400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Логобусы

Материал туралы қысқаша түсінік
[Ш] дыбысымен таныстыру. [Ш] дыбысын буында сөзде, сөйлемде машықтандыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Логобусы» әдісі арқылы [Ш] дыбысымен таныстыру. [Ш] дыбысын буында, сөзде, сөйлемде машықтандыру

Мақсаты: [Ш] дыбысымен таныстыру. [Ш] дыбысын буында сөзде, сөйлемде машықтандыру

Көрнекіліктер: Логопедиялық интерактивты комплекс «Шхуна», Артикуляциялық жаттығу карточкалары, суреттер, айналар санағыштар, артикуляциялық кескін, логобусы

Өткізілу түрі: Топтық оқу қызметі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең.

Сәлемдесу!

ІІ. Дыбыстың артикуляциясын нақтылау, Логобуспен артикуляциялық жаттығу.

Балаларды ш дыбысымен таныстыру.

Логобустың көмегімен жаттығулар орындаймыз:

1 Логобусты тілімізде ұстап тұрамыз

2 Жіпке тізілген Логобусты тіліміздің ұшымен оңға және солға жүргіземіз

3 Логобусты ауыз ішінде оңға солға бір ұртымыздан екінші ұртымызға алмакезек ауыстырамыз

4 Тілімізді кесе тәріздес қойып логобусты ұстап тұрамыз

5 Логобусты ерінмен ұстап тұрып, үрлеу.

III Дыбыс қою кезеңі: ш дыбысының жасалуы:

-ерін аздап дөңгеленеді,

-тістер аздап бір-біріне түйіскен, не болмаса сәл жақындаған

-тіл таңдайға кесе тәріздес көтеріледі

-тілдің бүйірлері жоғары азу тістерге тиеді

-тілдің алдыңғы ұшы альвеол артындағы таңдайға көтеріліп, ортасында жарты ай қуысын жасайды.

Шөнжік жүгіріп өткенше ш дыбысын айт: ш- ш- ш-ш

Ш дыбысын буында айт: ша, шо, шу, шы және кері қарай айтамыз

аш, ош, уш,ыш

IV Ш дыбысын сөздерде машықтандыру:ешкі, күшік, қайшы, сиқыршы, бағдаршам, қуыршақ, сылақшы, ұшақ, ас бұршақ,

Қызанақ, қолшатыр, бөшке, ірімшік, қайшы, көгершін.

V Төртінші артық ойыны

VI Жұмбақты шеш

VII Ш дыбысын сөйлемде машықтандыру: «Ш» дыбысын сөйлемде айтамыз: Балалар шахмат ойнады. Атам шапан киді. Апам Шынарға шоколад әперді

Сергіту сәті: саусақ жаттығуын орындау

Үй тапсырмасы: сыңарып тап ойыны

Балалардан кері байланыс. Балаларды мадақтау! Cәттілік!

Күтілетін нәтиже: Ш дыбысын буында, сөзде, сөйлемде анық айтып, дұрыс пайдаланады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
66 ұстаз жүктеп алған
22.08.2023
849
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі