400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Логикадан йымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Міндеттері: Білімділік: 10-ға дейінгі сандарды дұрыс таңбалауға үйрету, салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық: Ойната отырып ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Логика (вариативтік компонент)

Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық!»

Мақсаты: Балаларды ойната отырып ойландыру.

Міндеттері: Білімділік: 10-ға дейінгі сандарды дұрыс таңбалауға үйрету, салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық: Ойната отырып ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Көктем мазгілі бейнеленген суреттер, геометриялық пішіндер, көлеміндегі сандар.

Қостілдік компонент: көктем-весна, жаңбыр -дождь, қолшатыр -зонтик, гүл -цветы.


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық



Шаттық шеңбері:

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз!

Сұрақтар қояды:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің қай айы?


-Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?


Шеңберде қол ұстасып тұрып, өлең жолдарын бірге айтады.







Қазір көктем мезгілі.

Көктем мезгілінің сәуір айы.

Әркім өз ойын айтады.


Ұйымдастыру-

іздестіру

Балалардың назарын тақтада ілінген күлтешесі ашылмаған гүлге аударады.

Көктем мезгілінде біздің топта да әдемі гүл өсіп шығыпты, бірақ гүлдің күлтешелері ашылмай тұр екен.

Күлтешелер ашылу үшін, әрқайсысының тапсырмалары бар екен. Тапсырманы дұрыс орындасақ гүл міндетті түрде ашылады.

Дидактикалық ойын: «Суретшінің қатесін тап»

Тақтаға сюжетті сурет ілінеді. Суреттегі қатені табуды ұсынады.



Дидактикалық ойын: «Ойлап, тап»

Балаларға әр түрлі суреттер бейнеленген карточкалар таратады. Суреттегі заттарды атап, жұбын табу керектігін айтады.

Тақтадағы гүлге назарларын аударады.

Мұқият тыңдап, қызығушылық танытады.







Суретке мұқият қарайды,

қатені тауып айтады. Мысалы: Тиын ұшпайды.

Сәбіздер ағашта өспейді.

Түнде аспанда күн болмайды.


Заттарды атап, жұптарын табады. Мысалы:

Ай -жұлдыз

Ағаш -жапырақ









Сергіту сәті:




Дидактикалық ойын: «Танграмм»

Балаларға әртүрлі геометриялық пішіндердің көлемі, түсі әртүрлі бірнеше данасын береді. Геометриялық пішіндерден қалауы бойынша пішін құрастыруды ұсынады.

Дидактикалық ойын «Орысшаң қалай балақай?»

Сендерге бірнеше сөз беріледі, сол сөздердің орыс тіліндегі нұсқасын тауып, айту керек.

-Көктем

-Жаңбыр

-Қолшатыр

-Суретші

- Күн

- Ай

-Жұлдыз


Дидактикалық ойын: «Сиқырлы сандар»

Тақтаға әртүрлі цифрлар іледі. Түсіп қалған сандарды тауып, таңбалауды ұсынады. Мысалы:

..,2,...5...7

1,2...4...6

1...3...5

Әр тапсырманы орындағаннан кейін, бір күлтешеден ашылып отырады.

Гүлдердің ашылғанын айтып көрсетеді.

Қолшатыр- жаңбыр

Қар- аққала

Құс- ұя


Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынай көп екен.

Теріп теріп алайық,

Себетімізге салайық.



Белсенділік танытады.








-Весна

-Дождь

-Зонтик

-Художник

-Солнце

-Луна

-Звезда





1, 3, 4, 6

3, 5

2, 4

Қуанады, қызыға қарайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытынды:

-Гүл ашылу үшін не істедік?

-Қандай тапсырмалар орындадық?


«Жүректен жүрекке» шеңбері

«Біз әдепті баламыз»

Біз әдепті баламыз,

Жайнай берсін даламыз.

Табиғатпен дос болып,

Қамқорлықпен қараймыз.

Сұрақтарға жауап береді.

Тапсырмалар орындадық.

Өз ойларын айтады.





Шеңберге тұрып, бәрі бірге айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: 1-10-ға дейінгі сандарды дұрыс таңбалауды, заттарды салыстыра алуды.,

Болу керек: Көктем мезгілі, оның ерекшеліктері жайлы түсінік.

Істей білу керек: Тапсырманы тиянақты орындау, бастаған істі аяғына дейін жеткізу.


Тәрбиеші: Жетписова Г.Т

Тексерді: ______________









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі