|
(С) Келесі сұрақтарды оқушыларға
қойыңыз: «Шарт дегеніміз не?
Шартты қай кезде қолданамыз?
Scratch бағдарламасында қандай
шарттар бар? Логикалық бөлшектер:
ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, НЕ? Олардың ұқсастығы мен
айырмашылығы?». Сұрақтардың жауаптарын
оқушылармен талқылаңыз. ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, НЕ логикалық бөлшектерін
талқылауға мүмкіндік беріңіз. Осы логикалық бөлшектерді қолдана
отырып күрделі шарт құрастыруларын сұраңыз. Өмірмен байланысты
мысал келтірсін.
(М) Оқушыларды күрделі шарттармен
таныстырыңыз:

(Т,
Ө) Тапсырма. Қабілеттілігі
негізінде бөлу бойынша дифференциация (бір топта А, В, С
оқушылары).
Оқушылар топ болып зерттесін
және сұрақтарға жауап берсін.
-
Күрделі шарттар қай командалар
блогында орналасқан?
-
Бағдарламада қандай күрделі
шарттарды қолдануға болады?
-
Оны қолдану мысалдарын
келтіріңіз (логикалық бөлшектерді қолдана отырып күрделі шарттарды
құрастырыңыз).
Тапсырманы орындап болғаннан
кейін жауаптарды талқылатқызыңыз және өзара бағалауды
ұйымдастырыңыз.
(Ө, ӨӨ,
қ) Тапсырма
(дифференциация).
Кейіпкер өзіне бес баллдық
жүйе (1, 2, 3, 4, 5) бойынша баға қоюды сұрайтын және енгізілген
санды сол диапазонда жататынын тексеретін скрипт
құрастырыңыз.
Қате енгізілген жағдайда
(1-ден кем немесе 5-тен
артық) ол: «Мектепте ондай баға
жоқ!» деп айту керек.
Егер баға дұрыс диапазон
аралығында қойылған болса, онда Кейіпкер «Әрі қарай» деп айту
керек.
*Дифференциация.
НЕ ____ ЖӘНЕ ____ болгын
қолданған кезде ___ НЕМЕСЕ ____ шартын қалай өзгертуге
болады?
Тапсырманы орындап болғаннан
кейін критерийлер бойынша өзін-өзі бағалауды
ұйымдастырыңыз.


(Ө, ӨӨ,
қ) Тапсырма.
Көбіне бағдарламаның орындалуы
«ИӘ/ЖОҚ» жауаптарына байланысты. Сондықтан скрипт құрастырған кезде
осы жауаптардың түрлі жазылуларын ескеру
қажет: ЖОҚ, Жоқ,
жоқ
және ИӘ, Иә,
иә.
О сындай күрделі шарт
құрастырыңыз.

Тапсырманы орындап болғаннан
кейін оқушылар өз жауаптарын тексерсін.
(Ө, Ө,
қ) Тапсырма.
Сауалнама. (көлемі бойынша
дифференциация). Тақырыбы «Қазақстан»

* Дифференциация (көлемі
бойынша). Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша сұпақтар қосуға
болады.
Тапсырманы орындап болғаннан
кейін критерий бойынша өзара бағалауды
ұйымдастырыңыз.

Сабақты
қорытындылаңыз. Оқушыларға сабақ тақырыбына
байланысты сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік
беріңіз.
|