400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Лудомания – қауіпті ауру»

Материал туралы қысқаша түсінік
А) Лудомания (ойынқұмарлық) туралы түсінік беру, оның қауіптілігі мен салдарын ашу. Ә) Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Б) Жауапкершілікке, өз уақытын дұрыс пайдалануға және өзін-өзі бақылауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Лудомания – қауіпті ауру»

Күні:


Сынып жетекші:


Сынып: 7 «Ә»

Қатысушылар саны: 21

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Лудомания – қауіпті ауру»

«Жағдайларда ата- аналарға сену неге маңызды?»

Сабақтың мақсаты:

А) Лудомания (ойынқұмарлық) туралы түсінік беру, оның қауіптілігі мен салдарын ашу.

Ә) Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.

Б) Жауапкершілікке, өз уақытын дұрыс пайдалануға және өзін-өзі бақылауға тәрбиелеу.

Қауіпсіздік мақсаты

қиын жағдайларда ата-аналармен сенімді қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру.

Құндылықтар

бірлік және ынтымақ айы

Апта дәйек сөз

Бірлік болмай тірлік болмас

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер, көрнекіліктер

Неше түрлі мағыналы сөздіктер, топерлер

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)


I. Ұйымдастыру кезеңі


Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатына тоқталу.


Оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында шағын сұрақ:


"Ең сүйікті уақыт өткізу тәсіліңіз қандай?"

«Құмар ойын» дегенде не елестейді?

Құмар ойындардың қандай түрлерін білесіздер?

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.Бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.Түстер арқылы топтарға бөлінеді..




Оқушылар сұрақтарға жауап береді?


Сабақ басы (15 мин)


Тақырыпты ашу:


Лудомания термині түсіндіріліп, ойынқұмарлықтың не екендігі жайлы ақпарат беріледі:

Лудомания – бұл компьютерлік немесе құмар ойындарға деген тәуелділік.

Адамның өміріне қалай әсер етеді? (денсаулық, қаржы, уақыт жоғалту, қарым-қатынастың бұзылуы).

Қысқаша статистика:

Қазақстандағы ойынқұмарлық мәселесі туралы мәліметтер.

Әлемдегі лудоманияның жастар арасындағы таралуы.


Оқушылар лудомания жайлы түсінеді.










Компьютер


Ортасы (20 мин)







Сұрақтар:


Ойын ойнаудың қай кезеңі зиянды болып саналады?


Лудоманияның белгілері қандай?


Ойынға тәуелділікпен күресу үшін не істеуге болады?


Топтық жұмыс:

Оқушыларды 3 топқа бөлу:

1. Лудоманияның себептерін анықтау.

2. Лудоманияның салдарын талдау.

3. Тәуелділіктен шығу жолдарын ұсыну.

Әр топ өз жұмыстарын таныстырып, ортақ шешімге келеді.

Оқушылар топтық жұмыс орындайды.


Қауіпсіздік сабағы (10мин)

Ата-аналарға сену өмірдегі қиындықтарды жеңудің маңызды ресурсы. Ата- анаңызбен қарым-қатынасыңызды нығайту әрқашан олардың қолдауын сезінуді білдіреді.

    • Ата-аналармен сенімді қарым-қатынасты қалай орнатуға болады?

    • Жасөспірім кезінде жасөспірімдер мен олардың ата-аналары арасындағы сенімді қарым-қатынас нағыз қиындық тудыруы мүмкін.

    • Жасөспірімдер тәуелсіздікке, еркін болуға ұмтылады және қоғамда өз орнын іздейді. Сонымен қатар ата-аналар балаларын қорғап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткісі келеді.

    • Сабырлы болыңыз.

    • Ашуланудан аулақ болыңыз, бұл жағдайды қиындатады.

    • Түсіністік танытыңыз.

    • Өзіңізді олардың орнына қойып, олардың себептерін түсінуге тырысыңыз.

    • Барлығын ойлауға уақыт беріңіз.

    • Диалогке дайын әрі ашық болыңыз.

    • Егер сіз бір жерде қателессеңіз, қателескеніңізді мойындаңыз.

    • Шынайы және ашық болыңыз.

Оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтайды.


https://youtu.be/5PlDBvWOusI?si=hgUP36wzrkFclr6u

Соңы

Оқушыларға ойынқұмарлыққа қарсы тұру үшін мықты ерік-жігер, жауапкершілік пен дұрыс уақыт жоспарлау маңызды екенін еске салу.

Оқушылар уақыттарын бекер өткізбей, оданда тиімді өздеріне пайдалы іспен айналысу керектігін ұғынды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
194
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі