400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

М. Дулатов. Қоян

Материал туралы қысқаша түсінік
М. Дулатов. Қоян
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты

Әдебиеттік оқу

Уақыты:

27.12.2018ж

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

М. Дулатов. Қоян

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылар қыс мезгіліндегі аңдардың тіршілігі туралы оқып үйренеді, топтық жұмыстарды орындауға бейімделеді; 
ә) Өз ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысы қалыптасады, оқу техникасы жетіледі; 
б)Табиғаттан үйрену арқылы зерделі болуға, бақылағыштыққа тәрбиеленеді. 
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік әдістері;
Көрнекілік және қажетті құралдар: Дидактикалық материалдар, оқулық, дәптер, қалам.

Психологиялық ахуал

2 минут

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту



7 минут

 І.Ұйымдастыру кезеңі: 
-Оқушылармен амандасу.
-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
-Мағжан Жұмабаев «Аққала» өлеңі.
-Аққала өлеңінде қыстың қандай бейнесі суреттелген?
-Көңілді.
-Ал сендердің көңіл – күйлерің қандай?
-Көңілді.
-Олай болса жоғары көңіл күймен үй тапсырманы қаншалықты игергенімізді көрсетейік. Ол үшін біз түстер арқылы топтарға бөлініп алайық.

1- топ (қызыл түстер)

2- топ (жасыл түстер)

3- топ (сары түстер)
«Қар лақтыру» ойыны арқылы сұрақ-жауап, әңгімелеу әдісі қамтылады, үй тапсырмасы сұралады.(үш топ бір-біріне қар лақтыру арқылы сұрақтар қояды)
1. Қысқы ойын түрлерін айт. (сырғанақ, аққала, коньки, шаңғы тебу, хоккей)
2. Аққала өлеңінің авторы жайлы не білесің?
3. Өлеңде ақын қолданған көркем сөздерді ата. 
(күміс қарға көбіктей, сүңгіп алып сүліктей, күлкілері-меруерт)
4. «Қарды соғып төрт бұрыш» деген жолдан бастап өлеңді жатқа айт.
5. Өлеңде «кесеге» сөзінің мағынасы нені білдіріп тұр? (мұнда: қатқан қардан кесек ойып алу)
6. Қыста қандай мерекелер болады?




Жұмбақ жасыру. 
Далада жүр шапқылап

Керемет тым саққұлақ

Тек есектен басқа да

Оған ұқсас жоқ құлақ

(Қоян)

-Балалар қоянды үш тілде айтайықшы.

-Қоян

-Заяц

-Rabbit

Суретке зер салып, бес түрлі айырмашылығын тап.


Ендеше бүгін біз М. Дұлатовтың «Қоян» мәтінімен танысамыз.М. Дулатов

кім балалар?

Оқушылардың ойларын жүйелеу.

Автор тану. М.Дулатов туралы түсінік беру. (слайдпен жұмыс)











Міржақып Дулатовтың өмірбаяны туралы мәлімет беру. 
Міржақып Дулатов 1885жылы 24қарашада Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Қызбел ауылында туған. Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған жасөспірімнің тәрбиесі Асқар дейтін оқыған ағасының мойнында болды. М. Дулатов өмір сүрген жылдар аралығында мұғалімдік, тілмәштық, оқытушы қызметтерін атқарады. Оның көптеген шығармалары бар. 1909жылы қазан қаласында «Оян қазақ!» деген өлеңдер жинағы басылып шықты. 1935жылы қазанның 5-і күні ауыр науқастан қайтыс болады.


Мәтінмен жұмыс:

  • Балалар, қоян туралы не білетінімізді, көргенімізді айтайық.


Қоян өте қорқақ аң. Ол жауларынан қашып құтылады.Қоян азық жинамайды.Күн суытқанда сұр тоңын тастап, ақ тонын киеді.Қоян туралы халық қағидаларында да айтылған. Қоянның бүйрегі майлы болса, қыс аязды болады.


Мәтінді мұғалімнің оқуы.

Оқушылар тізбектеп оқиды.

-Мәтін мазмұнына байланысты сұрақ-жауап.

1. Оқиға жылдың қай мезгілінде болған?

2. Қоян қайда бет алды?

3. Қоян жолда кімдерді көреді және нелермен кездеседі.

4. Қоян түннің жартысын қалай өткізеді?

5. Қоян немен қоректенеді.

Дәптермен жұмыс:

Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.

Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.

Шығармашылық тапсырма:

  1. топ: Қоян туралы не білесіңдер?

  2. топ: Коянның суретін салу.

  3. топ:  Әңгімеден жүк тартқандардың сыртқы бейнесін суреттейтін жолдарды тауып оқу


Топтық жұмыс:

«Бұл қандай аң?» ойыны.


ІҮ. Қорыту.
-Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік?





















Ой толғаныс


11 минут





























































Сергіту сәті


3 минут







8 минут






3 минут

Үйге тапсырма

2 минут

Мәтінді оқып мазмұнын әңгімелеп беру және аңдардың қысқы тіршілігі туралы мәлімет жинақтау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

2 минут

Қар ұлпалары мен бағалаймын


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


2 минут

Смайликтерге түрлі-түсті стикерлер жабыстырады

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
798
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі