Түркістан
обылысы, Қазығұрт ауданы
«Зат»
бөбекжай балабақшасы
«Логиколық
көпір»
Тәрбиеші:
Оразбай Салтанат
Сарапхана
елді мекені
2026ж
Бекітемін::
«Зат»
бөбекжай балабақшасының меңгерушісі:
А.Аргынбаева
Тәрбиеші:
Оразбай Салтанат
Тақырыбы:
«Логикалық
көпір»
Мерзімі:
05.05.2026ж
Мақсаты:
Балалардың логикалық ойлау қабілетін
дамыту, математикалық түсініктерін
қалыптастыру, суреттерді сәйкестендіру
және геометриялық пішіндерден бейне
құрастыру арқылы талдау, салыстыру,
қорытынды жасау дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:
-
Заттарды ортақ белгілеріне қарай
сәйкестендіруге үйрету;
-
Геометриялық пішіндерді ажырата білу
дағдыларын қалыптастыру;
-
Зейінін, есте сақтау қабілетін және
шығармашылық ойлауын дамыту;
-
Ұқыптылыққа, тапқырлыққа және бірлесіп
жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Қажетті
құралдар: Геометриялық пішіндер жиынтығы,
суретті карточкалар, сандар, логикалық
тапсырмалар салынған конверттер.
Іс-әрекет
барысы
І.
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық
шеңбері:
Армысың,
алтын күн,
Армысың,
асыл жер.
Армысың,
достарым,
Жылу
беріп қарсы ал!
Тәрбиеші:
– Балалар,
бүгін біз ерекше саяхатқа шығамыз.
Алдымызда «Логикалық көпір» тұр. Көпірден
өту үшін түрлі тапсырмаларды орындауымыз
керек.
ІІ.
Негізгі бөлім
1-тапсырма:
«Сәйкесін тап»
Балаларға
әртүрлі суреттер таратылады.
Мысалы:
-
Жануар – төлі;
-
Мамандық – құралы;
-
Жыл мезгілі – белгісі.
Балалар
суреттерді сәйкестендіріп, не себепті
таңдағандарын түсіндіреді.
2-тапсырма:
«Артығын тап»
Карточкада
төрт сурет беріледі.
Мысалы:
Алма,
алмұрт, банан, машина.
Балалар
артық суретті тауып, себебін айтады.
3-тапсырма:
«Пішіндерден құрастыр»
Балаларға
шаршы, үшбұрыш, дөңгелек және тіктөртбұрыштар
ұсынылады.
Тапсырма:
-
Үй құрастыру;
-
Көлік құрастыру;
-
Ағаш немесе гүл бейнесін жасау.
Балалар
пішіндердің атауын айтып, қандай
бөліктерден құралғанын түсіндіреді.
Сергіту
сәті
Биік
болып өсеміз,
Қолды
көкке созамыз.
Оңға,
солға бұрылып,
Шынығамыз,
толамыз.
4-тапсырма:
«Логикалық көпірден өт»
Балалар
сандарды өсу ретімен орналастырады
және қарапайым сұрақтарға жауап береді:
-
5-тен кейін қай сан келеді?
-
Қайсысы үлкен: 7 ме, әлде 4 пе?
-
Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
Дұрыс
жауап берген сайын балалар көпірдің
келесі бөлігіне өтеді.
ІІІ.
Қорытынды
Тәрбиеші:
– Балалар,
бүгін қандай тапсырмалар орындадық?
– Қай
тапсырма ұнады?
– Геометриялық
пішіндерден не құрастырдық?
Балалар
өз пікірлерін білдіреді.
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:
геометриялық пішіндерді және олардың
ерекшеліктерін.
Игереді:
суреттерді сәйкестендіруді, салыстыруды
және қарапайым логикалық тапсырмаларды
орындауды.
Меңгереді:
логикалық ойлауды, математикалық
түсініктерді қолдануды және өз ойын
еркін жеткізуді.