400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

М Мақатаев

Материал туралы қысқаша түсінік
М Мақатаевтың өлеңі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Уақыты:

ҚМж

Пән мұғалімі:


Сабақтың атауы

Сүйемін, өскен Отаным

М.Мақатаев

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

А)Мұқағали Мақатаев өлеңдерімен таныстыру, лирикалық мағынасын түсіндіру.

Б)Оқушылардың өлеңді талдай білуге үйрету

Сабақ түрі: жарыс сабақ

Сабақ әдісі: топтық

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Мұқағали Мақатаев жинағы.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сабақ кезеңдері:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық даярлық:

Жеті бірдей өренбіз,

Жеті шумақ өлеңбіз,

Жеті түрлі бояумыз,

 Жеті түрлі әуенбіз.

Сыныпты екі топқа бөлу.

І топ                                           ІІ топ

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Туған өлкем – тұғырым тарауы бойынша өткен сабақты қайталаймыз. Өткен мәтінге суйеніп, мақалдар мен қанатты сөздердің жалғасын табамыз.

1.Ат – ердің …                                                 2. Бергеннің қолынан,…

3. Ел аралаған …                                             4. Отан – оттан да …

5. Өз елім – өлең …                                        6. Әркімнің өз жері - …

7. Туған жер - …                                               8. Кісі  елінде …

     Туған ел - …                                                      Өз еліңде …      

9. Төртеу түгел болса, …                               10.Ынтымақ түбі - …

        

Касым Аманжоловтың “Туған жер” атты лирикалық өлеңінің үшінші шумағын жаттау.

Сұрақтармен жұмыс:

1.    Қасым Аманжолов кім ?  Өлеңді жатқа оқу.

2.    Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой-пікірін аңғаруға болады ?

3.    Ақынның тағы қандай өлеңдерін білесіңдер ?

4.    Өлеңнің үшінші шумағы арқылы сөзжұмбақта жасырынған  сөзді табу.                     

           Неткен байтақ, неткен 1 … 3… едің,

Нендей 5 … жүрегімді бөледің ?

Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,

6 … жоқ бұл 2… 4… дер едім.                            Л И Р И К А  

Жаттығу жасау

ІІІ. Жаңа сабақ.

Лирика дегеніміз көркем әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі – адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсетеді.

Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясында (өлеңінде) шоқтығы биік аса дарынды ақын. Оның өлеңдерінде сөздің сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып,  үйлесіп тұрады. Сондай өлеңдердің бірі – “Сүйемін, өскен Отаным !”

Мұқағали дауысы

Өлеңдерін оқыту

1.Әліппе                      2.Үш бақытым                  3.Отан туралы

Сүйемін өскен Отаным”

Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіру. (Оқушыларға  сатылап оқыту)

Сөздікпен жұмыс:

Ескегің – желін, самалын.

Сұлаған – созылып жатқан.

1.Өлең бойынша ақынның нені сүйетінін мына үлгілік ағашқа қарап жазып шығу.

Сүйемін: топырағын, тасын, кәрісін, жасын, кештерін, ескегін, жылқышыны, нөсерді, аспанын, жастарын, өзенін далаңды, балаңды, Отаным, жылыңды.

2.Ақын М.Мақатаев пен Қ.Аманжолов өлеңдерінде (соңғы жолдарында) қандай ұқсастық бар ?

Қ.Аманжолов “Туған жер”                                       М.Мақатаев “Сүйемін, өскен Отаным”

Мен өзіңдей байтақ едім, кең едім.                  

 Сүйемін,  өскен   Отаным,

Қызығыңды көріп еркін келемін.                         

 Жылысып өткен жылыңды.

Сен де аямай бердің маған барыңды,            

Қарыздармын сондықтан,

Мен де аямай барым саған беремін.                   

Беремін талай жырымды.

3. Венн диаграммасы

Қасым Аманжолов                                       Мұқағали Мақатаев

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Отан, Туған жер туралы эссе жазу.

4.Екі топқа балдары бойынша орын беріп бағалау.

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі