Лудоманияның алдын алу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Лудоманияның алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды кішпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып жетекшінің аты-жөні


Күні:


Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Лудоманияның алдын алу

Тәрбие жұмысының бағыты

Талап құндылығы

Мақсаты

Балаларды кішпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, сыпайылыққа баулу.

Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


Шаттық шеңбері. - Балалар, шеңбер құрып, өлең жолдарын айтайық. Жақсылықтан үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан. - Балалар, кәне, бір - бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейікші. - Бәріміз дос болайық. Тату болайық. т. б сөздер айтады.

Сәлеметсізбе оқушылар бүгінгі «Лудоманияның алдын алу» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Қазіргі өмір аясында жасы кәмелетке толмағандар компьютерлік ойындар мен  автомат-ойындар ойнайтын орындарға жиі барады.

Ғалым-зерттеуші А.Сидорованың 12-14 жастағы жасөспірімдерден тұратын 2 топқа компьютерлік ойынның әсерін білу үшін жүргізілген эксперимент нәтижесін талдау оған келесі шешімді жасауға мүмкіндік береді:

Компьютерлік ойындардың жасөспірім психологиясына әсері барысында тітіркену, сезіктену, ойыншы тарапынан жағымсыз көріну секілді сезім артады.

Компьютерлік ойынды ойнайтын жасөспірімдер балаларға тән кішігірім  бұзақылықта немесе жеңіліске ұшырауда өздерін айыпты санайды.

Компьютерлік ойынды ойнайтын жасөспірімдерде айнала қоршаған өмірге теріс қарау пайда болады (жақындармен ұрысу, айқайлау, басқаларды кемсіту)

Мұндай жасөспірімдер тек үстем-үстем сөйлеп қана қоймай, денеге зақым келтіру әрекетін де қолданады. Мұндай әрекеттерді ойын барысында ұтқандар мен ұтылғандарды бақылай отырып аңғаруға болады. Жасөспірімдер айқайлайды, қасындағы заттарды лақтырады, сындырады, дүлейді айналасындағыларға шығарады.

Зорлық-зомбылыққа  негізделген  компьютерлік ойындардың жасөспірімдер түйсігіне әсері проблемасын  біржақты  қарастыруға болмайды. Зорлық-зомбылық элементі бар компьютерлік ойындарды ойнау және өмірде күш көрсету – әртүрлі жайт. Бірақ зорлық-зомбылыққа ойын арқылы интерактивті қосылу оны әдетке айналдырады, аяныш білдіру, толғану, мүсіркеу және т.б. сезімдері ысырылады. Өмірде олар үшін адамды тапаншамен немесе автоматпен атып тастау, электроарамен кесіп жіберу, бомбамен бірнеше бөлікке бөліп тастау түк емес болып көрінеді.

"Лудомания" терминінің түп мағынасына келсек, "лудо" - ойын, "мания" - ессіздік дегенді білдірді. Яғни, бұл - "ойынға есі кету" деген сөз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы лудоманияны құмар ойындарға әуес адамдардың дерті екенін дәлелдеді. Шынында да, қазіргі таңда ойынға құмарлық қоғамның дертіне айналып барады.

Сонымен бұл дерт қалай пайда болды? Біздің елімізге қайдан келді? Жастар неге құмар ойындарға әуес болып барады? Міне, біз алдымен осы сауалдарға жауап іздемекпіз.

Қазақта "Ойсыз ойынға құмар" деген сөз бар. Өткен тарихымызға үңілсек, қазақта құмар ойын ойнау деген ұғым болған емес. Бұл дерт біздің елімізге шет елдерден келді. Әлем елдеріндегі құмар ойындардың тарихына үңілсек, көне Үндістанда ерте заманда сүйек ойыны болған. Осы ойынның кесірінен кезінде бұл елдегі бір ханзаданың мал-мүлкінен, билігінен, тіпті, әйелінен айырылғандығы жөнінде жазылған деректер бар. Ал неміс халқында құмар ойыннан жеңіліс тапқан ойыншы өз азаттығынан айырылып, құл болып кетсе, Қытайда лудоманияның арқасында бүкіл бір армия қаржыландырылып отырған екен. Ең қызығы, құмар ойындар біздің елімізге сонау кеңес заманы тұсында келген. Кейбір деректерге сүйенсек, елімізде 1917 жылға дейін құмар ойындардың карталық түрлері дамыған. Олардың дені жеке клубтар мен орталықтарда ойнатылған.




Оқушылардың тақырып бойынша постер қорғау сәті





Қоры

тынды

10 мин


Лудоманияға шалдыққан адамдарға қалай көмек бере аламыз? Еліміздегі әр адам тыныш, уайымсыз өмір сүруге лайықты. Сондықтан, қиын тағдырға тап болғандарға көмектесу маңызды. Республикадағы жағдайды өзгерту үшін салмақты түрде профилактика жүргізбен жөн. Бұл алдын-алу шараларының бірі болып табылады. Лудоманияға шалдыққан адамдардың ең әлсіз жері — ойлау қабілетінен айырылғаны. Сәйкесінше, психологтармен жұмыс көмегін көрсете алады.

Ақша бірде бар, бірде жоқ. Ол жоқ кезде адамның ең үлкен көмекшісі-оның білімі. Ойынға емес, балалар оқуға уақыт бөліңіздер!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2025
205
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі