400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ПУНКТ ЖАҒДАЙЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопедиялық пункт жағдайында жүргізілген логопедиялық жұмыстың негізгі мақсаты-тілдері, сөйлеу қабілеттері бұзылған балаларға көмек көрсету. Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі баланың тілдік шығармашылық қабілеттерінің дамуы, ал бұл дегенің баланың ойлау қабілетінің қалыптан тыс, икемді дамуы және ой-қиялдарының жетілуі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ПУНКТ ЖАҒДАЙЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Дайындаған:Бикмухамбетова Тасмиля Наиловна

№ 40 «Балдәурен» МДҰ

Ақтөбе қаласы



Қазіргі таңда логопедия ғылымы бала тілін дамыту жұмыстарын жетілдіру бағытында заман талабына сай әрдайым белсенді ізденіс үстінде. Педагогика, психология және медицина ғылымдарының қиылысқан нүктесінде тұрған логопедия өз тәжірибесінде дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді өз жұмысына бейімдеп қолдана бастады.

Логопедиялық пункт жағдайында жүргізілген логопедиялық жұмыстың негізгі мақсаты-тілдері, сөйлеу қабілеттері бұзылған балаларға көмек көрсету.

Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі баланың тілдік шығармашылық қабілеттерінің дамуы, ал бұл дегенің баланың ойлау қабілетінің қалыптан тыс, икемді дамуы және ой-қиялдарының жетілуі.

Баланың тілдік шығармашылығының дамуының негізгі міндеттері:

- шығармашылық ой-қиялының дамуы, бейнелі ойнау қабілетінің жетілуі.

- тілдік және ойлау белсенділігінің жоғарылауы,

- байланыстыра сөйлеу, ойларын жеткізе білу білік, дағдыларының қалыптасуы.

- өз сөздерін сараптай білу қабілеттерін дамыту.

Қазіргі жағдайда қалыптан тыс шешімдерді қабылдай білетін, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, өз идеяларын батыл айта алатын адамдар қажет.

Мен өзіме сұрақ қойдым: осы мәселені логопедиялық сабақтарда қалай жүзеге асыруға болады?- деп.

Тілдік шығармашылықты дамыту үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады: халық ауыз әдебиеті, театр, ертегітерапиясы, құмтерапиясы т.б.

Заманауи технологиялар біздің өмірімізге тереңірек еңуіне байланысты, мен де өз жұмысымда дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді қолданамын, өйткені олар білімнің сапасын көтеруге көмегін тигізеді. Атап айтсам, ертегілермен жұмыс, театр элементтері, арт-терапия немесе суретпен жұмыс жүргізу, мнемотехника, яғни сызба бойынша жұмыс жүргізу, литотерапия яғни тастармен жұмыс істеу, құмтерапиясы, ілгек терапиясы, сондай ақ, әртүрлі тұсау кесер жұмыстарын қолданамын.

Түзету жұмыстарының барысында дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді қолдану балалардың тез шаршап қалмауына әсерін тигізеді, ерік-жігерлерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді, өз тілін дамытуға, жетелейтін өзіне-өзі бақылау жүргізуге ықпал ететін дағдылардың қалыптасуына, танымдық белсенділіктерінің артуына, жалпы түзету жұмыстарының тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Логопедиялық жұмыстарды логопедиялық пункт кабинетінде жүргіземін.

Баланың өз мүмкіндіктерін қолдануына ыңғайлы орта көмектеседі, яғни шығармашылығын дамытуға арналған құжаттардың кабинетте болуы.

Тілдік шығармашылық ойынмен тығыз байланысты. Ойынға арналған жабдықтар ашық шкаф-сөрелерде сақталған және кабинеттегі өзге де стеллаждарда әртүрлі ойындарға тақырыптық ойындар жинағы таңдалып алынған, олар ірі немесі ұсақ болып келеді.

Балалар қораптар, қапталған құжаттар қолданады. Тілдік шығармашылықтың дамуына суреттер, сызбалар, альбомдар, кітаптар да көмектеседі.

Балаларға ойындар, оның ішінде театр және ертегілерді драматизациялау ұнайды. Бұл ойындарда желі және рольдік іс-әрекеттер бар. Бірлесіп жүргізген ойын барысында кейіпкерлердің салыстырмалы міңездемесін беремін, ойын барысында жанданатын заттардың ерекше қасиеттерін анықтаймын.

Шығармашылықты дамыту үшін шығармашылық тапсырмалар беріледі. «Көрме жар», «Байланыс жары», «Көңіл білдіру жары», «Сүіспеншілік жары» бола алады. Мақсаты: баланың тілдік, танымдық, көркемдік-эстетикалық дамуын қамтамасыз ету.

Балалардың тілдік дамуына құммен ойындар да көмегін тигізеді. Оларға қиял ойындары, тарихи ойындар жатады. Балалар өздерінің бұйымдарына шығармашылық әңгіме құрастырады.

Ароматерапия шығармашылық көңіл-күй мен эмоционалды тұрғыда биіктеуге көмектеседі. Менімен бірге балалар апельсинге, алмаға, лимонға саяхатқа аттанады.

Ертегілер құрастыру барысында әртүрлі тілдік тәсілдер қолданамын.

Тақырыптық кітапшалар құрастыру ( «Лимон», «Апельсинге саяхат»)

Ұсақ моторикасын дамыту мүсіндеу арқылы жүзеге асырылады. Қызықты бұйымдар да балалардың шығармашылық әңгімелерінің кейіпкерлеріне айналады. Балалармен жиі шәй ішу рәсімін ұйымдастырамын, бала тақырыпты өзі таңдайды. Мұндай топтасып өткізілген шаралар балаларды парасаттылық құндылықтарға тәрбиелейді.

Фольклордың мүмкіндіктерін пайдалану. Дидактикалық сөз ойындарында бала алогизмдер табады, әңгімелерге болмайтын ғажайыптарды қосады. Балаларға кім көбірек «болмайтын нәрсені байқап қалады» ойыны ұнайды. Бұл ойынды жиі өткізіп тұрамын. Балалар өздері-ақ болмайтын нәрселерді түсініп қалады. Балалар «Қызыл телпектің қасқырдың қарынынан тірі шықпасын» түсінеді, «Қаздардың Иванушка деген баланы қанатқа салып, ұшырып әкететініне» сенбейді. Балалардың әңгімесі өте қызықты. Оларда қызықты- қызықты оқиғалар пайда болады.

Балалармен жиі жұмбақтар шешемін. Заттардың қасиетін тауып көрсетулеріне көмектесемін, бейнелі сөздер мен түсініктерді қолданып жұмбақтар ойлап табуға көмектесемін.

Сөздік жұмысының мүмкіндіктерін қолдану.

Өз жұмысымда жаттығулар жүйесін қолданамын, олар балалардың сөздік қорларының молайуына ықпал етеді:

- анықтауыштар мен эпитеттер таңдау (аналар қандай болады?),

- эпитет арқылы заттарды тану (сары, тәтті, дәні бар-бұл не?),

- затқа байланысты іс-әрекет таңдау (қалай ойнауға болады?),

- затты іс-әрекетке қарай таңдау (ит не істеп жатыр?),

- пысықтауыштар таңдау (аспанда жарқырайды, жерді қыздырады, қараңғылықты жояды),

-синонимдер таңдау (үлкер, зор),

-жоқ әріптерді табу ( аула сыпырушы сыпыртқыны алды бірақ ...ыпырмады),

-сөйлемдерді тарату және толықтыру (Балалар бара жатыр; Қайда? Неге?),

-сөйлемді белгілі бір сөзбен құрастыру.

Әлеуметтік-эмоционалды жағдай жасау:

Баланы эмоционалды деңгейде түсінемін және қабылдаймын.

Баланың мәселесін түсінемен, оның өсуіне жағдай жасаймын.

Егер баланың тілдік шығармашылығы бағаланбаса қауіпсіз жағдай жасай аламын.

Психикалық жағдай жасау баланың еркін сезінуіне қолдау жасайды.









Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. М.С. Грушевская, И.В. Пашигорева, З.А. Мовкебаева «Типовая специальная программа воспитания и обучения детей дошкольного возраста с общим недоразвитием речи»,ТОО Центр «САТР»2010г

  2. В.И. Буйко ,З.А. Репина «Уроки логопедии», Литур, Екатеринбург,2000г

  3. Е.В. Кузнецова,И.А. Тихонова «Обучение грамоте детей с нарушениями речи», ТЦ «СФЕРА»,2008г

  4. Н.А. Кнушевицкая «Стихи и речевые упражнения по теме «Профессии»», «Гном и Д»,2009г

  5. О.А. Степанова «Дошкольная логопедическая служба», ТЦ «СФЕРА»,2010г

  6. Л.Н. Смирнова «Логопедия в детском саду», «Мозаика-Синтез»,2005г





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қараша
311
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі