LS -зерттеу жұмысының тақырыбы «Әрқилы әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тыңдалым дағдысын қалыптастыру»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

LS -зерттеу жұмысының тақырыбы «Әрқилы әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тыңдалым дағдысын қалыптастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
LS -зерттеу жұмысының тақырыбы «Әрқилы әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тыңдалым дағдысын қалыптастыру» КММ №149 жалпы білім беретін мектеп орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бейсембаева Г.А. Алматы қаласы №149 жалпы білім беретін мектебінде Төрежанова Алма Байтұяққызының ұйымдастыруымен LS-үдерісі бойынша курс өткізілді. Бұл курстың негізгі мақсаты LS-үдерісін толық түсініп, өз деңгейінде жүргізу болғандықтан, мен үшін бұл курстан ең құнды дүние құрылымдалған бақылау парағы арқылы зерттеу сыныпқа кіру. Проблеманы анықтағаннан кейін, үш құрал таңдалды.Үш құрал бойынша зерттеу жұмысын жүргізу және А,В,С деңгей деп емес топтық зерттеу,жұптық зерттеу,жеке-жеке оқушыларды т.б зерттеу. Бұл курс кәсіби дамуға мүмкіндік алуда өте тиімді болды. Педагогке қатысты мәселелер жан-жақты талқыланып, жоғары деңгейде жүргізілді. Сонымен жұмыстары
Материалдың қысқаша нұсқасы

LS -зерттеу жұмысының тақырыбы «Әрқилы әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тыңдалым дағдысын қалыптастыру»

КММ №149 жалпы білім беретін мектеп

орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Бейсембаева Г.А.


Алматы қаласы №149 жалпы білім беретін мектебінде Төрежанова Алма

Байтұяққызының ұйымдастыруымен LS-үдерісі бойынша курс өткізілді. Бұл курстың негізгі мақсаты LS-үдерісін толық түсініп, өз деңгейінде жүргізу болғандықтан, мен үшін бұл курстан ең құнды дүние құрылымдалған бақылау парағы арқылы зерттеу сыныпқа кіру. Проблеманы анықтағаннан кейін, үш құрал таңдалды.Үш құрал бойынша зерттеу жұмысын жүргізу және А,В,С деңгей деп емес топтық зерттеу,жұптық зерттеу,жеке-жеке оқушыларды т.б зерттеу. Бұл курс кәсіби дамуға мүмкіндік алуда өте тиімді болды. Педагогке қатысты мәселелер жан-жақты талқыланып, жоғары деңгейде жүргізілді. Сонымен жұмыстарымызды ары қарай дамыта отырып 8 - сыныпта LS-зерттеу сабағына қатыстым. Әріптестермен бірлесе отырып қысқа мерзімді жоспар құрып, әр сабақтан кейін талдау жүргізіп отырдық. Әр мұғалім зерттеуге 5-6 оқушыдан алып бақыладық. Пәні:орыс тілі мен әдебиеті. Тақырыбы: Абайдың Он төртінші қара сөзі. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әдіс-тәсілдер арқылы тыңдалым дағдысын машықтандырып, ақпаратты түсіну үшін дұрыс бағыт беру. Мен сабақ барысында 3 оқушыны зерттеуге алдым. Үй тапсырмасын сұрауда сұрақ-жауапқа С.есімді оқушы және М.есімді оқушы белсене қатысып жауап берді. Тақырыпқа байланысты мәтінді тыңдауда, мәтіннің бастапқы кезеңіне көп көңіл бөлінді, мәтіннің ортасы және соңғы кезеңдеріне толық тыңдалмаған. Оқушылар екі жақты күнделік әдісімен жұмыс жүргізу барысында байқалды. Бумеранг әдісі бойынша оқушылар тақырыпқа байланысты жабық сұрақ құрастырды. А.есімді оқушы және Ә.есімді оқушы, М.есімді оқушы бір-бірімен алмасқан сұраққа жауап берді. Қорытынды: Бұл сабаққа енгізілген екі жақты күнделік әдісі оқушылардың тыңдалым дағдысын қалыптастыра отырып, әр оқушының мұқият тыңдап, мәтінге өз ойын жазу тиімділігін көрсетті. Бумеранг әдісі әр оқушының тақырыпқа сұрақ құрастыруы сабаққа қатысу белсенділігін көрсетті. Оқушылардың сабақ барысында мұқият зер салу дағдысын өз деңгейінде қалыптастыру үшін, кез келген оқушыдан сұрақ-жауап алу керек екендігін ескере отырып, келесі сабақ жоспарлауда енгізу ұсынылды.

Екінші сабақ.Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов. Сирота. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әдіс-тәсілдер арқылы тыңдалым дағдысын машықтандырып, ақпаратты түсіну үшін дұрыс бағыт беру. Сабақ екі тілде орыс және қазақ тілінде кіріктірілген сабақ жүргізілді. Тақырыпты ашуда оқушылар менменшілдік, қатыгездік, жеңілтектік т.б сөздердің екі тілдік аудармасын жалпы бірдей айтып өтті. С.есімді оқушы сұрақ-жауапқа жақсы жауап берді. 1-тапсырма мақал-мәтелдер екі тілде аралас жазылған оқушыларға берілді. Ә.С.А. есімді оқушылар мақал-мәтелдің негізгі ойын орыс тілінде жеткізе білді. 2-тапсырмада оқушылар топқа бөлініп Иса мен Қадишаның іс-әрекетінен көрініс көрсетті. Оқушылар белсене қатысты. 3-тапсырмада синквейн әдісі бойынша шығармалардан мысалдар жазу берілді. Осы тапсырма бойынша құрылған тест парақшасын белсенділік танытпаған оқушыларға берді, Ә.есімді оқушы жақсы жауап берді. Сабақты бекітуда А.есімді оқушы белсене қатысып жауап берді. Қорытынды: Кіріктірілген сабақты екі тілде жүргізу барысында оқушылардың қызығушылығы арта түсті. Зерттеуге алған оқушылар сабақтың мақсатына сай тыңдалым дағдысын қалыптастыруда, берілген тапсырмаларға мұқият қарап, бірін-бірі тыңдап жауап берді. А.есімді оқушыдан оқушы кері байланыс алдым.1.Саған сабақта бәрінен де не ұнады? дегенде, маған Әуезов әңгімелері ұнағанын айтып өтті.2.Сен нені үйрендің? деген сұраққа мысалдардан адам үнемі іс-әрекетте болу керек және жақсы қасиеттердің болу керектігін жеткізе білді.3.Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды? Сабақтың екі тілде жүргізілуі өте қызықты және тиімділігін айта алды.Үшінші сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов шығармаларының зерттеулері. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әдіс-тәсілдер арқылы тыңдалым дағдысын машықтандырып, ақпаратты түсіну үшін дұрыс бағыт беру. Сабақты жағымды ахуал қалыптастырумен бастады. Оқушыларға сұрақ-жауап арқылы сабақ түсіндірмесі жүргізілді. Мәтінге зерттеулер, талдау жүргізілді. Оқушылар белсене қатысты. Қорытынды: сабақ мақсатына сай оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы тыңдалым дағдысын қалыптастыру жүйелі жүргізілді. Әр сабақта тыңдалым дағдысына көп көңіл бөлу керектігін анықтадық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.04.2025
171
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі