Білім беру ұйымы: «№6 «Нұрсәуле» бөбекжайы» КМҚК
Топ: «Жұлдызша» ересек тобы
Балалардың жасы: 4 жастағы балалар
Тақырыбы: Заттардың пішінін геометриялық пішіндермен сәйкестендіру. Кеңістікті бағдарлау. Шаршы пішінін өзге фигуралардың арасынан табу.
Жалпы мақсат
Балалардың кеңістікте бағдарлау қабілеттерін дамыту, заттардың пішінін геометриялық пішіндермен сәйкестендіруге, шаршы пішінін ажыратуға үйрету.
Міндеттері
Геометриялық пішіндер туралы білімін кеңейту.
Кеңістіктік бағдарлау ұғымдарын (оңға, солға, жоғары, төмен) меңгерту.
Логикалық ойлау мен салыстыру, сәйкестендіру дағдыларын жетілдіру.
Ұқыптылыққа, ынтымақ пен белсенділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,
ойын, түсіндіру, демонстрация.
Көрнекілік: суреттер, слайд, пішіндер, карточкалар, Луллия шеңбері,
Дьенеш блоктары.
Оқу іс-әрекетінің барысы
I. Ынталандыру-ояту кезеңі
Мақсаты: Балалардың
көңіл-күйін көтеру, назарын сабаққа аудару, топта жағымды атмосфера
қалыптастыру.
Міндеті: Балаларды сәлемдесу мәдениетіне, қонаққа құрмет көрсетуге
баулу.
Тәрбиеші балаларды жылы қарсы
алып, шаттық шеңбері арқылы амандасуға шақырады.
Шаттық шеңбері:
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл-санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
Балалар үш тілде
амандасады:
– Сәлеметсіздер ме!
– Здравствуйте!
– Good morning!
Тәрбиеші:
– Бүгін біз «Математика еліне» саяхатқа барамыз. Ол үшін автобуске
билет аламыз және өз орнымызды табамыз.
Балалар қызығушылықпен орындарын табады, назарларын шоғырландырады.
II. Ұйымдастырушы–ізденуші кезеңі
1-тапсырма: «Геометриялық пішіндерді тану»
Мақсаты: Негізгі геометриялық
пішіндермен (дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, сопақ) таныстыру және
ажырату.
Міндеті: Пішіндерді атау, сипаттау және есте сақтауға
үйрету.
Тәрбиеші:
– Қақпа түрлі-түсті пішіндермен безендірілген екен. Қандай
пішіндерді көріп тұрсыңдар?
Балалар: үшбұрыш, шаршы, дөңгелек, сопақ.
2-тапсырма: «Сандар әлеміне саяхат»
Мақсаты: 1–10 дейінгі сандарды
ажырату және санау дағдысын қалыптастыру.
Міндеті: Заттарды санау арқылы сан мен сандық ұғымның байланысын
түсіндіру.
Тәрбиеші сұрайды:
– Неше шырша көріп тұрсыңдар? Бірінші шыршада неше торғай, екіншіде
неше көбелек бар?
Балалар: екі шырша, сегіз торғай, бес
көбелек.
3-тапсырма: «Білгішпектің жұмбақтары»
Мақсаты: Балалардың логикалық
ойлауын, қиялын дамыту.
Міндеті: Сөздік қорын байыту, жауапты ойлап табуға
ынталандыру.
Жұмбақтар:
– Екі дөңгелегі, екі басқышы бар... (Велосипед)
– Орманда үйшігі бар үш кейіпкер... (Үй, аюлар)
– Үш көзінде жалын бар... (Бағдаршам)
4-тапсырма: «Жыл мезгілін тап»
Мақсаты: Күз мезгілі туралы
білімдерін бекіту.
Міндеті: Күз айларын атауға және табиғаттағы өзгерістерді тануға
үйрету.
Тәрбиеші:
– Қазір жылдың қай мезгілі? Күзде неше ай бар? (Қыркүйек, қазан,
қараша)
5-тапсырма: «Луллия шеңбері»
Мақсаты: Түстер мен пішіндерді
сәйкестендіру арқылы логикалық ойлауды дамыту.
Міндеті: Түс пен пішін арасындағы байланысты түсінуге
көмектесу.
Балалар шеңбердегі түстер мен пішіндерді сәйкестендіреді.
6-тапсырма: «Тастар арқылы өту»
Мақсаты: Реттік санауды бекіту
және қозғалыс координациясын жетілдіру.
Міндеті: 1–3 дейінгі сандарды ретімен айту, секіру арқылы
моторикасын дамыту.
Балалар сандар ретімен тастардың үстінен секіреді.
7-тапсырма: «Өз досыңды тап»
Мақсаты: Пішіндерді жұптау
және ұқсастықты табу арқылы салыстыру қабілетін арттыру.
Міндеті: Сәйкестікті тануға, топпен жұмыс істеуге
үйрету.
Балалар пішіндердің өз жұбын табады.
8-тапсырма: «Шаршыны тап»
Мақсаты: Шаршыны басқа
фигуралардан ажыратуға үйрету.
Міндеті: Геометриялық пішіндерді көзбен тану және салыстыру
қабілетін бекіту.
Балалар шаршы пішінін тауып қысқышпен қысады.
9-тапсырма: «Пішін мен затты сәйкестендір»
Мақсаты: Заттардың пішінін
тану және геометриялық пішінмен сәйкестендіру.
Міндеті: Пішін ұғымын күнделікті заттармен байланыстыра білуге
үйрету.
Балалар тақтадағы пішіндерге сәйкес заттарды іледі.
10-тапсырма: «Өз үйіңді тап»
Мақсаты: Сандарды тану және
топтық әрекетке қатысу.
Міндеті: Сандарды ажырата білу, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Балалар шеңбердегі сандарға сәйкес топтарға жиналады.
11-тапсырма: «Дьенеш блоктарымен жұмыс»
Мақсаты: Геометриялық
пішіндермен практикалық жұмыс жасау арқылы түс, көлем, пішін
ерекшеліктерін тану.
Міндеті: Талдау, салыстыру, топтау қабілеттерін
дамыту.
Балалар блоктарды пішіні мен түсі бойынша сұрыптайды.
12-тапсырма: «Суретті құрастыр»
Мақсаты: Кеңістікте бағдарлай
отырып, бөліктерден тұтас сурет жасау.
Міндеті: Ұсақ моторикасын дамыту, кеңістік ұғымдарын (жоғары,
төмен, оң, сол) қолдану.
Балалар суретті пішіндер арқылы толықтырады.
III. Рефлексивті–түзетуші кезең
Мақсаты: Оқу қызметін
қорытындылау, білімді бекіту.
Міндеті: Балалардың алған әсерін анықтау, өз ойын жеткізуге
үйрету.
Тәрбиеші:
– Балалар, бүгін біз қайда бардық? Не үйрендік?
Балалар жауап береді, сабақтан алған әсерлерін
айтады.
Тәрбиеші белсенді қатысқан балаларды мадақтап, «Білімді бала» сыйлығын ұсынады.
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Заттардың пішінін
геометриялық пішіндермен сәйкестендіруді меңгереді.
Нені игереді: Кеңістікте бағдарлауды үйренеді.
Нені білуі тиіс: Негізгі геометриялық пішіндерді ажырата
алады.
Тәрбиеші: Молдамсеитова А. Р.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз