400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

LS зерттеу сабағының тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
LS зерттеу сабағын өз еркімізбен қызығушылық таныта отырып, топтасып өткіздік. Зерттеу сабағы мұғалімдердің кәсіби дамуына және оқушыларға білімді меңгерудегі тиімді әдістерді көруге көмегі тиеді. Өзімнің өткізген тобымның іс-әрекетімен бөлісуді жөн көрдім
Материалдың қысқаша нұсқасы

Lesson Study сабақтарының өтілу барысының рефлексивті есебі

Lesson Study сабақтарын жүргізбес бұрын біздің топтың алғашқы жұмысы топ мүшелерінің ережесін құрудан басталды.

Топ ережесі

  1. Ынтымақтастық ортада жұмыс жасаймыз.

  2. Сабақтарды жоспарлауға, талдау жасауға уақытылы келеміз.

  3. Зерттеу сабақтарын мерзімінде өткізіп, қағаздарын уақытылы толтырып отырамыз.

  4. Әр сабақтың кемшілігін бәрімізге қатысты деп ойлаймыз.

Зерттеу тақырыбы: математика және физика сабақтарында оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

Мақсаты: математика, физика зерттеу сабақтарында оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдануды ұйымдастыру, А, В, С деңгейдегі оқушыларға әдіс-тәсілдердің нәтижесін бақылай отырып, тиімділігін анықтау.

Күтілетін нәтиже: зерттеу сабақтарында тиімді әдіс-тәсілдер қолданылады, оқушылардың сабаққа белсенділіктері артады.

Зерттеуге 13-14 жастағы оқушылар алынып отыр

( 7 «Б», 8«Г» сыныптары)

Зерттеу сабақтарының өтілу кестесі

№

Мұғалімнің аты-жөні

Өтілі, санаты

Сабақ тақырыбы, сыныбы

Өтілетін уақыты, орны

1

Ижазова Ж.Ш.

6 жыл, санатсыз

Квадрат теңсіздік.Квадрат теңсіздікті квадрат функцияның графигі арқылы шешу.

8 «Г» сыныбы

18.04.

14.50-15.35

№304 кабинет

2

Бажкенова Ж.М.

29 жыл, санатсыз

Рационал бөлшектерді қосу және азайту тақырыбына есептер шығару.

7 «Б» сыныбы

20.04.

15.45-16.30

№303 кабинет

3

Жақсылықова Г.Р.

6 ай, санатсыз

Механикалық Энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.

7 «Б» сыныбы


22.04.

14.50-15.35

№303 кабинет


Қазіргі таңда оқушылардан талап етілетін дағдылардың мәні- алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білу болып табылады.Сондықтан мұғалімдер оқу мен оқытуда оқушыларға  осы талапқа сай білім беруі қажет.

Lesson Study әдісі мұғалімдерді  оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады және бірнеше қадамдардан тұрады. Lesson Study-  де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады.

Бірінші зерттеу сабағын жоспарлау барысында сол сыныптың математика пәні мұғалімі Ижазова Жарқынай қолданатын әдіс-тәсілдерді талқылап, топтық, топ ішінде жұптық жұмыс, жеке жұмыстүрлерін есептер шығару ретінде қолдануды ұйғардық. Сабақ барысында оқушылар жұптық жұмыс жасауға үйренбегенін, сонымен қатар мұғалім оқушыларға ойлануға уақыт бермейтінін, есепті шешу жолын өзі айтатынын байқадық. «А»-оқушы Амина мұғалімге сұрақ қойды, тапсырмалардың оған жеңіл екендігі байқалды. «В» оқушы Дарынмінезі тұйық болғандықтан, белсенді қатысу жоқ, бірақ мұғалімнің түсіндірмесін мұқият тыңдап, тақтадағы жазуды дәптерге толық түсіріп отырды. Жұптық жұмыста қасындағы оқушымен жұптаспағанын, топтық жұмыста білгенін топқа түсіндірместен жазып бере салғандығын, тапсырманы жеңіл деп қабылданғандығы байқалды. «С» оқушы Сымбат болса еш жұмысқа қатыспады, тақтада қандай жазу болса соны көшіріп отырды. Бірақ сабақ соңында алған интервьюда сабақ ұнады, есеп шығардым деп жауап берді.Бұл сабақта А,В,С деңгейлі оқушылармен диалог жүзеге аспады. Және жасалған жоспарды пән мұғалімі өзгертіп жібергендігін, бірігіп құрған жоспарды орындай алмай қаламба деген ойы болғандығын айтты. Топтық жұмыста «В оқушының» тапсырманы жеңіл деп қабылдауына осы себеп болды деген ойын білдірді.


Екінші сабақты жоспарлаған кезде алдыңғы сабақта жіберілген кемшіліктерді болдырмауға тырыстық. Ең алдымен сабақты топқа бөлу арқылы және есептерді топпен шешуге мүмкіндік беретіндей етіп жоспарладық. Сонымен қатар мұғалімнен оқушыларға өзіндік әрекет етуге мүмкіндік беруін сұрадық. Зерттеуші топ мүшелері келісілген «зерттелетін оқушыны» қадағалап, қажет деген жерлерін белгілеп, түртіп алып отырды. Мұндағы «А» оқушы Нұрай мұғалімге көмекші және әр топқа жәрдемдесуші болды. «А» оқушы зерек, алғыр өз достарын оқытуға қызығушылығы басым. Зерттеу барысында  «С» оқушыСымбат бұл сабақта тек көшіру жұмысын ғана атқарып отырғандығын байқадық. Тақтаға мұғалім шақыруымен шықты, бірақ тапсырма дұрыс орындалмады.Бұл сабақта жасалған жоспарымыздың тиімділігі оқушылардың көшбасшылығын дамытулығы басым болды.Сабақ соңындағы сауалнамада топтық жұмыс түрі ұнайтындықтарын үш деңгейдіңде оқушылары атап көрсеткен.

Үшінші зерттеу сабағын жоспарлауда сыни тұрғыдан ойлау( ашық сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар), уақыт үнемдеу үшін ақпараттық технологияларды, соның ішінде интербелсенді тақта, бейнефильмдер қолдануға мән берілді. Сонымен қатар «зерттелуші оқушылар» топқа өз деңгейлерімен түсуіне ықпал жасалды. Бұл сабақты бақылаушы болып қатыса алмадым, себебі ауданға семинарға бардым. Әріптестерім бұл сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер өзге сабақтарға қарағанда тиімді болғанын айтып өтті. Бірақ сабақ уақытынан 5 минутқа кеш аяқталғанын баяндады.


Зерттеу сабақтары аяқталған соңмұғалімдердіңбірлесуімен  LessonStudy  қорытындыланды. Нәтижесінде  жалпы сыныптағы әртүрлі деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, төмендегідейқорытындығашығардық.

Бақылаудағы С оқушылар –өз бетімен жұмыс жасауға ынталанатын жұмыс түрін, әдісті табуды;

Бақылаудағы В оқушылар:

-  алған білімдерін қолданып, өз бетімен жұмыс жасай алды, постер қорғап шықты;

-  Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жабық сұрақтарға жауап беруге үйрету;

Бақылаудағы А оқушылар:

проблемалық сұрақтарға жауап табуда ізденді,

топ мүшелеріне қолдау көрсетіп, көшбасшылық жасап отырды,

Сабақта топтық, жұптық жұмыс түрлері оқушылардың өзара оқыту ықпалдастығын арттыратындығын, сол себепті әдіс-тәсілдерді тек Lesson Study сабақтарында емес, күнделікті сабақта қолдануды дағдыға айналдыру керек екендігіне түйін жасалды.








Бақылаушы Сарсенбаева Ж.Б.

 

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 мамыр
1454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі