400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Логикалық сұрақтар жинағы" Жаратылыстану пәні бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
Тест тапсырмасы Жаратылыстану пәні бойынша 4 сынып оқушыларына арналған "Логикалық сұрақтар жинағы "
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаратылыстану бойынша тест тапсырмалары

1. «Орман – планета өкпесі» дегенді қалай түсінесіз. Жер бетінде орман азайса не болады? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Жауап: «Орман – планета өкпесі».Жалпы ормандағы барлық өсімдіктер мен ағаштар әлемінің пайдасы өте зор. Қазіргі заманда қалалардан шыққан әр түрлі зиянды улы түтіндердің ауаға тарап оның басқа организмдерге аз да болса зиянын тигізбей отыруы осы жасыл желектердің, ормандардың арқасында, олар көмірқышқыл газын сіңіріп оттекті бөліп шығарады. Жер  ғаламшарында өсімдіктер мен орман алқаптары аз болса фотосинтез процесі жүрмес еді. Ал адамдар мен жан-жануарлар ешқандай таза ауа жұта алмай тіршілігін жояр еді. Онда планетатағы бар тіршілік тоқтар еді. 

2.Сұйық оттек ракета қозғалтқыштарына қажетті сұйық отынның несі ретінде қолданылады?

А) тотықсыздандырғыш

В) тотықтырғыш

С) қыздырғыш

Дұрыс жауап: В 

3. Ағылшын тұзы медицинада дәрі-дәрмек ретінде қай ауруға қолданылады?

А) қан қысымы көтерілгенде

В) бас ауырғанда

С) буын ауырғанда

Дұрыс жауап: А 

4. Ащы немесе ағылшын тұзы

Ағылшын тұзы немесе ащы тұз – магний гептагидросульфаты – ромб пішіні торлы түссіз кристалдар; тығыздығы – 1,68г/см3; Моос бойынша қаттылығы – 2-2,5; суда жақсы ериді. Медицина тілінде магнезия, эпсом тұзы деп те атайды. Табиғатта ағылшын тұзы таудағы минералды бұлақтар суында болады. Ертеректе осындай миералды сулардан өндірген. Тұзды ең алғаш 1965 жылы ағылшын ботанигі Неемия Грю  Эпсом деген жердегі минералды бұлақ суынан  бөліп алған. Сондықтан да құрамында осы тұз болатын минералдың атауы да эпсомит.

Сұрақ:«Ащы немесе ағылшын  тұзын» алғаш рет Эпсом минералды көзінен ағылшын ғалымы Неемиас Грю бөліп алды. Бұл тұздың құрамы және қайда қолданылады? ________________________________________________________________ Дұрыс жауап: ағылшын тұзы бау-бақша өсіруде  тыңайтқыш   болып табылады.

5. Сүттен ашытылған диеталық өнімдер түрлі сүт қышқылды микроорганизмдер арқылы белгілі бір режиммен ашытылған сүттен өндіріледі. Олардың көпшілігі ежелден өндіріліп келеді. Өйткені, әрбір халықтың өздерінің «құпиялары» болған, бұл «құпиялар» халықтың быытыраңқы болуына  байланысты ұзақ уақыт сақталып келеді және бұл өнімдер ұлттық тағамға айналды. Олардың сүт және ұйытқы құрамының, дайындау тәсілдерінің т.б. ерекшеліктері болады. Сүттен ашытылатын ұлттық өнімдердің ішінде жақсы белгілілері: орыста – варенец, украйндықтарда – ряженка,қазақтарда – айран, қымыз, қымыран, т.б. Сүттен ашытылатын диаталық өнімдердің көптеген жаңа түрлерінің технологиясы мен рецептурасы ғылыми зерттеу институттары мен мекемелерінің зертханаларында жасалады.

  Сұрақ: Бізге дәрігерлер сүттен гөрі, сүттің ашыған түрлерін – айран, йогурт сияқты сүт өнімдерін емдік мақсатта қабылдауда жиі ұсынады. Бұның химиялық сыры неде? ____________________________________________________________________________________________________________________________________Дұрыс жауап: сүттен ашытылған өнімдер ас қорыту мүшелерінің қызметін жақсартып, тағамның қорытылуын арттырады. Сүттен ашытылатын барлық өнімдердің міндетті түрде құрамдас  бөлігі болып табылатын сүт қышқылы ішекке жақсы әсер етеді, өйткені ол ішектегі ортаның реакциясын өзгертеді және онда пайдалы микрофлораның өсіп-жетілуіне жағдай жасайды. Сонымен бірге ол тәбет ашып, ас қорыту сөлінің бөлінуін күшейтеді.    

6. «Шыны  сабыны»

Ертеден белгілі  шыны және қыш бұйымдарды қызыл күлгінге бояу үшін және жасыл, сары  түсті шыныларды түссіздендіру үшін қара түсті кен – пиролюзти қасиетіне байланысты «қара магнезия» немесе «шыны сабыны» қолданылады. Пиролюзит – қара қоңыр түсті жартылай металдық жылтыры бар суда ерімейтін минерал, марганецтің маңызды кені. 

Сұрақ: ерте кезден бұл минералды шыны жасашылар құрамында темір қосындылары бар жасыл шыныларды түссіздендіру үшін қолданатын. Сондықтан оны «шыны сабыны» деп атаған. Сонымен «Шыны сабыны» деген қай минерал? __________________________________________________________________ Дұрыс жауап: Пиролюзит – қара қоңыр түсті жартылай металдық жылтыры бар суда ерімейтін минерал, марганецтің маңызды кені.

7. 4Молекула не ?

А) ядро қабаты

В) Заттың көзге көрінбейтің ұсақ бөлшектері 

С. Атом

Дұрыс жауап: В



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
25.11.2021
10924
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі