Логикалық
тапсырмалар
1. Айдынның Асқардан бойы
ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Шешімі: Жанат –
ұзын
2. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі
термометр неше градус көрсетеді? Жауабы:
үш
3. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш
мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4
мысық
4. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп
қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш
стакан
5. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат
екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын
алды? Жауабы: 1-Марат, 2-Асет,
3-Талғат
6. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып
жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы:
үшеу
7. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат
ойлады? Жауабы: екі
сағат
8. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай
лақтыру керек? Жауабы:
жоғары
9. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не
жағасыз? Жауабы: шырпы
10.
Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп
қатырса
11.10 литрлік бөшкеде су бар және 7 литрлік, 2 литрлік бос ыдыстар
бар. Екі ыдысқа 5 литрден суды қалай тең бөлуге
болады? Шешімі: 10-7=3 7-2=5
2+3=5
12. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш
жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара
жатыр? Жауабы: Бір ғана
мотоцикл
13. Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар
қанша , қыздар қанша?
Шешімі: x+x+3=35 x=16(ұ)
х+3=16+3=19(қ)
14. Ауылдан қалаға дейін
велосипедші 20 км/сағ жыдамдықпен, ал қайтар жолда 10 км/сағ
жылдамдықпен жүріп өтті. Велосипедшінің орта жылдамдығын
тап.Шешімі:
(20+10):2=15
15. Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың
әрқайсысын 6-ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір
жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді.Барлық жұмысқа оның қанша
уақыты кетеді?
Шешімі: Бөренелердің біреуін 6-ға бөлу
үшін 5рет кесу керек. 1бөренеге-5минут, 6*5=30минут.
16.Ондық цифрлары бірліктер цифрларынан үлкен болатын қанша екі
таңбалы сан бар?Ж-бы: 45
сан
17.Кесіндінің әрқайсысында 4
нүктеден болатындай етіп, екі кесіндіде қанша нүктені орналастыруға
болады? Шешімі:Екі кесіндіні
қиылыстырып, ортасына бір нүктені қоямыз. Қалғандары сәйкесінше. 7
нүкте қоюға болады.
18. 4 қарындаш пен 3 жалпы
дәптер 54 тг, 2 қарындаш пен 2 жалпы дәптер 34 тг тұрады. 8
қарындаш пен 7 дәптер қанша тг тұрады? Шешімі: 4қ+3жд=54 2қ+2жд=34
жүйе құрып, 1 қарындаш пен 1 жалпы дәптердің құнын тауып
аламыз.Шешуі: 1к-3тг, 1жд-14 8к-24тг,
7жд-98тг
19. Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсымен
бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны
қанша? Шешімі: 6+5+4+3+2+1=21
партия
20. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы
мүмкін? Жауабы: 53
21.
Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының
жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының жасы
нешеде? Жауабы:
36;12
22. Дүкенде 4 әртүрлі қасық, 5
әртүрлі кесе, 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке, 1 қасық
және 1 кесені сатып алуға болады? Шешімі:
4*5*3=60
23. Ғажайып елде А,Б,В деген 3 қала бар. А қаласынан Б қаласына 6
жол, ал Б қаласынан В қаласына 4 жол апарады. Неше тәсілмен А
қаласынан В қаласына жетуге болады?
Шешімі:
6*4=24
24.Тақтада 7 зат есім, 5
етістік, 2 сын есім жазылып тұр. Сөйлем құрау үшін әр сөз табынан
бір сөзден алу керек. Мұны неше тәсілмен жүзеге асыруға
болады? Шешімі:
7*5*2=70
25. Автобус А қаласынан В қаласына 40км/сағ жылдамдықпен барды. В
қаласынан А қаласына 60 км/сағ жылдамдықпен барды. Автобустың
орташа жылдамдығы қанша? Жауабы: 48
км/сағ
26. 3 кәмпит және 2 шоколад 29 теңге тұрады. 4 кәмпит және 1
шоколад 27 теңге тұрады. 1 кәмпит қанша теңге тұрады? 1 шоколад
қанша теңге тұрады? Жауабы: 1 кәмпит-5тг, 1
шоколад-7тг
27.Ағасында 2 дәптер, інісінде 12
дәптер. Екеуінің дәптері тең болу үшін олар дәптерді қалай бөлісу
керек? Жауабы: 12+2=14:
14:2=7
28.Бір
жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда
қанша бала бар? Жауабы:5+1=10
29.7 қарындаш 8 дәптерден
қымбат тұрады. Қайсысы қымбат – 7 қарындаш па әлде 8 дәптер
ме? Жауабы: 8
дәптер
30. Шахмат турниріне 7 адам
қатысқан. Әрқайсысы бір-бірімен бір партиядан ойнаған. Неше партия
ойналған?Жауабы: 4
партия