400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

М м дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныбына берер пайдасы зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

6-сабақ

Хиуаз Доспанова атындағы №16 жалпы орта мектебі


пәні: сауат ашу.

Сынып: 1 мұғалім: Зұлпыхарова Ұ

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша оқушылар өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары :

Барлығы: Өткен сабаққа жалғастырып білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері :Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады

Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір-біріне деген сыйласып құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс :Математика,дүниетану,музыка.

АКТ қолдану дағдылары :Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік: М дыбысы мен әрпі.

Сабақтың басы:

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. 3 минут

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Оқушыларды топқа бөлу.

Жаңа сабақтың таныстыру. 7 минут

Жұмбақ шешу.
1. Түйе өркешін қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп. (м)
2. «Майда» бар да, «шайда» жоқ,
«Менде» бар да, «сенде» жоқ. (м)

Оқулықпен жұмыс.

№1 Тыңдалым.


Сабақтың ортасы. 4 минут

Жұмбақ шешу. (әр топ бір жұмбақтан айту)
- Қане, балалар, кім жұмбақ біледі?

1. Базарда бар, қалада жоқ,
Бауларда бар, далада жоқ. (р)

2. Барда жоқ, жоқта бар,
Қарда жоқ, отта бар (т)

3. Түйе өркешін қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп. (м)

Сергіту сәті. 1 минут

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Қызықты тапсырма. 8 минут

Дәптермен жұмыс


Орнын тап .

1-топ . Алдына әріп қосып айтыңдар.
... аса, ... әуе, ... ақта, ... ата, ... ектеп.

2- топ . Артына әріп қосып айтыңдар.
алм ..., на ..., мо ..., до ..., то...

3- топ . Сөзге буын жалға.
Ой-..., жақ -..., ай-..., тақ-..., ба-...,

Аяқталуы. 10 минут

Кім тапқыр: математикалық сандар.

1-топ. 2.14.8.- әке.

2-топ. 1.18.1.—ана

3-топ. 3.1.16.1.—бала

Сабақтың соңы. 2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім




Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
410
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі