400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

М дыбысы мен әрпі.Менің отбасым.

Материал туралы қысқаша түсінік
дайын сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Пән: Сауат ашу Мектеп:


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: мектеп-гимназиясы



Күні: Мұғалімнің аты –жөні:

Сынып: 1 «Е» Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

М дыбысы мен әрпі.Менің отбасым.

Оқу мақсаты

1.2.9.1.Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну

1.2.1.1.Сөз сөйлем сызбасын оқу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:Жаңа әріпті таниды, оқиды, жазады. Мм дыбысынан келетін сөздерді айтады, дауысты және дауыссыз екенін ажыратады.

Көптеген оқушылар: Тақырыпты талқылап, отбасындағы туыстық қарым-қатынасты ажыратады.

Кейбір оқушылар:М дыбысына қатысты сипатту сөздерді тізбектей алады.

Бағалау критерийлері

Әріпті таниды, оқиды, жазады, дауыссыз дыбыс екенін анықтайды.

Туыстық қарым –қатынасты талқылап, ажыратады.

Сипаттау сөздерді тізбектеп айтады.

Тілдік мақсатттар

М дыбысынан келетін сөздерді айта алады, оқи алады, жаза алады. Мәтінде М дыбысын ажырата алады.

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

Пән аралық байланыс

Математика, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Аудио диск.

Бастапқы білім

Ы дыбысынан келетін сөздерді айтады.

Буындап, тұтастай оқытамын.

Сабақтың жоспары

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері»

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

«Бір минуттық әңгіме» тәсілі бойынша үй тапсырмасын сұраймын.

«Миға шабуыл» әдісі Жұмбақ шешу.

Мұртын сипап күн бойы,

Бетін сусыз жуады.

Тысырды аңдып түн бойы,

Тышқанды көп қуады.

(МЫСЫҚ)

1.Түйе өркешін қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп. (м)
2.«Майда» бар да, «шайда» жоқ,
«Менде» бар да, «сенде» жоқ. (м)

Сабақтың тақырыбын хабарлаймын.


Сабақтың ортасы













«Кім жылдам» ойынын ойнаймыз.

-М дыбысынан келетін қандай сөздерді білеміз?

Мысық, моншақ, маса, мата, Маржан, Марат.

-Мысық сөзін буынға бөліп айтады (Мы-сық) (2 буын)

Мысық сөзіне дыбыстық талдау жасау.

М- дауыссыз

Ы- дауысты

С-дауыссыз

Ы-дауысты

Қ- дауыссыз

М дыбысы дауыссыз үнді.

«Суретті әңгімеле» әдісі (Сыныппен жұмыс) Әли мен Мерейдің диалогын тыңдау арқылы өз отбасындағы туыстық қарым-қатынасын білдіретін сөздерді айтады, сұраққа жауап береді.


Көп нүктенің орнына «әкем», «шешем», «мен» сөздерін қойып айтады.

-Мынау не?

- Бұл менің отбасымның суреті.

-Мынау - ...... (анам), ...... (әкем), ..... (мен).

-Ал менің отбасымда әке-шешемнен басқа ..... (ағам), (қарындасым), (інім) бар.

Дәптермен жұмыс.(31 бет) Мм әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, көркем жазады.

Қызықты тапсырма «Менің отбасым» рөлдік ойын

Тыңдалым

Ең үлкен ата,

Атын ата.

-Ортаға оқушыларды шығарамын. Ата, апа, әке, ана, қыз, баласы етіп рөлін бөліп беремін.

Отбасындағы ең үлкен адам кім? (Ата)

Отбасындағы атаңның, апаңның, әкеңнің, анаңның атын ата.

*Қарамен берілген ата сөздерінің мағыналары бірдей ме? Ата сөздеріне сұрақ қой.

- Ата сөзі айтылуы бірдей болғанымен мағынасы әртүрлі.

*Өлеңдегі үлкен сөзіне қарсы мағыналы сөз тап.

Үлкен – кіші.

*Атаңның қандай екенін М дыбысынан келетін сөздермен сипаттап, тізбектеп айт. ( Мейірімді, момын, мықты ....)

















Сабақтың соңы

«Менің сөзім» әдісі сыныптан бір оқушы тұрып, бүгінгі сабақтан үйренгенін қорытындылып айтады,

М дыбысын өттік, М әріпін жазуды үйрендім, М дауыссыз дыбыс, М дыбысынан келетін сөздерді және буынға бөліп айтуды үйрендім мы-сық, мон-шақ, ма-та, ма-са, мек-теп,. Айтып болған соң келесі бір оқушының атын атайды, сол оқушы жалғастырып айтады.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
355
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі