400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Логопедиялық ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын және ұлттық құндылықтарды дәріптей отыра коммуникативтік, сенсориканы және сөздік қорды байыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

















Тақырыбы: «Кел, ойнайық балақай»

Ересектер «Зияткер бүлдіршін» тобы

Логопед: Айсауытова М.

















Тақырыбы: «Кел, ойнайық балақай»

Дағдылар: Коммуникативті дағдыларды дамыту және танымдық дағдыларды дамыту

Міндеті: Ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру. Қазақстан халқының мәдениетін таныстыру арқылы түрлі балалар әрекетінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту.Артикуляциялық аппаратты жетілдіру. Сенсорлық қабілеттерін, бастапқы ойлау операцияларын дамыту.

Қажетті ресурстар: Логопедиялық «Шхуна», айна, шеңбер, сиқырлы сандық, кілемше

Барысы:

Логопед: Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қалай?

Балалар: Керемет

Логопед: Логопедиялық «Шхунадан» балаларға ою-өрнектер жөнінде ақпарат көрсетейін, қараңдаршы бұл біздің «Қошқар мүйіз», «Гүл», «Айшық», «Түйетабан» оюлары аттары айтып тұрғандай түйенің басқан ізіне ұқсайтын болғандықтан бұл оюды осылай атаған

Логопед: Балалар сабағымызды күнделікті жасайтын артикуляциялық жаттығумыздан бастайық «Тіл төстік» ертегісін тыңдай отыра жасайық

Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, еріндердің артында, аппақ тістердің арғы жағында «Тіл Төстік» өмір сүріпті. «Тіл Төстік» ерте ұйқысынан тұрып, сағатқа қарайды «Сағат» тіл жаттығуы, қарны ашып кесемен шә ішеді «Кесе» тіл жаттығуы, шәйді құртпен ішеді «Құрт» тіл жаттығуы, қарны тойған «Тіл Төстік» далаға шығып әткеншек тебеді «Әткеншек» тіл жаттығуы, кейін атпен шабады «Ат шабуылы» тіл жаттығуы

Балалар тілдерің шаршап қалдыма?

Балалар: Иә,

Логопед: Олай болса балалар тіліміз тынығып демалып аламын дегенше біз келесі тапсырмалар мен ойындарды ойнайық

Логопед: Балалар қазыр біз «Алтыбақандағы Аяны тербетеміз» тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Терең тыныс алып аузымызбен үрлейміз. (2-3 рет қайталаймыз).

Қонаққа «Көңілді қонжық» келеді

Логопед: Көңілді қонжық сиқырлы садығымен ойындар ала келді, ойнаймыз ба балалар?

1 тапсырма «Сиқырлы сандық» ойынын ойнайық

Міндеті: Балалардың сипап сезу арқылы танымдық дағдыларын қалыптастыру

Балалар: Иә

Шарты: Балалар сиқырлы сандыққа қолын салып құпия затты сипап сезу арқылы атау.

2 тапсырма Балалар біздің көңілді қонжықтың келесі ойыны «Көңілді шеңбер»

Міндеті: Балалардың қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастыру

Шарты: Балалар шеңберді айналдыру арқылы ұяшықта жасырылған суретті атау

3 тапсырма «Сергіту текеметі»

Міндеті: Балалардың ірі моторикасын дамыту

Шарты: Балалар текшені лақтыру арқылы түскен оюды текеметтен тауып, секіріп өту.

Көңілді қонжықпен сергіту сәті «Оюлар»

Логопед: Жарайсыңдар балалар, біздің көңілді қонжықпен қоштасатын сәтіміз де жетіпті, ендеше қонжыққа сау бол деп айтайық.

Балалар сендер бүгін ойындарды жақсы ойнадыңдар. Бүгін біз қандай ойын ойнадық? Сендерге әсіресе қайсы ойын ұнады?



(Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Артикуляциялық жаттығуды, тыныс алу жаттығуын

Түсінеді: Қазақ оюлары мен киімдерін таниды, атайды

Қолданады: Ұлттық ою-өрнекті қолданып ойнай алады













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
28.06.2024
1056
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі