Логикалық математика

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Логикалық математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Логикалық математика» үнемі жұмыс жүргізу,машықтық пен біліктілікті дамытуға көмектеседі.Осы бағдарлама тек қажетті дайындық деңгейі жетістіктерін қамтамасыз етіп қана қоймайды,сонымен қатар логикалық математикалық дайындықты күшейтетін, терең әрі жан-жақты математикалық білімді игеруді, математикалық нысандармен жұмыстағы нақты тәжірибені, оқу қызметінің маңызды элементтерін дамытуға жол ашады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Логикалық математика»

3 сынып (метеп компаненті) Талдыбұлақ ауылы «Логикалық математика» Таңдау пәні бойынша Авторлық бағдарлама



Түсінік хат

Үшінші сыныпта баланың абстрактілік ойлау деңгейі ой түйіндеуге өзінше танымдық тапсырмалар шешу кезіндегі логикалық ой қорытуға мүмкіндік береді.

Логикалық математика» үнемі жұмыс жүргізу,машықтық пен біліктілікті дамытуға көмектеседі.Осы бағдарлама тек қажетті дайындық деңгейі жетістіктерін қамтамасыз етіп қана қоймайды,сонымен қатар логикалық математикалық дайындықты күшейтетін, терең әрі жан-жақты математикалық білімді игеруді, математикалық нысандармен жұмыстағы нақты тәжірибені, оқу қызметінің маңызды элементтерін дамытуға жол ашады. Бағдарлама ұсынылған есептер мен жаттығулар танымдық,тәрбиелік және дамыту мақсатын көздейді. 3-сыныпқа арналған «Логикалық математика» бағдарламасында көбейтудің тиімді тәсілдеріне арналған тапсырмалар,логикалық ой қорытуға арналған тапсырмалар,математикалық жұмбақтар,сиқырлы фигуралар және қызықты қоршаулар, геометриялық мазмұндағы және кеңістік туралы түсініктер дамытуға арналған тапсырмалар,комбинаторикалық және ықтималдықты анықтауға арналған тапсырмалар енгізілген.

«Математикалық логика» бағдарламасының негізгі мақсаты:

Жеке тұлғаның таным белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту.

Коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға тәрбиелеу, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Оқушылардың логикалық ойлау, қабылдау әрекеттерін жетілдіру. Бағдарламаның міндеттері:

-Проблемаларды шешу, ақпараттық,коммуникативтік құзіреттері дамыған тұлғаны қалыптастыру;

- Әр түрлі логикалық тапсырмаларды шешу арқылы өзін-өзі ашуға, өзіндік дамыға және өздігінен дұрыс әрі жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті болатын жеке тұлғаны қалыптастыру;

-Оқушыларға бейіндік оқу шеңберіндегі пәндерді таңдауға білім алу әрекетінің ынталық деңгейін арттыру;

-Оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру бағытында математика элементтерін тиімді пайдалану;

- Оқу әрекетінің формаларын даралау,оқушылардың өнімді және қайталама әрекетін ұштастыру және өз бетінше жұмыс істеу,оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру; Күтілетін нәтиже: Өз ойын-пікірін жеткізе білетін сөздік қоры бай,логикалық ойлау қабілеті дамыған,жан-жақты,іскер қалыптасты.

ПӘНДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІННІҢ ТАЛАПТАРЫ БІЛУІ ТИІС:

1. Көп таңбалы сандарды оқи, жаза, салыстыра білуі тиіс;

2. Логикалық ойлау қабілеті бар және шығармашылықпен жұмыс жасай білу;

3. Есептердің шығарылуын математика тілінде рәсімдей білу;

4. Өз ұсынысын негіздей білуі, өз ойларын дәл түсінікті және тиянақты жеткізе білуі тиіс,

5. Амалдардың орындалу тәртібін білуі тиіс МЕҢГЕРУІ ТИІС:

1. Қарапайым және күрделі теңдеулердің шешу жолдарын меңгеруі тиіс;

2. Оқушы математикалық білім, білік, дағдыны меңгеруі;

3. Есепті теңдеу құру арқылы шығару жолдарын меңгеруі тиіс;

ТҮСІНДІРЕ АЛУЫ ТИІС:

1. Орындалған тапсырманы шешілу жолын;

2. Амалдарды ретімен орындалу тәртібін түсіндіру;

3. Есептің шығарылу жолдарын. Меркі ауданы әкімділігінің білім бөлімінің №35 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Т.Наушабаеваның авторлық бағдарламасына Пікір Бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 3-сынып оқушыларына арналған.Барлығы 34 сағат.

- «Логикалық математика» оқу курсы бағдарламасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде құралған.

- «Логикалық математика» тақырыбында жазылған оқу бағдарламасының – ең бірінші математика элементтерін тиімді пайдалану, түрлі логикалық тапсырмаларын шешу,өзіндік дамуға және дұрыс шешім қабылдауға қабілетті болады және тұлғаны қалыптастыратын маңызды құрал. Оқу курсының бұл бағдарламасы қосымша материалдарды қарастыра отырып ,3-сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай іріктеліп жасалған

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2021
640
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі