400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Логикалық тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алғы сөз


Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі инновациялық технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

«Білім туралы» Заңның 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр.

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты: білім беру парадиагмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас пайда болуда.

Президенттіміз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекетті талап етілуде.

Тұлғаны шапшаң ойлай білуге, айнала қоршаған дүниені танып білуге, зерделей білуге дағдыландыру үшін ұсынылып отырған математика пәнінен «Логикалық тапсырмалар» жинағының бір ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілетін арттырады. Жадының алуан түрін, логикалық,құзіреттілік (есту, ойлау, ойлану, есте сақтау, көру т/б) дамытады.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына көмек ретінде ұсынылып отырған бұл жинақ үлгісі тұлғаны әлеуметтендіреді Әр сыныпқа берілген тұлғаны дамытуға арналған тапсырмалар 1- 4 сынып оқушыларына септігін тигізеді. Бұл жинақ үлгісі математика оқулығымен тығыз байланыстыра отырып, терең білім беруге бағытталған.







Логикалық тапсырмалар


1.Егер тырна бір аяғымен тұрса,3 кг болады.Екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?


2.Үстел беті төртбұрышты,оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрышы қалады? (5 бұрыш)


3.4 қойдың неше аяғы бар? (16)


4.Наурыз тойы кезінде ат жарысы өтуде,үш пар ат 60км шапса,әр ат неше км шабады? (60км)


5.Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағат20минут ұшады,ал кері қарай 80 минут ұшады.Бұл қалай? (тең)


6.Үш әке мен 6 бала серуенге шықты.Олар 42 алма сатып алды,бұлардың әрқайсысына 6 алмадан тиді.Бұл қалай болғаны? (1ата,2әке,4 немере)

7.Қорада тауықтар және қояндар бар.Олардың барлығы 15 бас,50 аяқ болса,қорада неше тауық,неше қоян бар? (5тауық, 10 қоян)


8.Бір жанұяның 5 ер баласы бар және олардың әрқайсысының қарындастары бар.Жанұяда неше бала бар? (6 бала)


9.Лиза,Лаура және Мадина мерекелік дастарханға 18 тоқаш дайындауға уәделесті.Бірақ Лиза 10 тоқаш,Лаура 8 тоқаш әкелді де,ал Мадина әкелуге тиісті тоқаштың орнына 42 теңге ақша әкелді.Лиза мен Лаура ақшаны қалай бөлісіп алды.

(Лиза 28 теңге,Лаура 14 теңге алды)

10. 1 жұмыртқа 5 минут піссе, 4 жұмыртқа неше минут піседі? (5 минут)


11.Қайрат Жанардан кіші,бірақ Талғаттан үлкен.Ал Ажар Жанардан үлкен болса,ең үлкен кім? (Ажар)


12.Асханаға 100кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді Картоп неше кг әкелінді. (300 кг)


13.Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы біреуін атып алды.Олардың қаншасы қалды?

(түйеқұс ұшпайды)

14.Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)


15.Электр поезі шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты.Ол сағатына 60км жылдамдықпен жүрді.Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел соғып тұрды.Бірақ оның жылдамдығы сағатына 50км. Жел поездің түтінін қай жаққа қарай айдап әкетті? (электр поезында түтін болмайды)


16.30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)


17.Ұзындықтары бірдей 5 таяқшадан 2 тең қабырғалы үшбұрыш құрастыр.


18.Салтанат есепті бірінші болып шығарып,есептің шешуін 5 оқушыға,ал олардың әрқайсысы 5 оқушыға түсіндірді.Сонда барлық оқушылар есепті шығарып болды,сыныпта неше оқушы бар? (31 оқушы)


19.(2 4 3) 2 5=50 (2*4-3)*2*5=50


20.Үстел үстінде 5 шам жанып тұреді.Еркін оның 4-еуін өшіріп тастады.Үстел үстінде неше шам қалды? (5 шам)


21Аңның 2 оң аяғы,2 сол аяғы,2алдыңғы аяғы,2 артқы аяғы бар.Аңның барлығы неше аяғы бар? (4 аяғы)


22.10 таяқшаның неше ұшы бар,ал он жарым,он үш жарым таяқшаның ше?

11----------20 10,5----------22 13,5--------------28


23.2,3,5 сандарына бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші сан. (31 саны)


24. «Қ» әріпінен басталатын математикалық сөздер.(қосынды,қосылғыш,қосу)


25.7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық,310-нан кем. Қай сан.(307)


26.1-ден 4-ке дейінгі барлық сандардың көбейтіндісі қандай цифрмен аяқталады? (6)

27.Сенің жасыңды 3есе артырса,менің жасым болады.Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса,20 қалады.Мен нешедемін? (10 жаста)


28.Бөлменің әр бұрышында бір-бір мысық отыр.Оның әр қайсына қарап үш мысық отыр. Бөлмеде неше мысық? (4 мысық)


29.Үстел басында екі адам отыр.Бір адам екінші адамның әкесі.Бірақ екінші адам бірінші адамның ұлы емес.Сонда ол кім? (әкесі)


30.Екі санның қосындысы 8-ге тең,айырмасы 2-ге тең,көбейтіндісі 15 ке тең.Сол сандарды тап. (5 ,3)


31.

12

11 1


10 2

9 . 3

8 4

7 5

6


Берілген сағат сандарын екі санның қосындысының мәні 13-ке тең болатындай етіп, 6 бөлікке бөл.


32. Бес 1 саныны мен амал таңбаларын пайдаланып 100 шығарып алыңыз.111-11=100


33. 2 цифрын және амал таңбаларын пайдаланып, 2 санын шығарып ал.


34. 2 цифрын және амал таңба ларын пайдаланып, 3 санын шығарып ал.


35. 2 цифрын және амал таңбаларын пайдаланып, 5 санын шығарып ал.


36.Дөңгелектерге 1-ден 9-ға дейінгі сандарды орналастыр,сонда үшбұрыштың әр қабырғасы бойында олардың қосындысының мәні 17-ге тең болсын.


37. Суреттегі сандарды 4 топқа бөл, сонда әр топтағы үш санның қосындысының мәні 125-ке тең болсын.


. 15

78 23

75 24

62 25

49 29

47 35

38




38. 9 9 9 9 9 = 8


39.1-ден 10-ға сандардың қосындысының мәнін жылдам есептеп тап.


40. 5 алманы 6 балаға тең бөліп бер,бірақ бірде-бір алма алты бөлікке бөлінбесін.


41.Мына сандардың алдындағы және соңындағы сандарды ата....,9,27,81,..... .


42.1 2 3 4 5 6 7 = 40


43.1 2 3 4 5 6 7 8 = 100


44.9 литрлік және 4 литрлік 2 ыдысты пайдаланып,6 литр бензинді қалай құйып алуға болады?


45.Барлық араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең. (0)


46.Ертеде бір хан 100 торғайды,30 бүркітке тең бөліп берген адамға қалаған сиын беремін деп жар салыпты.Сонда не істер едің? (әр бүркітке 3 торғай,үшеу ара 1торғай)


47.(2 4 3) 2 5 = 50 (2*4-3)*2*5=50


48. 1 1 1 1 1 1 1 1 1 15 ( 1+1+1+1) * (1+1+1+1)-1=15


49.Қай сан нөлден басқа бүтін санға қалдықсыз бөлінеді? (0)


50.Үш санның көбейтіндісінің мәні олардың қосындысының мәніне тең.Олар қандай сандар? (1,2,3)


51.Бір санның өзіне-өзінің қосындысының мәні өзіне-өзін көбкйткендегі мәнінен артық. Ол қандай сан? (1)


52.Қандай сан 2,3 сандарынан қалдықсыз бөлінеді? (42)


53.1-ден 4-ке дейінгі барлық сандардың көбейтіндісі қандай санмен аяқталады? (6)


54.1-ден 10-ға дейінгі сандарының қосындысының мәнін жылдам есептеп тап. (55)


55.Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)


56.Дүниедегі ең шапшаң нәрсе не? (ой-қиял)


57.Жасы жүзге келген қарт болыпты.Өмір бойы өзінің туған күнін тек25 рет қана атап өтіпті.Бұл бола ма? (29 ақпанда туылған)

58.Алты аяқ,екі арқа,бір бас.Бұл не? (Адам орындықта отыр)


59.Екі әке мен екі бала дастархан басында отырып 3 жұмыртқа жеді.Мұның өзінде әрқайсысы бүтін жұмыртқа жеді.Қалай түсіндіресің? (3 адам:атасы,әкесі,баласы)


60.Не нәрсе сенің меншігің,бірақ оны сенің өзіңнен гөрі басқалар көбірек айтады? (сенің есімің)

61.Үш адам дойбы ойнап отыр,олардың әрқайсысы үш партия ойнап үлгерді.Сонда әр қайсысы қанша партиядан ойнады? (Екі партиядан)


62.5 алманы 5 адамға бөліп беру керек және себетте бір алма қалу керек. Бұл қалай болғаны? (біреуі себетімен алады)


63.Цифрларының қосындысы 2-ге теңболатын төрт таңбалы қандай сан бар? (1001)


64.2 оқушы тоғызқұмалақты 4 сағат ойнады,әрқайсысы неше сағат ойнайды?

(4 сағ)


65.Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр,қайсысы ауыр:алмұрт па,шабдалы ма? (алмұрт)


66.Қосарлап жегілген ат арбамен Жантілеу 25 шақырым жүрді.Әр ат неше шақырым жүрді? (25 шақырым)


67. 1кг темір ауыр ма,1 кг мақта ауыр ма? (салмағы тең,көлемінен мақта артық)


68. 8 науырыз мерекесіне 2 шешей мен екі қызына,әжей мен немересіне 3 орамал сыйға тартты.Бұл қалай? (1 орамалдан)


69.Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе ? (түнде күн шықпайды)


70.Дорбадағы 10 аcықты 10 бала бір-бірден алды,сонда дорбада бір асық қалды.Бұл қалай? (бір бала асығын дорбасымен алды)


71.Болат сенбі күні кешкі 9-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды.Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады?

(1 сағат.Өйткені,кешкі сағат 10-да сағаттың қоңырауы шырылдамайды)


72.Айдың,аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен атап шық. (алдыңғы күні,кеше,бүгін,ертең,бүрсігүні)

73.Алдында 1,артында 2,артында 1,алдында 2,біреуі екеуінің арасында бір қатарда қаз ұшып келе жатты.Барлығы неше қаз? (үшеу)


74.7 таяқша арқылы үш үшбұрышты және екі шаршыны қалай құрастыруға болады?


75.Тігулі тұрған қызыл,жасыл,көк асықтыңқызылын ұстамай,қалқан екеуінің ортасына орналастыр. (көк асықты алып қызыл асықтың алдына тігу керек)


76.Бірінің саны ондығынан 6 бірлікке артық болатын барлық екі таңбалы сандарды ата. (17.28,39)


77.Үш төрттік цифрын және бір амалды пайдаланып,қалай 40 санын жазуға болады? 44-4=40


78.Бес екілік цифрымен үш амалды қолдаып 20 санын жаз. (22+2-2-2=20)


79. 5,4,3,2,1 цифрларын қатар жазып,қосу,азайту амалдарымен 85 санын шығар. (54+32-1=85)

80.Бір сыныпта 25 оқушы бар.Құжаттарын қарамай,ата-аналарын сұрамай,ең болмаса 3 баланың бір айдың ішінде туылғанын қалай дәлелдеуге болады?(Бір жылда 12 ай,2 жылда 24 ай бар.Баланың саны 25,яғни 2 жыл ішіндегі айлардың санынан 1-еуі артық. Сонда 1 айдың ішінде 2 баладан туылған болса,25 бала сол айлардың бірінде туылған)


81.Әкесі 50 жаста,ал баласы әкесінің жарты жасынан 3 жас кіші.Ол нешеде? (22-де)


82.Почта жәшігінде «хаттар бірдей уақыт аралығында сағат 7-ден 19-ға дейін күніне 5 рет алынады»деген жазу бар.Хаттар қанша уақыт өткенде алынып тұрады? (2 сағ24мин)


83.Жіпке 5 түйін түйілді.Әрбір көрші 2 түйінің ара қашықтығы 2см.Жіптің шеткі түйіндерінің арасы неше см болды? (10 см)


84.Мен бір сан ойладым.Сол санды 5-ке көбейтіп,нәтижеге 2-ні қостым. Қосындыны 6-ға бөлгенде 7 саны шықты.Мен қандай сан ойладым? (х*5+2):6=7 (8)


85.Дөңгелекті үш түзу арқылы ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болады? (6)


86.Ұшып келе жатқан 6 қаздың жартысы және бір қаз бірінші көлге ,ал қалған қаздардың жартысы және бір қаз екінші көлге қонды? Әр көлге неше қаз қонған? (1-ші -4,2-ші- 2)

87. «Егер менде қазіргі бар алмаға қарағанда 4 алма артық болса,онда менің алмам сендегіден 2 есе артық болар еді»,-деді Манат Майраға.Егер балалардың екеуінде барлығы 26 алма болса,әрқайсысында қанша алмадан болған?


88.Азаматтың Салтанаттан 3 есе артық маркасы бар.Егер Азамат 16 маркасын досына сыйласа,олардың маркаларының саны бірдей болады.Азаматтың неше маркасы бар? Салтанаттың ше?


89.Екі тарелкеде 13 апельсин бар.Егер тәрелкелердің біреуінен 1апельсин алса ,онда сол тәрелкеде екіншісінен 3есе артық апельсин қалады.Әр тәрелкеде қанша апельсин болғаны? (1-ші-10, 2-ші-3)


90.Екі балада 10алма бар.Егер екінші бала біріншісіне 3алма берсе,онда екіншісінде біріншісіне қарағанда 4 есе кем алма қалады.Бастапқыды әр балада неше алма болған? (Әр балада 5алмадан болған)


91.Еркін әкесі 36-ға келгенде туған болатын.Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5есе кіші.Еркіннің әкесі қазір нешеде болғаны? (Әкесі 45-те,Еркін 9-да)


92.Сағат әр тәулік ішінде 10 мин озып кетеді.Түзетіп қойғаннан кейін ол неше тәуліктен соң дәл уақытты көрсетеді? (6 тәуліктен кейін)


93.Тебіндегі 27 жылқының үштен бірі және 2-еуі бөлініп алынды.Бұдан соң қалған жылқының жартысы қораға қамалды.Табында неше жылқы қалды?

(27:3+2=16:2=8ж)


94.Бірінші ыдыста екінші ыдысқа қарағанда 240 литр артық су бар.Әр ыдыстағы су тең болу үшін бірінші ыдыстан екінші ыдысқа неше литр су құю керек?

(Бірінші ыдыста 320л,екінші ыдыста-80л 320-80=240л артық 320-120=200л)


95.Талғат атасынан: «Сіз неше жастасыз?»-деп сұрады. Атасы: «Егер менің жасымды 7есе кеміткенде шыққан санды 7-ге кемітсең,2 шығады.Менің жасым нешеде екенін өзің таба қой(,-деді .Талғаттың атасы неше жаста?

(2+7)*7=63:7-7=2 (63 жас)


96.Алтай,Айгүл,Сәуле,Бекзат-туыстар.Алтай-Айгүлдің ағасы.Айгүл Сәуленің –қызы. Сәуле Бекзаттың -әпкесі.Бекзат Алтайға кім?

(нағашысы)


97.Сенің жасыңды 3есе арттырса,менің жасымдай болады.Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса,20 қалады. Мен нешедемін?

(10*3=30-10=20 30жаста)


98.Егер бір топ торғай әр бұтаққа бір-бірден қонса,торғайға бұтақ жетпейді,егер әр бұтаққа 2 торғайдан қонса,онда бір бұтақ артылып қалады.Қанша бұтақ,қанша торғай? (4 торғай,3 бұтақ)


99.5 алманы 6 балаға тең бөліп бер,бірақ бірде-бір алма 6 бөлікке бөлібесін.(1/2)


100.Математика олимпиадасында Азамат,Біржан,Тілек алғашқы орындарды алды.Азамат бірінші не екінші орынды ала алмады,ал Тілек екінші оынды алған жоқ.Біржан үшінші орынды алған жоқ.Әр бала нешінші орынға ие болды?

(Азамат-үшінші,Біржан-екінші,Тілек-бірінші)


101.Сыныптағы 30 оқушының жартысы ағылшынша,жартысының үштен бірі әрі ағылшынша,әрі немісше,қалғаны тек немісше үйренеді?Қанша оқушы қай тілде оқиды?

(30:2=15 ағыл. 15:3=5 ағыл,неміс 15+5=20 30-20=10 немісше)


102.Баласын есепке үйреткісі келген әкесі: -Алдағы жеті жылда түйеміз екі есе, жылқымыз үш есе,сиырымыз төрт есе, қойымыз бес есе көбейсе,онда бәрін қосқанда олардың саны сенің қазіргі жасыңнан екі есе көп болады екен,-дейді. Егер баласы жеті жаста болса, бұл түйесінің,жылқысының,сиырының,қойының қазіргі саны қанша?

(2түйе,3 жылқы,4 сиыр,5 қойы бар)


103.Ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай,ұзындығы 4 метр матаның 3 метрін қалай өлшеп алуға болады? (4 бүктеп,3 бөлігін кесіп алуға болады)


104.Ерзат саяжайдан алма жинады.Барлық жиналған алманың үштен бөлігін ,яғни 12 алманы Айгүлге,ал қалған үштен бір бөлігін және бір алманы Әйгерімге берді Ерзаттың өзінде 15 алма қалды.Ерзат қанша алма жинаған еді? (36:3:3+1=15) 36 алма.

105.Фархаттың массасы 41 кг,Мұрат38 кг,ал олардың әкесі 75 кг.100 кг жүкті ғана көтере алатын қайықты пайдаланып,олар өзеннің арғы бетіне қалай өтеді?


106.Ересек адамның жүрегі 1 мин 5 л қан айналдырса,1 сағатта неше литр қан айналдырады,1 тәлікте ше? (60*5=300л 1тәу = 24 сағ= 1440мин*5 =7200л)


107. 12 адамға 12 тоқаш таратылып берілді.Әр ер адамға 2 тоқаш,әр екі әйелге 1 тоқаш, әр төрт балаға 2 тоқаш тиді.Ер адам нешеу? Әйел адам нешеу? Балалар нешеу? (4 ер адам, 4әйел, 4 бала)


108.Жасқайраттан жасын сұрағанда,ол «Енді 1 мүшелден кейін,2 жыл бұрынғы жасымнан 2 есе жастамын»,-депті Жасқайрат нешеде? (13-2)*2=24 жаста)

109.Бір орам шөпті жылқы 1 айда,ешкі 2 айда,қой 2 айда жейді.Үшеуі бірігіп бір орам шөпті қанша уақытта жеп бітіреді? (15 күнде)


110. «Әкең неше жаста?»-деп сұраған досына Азат. «Мен әкемнен 5 есе жаспын,інімнен 5 жас үлкенмін,ал әкем мен інім екеуінің жасын бірге алғанда 61-ге тең»,-деп жауап береді.Азат неше жаста? (Азат 11 жаста)


111.Қандай сандардың көбейтіндісі мен қосындысы өзара тең.

(2*2) (2+2) (1*2*3) (1+2+3)


112.6 м бөренені бір метрден неше рет кесуге болады? (5 жерден)


113.Екі таңбалы саннан бірін кеміттім.Нәтижесінде бір таңбалы сан шықты. Мен ойлаған санды тап. (10-1) ойлаған сан: 9


114.6 стакан тұр.3-де су бар,3-ші бос.Тек бір стаканның орнын алмастыра отырып,бос стакан мен суы бар стаканды кезек болатындай етіп орналастыр.


115. 2 қайың өсіп тұр.Әр ағашта 2 бұтақ,әр бұтақта 2 алмұрттан.Барлығы неше алмұрт бар? (қайыңда алмұрт өспейді)


116.Алма ағашта 10 алма, ал теректе 2-ге артық. Барлығы неше алма бар?


117.Ағашта 5 қарға 3 сауысқан отырған еді.Барлық сауысқан және сонша қарға ұшып кетті.Неше қарға қалды? (2 қарға)


118. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны- он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін.


119. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы екі балық ұшып келіп қосылды. Барлығы неше балық болды?


120.Жанұядағы жасы үлкен кім? Бойының ең қысқасы кім? Апаң мен әкеңнің қайсысы ұзын? Сенен кім үлкен?


121.Тақта алдында үш бала тұр. Олар: Самат, Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады?


122.Шаршының сол жағында үшбұрыш, оң жағында дөңгелек орналасқан.Шаршы қай жағына салынған?


123.Үш доптың ішіндегі қызылы қоңырынан ауырлау, ал қоңыры жасылынан ауырлау. Ең ауыр доптың түсі қандай? Ең жеңіл доптың түсі қандай?


124.Ертайдың бірнеше жаңғағы бар, ал Ақтайда одан 2-еуі артық. Оларда барлығы 6 жаңғақ болса, әр балада неше жаңғақ бар?


125.Үш ағайынды жолда жүріп барады. Біреуі алда, біреуі артта. Артындағы екеуі алдындағыға жете алмайды. Ол не?


126.


DrawObject1 DrawObject4 DrawObject9 DrawObject15 DrawObject17 DrawObject16 DrawObject8 DrawObject3 DrawObject7 DrawObject14 DrawObject2 DrawObject6 DrawObject11 DrawObject13 DrawObject12 DrawObject10 DrawObject5 1 – ден 9 - ға дейінгі сандарды

дөңгелектерге орналастыр, сонда

бір түзу бойында орналасқан 3

санның қосындысы 15 ке тең болсын.










127. Ең төменгі дөңгелекке

қандай санды қойып көрсетілген

бағыт бойынша амалдарды

орындағанды сол сан қалай шығады.


DrawObject18 : 4

DrawObject21 DrawObject20 DrawObject19

* 2

DrawObject22

DrawObject23 + 5


DrawObject25 DrawObject24


DrawObject26

+ 7

DrawObject27 - 2

DrawObject29 DrawObject28

: 7



128

DrawObject46 DrawObject45 DrawObject44 DrawObject43 DrawObject42 DrawObject41 DrawObject40 DrawObject39 DrawObject38 DrawObject37 DrawObject36 DrawObject35 DrawObject34 DrawObject33 DrawObject32 DrawObject31 DrawObject30

Үш таяқшаны алып тастап, 6

шаршыландан 4 шаршы жаса




129

DrawObject52 DrawObject59 DrawObject51 DrawObject62 DrawObject50 DrawObject61 DrawObject60 DrawObject58 DrawObject57 DrawObject49 DrawObject48 DrawObject47 DrawObject56 DrawObject55 DrawObject54 DrawObject53 3 таяқшаны алып тастап, бес

шаршыдан 4 шаршы жаса








130

DrawObject78 DrawObject77 DrawObject76 DrawObject75 DrawObject74 DrawObject73 DrawObject72 DrawObject71 DrawObject70 DrawObject69 DrawObject68 DrawObject67 DrawObject66 DrawObject65 DrawObject64 DrawObject63 DrawObject79 7 таяқшаны алып тастап, әр

түрлі 2 шаршы шығар, 4

таяқшаны алып тастап, 4

бірдей шаршы шығар





131. 5 таяқшадан 2 тең қабырғалы үшбұрыш құрастыр


132.Жансая Жанеркеден үш жас үлкен, Жанерке Әйгерімне төрт жас кіші. Жансая он алты жаста болса, үшеуінің жастарының қосындысы нешеге тең?


133.Сегіз ешкі және тоғыз қазды бес сарайға орналастыр.Әр сарайда ешкі де,қаз да болсын,олардың аяқтарының саны 10-ға тең болуы керек


1-сарай 2-сарай 3-сарай 4-сарай 5-сарай







134.Үш дос қыздар аулаға ақ,қызыл,жасыл көйлек сондай түстен аяқ киім киіп шықты.Тек қана Арунаның көйлегі мен аяқ киімі түстес.Ақеркенің көйлегі де,аяқ киімі де ақ емес.Дана жасыл аяқ киімде еді.Әр қыздың көйлегі мен аяқ киімінің түстерін анықта.


135. Кез келген саннан 1-еуі артық, 1-еуі кем. (2,3,4,5,6...)


136DrawObject80 DrawObject81

10 таяқшадан суреттегідей

кілт құрастырылған 4

DrawObject82 DrawObject83 DrawObject84 DrawObject85 таяқшаны қозғау арқылы

3 шаршы шығарып ал.









DrawObject89 DrawObject88 DrawObject87 DrawObject86




137.Үш қыз мерекелік үстелге 6 самса сатып алуға келісті.Біріншісі 2 самса, екіншісі 4 самса алды, ал үшіншісі самсалардың орнына 180 теңге ақша қосты. Егер барлық самсалардың ақшасы бірдей болса, қыздар ақшаны қалай бөліп алды?


139.Апасы пісірген тоқаштардың жартысын әжесіне апаруға Қызыл телпек себетке салды. Жолда Қызыл телпек 1 тоқашты жеді, қалғанының төрттен бір бөлігін қасқырға берді. Қалған 6 тоқашты әжесіне әкелді. Қызыл телпектің анасы неше тоқаш пісірді?


140.Тиін 36 жаңғақты балаларына тең бөліп беріп, 10 жаңғақтан бергенде 6 жаңғақ қалды. Тиіннің неше баласы бар? Әр баласы неше жаңғақтан алды?


141.Сыныпта 6 қыз бала және 7 ұл бала бар. Қыздар ұлдармен отыратындай етіп, оларды неше тәсілмен парталарға отырғызуға болады?


142.Ішінде 5, 9, 3, 7 банандары бар тәрелкелерді бір үстелдегі банандар екіншідешіден 2 есе артық болатындай етіп, 2 үстелге қалай орналастыруға болады?


143. Жартысы төрттен бір бөлігінен 2 есе үлкен 15-тен кіші санды тап.


144. Таңғы сағат 5-тен 17 минут кеткенде көкжиектен Күн шықты, ал кешкі 21 сағат 6 миутта көкжиекке батты. Күннің ұзақтығы қанша уақытқа созылды?


145. Зәуре, Айнұр, Қымбат және Самал біреуі: 6 наурызда, екіншісі 7 сәуірде, үшіншісі 6 шілдеде, төртіншісі 20 наурызда туған. Айнұр мен Қымбат бір айда туды, ал қымбат пен Зәуренің туған күндері бірдей. Әр қыз қай күні және қай айда туылған?


146. Оңынан оқысаң да,солынан оқысаң да сол сан.Ол қандай сандар?


147.Еркебұлан мен Жасұланда барлығы 8 ойыншық бар. Жасұлан Еркебұланға 3 ойыншық бергенде, олардың ойыншықтарының саны бірдей болды. Әрқайсысында қанша ойыншықтан болған?


148.Әминада 80 теңге бар. Олардың ішінде құны бірдей екі манета бар ма?


149.Егер Лаура мен анасының жастарын қоссақ, 36 жыл шығады. Егер Лаура мен әкесінің жастарын қоссақ, 40 жыл шығады. Ал егер анасы мен әкесінің жастарын қоссақ, 68 жыл шығады. Лаура неше жаста? Оның анасы неше жаста? Әкесі неше жаста?


150.Балет партиясын орындау үшін балериналар 4 қатарға тұрды. Бірінші қатарда 2 балерина, ал әрбір келесі қатарда алдыңғыдан 2 балермна артық. Төртінші қатарда неше балерина тұрды?


Математикалық фокустар

1.Туған айдың реттік нөмерін 21-ге арттырып,шыққан санды 16-ға кеміт,нәтижесі бойынша туған айды атауға болады.(Мысалы туған ай қыркүйек болса,онда оның реті 9-ды 21-ге арттыру 9+21=30 оны 16-ға кеміту 30-16=14 керек.Алынған нәтижені 5-ке кеміту 14-5=9 ,яғни қыркүек айы.


2. Туған күнге 20-ны қосып шыққан саннан 17-ні азайту керек.Алынған нәтижені 3-ке кемітсе туған күн шығады, (31+20=51-17=34-3=31)


3.Бір таңбалы сан ойла,оған 15-ті қосып,шыққан санды 13-ке кеміт,нәтижесін айтқызып,оны 2-ге кеміт,шыққан сан ойлаған сан болады. (5+15=20-13=7-2=5)

4.Келесі командаларды орында:

  1. Бір сан ойла

  2. Оған 25-ті қос

  3. Оған және 125-ті қос

  4. 37 – ге азайт

  5. Ойластырған санға азайт

  6. Нәтижесін 50-ге көбейт

  7. Шыққан санды 10-ға бөл

  8. Егер барлық амалдар дұрыс орындалса,нәтижесінде 565 саны шығады!

5. Саусақтың көмегімен бір таңбалы санды тоғызға көбейтуді үйрен ол үшін екі қолыңды үстелге қой. Сол жақтан бастап санағанда, тоғызға көбейтілетін санды көрсететін саусағыңды бүгіп белгіле. Сонда бүгілген саусағыңның сол жағында орналасқан саусақтар саны нәтиженің ондығын, ал оң жағында орналасқан саусақтар саны нәтиженің бірлігін білдіреді. Тексер.


6. Мен бір сан ойладым,бірді азайттым.Нәтижесінде бір таңбалы сан шықты.Мен қандай сан ойладым.

7. Математикалық фокус.

Туған күн:

  • Досыңа калькулятор беріп оған өзінің туған айының нөмірін енгізіп сұра

  • Осы санды 4-ке көбейт

  • Оған 13-ті қосып

  • Оны 25-ке көбейт

  • Одан 200-ді алып тастасын

  • Туған айының күнін қоссын

  • Оны 2-ге көбейтсін

  • 40-ты алып тастасын

  • Оны 50-ге көбейтсін

  • Өзінің туған жылының соңғы екі санын қоссын

  • 10500-ді алып тастасын.

Шыққан санға қарауын өтін, содан соң досыңның туған жылын, айы мен күнін толық айтып бер. Бірінші немесе алғашқы сандар – туған айын, екінші екі цифр – туған күнін, ал соңғылары туған жылын көрсетеді.


8. Егер 555-тен ойлаған санды азайтсақ, алдындағы нәтижені 5 есе кемітсек, содан кейін 5-ке арттырсақ, онда ең кіші үш таңбалы саннан 5-ке артық сан шығады. Ойлаған санды тап.


9.Әмір бір сан ойлады. Ол 10-ға көбейтіп, нәтижеге 50-ді қосты. Қосындының мәнін 5-ке бөлді, сонда 163 шықты. Әмір қандай сан ойлады?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
3116
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі