Материалдар / Логикалық есептер жинағы "Манашы орта мектебі" КММ 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Логикалық есептер жинағы "Манашы орта мектебі" КММ 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал әріптестеріме көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
2023
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















Логикалық

есептер

(бастауыш сыныптарға арналған оқу-әдістемелік құрал




Дайындаған Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Манашы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абилова Жумагул



















Алғы сөз.

Бұл есептер жинағында оқушылар математикалықесептерді шығаруда қазақтың тарихы және мәдениетімен танысады. Кіташада оқушыларға математика сабағында адамгершілік тәрбие берудің жаңа қадамдары қамтылған.

Математика есептерінде қазақтың мәдениетінің орын алуы бұл кітаптың басты мақсаты.

Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.

Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді

Қазақ халқының салт-дәстүріне, мәдениетіне арналған математикалық есептер оқушыларға қызықты болуы мүмкін.

Жинақтағы есептерді шығару жолдары алуан түрлі:

  • Арифметикалық

  • Алгебралық

  • Комбинаторика


Жинақта «Алдар көсенің қулығы», «Қазақ халқының қонақжайлылығы», т.б тақырыбында есептер қамтылған..

Бұл жинақтың оқу үрдісінде оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамытуда және оларды патриоттық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда көмек бола алуына сенемін.











Логикалық есептер


  1. Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр бес ешкі

Екі қоян, үш түлкі

Таба алмасан бос күлкі

( 11+5+2+5+2+3=28)

Бір-бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан,

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді?

( 4+1+2+1=8)


  1. Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге санап қой.

( 1+1+5+3+3+4+2=19 )

  1. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма?

(5

  1. Қалтам қанша?

Өзімде бар сан қалта,

Шалбарда екі жан қалта,

Арт жағында қос қалта,

Жейдеде екі төс қалта,

Пиджакта екі іш қалта,

Бір төс қалта және бар,

Сонда есепте, кәне, ал,

Менің қанша қалтам бар?

Тағы айтпақшы, пальтом бар.

Онда да төрт қалтам бар.

( 2+2+2+2+1+4=13 )



  1. Бірін –бірі буаз ғып жуандатқан

Тоғызының киімі тоғыз түрлі

Келген кісі сияқты әр тараптан.

Ал , балалар бұл не? (математикадағы цифрлар)


  1. Тамам сөзді сөйлейді сөйле десе

Етінен ет кесемін сөйлемесе

Айт демесе айтпайтұғын жауабы жоқ

Сүйгенімді сөйлеттім әлденеше.


(Қарындаш)

  1. Атам, әжем, ағаммен.

Әкем, інім және мен,

Анам және енесі

Енесінің бөлесі,

Отыр едік шай ішіп.

Жеңгем кірді майысып,

Арқасында кіші інім.

Саны қанша айта ғой,

Үйдегі бар кісінің?

( 1+1+1+1+1+1+1+1+1+1+1=11 )


  1. Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса,жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.


( 1+2+4+8+16+32+64=127 )

  1. Қасқыр мен түлкі екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында 20-ші балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?


Қасқырға: 1+3+5+7+9+11+13+15+17+19=100 балық

Түлкіге: 2+4+6+8+10+12+14+16+18+20=110 балық

Түлкіқасқырдан 110-100=10 балықартық алды




  1. Жолтапқыш әже.

Ертеде жалғызбасты кемпір өмір сүріпті. Ол байға жалданып бірнеше жыл жұмыс істей жүріп, жиған тергеніне бір сиыр алған екен.

Жазда жұрт жайлауға көшкен кезде , кемпір жалғыз үй жұртта қалыпты. Сол кезде ұрылар оның жалғыз сиырын ұрламақ болады. Мұны сезіп қойған кемпір ұрылар келген кезде:

  • Құй-құй Құрманға бер,

Құй-құй, Сарманға бер,

Босағада отырған екеуге бер,

Төрт қонаққа бер,

Өзің іште және маған бер. – деп өлең айтыпты.

Сонда, мұны естіген ұрылар қорқып:

  • Біз бекер келген екенбіз, олар бізден екі есе көп,ештеңе істей алмаймыз,-деп кетіп қалған екен.

Сөйтіп жолтапқыш кемпір ұрыларды осылай алдапты. Ұрылар кемпірдің өлеңін тыңдай отырып,үйде неше адам отыр деп ойлап қалды. Өздері қанша еді?


Үйде 1+1+2+4+1+1=10адам. Ұрылар 10:2=5


  1. Жыртқыштардың өлімі.

Арыстан бір қойды 2 сағатта,

қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп,

тауыса алады. Ал барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітipeді?

(6:6+6:3+6:2):6=(1+2+3):6=6:6=1сағатта жеп бітipeді

  1. Байдың Алдаркөсені мазақ қылуы.

Бір ерігіп отырған бай Алдаркөсені мазақ ету үшін үйіне қонаққа шақырыпты. Тамақ ішіп болған соң,бай жұрт көзінше ;

  • Алдаркөсе сені «жақсы есеп біледі» деп жүр. Менің жасым 26 да. Ал ұлым 6 жаста. Мен неше жылдан кейін мен ұлымнан үш есе жас үлкен боламын?

(26+4 ) : ( 6+4 ) = 30:10=3 4жылдан кейін

  1. Ерте,ерте, ертеде Ерназар деген адам өмір сүріпті. Оның тоғыз ұлы болыпты. Әкесі тоғыз ұлына бір үйдің тоғыз қызын алып беріпті. Ерназар әр келіннен тоғыз немере, әр немереден тоғыз шөбере, әр шөбереден тоғыз немене көріпті. Ерназар әулетінің саны қанша?

(1+1)+(9+9)+(81+81)+(729+729)+6561= 2+18+162+1458+6561=8201


  1. Алдаркөсе самса пісіру үшін көршісінен табақ сұрапты.

Көрші берген табақта екі самсаны ғана бір уақытта пісіруге

болады. Әр самсаның әр бетін бір минутта пісіре алады.

Алдар көсе үш самса пісіру керек. Ал иесі табақты үш ақ минутқа берген.Алдаркөсе қалай үш минутта үш самса пісіреді?

Шешуі. 1-ші мен 2-шіні; 1-ші мен 3-шіні; 2-ші мен 3-шіні


  1. Алдаркөсе байға жалданып,отынын аралап, суын тасып күн көріпті. Ол ағаш аралап 72 бөлікке бөледі.Ал барлық ағашты 53 рет аралап кескен. Алдаркөсе сонда неше ағашты аралап кескенін есептей алмаған екен. Сендер көмектесіп жіберсеңдер, Алдаркөсенің неше ағашты аралағанын білген болар едік.

Шешуі:( барлығы19 ағаш;17 ағаштың әр бірін 3 реттен 51 рет аралайды сонда әр бір ағаш 4 бөлікден 68 бөлік болады. 1ағаш ды 2 реттен аралап, 2 рет аралады сонда барлығы 53 рет арала нады. 1 ағашды 2 рет аралағанда 3 бөлік болып барлығы 71 бө лік болады. 1 ағаш араланбайды тек ғана бөлік болады сонда ағаш саны 19; араланғаны 53 рет; бөлік саны 73 болады)


  1. Асық ойыны.

Үш бала асық ойынынан соң үйлеріне қайтып келе жатып,

біреуі біреуіне сұрақ қойды:

  • Ойын басында әрқайсымызда 10 асықтан болған. Ал қазір әрқайсымызда қанша

асық бар?

  • Мен аздап ұтылдым,-деп кішкентайы қолын қалтасына салды.

  • Егер мен оң қалтамдағы асықтардың біреуін алып сол қалтама салсам,

онда қалтамдағы асықтар теңдей болады. Ал сол қалтамдағы асықтардың біреуін алып оң қалтама салсам, онда оң қалтамдағы асықтың саны сол қалтамдағы асықтардан үш есе көп болады.

  • Сонда сенде қанша асық қалды,мен қанша асық ұттым- деді үлкені.

  • Мен бәріңнен де көп ұтылдым-деп мұңайды ортаншы.

  • Сенің ұтысыңмен салыстырғанда менде екі есе аз асық қалды.

Ойыннан кейін әр балада қанша асықтан қалды? Кішкентайдың

әр қалтасында қанша асық бар?


Жауабы: 18; 4; 8 асық. Оң қалтада 5 асық, сол қалтада 3 асық


  1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында,

екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің

ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?


Жауабы: 3 үйрек ұшып


  1. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7- вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған ?


Жауабы: 6+1+6 =13 вагон болған


  1. Әуезді есеп.

Қазақ халқы әнге,жырға әуес. Олардың ішінен ән айта алмайтын немесе өлең шығара алмайтын адамдар сирек кездеседі. Сондықтан ұлттық ән аспаптарын төрге іліп қояды.

Бір кісі той жасап, шақырған әр әншіге қарама-қарсы үш әнші отыратындай етіп орналастырыпты.

Сонда қанша әнші, қанша ән аспаптары үйде болған?

Жауабы: 4 әнші және 4 ән аспаптары.


  1. Үш ұрпақ.

Мерекелік дастархан басында 2 ата, 3 әке, 3 бала отырды. Дастархан басында қанша адам отыр?

Жауабы: 4 адам

  1. Жоңғарлардың шығыны.

Жоңғарлардың Қазақ даласына басқыншылығы жүз жылға жуық созылды.

70 мың жоңғар әскері қазақтармен соғысып, нәтижесінде 2/3 әскерінен айырылды.

Осы жылдары қанша жоңғар әскері өлген?

Жауабы:46700 әскер өлген.




  1. Меккеге сапар.


Ертеде бір мұсылман жаяу Меккеге сапар шегіпті. Өйткені хажылыққа бару мұсылманның бір парызы. Ол күніне 40 км жер жүріпті.

Ал екінші бір сапаршы одан бір күн кейін шығып, күніне 45 км жүріп отырған.Қанша күннен кейін сапаршы мұсылманды қуып жетеді?


Жауабы: 8 күннен кейін.

  1. Жарлыларға қайрымдылық.

Бір адам жетім –жесірлермен жарлы-жақыбайларға қайырымдылық жасау үшін мешітке барады. Жолда ол жарлы-кедейлерге кездеседі. Егер ол әр жарлығы

3 теңгеден таратса, 8 теңге жетпей қалған болар еді. Сондықтан әр кедейге 2 теңгеден таратқанда , оның қалтасында 3 теңге қалды.

Оның қалтасында қанша ақша болып, қанша жарлы-кедейге кездесті?

Жауабы: 25 теңге; 11 адам;


  1. Ақсақалдардың кездесуі.

Алдаркөсе әр ауылдың ақылгөй ақсақалдарының жиындарына қалмай, қатысатын.

Бір күні ол сондай бір жиынға кездейсоқ келіп қалған кейіп танытады. Барлық ақсақалдар бір-бірімен амандық-саулық сұрасып, қол алысып жатқанда, Алдаркөсеолардың 66 қол алысуын санапты.

Қанша ақсақал жиынға келген?

Жауабы:12 ақсақал.

  1. Мұрагерлік.

Бір кісі өлер алдында : «Егер менің әйелім ұл туса, ұлымды барлық байлығымның -2/3 бөлігіне, әйелімді -1/3 бөлігіне мұрагер етемі. Ал егер әйелім қыз туса, қызыма барлық байлығымның -1/3 бөлігін, қалғанын әйеліме мұрагерлікке қалдырамын» - депті.

Бірақ әйелі егіз: бір ұл,бір қыз туыпты.

Қалдырылған мұраны қалай бөлуге болады?

Жауабы: Ұлына бөлігін; әйеліне бөлігін; қызына бөлігін;




  1. Бидің ақысы.

Қазақ халқында билердің ролы зор болған. Олар халық арасында дауларды шешіп,тыныштықты,әділеттілікті сақтаған. Сендер қандай билерді білесіңдер?

Олар бір даулы мәселені шешкені үшін, сол даудың құнының оныншы бөлігін ақысына алып отырған. Дау құны малмен есептелген. Мысалы 10 қой болса,1 қой ақысы.

Дау құны 100 қой тұратын болса би қанша ақы алады?

Жауабы: 10 қой



  1. Биші жігіттер.

Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі.

Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен,

Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі.

Наурыз мерекесінде қанша биші жігіт болған?


Жауабы: 16биші жігіт болған


  1. Дарынды жастар.


Ақындар айтысында барлығы 38 қыз бен жігіт көңіл көтерді. Олардың 16-сы өлең айтса, 18-і домбырада ойнады. Оның ішінде төртеуі өлең айтып,би билей алса, ал үшеуі өлең айтып, домбырада ойнай алады екен.

Жастардың қаншасы өлең айтып, би билеп, домбырада ойнай алды?

Олардың қаншасы аталған өнердің біреуін ғана игерген?

Жауабы:23 өлең айтып, 7 би билеп, 21 домбырада ойнай алды.


  1. Асық ойыны.


Үш бала асық ойынынан соң үйлеріне қайтып келе жатып, біреуі біреуіне сұрақ қойды:

  • Ойын басында әрқайсымызда 10 асықтан болған. Ал қазір әрқайсымызда қанша

асық бар?

  • Мен аздап ұтылдым,-деп кішкентайы қолын қалтасына салды.

  • Егер мен оң қалтамдағы асықтардың біреуін алып сол қалтама салсам,

онда қалтамдағы асықтар теңдей болады. Ал сол қалтамдағы асықтардың біреуін алып оң қалтама салсам, онда оң қалтамдағы асықтың саны сол қалтамдағы асықтардан үш есе көп болады.

  • Сонда сенде қанша асық қалды,мен қанша асық ұттым- деді үлкені.

  • Мен бәріңнен де көп ұтылдым-деп мұңайды ортаншы.

  • Сенің ұтысыңмен салыстырғанда менде екі есе аз асық қалды.

Ойыннан кейін әр балада қанша асықтан қалды? Кішкентайдың әр қалтасында қанша асық бар?

Жауабы: 18; 4; 8 асық. Оң қалтада 5 асық, сол қалтада 3 асық.


  1. Отардың өсімі.

Бір күні әкесі баласын санауға үйретпек болады. Ол айтыпты:

  • Соңғы жеті жылда біздің түйелер 2 есе, жылқыларымыз 3 есе, сиырларымыз 4 есе, қойымыз 5 есе өсетін болады. Сөйтіп барлық малымыз сен нешеге келсең сонша болады,-дейді.

  • Сонда баласы қызығып; - әке сол кезде біздің неше түйе,жылқы,қойымыз болады ?- деп сұрапты.

  • Бұл өте қиын емес,өзің санап көр - жеп жауап беріпті әкесі.

Сонда баласы ұзақ ойланып өз сұрағының жауабын тапқан екен. Шынында сол кезде олардың малқорасы неше түйе,жылқы,сиыр мен малға толы болады?

Жауабы: 2 түйе, 3 ат, 4 сиыр, 5 қой



  1. Мал айырбастау.


Бір шаруа қойларын ірі малдарға айналдыру үшін, түйенің әр жілік етіне (әр жілік1/12 бөлігі) 2 қой, жылқының екі жілік етіне 3 қой, сиырдың әр бөлік етіне (әр жілік еті 1/4 бөлік) 1 қой беріпті. Сөйтіп шаруа түйелі,жылқылы, сиырлы болыпты.

Шаруа қанша қой айырбастады?

Жауабы: 46 қой. 46 қой.


  1. Ет сату.

Қазақтар қысқа ет дайындау үшін соғым сояды. Олар мұндай кезде қой соя бермейді.

Негізінен ірі мал сояды. Ал соғымның еті көп болса, артығын сатады. Жылқының етін 12 жілікке бөледі. Егер ет сатушы әр ет сатып алушыға бір жіліктен берсе, онда үш жілік ет артық қалады. Ал екі жіліктен сатса, онда үш ет сатып алушыға жілік ет жетпей қалады.Сонда қанша ет сатып алушы болғаны?

Жауабы:9 адам;

  1. Жоңғарлардың қанды жорығы.

1635 жылы Жоңғар хандығы құрылып, содан олардың Қазақ жеріне басқыншылық жорықтары басталды. 1723 жылы тұтқиылдан Қазақ жеріне басып кіріп, еліміздің көптеген бөлігін басып алды. Жоңғарлар 1757 жылы ел ретінде жойылып кеткенінше, басқыншылық тоқтаған жоқ.

Осы басқыншылық қанша жылға созылды және бұл қай ғасырларда болды?

Жауабы: 88 жыл; XVI-XVIII ғасырда.


  1. Балаларды тамақтандыру.

Ораза –айт мұсылмандардың діни мейрамы. Ол 30 күн оразадан кейін болады.

Қазақтар бұл мерекеге ұқыпты түрде дайындалады. Үйді тазалап,азық-түліктерін дайындап, тамақтар пісіреді.

Тоғыз баласы бар ана осы мерекеде,балаларына өрік жегізбек болады.Анасы 45 дана өрікті, әр бала теңдей(бірдей) өрік жемейтіндей етіп қалай бөліп берді деп ойлайсыңдар?

Жауабы: 1+2+3+4+5+6+7+8+9=45

  1. Қозы мен лақ.


5 қозының салмағы 6 лақтың салмағына қарағанда ауыр болады. Егер бір қозыны лақтарға, бір лақты қозыларға қосса , онда олардың салмақтары бірдей.

Сонда барлығының салмағын қосқанда 152 килограмм болса бір қозы мен бір лақтың салмағы қанша болады?

Жауабы: бір қозының салмағы 16кг; бір лақтың салмағы12кг

  1. Жануарларды азықтандыру.


Бір жанұяда 6 мал болды. Қой 10 үйме, ат-3 үйме, айғыр-2 үйме,құлын-1 үйме шөп жеді. Бір күні оларға бір ағайындары қонаққа келіпті.Әңгіме үстінде үй иесі қонаққа өзінің малдарын қалай тамақтандыратынын айтады. Қонақ оны естіп ойланып қалады.

Қорада қанша ат, айғыр, құлын бар екенін есептеп,қонаққа көмектесіп жіберіңдер.

Жауабы: 2 ат; 1 айғыр; 3 құлын


  1. Екі мақтаншақ.


Бір мақтаншақ екіншісіне :

  • Егер сен маған 100 қой берсең, онда мен сенен 2 есе бай боламын.

Сонда екіншісі;

  • Егер сен маған 10 қой берсең, онда мен сенен 6 есе бай боламын-деп жауап беріпті.

Олардың әрқайсысында қанша қой бар?

Жауабы: 40 қой; 170 қой

  1. Бес саулық.


Бес саулық- қазақта әкесінің балаларына бөліп қалдыратын үлес, яғни мұра.Ақсақалдың төрт баласы бар. Оның үшеуі әлдеқашан үлестерін, еншісін алып, бөлек тұрады. Ақсақал ең кіші баласын үйлендірген соң, оның үлесін, яғни бес саулығын бермек болады.

Бір күні ақсақал бөлек тұратын, үлкен балаларының үйіне қыдырып барады. Үлкен балаларының малдарын қосып санағанда 41 болыпты. Келесі күні ақсақал:

  • Барлығың қойларыңды төртке бөліп, қалғанын кенже балаға беріңдер,-дейді.

Балалары әкесінің айтқанын бұлжытпай орындайды. Кенже бала өзінің бес саулығын алады. Бірақ үлкен балаларының бірі қалғандарына ;

  • Бұрын сендерде маған қарағанда қойларың көп болатын. Енді бөліскеннен кейін барлығымыздың қойларымыз тең болды, депті.

Бөліспей тұрғанда үлкен балалардың әрқайсысында қанша қой бар еді.

Жауабы: 13 қой; 14 қой; 14 қой

  1. Отын дайындау.


Алдаркөсе байға жалданып,отынын аралап, суын тасып күн көріпті. Ол ағаш аралап 72 бөлікке бөледі.Ал барлық ағашты 53 рет аралап кескен.

Алдаркөсе сонда неше ағашты аралап кескенін есептей алмаған екен. Сендер көмектесіп жіберсеңдер, Алдаркөсенің неше ағашты аралағанын білген болар едік. Жауабы: 19 ағаш




  1. Атасы мен немересі.


Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Қанша жылдан кейін атасы немересінен екі есе жас үлкен болады?

Атасы және немересі неше жасқа толады?

Жауабы: 28 жылдан Атасы 84 жас жәненемересі 42жасқа толады


  1. Тақтада 45-ке қалдықсыз бөлінетін алты таңбалы сан жазылған. Маңайынан өтіп бара жатып Арман бір санды өшіріп, орнына * салып кетеді. Сонда 324*5 саны шықты.

Арман қандай санды өшірген?

Жауабы: 4

  1. 5 жәшіктің әр қайсысы алма саны бірдей. Егер әр жәшіктен 60 алмадан алсақ қалған алма саны бұрынғы екі жәшіктегі алма санына тең. Әр жәшікте әуелде қанша алма болған? Жауабы: 100алма болған


44. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Қазір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кіші, Қазір әрқайсысының жасы қанша?

Жауабы: 9 жылдан (36 және 12)

45. Ұлу биіктігі 10 м ағаштың басына шығуы керек. Ол күндіз 4 м жоғары көтеріледі, түнде 3 м төмен түседі. Неше күнде ұлу ағаштың басына шығады?

Жауабы: 7күнде


46. Біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы, ол әрбір жарты сағатта 1 рет, толық сағат сайын сол уақытты көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда ол тәулігіне неше рет қоңырау соғады?


Жауабы: 90 рет


47. Жанұяда екі ұл және әр ұлдың екі әпкесі, бір әкесі бар. әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?

Жауабы: 3 адам

48.Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.Мектепке неше бала барды?

Жауабы:5 бала


49. Қатар тұрған үш санның қосын-сы да, көбей-дісі де 6 –ға тең. Ол қандай сан?

Жауабы:1;2;3


50. Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады?

Жауабы:1 сағ = 60 мин;1сағ20мин= 80 мин


51. 8 кг алмадан тосап қайнату үшін оған оған 4 кг қант қосады. 24 кг алмадан тосап қайнату үшін оған қанша кг қант қосу керек?


Жауабы:12 кг


52. Медеуге бара жатқан Бауржанға қарсы 4 адам кездесті.Әр қайсысының қасында 1 баладан бар. Медеуге қанша адам бара жатыр?

Жауабы:1 бала Бауржан


53. Жанар қағазға 86 теңгені жазып, өзінің жолдасына айтты. Ешқандай жазу жазбай осы қолындағы қағазды 12-ге арттыруды өтінді. Ол қалай?

Жауабы:98; Аудару керек


54. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр Жауабы:4 мысық


55. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?

Жауабы:түйеқұс ұшбайды


56. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды?

Жауабы:10


57. Электр поезы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты. Ол сағатына 60 километр шапшандықпен жол жүрді. Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел соғып тұрды. Бірақ оның шапшандығы сағатына 50км. Жел поездың түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді?

Жауабы:Электр поездың түтіні болмайды



58.Төрт қайың қатар өсіп тұр.

Әрбір қайында 4-4-тен үлкен бұта бар.

Әрбір үлкен бұтақта 4-4-тен кішкене бұтақ бар.

Әрбір кішкене бұтақта 4-4-тен алма бар.

Барлық алма саны қанша?

Жауабы:қайыңда алма өспейді


  1. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының

біреуі жолдың жартысын өткенде, жолдың жартысы

қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін

ұйықтайды? Жауабы:4-тен 1 ( бөлігін ұйықтайды


  1. Бір меймандос адамның үйіне қонақтар келіпті.Оларға алдымен шай содан соң қазанға ет салынады. Үй иесі әйеліне келіп екеу ара бір табақ тартсақ бір табақ жетпей қалады.Үшеу ара бір табақ тартсақ,бір табақ артық қалады. Сонда қонақтар саны қанша, табақ саны қанша? Жауабы:12 қонақ, 5 табақ


  1. Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. жоғары сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі-берлі тасып әлек. Бұл не?Жауабы:дәптер


  1. Үш пар ат 50 км шапса олардың әрқайсысы қанша км шабады?Жауабы:50


  1. Отбасында жеті қыз және әр қайсысында бір-бірінен інісі бар. Отбасында неше бала бар? Жауабы:8 бала


  1. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?Жауабы:сол сөнген 4 майшам қалады, қалғаны жанып кетеді


  1. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?

Жауабы: 3 стақан бар


  1. Бала 600 г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді.

Олар бірге неше минутта жейді?


Жауабы:2 минутта жейді


  1. Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы?

Жауабы: ең үлкені Ажар


  1. Бір жұмыртқа 5 минутта піседі, ал бес жұмыртқа неше мин піседі?

Жауабы: 5минутта піседі


  1. Әсем, Ардақ Жанар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандайбаға алғандығын сұрағанда мұғалім:

Әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы үш емес, ал Жанардың бағасы 5 емес деді. Сонда әркім қандай баға алған?

Жауабы:Әсем 5, Жанар 4, Ардақ 3


  1. Атасы немерелеріне сақтап қойған асықтарын бөліп бергісі келді. Оларға жетіден берсе, асықтың екеуі артық қалады, ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар, атаның асығы нешеу?

Жауабы: 23 асық; 3немересі бар


  1. Толық көздейдегі айранның алтыдан бірін ішіп, орнына су құйдым. Сосын үштен бірін ішіп, орнын сумен толтырдым. Артынан жарты көздейін ішіп, тағы да көздейді сумен толтырдым. Ақырында көздейдегі сусынды толық ішіп қойдым. Айранды ма, әлде суды ма,қайсысын көп іштім?

Жауабы:суды көп ішеді


56.Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? Жауабы:2 рет


  1. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1,5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады?

Жауабы:150тг


  1. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

Жауабы: торымен бірге алады


  1. 45 минут сағаттың қанша бөлігі?

Жауабы:4-ден 3 ( )


  1. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі не?Жауабы:ғасыр


  1. Миллиард санын жазғанда неше нол керек ?Жауабы:9


  1. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?Жауабы:12


62 . Жарты қарбыз 20 тг тұрады. Бүтін қарбыз неше тг?

Жауабы:40тг


  1. Үш пар ат 50 км шапса олардың әрқайсысы қанша км шабады?Жауабы:50


  1. Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді? Жауабы:9 күнде


  1. 12,10,14 сандарының арифметикалық ортасын тап?Жауабы:12


  1. Ең үлкен екі таңбалы сан кай сан болады?Жауабы:99


  1. Натурал сандар нешеден басталады? Жауабы:1-ден


  1. Нәрселерді санағанда қолданылатын сан кантай аталады?Жауабы:натурал сан


  1. 2 ғасырда неше жыл бар? Жауабы:200 жыл бар


  1. Ұзындықтың өлшем бірлігі не?Жауабы:метр


  1. 100 жылдың басқа атауы. Жауабы:ғасыр


  1. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар.

Жауабы: 6 - 6=36-6=30


  1. 12 айдың ішінде 28 саны қай айда кездеседі?

Жауабы:барлық айда кездеседі


  1. Минуттың 1/60 бөлігі қандай аталады?Жауабы:секунд


  1. Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? Жауабы:3 алма


  1. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады?

Жауабы:1 санды


  1. Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды, әр қайсысына алты алмадан тиді. Бұл қалай болғаны?Жауабы:1 ата, 2 әке, 4 бала


  1. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?Жауабы:4 сағат


  1. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма?Жауабы:24


  1. Ешқандай амал қолданбай-ақ 666 санын жарты есе

арттырғанда қандай сан шығады?Жауабы:999


  1. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50 кг,

бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?

Жауабы:50кг


  1. Адамның 10 қолында неше саусақ бар?Жауабы:50саусақ


  1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? Жауабы: 5 бұрыш қалады


  1. Ағып жатқан өзеннен 3 л және 5 л ыдыстардың көмегімен 4 литр су алу керек болса, оны қалай аламыз?

Жауабы:(3л ыдыс мен 2 рет алып 5л ыдыс толғанда 3л ыдыста 1л су қалады, оны 5л ыдысты босатып 5 л ыдысқа құйямызда 3л ыдыс толдырып тағыда 5л ыдысқа құйғанда 5л ыдыста 4л су болады)



  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болады, қолда бары? Жауабы:6


  1. Ең кіші үш таңбалы сан?Жауабы:100


  1. Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар?

Жауабы:15 минут


  1. Кез-келген барлық санға қалдықсыз бөлінетін сан?

Жауабы:1


  1. Шекер жейтін ақ құтан

Бір қазыққа байланды

Аузына тістеп шекерін

Оң қазықты айналды Жауабы:Циркуль


  1. 104 түйме, 11 ине бұл не? Жауабы: Есеп шоты

  2. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. Жауабы:сызғыш


  1. Төрт қойдың неше аяғы бар? Жауабы:8 аяғы бар


  1. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді?Жауабы:300 кг


  1. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?

Жауабы:тең себебі 1тонна =10 центнер


  1. Екі санның қосындысы 8-ге тең,айырмасы 2-ге тең,көбейтіндісі 15-ке тең қандай сан?Жауабы:5және3


  1. Бір жылда неше тәулік бар? Жауабы: 365тәулік бар


  1. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?

Жауабы: 12 тауық үш күнде 12 жұмыртқа, 12 күнде 48

жұмырқа салады


  1. Арман, Ерлан, Нұркен және Мырзатай төртеуі балық аулады. Мырзатай балықты Нұркенге қарағанда көп ұстады. Арман мен Ерланның ұстаған балықтарының саны Нұркен мен Мырзатайдың ұстағандарымен бірдеу. Арман мен Мырзатай Ерлан мен Нұркеннің ұстағандарынан аз. Ұстаған балықтардың санына қарай кім қандай орын алғанын жаз.

Жауабы: Арман, Мырзатай, Нұркен, Ерлан


  1. 4 қара сиыр мен 3 сары сиырдан 5 күнде қанша сүт сауылса, 3 қара сиыр мен 5 сары сиырдан күнде сонша сүт сауылады. Қандай түсті сиыр сүтті көп береді – қара ма әлде сары ма? Жауабы: Сары


  1. Ат сиырдан қарарақ, сиыр иттен қара Ең қарасы қайсысы? Жауабы: Ат


  1. 2 таяқшаның неше ұшы бар? 2,5 таяқшада ше?

Жауабы: 4 ұшы және 6 ұшы бар


  1. Қыздың 4 лентасы болды. 1-уін теңдей 2-ге бөлді. Қызда қанша лента болды? Жауабы: 5 лента


103. Аулада қаздар жүрді. Дана 6 аяқ санады. Аулада қанша қаз бар?


Жауабы: 3 қаз


  1. Ағашта бірнеше құс отырған. Оларда 8 қанат болды. Ағашта неше құс отыр. ? Жауабы: 4 құс


  1. Бауырсақ қонақ үйге келеді. 1 күнге 1 теңгеден төлеу керек. Бауырсақта 1 теңгелік және 3 теңгелік бар еді. 3 күн тұрса қалай есеп айырысыр еді?

Жауабы: 3 теңгелік береді


  1. Әкесі мен баласына 40 жас. 3 жылдан соң олардың жасы қанша болады? Жауабы: 46 жас болады


  1. Дана 13 пен 18 жұлдыз аралығында туды. Туған күнін табу үшін неше сұрақ бересіз. «Ия», «Жоқ» деген жауап қана қабылданады. 1 ші сұрақ қандай болады?

Жауабы:1.Туған күнің числосы тақба? 2. 3-ге бөлінема?

Жоқ десе Қалып тұрған санның біреуін сұрайсың


  1. 1 ден 1000 –ға дейінгі сандар жазу үшін қанша цифр керек? Жауабы: 2цифр (0 және 1)


  1. Қатарполкада 3-тен кітап болды. Тағы кітап сатып алдынды да, әр полкаға бұрынғыдай кітап қойылды. 2 қатар полкіде неше кітап болды? Жауабы: 12 кітап болды


  1. 2 бала 3 сағат шахмат ойнады. Әр бала неше сағат ойнады? Жауабы:3 сағат шахмат ойнады


  1. Қағазды 4-ке бүктеп, ортасынан кессе неше бөлік болады?

Жауабы: 8 бөлік болады


  1. Тіктөртбұрыштан қалай шаршы жасаймыз?

Жауабы: Тіктөртбұрыштың қарама – қарсы төбелеріне қарай қырқып, алынған үшбұрыштарды жалғаймыз


  1. Кубик жасау үшін неше шаршы керек?

Жауабы: 6 шаршы керек


  1. Наурыз дастарханына 263 дана алма даярланды. Егер наурыз тойына 86 ұл және одан 2 есе артық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме?Жауабы:жетеді


  1. Оспан көшеден көп ақша тауып алды да, күніне 20 теңгеден жаратты. Бір айдан соң, одан 60 теңге қалды. Дәл бір ай алдында оның шешесі 860 теңге жоғалтқан еді. Оспанның тауып алған ақшасы анасыныкі ма, жоқ па?

Жауабы: жоқ Себебі 20 = 660теңге


  1. Дәптердің бетінің ұзындығы 20см, ені 15см. Самат сабақта отырып, зеріккеннен дәптердің бетінің 30см2-не сурет салып қойды. Егер ол дәптердің бетін түгел дәл осындай суретпен толтыратын болса, дәптердің бетіне неше сурет сияды?


  1. Оқушы үй жұмысын орындау үшін 2 сағат отырды. Ол 20 минут сурет салып ойнады. 40 мин оны өшірумен әлек болды. Қалған уақытта үй тапсырмасын орындады. Егер әр пәнге 20 минут уақыт жіберсе, ол неше пәннен үй тапсырмасын орындайды? Жауабы: 5 пәннен


  1. Олжас пен Жандос жасырынбақ ойнады. Олжас кәріеменнен 12 қадам солға, 5 қадам оңға, қайтадан 4 қадам солға, 11 қадам оңға жүрді. Олжас қайда тығылды?

Жауабы: Дәл кәріеменде тығылды



  1. 10 жасар Арман шашын тақырлап алдырып тастады да ойнады. Егер менің шашым айына 1см өсетін болса, 20 жасқа келгенде, менің шашымның ұзындығы қандай болар еді?

Жауабы: 1м 20см


  1. Бір патшаның сұлу қызы болыпты. Ол 18 жасқа толғанда, кімнің байлығы көп болса соған қызымды беремін депті. Сонда бір жігіт келіп, менің 27360 сандық алтыным бар, оған жыл сайын 330 сандық қосылып тұрады депті. Патша жігітке 30000 сандық алтын әкелсе қызын беретінін айтыпты. Жігіт 30000 сандық алтын жинағанша қыз неше жасқа толады?

Жауабы: 8 жыл 18+8


  1. Қайрат пен Талғат бірдей бөлінгішті екі түрлі бөліндігі бөлді. Қайрат 153-ке бөліп еді, бөліндіде 612 шықты. Талғат сол санды 6-ға бөлгенде қандай сан шығаы?

Жауабы:15606


  1. Квадрат тәрізді егінжайдың периметрі – 228 м. Осы егінжайдың ауданы қанда?

Жауабы: (228:4) (228:4)=57


  1. Талғат ұзындығы 2м, ені 1м тәтті жеуді армандайды. Қайрат ұзындығы дәл сондай, бірақ ауданы одан 3 есе артық тәтті жеуді армандайды. Қайраттың армандаған тәттісінің ені қандай болмақ?

Жауабы: 3м


  1. Ағасында 2 дәптер, інісінде 12 дәптер. Екеуінің дәптері тең болу үшін олар дәптерді қалай бөлісу керек?

Жауабы: (2+12):2=14:2=7 дәптер


  1. Самат 12 маусымда сағат 11-де шаңғы сатып алды да, қар жауғанша күтті. Қар келесі жылдың қаңтарының 25 жұлдызында сағат 9-да жауды.Самат қардың жаууын шаңғы сатып алғаннан бастап, неше сағат күтті?

Жауабы: (18+31+31+30+31+30+31+24) +13+9=226 22 = 5424 + 22 = 5446 Жауабы: 5446


  1. Велосипедшінің соңынан 3 адам жүгірді. Егер велосипедші 15 км/сағ жылдамдықпен жүріп, 45 км жүрген соң, 1 сағ демалуға отырса, жаяу жүгіргендер 12 км/сағ жылдамдықпен оған жете ала ма?

Жауабы: 45:15+1=4 сағ; 4 жете алады


  1. 450 кг жүк көтере алатын лифтке 20 кг-дық екі оқушы,

30 кг-дық үш оқушы және барлық оқушының салмағынан

5 есе кем тартатын мұғалима мінсе, лифт жүре ме?

Жауабы: 20 + 30 + (20 + 30 - (20 + 30 130-26 =130 +104 = 234 кг лифт жүреді


  1. Бір патшаның үш қызы болыпты. Оның жерінің ені 60км, ұзындығы 70 км екен. Ол үлкен қызына барлық жерінің жартысын беріпті. Ортаншы қызына берген жерінің периметрі 148 км. Қалғанын кіші қызына берді. Ол кіші қызына қанша жер берді? Жауабы: Кіші қызына берген жерінің периметрі 190 - 148 = 42км.


  1. Екі бала 5 м/сек жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы жүгірді. Егер жолдың ұзындығы 100 м болса, олар неше секундтан кейін кездеседі?

Жауабы:10 секундтан кейін кездеседі


  1. Қоян қорқынышты түс көрді. Оның түсіне түлкі сағатына 154 км, ал қасқыр одан 2 есе артық жүгіре алады екен. Егер қоян 5 минутта 30 км жүгіре алатын болса, түлкі мен қасқыр оған жете ала ма, жоқ па? Жауабы: жоқ


  1. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Қазір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кіші, Қазір әрқайсысының жасы қанша?

Жауабы: әкесі-36ж; баласы 12ж


  1. Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттың – дейді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты - деді. Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып, ең көп асықтан ұтылған мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала.

Ойыннан кейін кімде, неше асық? Жауабы: (4, 18, 8)


  1. Жанұяда екі ұл және әр ұлдың екі әпкесі, бір әкесі бар. әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?

Жауабы: (2 ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы = 6 адам)


  1. Басынан аяғына төңкеріле жазылған түрінде оқығанда өзгермейтін қандай сандарды білесіңдер?

Жауабы: (69, 619, 88)


  1. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен

тұрғанда қанша тартады?Жауабы: (бір пұт)


  1. Қандай сандар нөлден үлкен? Жауабы: (оң сандар)


  1. Бір шеңбердің үстінде бір шеңберЖауабы: /сегіз/


  1. 35 санының соңғы цифрын өшірсек, ол қанша бірлікке азаяды?

Жауабы: /32/


  1. Самал 2,16 кг, ал Айша одан 3 есе аз дәрілік шөп жинады. Айша қанша дәрілік шөп жинайды? Ж:( 0,72кг)


  1. Азық-түлік қоймасындағы 1503,6 кг күрішті қаптағанда 28 қап болды. Бір қапта неше кг күріш бар? Жауабы: (53,7кг)


  1. Бірінші поезд 4 сағатта 251,6 км, екінші поезд 5 сағатта 298 км жол жүрді. Поездардың жылдамдықтарын тауып, саластырыңдар

Жауабы: (62,9км\сағ; 59,6км\сағ)


  1. Сандары белгілі бір байланыспен орналасқан.Сандар байланысы ерекшелігін тауып қатарды жағастыр:9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,...

Жауабы:   /10, 13, 11.../


  1. Бас бармақ пен сұқ саусақ  аралығындағы өлшем

Жауабы: /сүйем/




  1. Біз санбыз...

Сызықпыз бөлінген

Математиканы ұқпас адамға.

Кұбыжық болып көрінген,

Дұрыс, бұрыс, аралас,

Ондық бөліп бөлінген (бөлшек)



  1. Екі ағайынды,

Екеуі де бір үйде

Бірін-бірі көрмейді. (көз)


  1. Өзі төрт қанатты және алты аяқты,

Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. (инелік)


  1. Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (қолғап)


  1. Төрт қарны бар,

Бір ауызы бар (үй).


  1. Отыз омыртқа,

Қырық қабырға,

Бәрін ұстап тұрған

Ауыз омыртқа

Жауабы: (30 омыртқа – уық, 40 қабырға – кереге,

ауыз омыртқа шаңырақ).


  1. Он қойым болды өміріме азық,

Инемен сарамын құдық қазып,


Жатсам да, тұрсам да, қасымда,

Өзімнен көрген емес кейін қалып. (Он саусақ, сия)


  1. Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар (Бас).


  1. 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9 цифрының орналасу ретін өзгерпей олардың арасына, қортындысы 100-ге тең болатындай етіп, плюс және минус, және де теңдік барлығы 3 таңба қойып шығыңыз.

Жауабы: 123-45-67+89=100

  1. Сағат цифрблатын әрбір бөлігінде сандардың қосындысы 13-ке тең болатындай етіп қалай бөлуге болады?

Жауабы: 12+1=11+2=10+3=9+4=8+5=7+6


  1. Есептеудің оңай жолын табыңыз + + + + =? Жауабы: 1- + - + - + + - = 1 - =


  1. Өрнектегі сұрақ белгісінің орнына көбейткенде 8 шығу үшін қандай таңба қою керек?

Жауабы:


  1. Бес екіліктің және амалдардың көмегімен 28 санын жазыңыз.

Жауабы: 28=22+2+2+2

  1. Үш бестік пен амалдардың көмегімен: 0 және 2 саның жазыңыз. Жауабы: = 0; = 2


  1. Есептеудің оңай жолын тауып, қосындыны табыңыз

Ж:


  1. 8) Үш бестік пен амалдардың көмегімен 1 және 5 санын жазыңыз.

Жауабы:


  1. 88888888 санының жазылуының арасына 1000 саны шығатындай етіп «+» таңбасын қойыңыз.

Жауабы: 88+8+8+8+888=1000


  1. Қандай бүтін сан нольден өзгеше кез келген бүтін санға қалдықсыз бөлінеді? Жауабы: 0


  1. Сағат циферблатының әрбір бөліміндегі сандардың қосындысы тізбектес болатындай етіп 4 бөлікке бөліңіз.

18=12+1+2+3 19=10+9 20=11+4+5 21=8+7+6



  1. Бірдей әріптерді тең сандармен алмастырыңыз:

жауабы:


Қай бөлшек ең үлкен?


Жауабы: Екінші:


180. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
181. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста. Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )
182. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады. Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)
183. Наурыз мерекесінде 20 адам бибиледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен, Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана солмереке келген барлық жігітпен бибиледі. Мерекеде қанша жігіт болған? (13 жігіт)
Ойлан, тап
184. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам? (Парсы математигі аль-Хорезми ) (787–850)
185 .Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)
186. Үнділіктер оны «Сунья», ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалайатаймыз? (0)
187. Сиқырлы қаптағы сұрақ Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз? ( Айырмасы 2-ге тең жай сандар , мысалы: 5 пен 7)
188. Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады? Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)
189. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады? (аралас сан)
190. Сиқырлы қаптағы сұрақ Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады. Мысалы.1/2 )
191. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)
192. Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
193.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
194. Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысысегізгетеңболды.Бесжылданкейінолардыңжастарыныңқосындысы неге теңболады?(18 жас)
195. Үстелүстіндебірнешекәмпитжатқан.Оныекіанасы, екіқызыжәнеәжесі мен немересі 1 кәмпиттенбөліпалғандаүстелдекәмпитқалғанжоқ.Алғашқыдаүстелдеқаншакәмпитболған? (3)
196.Төртінші артығын тап: 37;19;27; 29 .(27)
197.Төртінші артығынтап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
198.Төртінші артығын тап: радиус, центр,төбесі,диаметр (төбесі)
199. төртіншіартығын тап: 381;555;265;117.(265)
200.Үлкен ағасында 2 кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасыі інсінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап, олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5)
201.Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар. Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды. Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)
202.Сиқырлы қаптағы сұрақ Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп, 5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады. 3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті, бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіпқалды. Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)
203. Әсет пен Азатқа 5 тәттітоқаштан әперді.Әсетөзініңтоқаштарын 6 минуттажепқойды да, әртоқашын 4 минуттажепжатқанАзатқақарапқызғаныштанжыданажаздады.Әсетәлінеше минут қызғаныштанжынданатынболды? (14)
204.Қос жегілгенаттар 40 км шауыпөтті. Әратнеше км шауыпөтеді?(40)
205. Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалы-інілердіңбір-бірденқарындастарыбар.Отбасындабарлығынеше бала бар? (8)
206 . Қояндарбөренені араменбөліпжатыр. Олар 14 жерденкесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
207. Айболиткекөрінугеаңдаркелді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтанбасқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге нешеаңкелген? (3)
208.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
209. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктенауыр. Алмұрт ауырма, әлде өрік ауырма? (алмұрт)
210. Емендеүшбұтақ, ал әр бұтақтаүшалмаданбар.Барлығынеше алма? (еменде алма өспейді)
211. КішкентайЕсеттімысықтынапалғанда,ол 5 мин бақырды, ал ара шағыпалғандаол 3 мин ұзақбақырды,өзініңанасыұстапалыпсабынменжуындырғандаЕсет ара шағыпалғандағыдан екіесекөпуақытбақырды.АнасыЕсетті 11минутта2 жуындырды.Есетжуыныпболғаннанкейінқаншауақытбақырды?(5мин)
212. Заттардысанауүшінқолданылатынсандарқалай аталады? (натурал сандар)
213.Нөлге жәнежұпцифрғааяқталатынсандарқалайаталады? (жұпсандар)
214.Қандай сандаржайсандардепаталады? (өзінежәне 1-ге ғанабөлінетін сандар)
215.Заңдылықты анықтап, сан қатарыныңкелесісанынанықта:
0, 3, 8, 15, ? ( бітінсандар 2;3;7)

216. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса? Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.
217. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын

218. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
219. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
220. Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар. Жауабы:

221. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан жәнеоған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық

223. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
224. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –бірінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
225. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
226. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
227. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат
228. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
229. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
230. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
231. Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады? Жауабы: 3+3=6 6-5=1 3+1=4л





















38


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!