400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Логикалық ойын: "Заттарды салыстыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Балалардың көңіл-күйін сергітіп, ерік-жігерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Балалардың көңіл-күйін сергітіп, ерік-жігерін дамыту. Ойынға қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Балаларға ойынның шартын түсіндіру.

Негізгі бөлім: - Балалар, сендер кітапты білесіңдер ме?

- Ия.

- Ал, дәптерді ше?

- Ия, білеміз.

- Ендеше, кітап пен дәптер ұқсайды ма, кім айтады?

- Ұқсайды.

- Қалай ұқсайды, олар неден жасалған?

- Екеуі де төртбұрышты.

- Тағы да қандай ұқсастығы бар?

- Кітап та, дәптер де қағаздан жасалған.

- Ал, кітап пен дәптердің айырмашылығы қандай, білесіңдер ме? Кітапты не істейміз, ал дәптерді не істейміз?

- Кітапты оқимыз, дәптерге жазамыз.

- Ия, кітаптан әр түрлі әңгімелерді, ертегілерді оқимыз, әдемі суреттерді көреміз, ал дәптерге әріптерді, жазуларды жазамыз екен. Ал енді, тағы бір сөздің жұбын салыстырайық. «Су мен сүт» қане, кім айтады? Бұлар ұқсайды ма?

- Ұқсамайды.

- Неге ұқсамайды? Қане Диас, айта ғой, су мен сүт қалай ұқсамайды?

- Сүттің түсі ақ, ал су басқа.

- Тағы кім айтады балалар, қане су мен сүтті көз алдарыңызға елестетіп, салыстырып көріңдерші, екеуінің ұқсастығы бар ма?

- Екеуі де құйылады, сұйық.

- Өте дұрыс, су да, сүт те сұйықтық.

- Тағы қандай ұқсастығы бар, немесе екеуінің айырмашылығы бар ма?

- Суды да, сүтті де ішеміз.

- Ия, дұрыс, екеуін де ішеміз.

- Ал сүтті қайдан аламыз, суды қайдан аламыз. Бұлар қайдан шығады?

- Сүтті малдан аламыз.

- Ия, сүтті малдан аламыз, яғни, сиырдан, түйеден, ешкі, қой, осы үй жануарларында сүт болады. Ал, суды жер астынан сорып алады, оны тазартады. Содан соң бізге кранмен келеді.

Қорытынды: - Сонымен балалар, бүгін біз кітап пен дәптерді, сүт пен суды салыстырдық, олардың ұқсастығы да, айырмашылығы да бар екенін білдік. Ойынға қатысқан балаларды мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
810
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі