жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Логикалық есептерді тиімді шығару жолдары
Түркістан облысы
Шымкент қаласы
Ғылыми жобаның тақырыбы:
Логикалық қызықты есептерді тиімді шығару жолдары
Ғылыми жұмыстың авторы:Нұрлыбек Орынкүл
Жетекшісі: Шынтаева Самал
Аннотация
Зерттеу мақсаты: Математикадан қызықты, яғни логикалық есептерді шығару және қолдану жолдарын зерттей отырып, оқушы білімін, нәтижесін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Зерттеу кезеңдері:
Түрлі бағыттағы логикалық есептерді шығару
Өз бетімен есептер шығару
Тақырыпты ашуда А.Е. Әбілқасымова, С.А. Джанабердиева «Қызықты математика» , С. Ерубаевтың «Қазақтың байырғы есептері» , Я.И.Перельман «Қызықты алгебра» деген жұмыстарын басшылыққа алып, логикалық есептердің маңыздылығын ашып көрсету.
Эксперимент әдістемесі: Логикалық есептерді шығару, өз бетімен есептер құру, интернет жүйесін қарау, баспасөз беттерінен материалдар жинау арқылы логикалық есепті шеше білуге қызығушылығын арттыра отырып, өз бетімен жұмысжасай білуге үйрету
Зерттеу жаңалығы: Негізінен логикалық есептер шығаруда өзінің білім деңгейі көтеріледі. Кең ауқымды есептерді шешуде зерттеу, ойлау қабілетін дамытып, жаңа іс – қимылға жетеледі. Пәндік икемділігі қалыптасты.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Ғылыми жұмысты орындаушы өз талдауларын қорытындылай келіп, жоғарыда келтірілген логикалық есептерді шығару және қолдану жолдарының тиімділігін, олимпиадалық есептерді шешуде,халықтық есептерді шешуде, математика сабағында тақырыпты жеңіл ұғынуға болатынын дәлілдеуге ұмтылған және мектеп бағадарламаларында көбірек берілсе деп түйін жасайды.
Теориялық және практикалық маңыздылығы: Түрлі бағыттағы логикалық есептердің шығарылу жолдарымен дәлілдеуге ұмтылған. Өзіндік ой қорыту, нақты тұжырым жасау және зерттеу дағдысы оқушы бойында қалыптаса бастаған.
Негізгі бөлім
Қызықты математика деген не?
Қазақтың байырғы есептері
Бас қатыру есептері
Математикалық кроссворд
Ертегі есеп
Логикалық есептерді шығару әдістері.
Сиқырлы шаршы
Төркөзді қағаздағы қию есептері
Қорытынды
Қызықты математика маңызы
Кіріспе
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
математика, сондықтан оны оқу керек»
М.В. Ломоносов
Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі. Математиканың өмірмен байланысы анық. Миды жаттықтыру үшін адамға математиканы үйрену, есеп шығару, математиканың бүкіл заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланады. Біздің өміріміздегінің бәрі бір – бірімен тығыз байланысты. Тіршілік құбылыстарын бір – бірінен бөліп зерттеуге болмайды.
Математиканың басқа ғылымдармен байланысын анықтайық. Оның химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байлыныстылығында дау жоқ. Ал тарихпен ше? Тарих толығымен даталардан және оған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін ойлау қабілеті немесе оқиғалардың логикалық тізбегін қадағалай білу қажет. Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады.
Логика-(грек тілінен алынған Logic- сөз, ой,ойлау, ақыл -ой) ойлаудың заңдылықтары, түрлері және әдістері туралы ғылым.Ой қорыту түрлері және әдістері туралы ілім Ертедегі Шығыста(Қытай, Үнді) пайда болды. Кейін грек ойшылдары ары қарай дамытты.
Математика ғылымы ішіндегі математикалық логиканың ғылыми бағыты қарқынды даму үстінде.Оның ғылыми нәтижелері кибернетикада, информатикада, басқару теориясында, гуманитарлық ғылымдарда қолданыс табуда. Кезкелген мемлекеттің экономикасының табыстылығы сол елдің басқару элитасының іскерлігіне және білім, ғылым және өндірістегі адамдардың интеллектуалды деңгейіне тікелей байланысты.[№1,2014 ж, Алгорифм журналы]
«Ойнай білетін адам-ойлай да біледі» демекші, ерте заманнан адамдар өз балаларының дамуына назар аударып, оларды ойын мен қызықты есептер арқылы ақылды адам етіп тәрбиелеуге тырысқан. Есепті шешудің ұтымды, жеңіл жолдарын табуға балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал ету, математикаға деген қызығушылығын тудыратынын өмірде көрсетіп отыр.Есептердің шарттары мен талаптарының сурет, кесте, өлең, жұмбақ, логикалық түрде берілуі қандай да бір әдістермен шешуге талпындыратыны байқалады. Логикалық ойлауды логикалық және қызықты математикалық есептердің көмегімен жүргізу керек.
Логика дегеніміз спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек. Өз атыңды, сезіміңді логикалық тұрғыда жеткізе білу де үлкен өнер.[ №2,2005ж, Алгорифм журналы]
Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап балалардың танымдық қызметін жақсартады. Логикалық, яғни қызықты есептерді шығаруда шығармащылық жұмыс істеуді керек етеді. Ең бастысы шығармашылықпен жұмыс істеген адамның өзіне және өз ісіне деген сенімі, жауапкершілігі артады, іскерлік дағдысы қалыптасады.Міне, соның ішінде адамды тез ойлай білуге, аңғарымпаздыққа, ой ұшқырлығына жетелейтін логикалық есептердің орны ерекше.
Негізгі бөлім
Қызықты математика деген не?
Адамның ерекше қасиеттерінің бірі - есепті дұрыс шеше білу. Менің мақсатым - әр түрлі қиындықтағы есептердлі дұрыс шығара білуге үйрену. Біздің заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Сондықтан әрбір мектеп оқушысының алдында тұрған міндеті – қазіргі заманғы математикалық логиканың негізін түсіне білу, логикалық есептерді шеше білу. Математикалық логиканы білмейінше, оны ойдағыдай меңгеру қиын. Өйткені бүгінгі күні ғылым мен техниканың қарыштап дамуы ол адамның ойлау қабілетінің ең ірі жетістіктері болып табылуда.
Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер дейміз. [№1, 2007 ж, математика және физика]
«Қызықты математика» деген термин орыстың «занимательная математика» деген сөзден шыққан.
Қызықты (занимательный)- «сананы оятатын, ықылас, зейін тудыратын, үйіріп әкететін» деген мағынаны білдіреді [1].
Қызықты математиканың мынадай жанрлары болады:бас қатыру есебі, кроссворд, математикалық викторина, сұйықтарды құю есептері, сиқырлы шаршы, сан ребустары, математикалық фокус, сіріңке немесе ши есептері, қалжың есеп, көне есеп, өлең есеп, Судоку, т. б.
Қазақтың байырғы есептері[5]
Ежелгі есеп тамаша,
Еске түсер жаңаша.
(Ел сөзі)
Мүшел қазақша ежелгі жыл қайыру есебінің бірлік өлшемі. Бұл есептеме бойынша әрбір 12 жыл бір мүшел деп алынады. Мұнда бастапқы бірінші мүшелді 13 жыл деп санайды.
Қазақша жыл аттарын жатқа білеміз бе?
Мүшел жылдары |
Мүшел есептеу ережесі |
|
=13+0*12=13 =13+1*12=25 =13+2*12=37 .......................... N =13+(n-1)*12=12n+1 Жыл жаттау ережесі: Түйе сеніп бойына, Қалған ұмыт жылдардан. Жатпа қорқып мойыма, Тайма именіп ділмардан. Өлең сөздеріндегі басқы әріптері мүшел жылының бірінші әріпіне сәйкес келеді. |
Қазақтың жыл қайыру ережесі :
b=a+9, b=12*n+r, мұндағы a-туған жыл; r-қалдық
Мысалы: Абай 1845 жылы туған. a=1845. Осы сүйеніп, мүшел есебі бойынша Абайдың туған жылы былай анықталады.
b=1845 +9=1854
1854=12*154+6
r=6 демек Абай атамыз мүшел есебінің 6-жылында, яғни Жылан жылы дүниеге келген.[5]
Бас қатыру есептері
Оқушылардың ұшқыр ойлауына, қоршаған ортаны геометриялық тұрғыда қабылдауына жақсы әсер ететін ойындардың бірі-бас қатырғыш есептері.
Бас қатыру- тапқырлықты, алғырлықты талап ететін есептер мен ойындар[2]
Т
анграм.
Бұл есепті шығаруда екі топқа бөлініп
жарыс ұйымдастыруға болады. Логикалық
ойлауды дамытуға ықпал жасап, жазықтықтағы
геометриялық қабылдауды жақсартатын
бұл есеп алғашында қарапайым көрінгенімен,
күрделі болып табылады [3]
1-есеп. «Танграм»- ерте заманғы Қытайдың бас қатыру есебі. 1-cуретте қабырғасы 10 см шаршы көрсетілген. Ол 7 бөлікке бөлінген.
сурет
сурет 3- сурет
Олардан әр түрлі фигуралар құрастыруға болады (2,3-суреттер). Осы жеті фигурадан екі шаршы және 2-суреттегі басқа фигураларды
құрастырыңыз. Есептің шешуін 3- суреттен қараңыз.Оқушылар осы фигуралармен құрастырылатын фигураларға қоса өздері креативті түрде ойлап тапқанфигураларының коллекциясын жасауына болады.
Рубиктің кубигі- 1977 жылы венгр дизайнері Энро Рубик ойлап тапқан бас қатыру есебі. Бұл 26 кубты біріктіретін, бірақ динамикалық, куб пішінді үш жазықтықта айналатын архитектуралық конструкциялы макет еркіндік дәрежесінің және өзара комбинация санының үлкен болуына байланысты логикалық ойлау және кеңістікте елестету қабілетін дамытады.
Қоршаған ортаны қате қабылдауына байланысты адамның кеңістіктік және бейнелі ойлауы дамымайды. Рубиктің кубигі- оқушының кеңістікте елестету қабілетін дамытуға ықпалын тигізетін ерекше жаттығулардың бірі.
Математикалық кроссворд. Кроссворд(ағылшын сross-«көлденең» және word- «сөз»)- сұрақтардың жауаптары тік және көлденең жолдардың қиылысуына әріп сәйкестігі ескеріліп толтырылатын бас қатыру есебі [2]
есеп.Шығармашылық есебі
(Өзім құрастырған сөз жұмбақ)
«Желдеткіш» атты сөз жұмбағы
-
-
-
1
Көлденеңінен: 2.Бір немесе бірнеше цифрлардан тұратын жазу. 4.Математикалық амалдың белгісі.
Тігінен: 1.Ойлау мен есептеу арқылы орындалатын жаттығу.
4.Санауға қолданылатын сан
2
3
4
-
-
4- сурет
Математикалық викториналар. Викторина- әртүрлі білім салаларынан қойылған сұрақтарға ауызша немесе жазбаша жауап беру ойыны[1]. Түрлері: әдеби викторина, музыкалық викторина, математикалық викторина т. б.
3-есеп. Викторинаға жауап берін. «Тәуліктің алдағы қалған уақыты өткен уақыттан екі есе көп болса, қазір сағат қанша болғаны?»[4]
Шешуі: Тәуліктің өткен уақытын х сағ. Деп белгілеп, есептің шарты бойынша теңдеу құрамыз: 2х+х=24, осыдан х=8(сағ.)
Жауабы: 8 сағ.
4-есеп. Әрбір алманы 3-тен артыққа бөлмей, 5 алманы 6 қызға қалай тең бөліп беруге болады?
Жауабы: 3-уін 2-ге, 2-уін 3-ке бөлу керек.
Логикалық есептерді шығару әдістері.
Ой қорыту әдісі
Кесте әдісі
Графтар әдісі
Әйлер дөгелектері
Логикалық алгебра көмегімен есептерді шешу
Эксперимент жасау әдісімен шешу
Программалау арқылы шешу
Компьютерлік модель көмегімен шешу
5-есеп. Үш адам сөйесіп тұр: Ақбаев, Қарабаев, Сарыбаев. Олардың қара шаштысы Ақбаевқа айтады. «Біреуіміздің шашымыз ақ, екіншінің шашы қара, үшіншісінің шашы сары, бірақ ешкімнің шашының түсі фамилясына сәйкес келмейді». Олардың әрқайсысының шаштарының түстері қандай? [№1, 2007 ж, математика және физика]
Шешуі: 1 – тәсіл (Ой қорыту әдісі)
Қара шашты адам Ақбаевпен сөйлескендіктен, Ақбаев қара шашты да болмайды, ақ шашты да болмайды (себебі шашының түсі фамилясына сәйкес келмеу керек). Олай болса Ақбаев – сары шашты. Онда Қарабаев – ақ шашты, ал Сарыбаев – қара шашты болады.
ІІ – тәсіл. (кестенің көмегімен )
алдымен есептің шарты бойынша, І кестені салайық
Тегі |
Сары |
Қара |
Ақ |
Ақбаев |
+ |
- |
- |
Сарыбаев |
- |
+ |
- |
Қарабаев |
- |
- |
+ |
Жауабы: Ақбаев – сары шашты
Қарабаев – ақ шашты
Сарыбаев – қара шашты
Граф әдісі (сәйкестендіру сызықтары арқылы)
6-есеп: Төрт спортшы: Әлия, Ғалия, Мадина, Динара гимнастикадан өткен жарыста алдыңғы 4 орынды алды, бірақ олардың кез келген екеуі бұл орынды бөліскен жоқ.
Кім нешінші орын алды?- деген сұраққа үш жанкүйер былай деп жауап берді.
а) Әлия – ІІ, Динара – ІІІ
ә) Әлия – І, Ғалия – ІІ
б) Мадина – ІІ, Динара – ІҮ.
Жанкүйерлердің әрқайсысы бір рет қателескенін ескеріп, әр спортшының қандай орын алғанын табы керек.
Ә
І
Ғ
ІІ
М
ІІІ
Д
ІҮЖауабы:
Әлия –І, Мадина – ІІ, Динара – ІІІ, Ғалия
– ІҮ
Әйлер дөгелектері
Есеп: Шет тілдерінен дәріс беретін мектепте 15 бала ағылшын тілі үйірмесіне, ал 13 бала неміс тілі үйірмесіне қатысады. Оның ішінде 8 бала екі пәнге қамтылған Сонда жалпы неше бала бар?
8
ортақ,
екеуіне де қатысатындар 15-8=7
тек ағылшын тіліне 13-8=5
тек неміс тіліне Сонда
барлығы
:7+8+5=20
5
8
7
7-есеп (Эксперимент жасау әдісімен шешу)
27 алтын монетаның біреуі жалған және оның салмағы басқа монетадан ауыр. Күйентелі таразы көмегімен 3рет өлшеу арқылы және гирді қолданбай жалған монетаны анықтау керек.
Шешуі : 1өлшеу. Осы манеталарды әрқайсысы 9 болатын үш үймеге бөлеміз. Таразының екі басына 1 және 2 үймелерді қоямыз.2 өлшеу. Егер осы жағдайда таразы тең болмаса, басып тұрған жағын аламыз да оны үш үймеге бөлеміз( Егер таразы теңдікті көрсетсе, онда жалған монета 3-үймеде). Әр үймеде 3 монетадан болады. Алдыңғы амалды қайталаймыз да қай үймеде жалған монета бар екенін білеміз. 3 өлшеу. Енді осы үш монетадан тұратын үймені үшке бөлеміз. Таразы табақтарына бір бірден монеталарды қоямыз. Егер бір жағы басса, жалған монета сол жақта. Егер тең болса жалған монета үшінші монета болады.
Логикалық есептерді теңдеулер жүйесі арқылы да шешімін табуға болады.
8(а)-есеп . Аулада тауықтар мен лақтар бар. Олардың 19 басы және 46 аяғы бар. Аулада неше тауық және лақ бар?
Белгісізге белгілеу енгіземіз:
Бастары: тауық – х Аяқтары: тауық – 2х
лақ – у лақ – 4у
Теңдеулер жүйесін құрамыз
38 – 2у + 4у =46
2у=46 – 38
2у=8
у=4
х = 19 – 4 =15
х = 15
Шешімдерін зерттеу: тауық – 15, лақ – 4
бастарының
саны: 15 + 4 =
19,аяқтарының
саны: 2
=46
Есептің жауабы: 15 – тауық, 4 – лақ
Ертегі есеп
8(ә)-есеп.«Қаз бен түлкі»ертегісін оқи отырып, мынадай есепті байқаймыз.
«Түлкісін аярлыққа бермейтін дос
Көрейін сенде қанша ақыл мен ес.
Балапан, көжек санын өзің тапшы
Аяқтары 94, басы 35» [5]
Есептің мәтінін түсіну.Түлкінің айлакерлігі, қаздың ақылдылығы, балапанда – 2 аяқ, көжекте -4 аяқ
9-есеп. Ақдананың ойлаған санынан ең үлкен бір таңбалы санды азайтып, нәтижеге ең кіші екі таңбалы санды қосқанда 100 шықты. Ақдана қандай сан ойлады?
Шешуі: сан – х, алып, теңдеу құрамыз
(х-9) + 10 =100
х – 9 = 90
х = 99
Жауабы: 99
10-есеп. Түлкі 33 тышқан аулады. Ол аулаған тышқандарын тышқан санын әр түрлі етіп, 6 үймеге бөліп үйді. үймелердің ең үлкенінде 8 тышқан бар. Келесі үймедегі тышқандар маны оның алдыңғы үймедегі тышқандар санынан 1 тышқан кем. Ең соңғы үймеде неше тышқан бар?
Шешуі: Барлығы – 33 тышқан бар
8
7 6
5 4 3
Жауабы: Соңғы үймеде 3 тышқан бар
11-есеп.Бастапқыда автобуста 14 адам болды. Автобус қозғалды, одан ол тоқтады. І- ші аялдамада 6 адам кірді,8 адам шықты. Кейінгі аялдамада 7 адам шықты, 4 адам кірді. Келесі аялдамада 1 кісі кірді. Бүтін жолда кісілер қанша, аялдама қанша?
Шешуі:
Аялдама: 1+1+1+1=4
Адамдар: (14+ 6 )- 8- 7+ 4+ 1=10 адам
Жауабы: 4 аялдама
10 адам.
Логикалық есептердің саны да, шығару да тәсілдері де алуан түрлі. Математика ғылымында логикалық есептер бірнеше түрге бөлінеді, соларға жеке – жеке тоқталайын.
Логикалық есептердің келесі түрі өлшеумен байланысты.
Есеп: Бөтелкеде, стаканда, құмырада, банкада сүт, лимонад, квас, су бар. Су мен сүт бөтелкеде емес. Лимонад құйылған ыдыс құмыра мен квас құйылған ыдыстың арасында. Банкаға құйылған лимонад та су да емес. Стакан банка мен сүт құйылған ыдыстың қасында. Қандай сұйық қай ыдысқа құйылған.
Жауабы: Сүт құмыраға, лимонад бөтелкеге, квас банкага, су стаканга құйылған.
. Қазақ халқының математикалық білімінің тамыры терең. Ол қазіргі тілмен алғанда санаудың әртүрлі жүйесін, мәселен үштік, ондық, тоғыздық пайдаланған. Тоғыздық жүйе ешбір жалықта кездеспейді. Қазақтың мұра есебі – Симплекс әдісіне келсе, мүшел есебі, зекет есебі, бітір есебі, тоғыз құмалақ есебі - өз алдына бір төбе. Қазақтың қара есебі өмір қажеттілігінен туындаған. Қазақ халқының тәрбиесінің математикалық астары да түрліше.[№4, 2004 ж, математика және физика]
Олар: 1. Жұмбақ есеп
2. Өлең есеп
3. Ертегі есеп
Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдігімен дәлелденген халықтық есептер үлгілері- тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Қанша уақыт өтсе де маңызын жоймаған халықтың ұлттық мұрасын тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру – біздің де асыл борышымыз. Сондықтан халқымыздың ауыз әдебиетінде, ертегілерде, шешендік тапқыр сөздерінде, салт-дәстүрінде оқушылардың ақыл-ой зердесін тәрбиелеуде ұлттық мазмұнды есептер шығарудың маңызы зор.
Қыңырдың жасы.
Есепке құмар бір кісі қыңырдан:
- Жасың нешеде? – деп сұрапты. Сонда ол:
Менің 3 жылдан кейінгі жасымда үш еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды үш еселеңіз. Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда менің жасымды табасыз. Ол кісі нешеде?
Жетесінде жоқ,
Жете сыйламайды.
Шешуі: Қыңырдың қазіргі жасын -х десек, есеп шарты бойынша:
3(х+3) – 3(х-3) = 3х+9 – 3х + 9 =18
Тексеруі:
18+3=21;
18 – 3=15;
21 х 3 – 3 х 15 = 63 – 45 =18.
Жауабы: Қыңырдың жасы. 18-де.
Ұрылар мен кемпір
Ертеде байлардың естігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз қалады. Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір : «Ә, бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алған екен, мен де бұларды алайын»,- деп ойлайды. Сөйтіп, жалма-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты :
«Сапырып – сапырып Сарманға бер,
Құйып – құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те маған бар» - деген екен. Мұны естіген ұрылар:
«Қой мұнымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік», - деп, кетіп қалыпты.Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.
Сонда үйдегі адам нешеу , ұры нешеу?
Шешуі : 1+1+2+4+1+1=10 адам.
10 : 2= 5 ұры.
Жауабы: 10 адам, 5 ұры.[ С. Ерубаев. «Қазақтың байырғы есептері»]
Мысалы – 1. «Алты қанат киіз үйге екі мысық келіп кірді де, бірінші керегенің түбіне екеуі балалап, әрқайсысы алтыдан балалады. Олардың бәріде мысық болып өсті де, тағыда алты – алтыдан балалады, т.с.с. осылайша әр керегенің түбіне барып балапан шықты». Сонда киіз үйден неше мысық өсіп шығады?
Есепті талдау
а) Алты қанат киіз үй туралы түсінік
ә) Мысықтардың өсімталдығы туралы
б) Әр кереге түбіне әрқайсысы алтыдан мысық шығаратыны туралы түсінік беру
Есепті схема сурет түрінде жазу
Шығару тәсілі - әр керегенің түсіне 6 – дан балалайтын болғандықтан, әр керегедегі мысықтар санын 6 – ға көбейту.
Есепті шығару: әр керегедегі мысық саны. 12+72+432+2592+15552+93312= 111972
Есептің нәтижесін тексеру:
Есепті зерттеу: Әр керегеде мысықтар саны өсіп 6 есеге көбейіп отырады
Есептің жауабы: алты қанат киіз үйден барлығы 111972 мысық өсіп шығады.
Теңдеу біз үшін ойлайды
Егер сендер теңдеудің кей кездерде біздің өзімізден гөрі алдын ала болжағыштығына күмәнданатын болсаңдар, мына есепті шығарып көріңдер.
Әкесі 32 жаста, баласы 5 жаста. Қанша жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 10 есе үлкен болады?
Ізделіп отырған мерзімді х арқылы белгілейік. х жыл өткен соңәкесі 32 + х, ал баласы 5 + х жаста болады. Әкесінің жасы ол кезде баласының жасынан 10 есе үлкен болуы себепті, мынадай теңдеу шығады:
32 + х = 10 (5 + х)
Мұны шешіп, х = -2 болатынын табамыз.
«Минус 2 жылдан соң» деген «екі жыл бұрын» деген сөз. Біз теңдеу құрған кезімізде, болашақта ешқашан әкесінің жасы баласының жасынан 10 есе үлкен бола алмайтынын ескермегенбіз – ондай қатынас тек өткен уақытта ғана болуы мүмкін еді. теңдеу бізден өткен ойлампаз болды және де өзіміз жіберіп алған ағаттықты ескертті.
Сиқырлы шаршы
Тапсырма:1,2,3 сандары үш қайтарадан, тоғыз тор көзден тұратын кесте берілген. Осы сандарды тоғыз тор көзден тұратын шаршыға көлденеңінен де,тігінен де, диагональдары бойынша да қосындысы ға тең болатындай етіп орналастырыңыздар.[№3,2014 ж, Алгорифм журналы]
Жауабы:
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
3 |
1 |
3 |
2 |
3 |
2 |
1 |
2 |
1 |
3 |
Судоку сандар тізбесі.
Бұл жапондық есептеу логикалық ойлауды қажет етеді.
Кез келген қатарында, кез келген бағанда 6*6 немесе 10*10 блогында бірдей цифр болмауы керек. .[№1,2007 ж, Алгорифм журналы]
жауабы
|
2 |
|
6 |
5 |
|
4 |
|
6 |
3 |
|
1 |
|
6 |
4 |
1 |
|
5 |
3 |
1 |
|
|
4 |
|
|
|
1 |
4 |
|
2 |
6 |
|
2 |
5 |
1 |
|
1 |
2 |
3 |
6 |
5 |
4 |
4 |
5 |
6 |
3 |
2 |
1 |
2 |
6 |
4 |
1 |
3 |
5 |
3 |
1 |
5 |
2 |
4 |
6 |
5 |
3 |
1 |
4 |
6 |
2 |
6 |
4 |
2 |
5 |
1 |
3 |
2)
жауабы:
9 |
7 |
3 |
8 |
6 |
5 |
2 |
4 |
1 |
8 |
2 |
6 |
4 |
9 |
1 |
5 |
3 |
7 |
1 |
5 |
4 |
3 |
7 |
2 |
8 |
6 |
9 |
2 |
4 |
9 |
7 |
5 |
6 |
3 |
1 |
8 |
7 |
8 |
5 |
1 |
3 |
9 |
4 |
2 |
6 |
3 |
6 |
1 |
2 |
8 |
4 |
9 |
7 |
5 |
5 |
9 |
2 |
6 |
1 |
3 |
7 |
8 |
4 |
4 |
1 |
7 |
9 |
2 |
8 |
6 |
5 |
3 |
6 |
3 |
8 |
5 |
4 |
7 |
1 |
9 |
2 |
|
|
|
8 |
|
5 |
|
4 |
|
|
|
|
|
|
1 |
5 |
3 |
|
1 |
|
|
3 |
7 |
|
|
|
|
|
4 |
9 |
7 |
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
2 |
8 |
4 |
|
|
|
5 |
|
2 |
|
|
3 |
7 |
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
1 |
9 |
2 |
Логикалық есептерді шығару оқушы шығармашылығы болып табылады. [Я. И. Перельман « қызықты алгебра»]А.В.Фарков. математика есптері. Москва- 2006 ж. Айрис- пресс.
Осындай жұмыстарды орындай отырып, өз шығармашылығымды орындайын.
Есеп «21»
«21» шешу үшін жұлдызшалардың орнына математикалық амал таңбасымен (қосу, бөлу, азайту, көбейту, жақша) нәтижесінде 21 саны шығатындай етіп, алмастыру қажет. Сонда тігінен де, көлденең де сандар қосындысы 21 – ге тең болуы тиіс.
2 4 5 9 1 7 = 21
3 8 6 2 9 2 = 21
9 1 7 5 3 4 = 21
5 8 2 5 3 1 = 21
6 5 1 4 2 8 = 21
7 9 7 6 1 7 = 21
= = = = = =
21 21 21 21 21 21
Шешуі:
Көлденең:
( 2+4+5-9+1)*7=21
3-8+6-2-9+2=21
( 9+1 )*7÷5+( 3+4 ) =21
( 5+8 )+( 2*5-3)+1=21
6*5+1-4+2-8=21
( 79-76 )*( 1*7 ) =21
Тігінен:
( 2+3+9-5-6 )*7=21
4*8+1-8+5-9=21
( 5+6-7-2+1 )*7=21
( 9+2 )*5÷5+4+6=21
( 1+9+3-3 )*2+1=21
( 7*2-4+1-8 )*7=21
Қию есептері
Қию есептері балалардың ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, геометриялық фигуралар жайлы түсініктерін қалыптастырады.
Торлы көз есептері
1-тапсырма:16 тор көзді шаршыны тең екі бөлікке бөліңіздер. Қиюдың қанша түрі бар?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жауабы: 4түрлі қиюды жасауға болады
[М.А. Екимова, Г.П.Кукин «Задачи на разрезание»МЦНМО Москва,2002,8-бет]
2-тапсырма:Берілген фигураларды теңдей төрт бөлікке бөліңіздер
Жауабы:
Қорытынды Қызықты математика маңызы
Әр түрлі логикалық есептерді шешуді жүзеге асыруда мүмкіндіктерді есептеудің тәсілдерін көрсеттім.
Бұл жұмыста біріншіден, логикалық есептерді шығару жолдары көрсетіледі.
Екіншіден, ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығарудағы мүмкіндіктерді есептеудің тәсілдері қарастырылады.
Әр баланың мақсаты - өзінің білім деңгейін көтеру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, іздену. Осы мақсатты іске асыру барысындағы міндетім сол тақырыпты игерумен қатар, кең ауқымды есептерді шешуді зерттеу, ойлау қабілетімді машықтау.
Бұны іске асырудың бір жолы қызықтыратын тапсырмалар таңдай білу. Ойлау барысында менің дербес жұмыс істеу мүмкіндігім, көңіл қоя білу қабілетім дамыды. Сондықтан да бұл шығармашылық жұмыс келешекте менің өз білімдерін тереңдетуіне көмектесетініне сенімдімін.
Математикалық логиканы білмейінше, оны ойдағыдай меңгеру қиын. Өйткені бүгінгі күні ғылым мен техниканың қарыштап дамуы ол адамның ойлау қабілетінің ең ірі жетістіктері болып табылуда.
Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер дейміз. [№1, 2007 ж, математика және физика]
Қызықты математиканың есептерін шешу :
Жылдам шешім қабылдауға жетелейді;
Ой өрісін, ойлауын кеңейтеді;
Тиімді де, ұтымды шешу жолдарын табуға үйретеді;
Математикалық біліммен қатар күнделікті өмірмен байланыстың болу қажет екенін көрсетеді.
Ойлау есептер шығармашылық қабілетін дамыта түседі. Тапсырманы орындау барысында оқушылар өз бетімен ізденеді, еске сақтауын кеңейтеді, байқағыштығын қалыптастырады. Оқушының өзіндік пікір айтып, оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны тәжірибеде қолданылуына ықпал етеді.Сондай ақ интеллектуалдық деңгейін көтереді.
Математиканың сан алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын зерттеу жұмысы қызықты, әрі ұтымды. Зерттеу барысында қарапайымнан бастадым, келешекте есептерімді күрделендіремін.Осы жоба менің зор ынтамды тудырды, білгенімді тереңдеттім, жаңа іс әрекетке жетеледі. Сондықтан да, алдағы уақытта өз білімімді тереңдетіп, әлі де үйренерім көп деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Словарь русского языка \Академия Наук СССР. Инсститут русского языка.-
М.: «Русский язык», 1985.-Iт.: 550,326,175 б.,IV т.: 651,7 б
2. Болшая советская энциклопедия/Гл.ред.А.М.Прохоровю-М.: «Советская энц.»- Iт.: 317,658,б.
3. Уолд Бук Инк. Математика.- М., «Ренессанс», 1994.- 39,118б
4. Нагибин Ф.Ф. идр. «Математическая шкатулка»- М.: «Просвещение», 1988. 29,68,35 б
5. Қ. Нұрсұлтанов, Қ. Нақышбекова «Жүлдегерлік жүз есеп» 56, 66, 68б
6 Алгорифм журналы .№2,2005ж, №1,2007ж; №1-3,2014ж
7. Математика және физика журналы №1.2007 ж.
8..Я. И Перельман « Қызықты алгебра »
9.А.Е. Әбілқасымова, С.А. Джанабердиева «Қызықты математика» Алматы «Мектеп» 2007 3,5-9б
10.М.А. Екимова, Г.П.Кукин «Задачи на разрезание»МЦНМО Москва,2002, 8,14-бет

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген