дамыту

  2. Оқушыларды әр түрлі тақырыпта ойлануға бейімдеу

  3. Практикалық тапсырмалар арқылы теориялық білімін бекіту

  4. Топпен жұмыс жасай отырып өзара бірлікке, татулыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қалам, А4 қағаз, маркер, қорап, ананас, жіп, ұн, су т.с.с.

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Топтарды таныстыру. Ойын шарттарымен таныстыру

  2. Зерек бала. Видеосұрақтар.

  3. Сиқырлы суреттер. Сергіту сәті.

  4. Кім шапшаң? Логикалық есептер.

  5. Құпия қорап.

  6. Қорытындылау.



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Ойыннан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық балалардан!
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 4 сынып оқушыларының арасында «Логика қайда?» атты интеллектуалды ойын - сайысын өткізгелі отырмыз.

Топтарды таныстыру.

Сайысымыз 3 турдан тұрады.

1 кезеңіміз Зерек бала деп аталады. Бұл турда сұрақтар видеосұрақ түрінде беріледі.

Логикалық сұрақтарға жауап беріп бір ширап алғаннан кейін. Сиқырлы сурет салып бір сергіп аламыз. Сурет салғаннан кейін логикалық есептер шығарамыз. Логикалық есептерден кейін Құпия қораптың ішіндегі затты табамыз. Содан соң ойынымызды қорытындылаймыз.

Бұл сайыс сабақ емес, ойын сабақ. Сендер ойнай отырып ойланып білімдеріңді бекітіп, шыңдайсыңдар. Білгендеріңмен бөлісіп, білмегендеріңді білесіңдер.

Компьютер—сенің   көмекшің,

Қағазың  әрі  қаламың.

Керек  емес  демессің

Аздаған  болса  хабарың,

Ақпараттың  заманы,   дей  келе  сайысымызды  интерактивті  тақтаны  қолдана  отырып     бастайық.


  1. Кезең. Зерек бала. Видеосұрақтар.

        1. Допты лақтырғанда сол доп ізімен қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары қарай

        2. Домбырада 7, сырнайда 6, қобызда 5. Бұл не? Жауабы: әріп

        3. Бұл санда қанша әріп болса сонша сан бар. Жауабы: 100 және 4

        4. Теңізде қандай тас болмайды? Жауабы: құрғақ

        5. Қызыл теңізге ақ орамал салса не болады? Жауабы: су болады

        6. Патша қайтыс болса, балсы кім болады? Жауабы: жетім

        7. Адам аттан неге құлайды? Жауабы: жерге

        8. Қандай бөшкеге су көп кетеді? Жауабы: тесік бөшкеге

        9. Адам тамақ пісіргенде қазанға бірінші не салады? Жауабы: көз салады

        10. Қаз, адам, қарақат осы үшеуін не байланыстырады? Жауабы: А әріпі

        11. Цементте 3 алма ағашы өсіп тұр, оның біреуін жеп қойдым. Қанша алма ағашы қалды? Жауабы: цементте алма ағашы өспейді

        12. Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Алмас бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: 3 стакан

        13. 3 қоянда неше құлақ бар? Жауабы: 6

        14. Жұдырықта неше саусақ бар? Жауабы: 5

        15. Бос ыдыста неше жаңғақ бар? Жауабы: бос ыдыста жаңғақ болмайды

        16. Дүкеннен анам 4 төртбұрышты доп әкелді, оның екеуін ініме берді. Неше доп қалды? Жауап: төртбұрышты доп болмайды

        17. Анасының иті, мысығы және бір қызы бар. Анасының неше баласы бар? Жауабы: анасының бір қызы бар

        18. Дәрігер 3 дәрі беріп жарты сағат сайын ішу керектігін айтты. Осы 3 дәріні ішіп бітіруге қанша уақыт кетеді? Жауабы: Бір жарым сағат десеңіз қателесесіз. Бірінші дәріні ішкен соң жарты сағаттан кейін екіншісін, тағы жарты сағаттан кейін үшіншісін ішкенде 1 сағаттық уақыт кетеді.

        19. Үш кіші ішік піштім

Бес үлкен ішік піштім

Неше кіші ішік піштім? Жауабы: үш кіші ішік піштім

        1. Он екі қабатты үйде лифт бар. Үйдің бірініші қабатында 2 адам, екінші қабатында 4 адам тұрады. Жоғарылаған сайын адам саны осылай екі есе арта береді. Сұрақ қай қабаттың лифттінің шақырғыш түймешесі көп басылады? Жауабы: 1 қабаттың себебі барлық тұрғын үйіне көтерілу үшін бірінші қабаттағы түймені басады.

        2. Қай кезде аспан жерден төмен бола алады? Жауабы: Судағы бейнесінде

        3. Аш қарынға неше стақан айран ішуге болады? Жауабы: 1 себебі екінші стақан ішерде асқазан аш болмайды.

Осымен “Зерек бала” деп аталатын 1-кезеңіміз өз мәресіне жетті.

Ендігі кезекте сурет салып бір сергіп алайық . Келесі кезең “Сиқырлы суреттер” деп аталады. Бұл кезеңнің шарты бойынша оқушылар сіздер бір-біріңіздің арқаларыңызға А4 қағазын қойып сурет саласыздар. Артта тұрған оқушы қандай сурет салып жатқанын қарамай, сезіну арқылы сіз алдыңыздағы оқушының арқасына А4 қағазға сол суретті саласыз.

Келесі кезең “Логикалық есептер” деп аталады.Бұл жерде тек математикаға қатысты логикалық тапсырмалар болады.

1.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнады? Жауабы: 2 сағат.

2.Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? Жауабы: 40 шақырым

3. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады. Ал егер екі аяғмен тұрса неше кг болады? Жауабы: 3 кг

4.Үстел үсті төртбұрышты, егер оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш болады? Жауабы: 5 бұрыш

5.Төрт қойдың неше аяғы бар? Жауабы: 16 аяғы бар

6. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен, 2 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? Жауабы: 20 шырша

7.Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет

8. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Сонда алма ауыр ма, алмұрт ауыр ма?

Логикалық есептер кезеңіміз осымен аяқталды. Келесі Құпия қорап деп аталады. Әр топтан бір оқушыдан ышығып, қораптың ішіне қолдарын салып, қарамай тұрып қораптың ішіндегі қандай зат екенін табуы керек.



Сайысты қорытындылау. Балалар жарайсыңдар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салдыңдар. Барлықтарың белсене ат салыстыңдар, енді әр топтан бір оқушыдан шығып , өздеріңе ұнаған қорапшаны таңдап алыңдар. Қорапшаның ішінде сендерге арналған сый-сияпат бар.

Барлықтарыңызға рақмет, сәттілік тілейміз!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20.03.2025
276
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі