МАД тобына 2024-2025 о\ж қаңтар-мамыр айларына арналған перспективалық жоспар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

МАД тобына 2024-2025 о\ж қаңтар-мамыр айларына арналған перспективалық жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Перспективалвқ жоспар Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарына 2024-2025 оқу жылының қаңтар -мамыр айларына арналған. Перспективалық жоспар мекткепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы мен "Біртұтас тәрбие" бағдарламаларына сүйеніп жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК       ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫлған ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ                                                                                                                  ЖОСПАРЫ

Білім беру ұйымы:

Тобы: мектепалды даярлық тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2025 жыл қаңтар айы



Ұйымдастырылған  іс-әрекет

Ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңміндеттері




Қаңтар айы: Құндылық- Заң және тәртіп

1

Денешынықтыру

-Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту

-Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол - аяқтарын жуу, тіс тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл шүберекпен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

-Қыс мезгілінде мұзды жолдармен сырғанауға, шаңғымен жүруге, хоккей ойындарына, шанамен сырғанауға, жағдай жасау.

-балалардың денсаулығын сақтау және қорғау, физикалық үйлесімді дамыту; дене шынықтыру мен спортқа, ұлттық ойындарға қызығушылықты ояту және дене шынықтырумен, спортпен айналысуға баулу.

- Тепе-теңдікті сақтау. Заттардан аттап жүру, шектелген жазықтықтың үстімен қосалқы қадаммен, аяқтың ұшымен жүру. Скамейканың үстіне қойылған текшелерден аттап жүру, арқан бойымен бір қырымен, қосалқы қадаммен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге қою) жүру;

-Лақтыру, қағып алу, домалату.допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 м) басынан асыра лақтыру, допты екі қолымен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 м) жүргізу;

- Шанамен сырғанау. Бір-бірін шанамен сырғанату, төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау

2

Сөйлеуді дамыту

-Сөздік қор Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыруды жалғастыру, «асар», «сүйінші сұрау» дәстүрлерінің мәнін түсіндіру, балаларды бір-біріне көмек қолын созуға, бірлесіп ойнауға, тапсырманы орындауға, бір-бірінің қуанышына ортақтаса білуге, бір-біріне қамқор болуға баулу.

-Тілдің грамматикалық құрылымы

Сөйлемдердегі сөздерді: зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді жетілдіру.

-Шығармашылықпен сөйлеу әрекеті.

Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару,

-Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз б-п, г-ғ, к-қ, ж-ш, з-с, н-ң, р-л дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету

Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). Артикуляциялық жаттығулар жасау

Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдану: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеу.

3

Көркем әдебиет.


- Шешендікке, сөз өнеріне баулу, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.

-Балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен фольклорға, театр әлеміне баулу, кітапқа деген қызығушылығын дамыту.

-Шығарма мазмұнын сюжеттің бірізділігін сақтай отырып, эмоциямен, қисынды қайталап айтып беру, диалогтік сөйлеуді дамыту, кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру

-Өлеңді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту.

-Тілдің көркемдігін сезіну (эпитеттер, сипаттамалар, образды сөздер), шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау

4

Сауат ашу негіздері.

-алдымен үлгі бойынша және кейіннен өзбетінше жазуға мүмкіндік беру. Жазу парағында бағдарлай білу, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету;

-сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру;

-сөздің мағынасына қызығушылыққа баулу;

-Түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі сөйлеуді дамыту;

-сөздерге дыбыстық талдауды, буындармен жұмысты жалғастыру;

5

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.
Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту.
Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ө, қ, і, ғ, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу.
Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдауға, сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу.

6

Математика негіздері.

-Жиынның бөліктен үлкен екенін, бөліктің жиыннан кіші екенін, жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы негізінде салыстыру.

- Теңдік туралы түсінік қалыптастыру, әртүрлі заттардан тұратын топтардың санын анықтау, топтарды санау және салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс жалпылау.

-Пішіннің бір формасынан екіншісін қалай жасау керектігі туралы ұғымдарды дамыту, қағаз парағын тең және тең емес бөліктерге бөлу, бүтін мен бөлікті салыстыру, 8-10 бөліктерден пішіндерді жинап, құрастыру.

-Нүктелерді, өрнектерді салуға, тік және көлбеу таяқшаларды, қисық және қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.

-Сөйлеуде белгілі бір заттың өзіне немесе басқа затқа қатысты орнын көрсете білуге үйрету. Берілген бағытта, оны белгі бойынша өзгерте отырып, бағдарлауын қалыптастыру. Қағаз парағын бағдарлай білуді бекіту.


7

Қоршаған ортамен

таныстыру.

- Балабақшаға баруы, мектепке баруы, ересек азамат болып ержетуі мен еңбек етуі, болашақта табысты болуы үшін білімнің қажеттігін түсінуіне, болашақта мектепте оқуға ынтасын арттыру, жаңаны тануға, өз өміріне қажетті дағдыларды игеруге ықпал ету.

-Үйде отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау, үлкендерді сыйлау, кішіге ізет көрсету, үй шаруасына көмектесу, отбасы мүшелеріне жақсы көретінін білдіру, алғыс айту, сыпайы сөйлеу.

-Арнайы көлік құралдарының түрлерін, белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықталуын түсіну -Әртүрлі мамандықтар, еңбектің мазмұны, сипаты және нәтижесінің маңызын, түсіну және бағалау

айналасындағыларға әрқашан әділ болуға, оларға қолдау көрсетуге, көмек беруге, жалған сөйлемеуге, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға баулу.

-Қазақ халқының киіз үйінің маңыздылығын, оның құрылысы мен ішкі жабдықтарын білу. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу және құрметтеу.

-Балалардың зерттеу әрекеті үшін жағдай жасау, табиғатпен таныстыру барысында заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылау, талдау, салыстыру, ажырату.

жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу,

-Қарапайым экологиялық ұғымдарды, адамның табиғаттың бір бөлігі екендігін және оны қорғау, сақтау керек екендігін, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызы туралы, табиғатпен қарым-қатынас барысында денсаулықты нығайтуды, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезіне білу.


8

Сурет салу.

- Парақта кеңістіктегі заттардың қалпын беру, заттардың жазықтықта әртүрлі орналасуы мүмкін екендігін түсіндіру (тұрады, жатады және қалпын өзгерте алады), тірі табиғат заттарының бейнелерін күрделі емес қимылдар мен қалыптар арқылы беру (өсімдіктер, жануарлар, құстар).

-Балалардың суретте қарапайым сюжеттерді: әлеуметтік оқиғаларды, қоршаған өмірдегі оқиғаларды, мерекелерді, адамдардың еңбегін, ертегілердің, өлеңдердің, әндердің және басқалардың желісін жеткізе білуін жетілдіру.


9

Мүсіндеу.

- Қазақ халқының түрлі ыдыс-аяқтарын (қазан, астау, табақ, тостаған, керсен, ожау, күбі торсық және т.б.), тұрмыстық заттарын (керует, үстел, ер-тұрман, ошақ, кебеже, диірмен және т.б) туған өлкедегі мәдени мұра ескерткіштерімен таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдану, олардың бетіне бедерлер жасау.

-Сазбалшық, ермексаз және пластикалық массадан мүсіндеудің ерекшеліктерін білу.

10

Жапсыру.

-сюжеттік композициялар жасау,

-Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен (кілем, алаша, сырмақ, ши, көрпе, жастық және т.б.), таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша қиып жапсыру, оларды ою-өрнектермен безендіру.

-Қайшы мен желімді дұрыс қолдану, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау.


11

Құрастыру.

-Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, киіз үйдің жасауларымен, тұрмыстық заттарымен, ыдыстарымен таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу. Табиғи (ағаш, мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері және т.б.) және қалдық заттардан құрастыруға баулу.

-Қағаздан құрастыру. Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ұлттық бас киімдерін (тақия, сәукеле, кимешек және т.б.) және ыдыстарын құрастыру, оларды жіппен, ою-өрнектермен және т.б. безендіру

12

Музыка.

- Қазақ халқының би өнерімен таныстыру, қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқандығын, ол халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы екенін, би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін құрайтынын түсіндіру, балаларға «Қаражорға» биін билету.

-Өмірдің кейбір құбылыстарын бейнелеу тәсілі ретінде әлемдік және қазақ музыка өнерінің шығармаларымен таныстыру.

-Қазақ халқының әндері мен би әуендерінің үздік үлгілерін тыңдауға баулу.

-Ән айтуда дауыспен вокалдық-есту қабілетін үйлестіруді жетілдіру

-Шығармалардың жеке фрагменттері бойынша (кіріспе, қорытынды, музыкалық фразалар) әуендерді тану арқылы музыканы есте сақтауды жетілдіру.










МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК       ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫлған ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ                                                                                                                  ЖОСПАРЫ

Білім беру ұйымы:

Тобы: мектепалды даярлық тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2025 жыл ақпан айы



Ұйымдастырылған  іс-әрекет

Ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңміндеттері




Ақпан айы: Құндылық –Жасампаздық және жаңашылдық

1

Денешынықтыру.

- Жүру. ересектің белгісімен тоқтап, қозғалыс бағытын өзгертіп, шашырап жүру; заттардың, кегльдердің арасымен, жіптерден аттап жүру; қосалқы қадаммен алға қарай жүру.

-Шаңғымен жүру. Бірінің артынан бірі ауыспалы қадаммен алға жылжу, оң және сол аяқтарымен сырғанау. Бір орнында тұрып оңға, солға бұрылу, айналу;

-Хоккей элементтері. Берілген бағытта қақпаға хоккей таяқпен шайбаны сырғанату, оны қақпаға кіргізу.

-Жергілікті шаралардың температурасын біртіндеп төмендете отырып, қарапайым су шараларын өз бетінше жүргізуге дағдыландыру, балалардың денсаулықтарын, шынықтыру құралдарының әсерлеріне бейімделу деңгейін ескеріп, қарама-қарсы температурадағы сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және аяқтың өкшелерін нығайту.

-Музыкалық-ырғақтық қимылдар. Таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем және ырғақты орындау.Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру. Түзу бағытта адымдап жүру. Жұбымен шеңбер бойымен жүру.

-Өрмелеу. гимнастикалық қабырғамен өрмелеу және бір гимнастикалық қабырғадан екіншісіне ауысып өрмелеу.

-Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту

-Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол - аяқтарын жуу, тіс тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл шүберекпен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

-балалардың денсаулығын сақтау және қорғау, физикалық үйлесімді дамыту; дене шынықтыру мен спортқа, ұлттық ойындарға қызығушылықты ояту және дене шынықтырумен, спортпен айналысуға, ұлттық ойын ойнауға баулу;

2

Сөйлеуді дамыту

-Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз б-п, г-ғ, к-қ, ж-ш, з-с, н-ң, р-л дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету

Сөздік қор -Зат есімдер мен жалпылаушы сөздерді дұрыс қолдану білуді дамыту. -Балаларға сөздерді мағынасына сәйкес қолдануға көмектесу; - Тілдің грамматикалық құрылымы. Түбірлес сөздерді жасау және қолдана білу, етістіктерді жалғаулармен қолдану, сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру;

-Интонациясы бойынша сөйлемдерді (лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту.

-Байланыстырып сөйлеу. Ойыншықтарды, заттарды, сюжеттік суреттер, табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау, сын есімдер мен үстеулерді қолдану.

-Шығармашылық сөйлеу. Ссөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.


3

Көркем әдебиет.


- тілдің көркемдігін сезіну (эпитеттер, сипаттамалар, образды сөздер), шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау

-Шығарма мазмұнын сюжеттің бірізділігін сақтай отырып, эмоциямен, қисынды қайталап айтып беру, диалогтік сөйлеуді дамыту,

-Шешендікке, сөз өнеріне баулу, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.

-Өлеңдерді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту

-Балалардың назарын кітаптың безендірілуіне, иллюстрацияларына аудару.

-Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу, онда рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.

4

Сауат ашу негіздері.

Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауыссыз дыбыстарды анықтау.

-Әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету

-Буынтуралыұғымдардықалыптастыру,сөздердібуындарғабөлу,олардыңсаныменретінанықтау

- Буындардан сөздер құрастыруға (ауызша) үйрету

-Жазу парағында бағдарлай білу, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету.

-Геометриялық фигуралардың, көгөністер, жеміс-жидектердің және т.б. дайын суреттерінің сыртын контурдан шығармай бастыру, бояу. Әртүрлі бағыттағы тігінен, көлденең, қысқа, ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, нүктелерді, тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өзбетінше жазуға мүмкіндік беру.


5

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.
Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту.
Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ғ, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу.
Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдауға, сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу.
Таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізуге, кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен беруге, шығарманы рөлдерге бөліп сомдауға, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізуге баулу, шығарманы еркін талқылауға мүмкіндік беру.

6

Математика негіздері.

-Көрнекілік арқылы 2-10 сандарының пайда болуымен таныстыруды жал5астыру;

-10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру;

-10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару.

-Пішіннің бір формасынан екіншісін қалай жасау керектігі туралы ұғымдарды дамыту, қағаз парағын тең және тең емес бөліктерге бөлу, бүтін мен бөлікті салыстыру, 8-10 бөліктерден пішіндерді жинап, құрастыру.

-Уақытты бағдарлау. Әртүрлі оқиғалардың, апта күндерінің, тәулік бөліктерінің реті туралы білімді бекіту. Айлар, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың ретін білу және атау, циферблат бойынша уақытты анықтау.


-зейінді, есте сақтауды, бақылауды, зерттеуді, талдау жасай білуді, себеп салдарлық байланыстарды орнату, қорытынды жасауды дамыту; -Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын анықтай білу

7

Қоршаған ортамен

таныстыру.

-Ненің «дұрыс»немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екенін түсінуге және ажыратабілугеүйрету.

-Туыстықбайланыстардытүсіну(өзжұрты,атасыменәжесі,жақынтуыстары, нағашы жұрты), өзінің жеті атасын білу. Өсімдіктерге қажеттіліктеріне сәйкес күтім жасау әдістерін білу: олардысуару,түбін қопсыту,жапырақтың шаңын сүрту.

-Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жолқозғалысыныңқарапайымережелерін,жаяужүргіншілерменвелосипедшілердіңқозғалысережелерін сақтау.

-Туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік және халықтықмерекелер,еліміздіңрәміздері,оныңмаңызытуралыбілімдерінкеңейту

-Қазақстанның әсем табиғаты, көрнекі жерлерімен тарихи орындарының, мәдени мұрасының маңыздылығын түсіну.

8

Сурет салу.

-ертегі кейіпкерлерінің бейнесін өзіне тән ерекшеліктерімен салу, сюжеттерде қарапайым мағыналы байланыстарымен ондағы заттардың арасындағы кеңістіктік қатынастарды жеткізе білу.

-Суретті қарапайым қаламның көмегімен жеңіл ырғақпен үстінен қатты баспай бейненің сұлбасын салу, бірнеше заттардың өлшеміндегі айырмашылықтарды беру, геометриялық пішіндегі заттарды салу.

-Ою-өрнектермен қазақтың ұлттық киімдерін салу, оларды пішіндердің ортасында және шеттерінде орналастыру. Ою-өрнекті өзбетінше ойдан салуға мүмкіндік беру. Ұжыммен бірге жұмыс істеу, міндеттерді өзара келісіп орындау, салынған суретпен түрлі ойындар ойнау.


9

Мүсіндеу.

- Адамның бейнесін, жануарлардың қимылдарын, қол-аяқтардың қалпын дұрыс мүсіндеу. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау, мүсінделген пішіндердің бөліктерін бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеу.

- Қазақ халқының түрлі тұрмыстық заттарын (керует, үстел, ер-тұрман, ошақ, кебеже, диірмен және т.б), туған өлкедегі мәдени мұра ескерткіштерімен таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдану, олардың бетіне бедерлер жасау.


10

Жапсыру.

- Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару.

- Қайшы мен желімді дұрыс қолдану, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау


11

Құрастыру.

- Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ұлттық бас киімдерін (тақия, сәукеле, кимешек және т.б.) және ыдыстарын құрастыру, оларды жіппен, ою-өрнектермен және т.б. безендіру

-Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, киіз үйдің жасауларымен, тұрмыстық заттарымен, ыдыстарымен таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу. Табиғи (ағаш, мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері және т.б.) және қалдық заттардан құрастыруға баулу.


12

Музыка.

- Музыкалық шығармалардың жанрларын ажыратуға (ән, күй, марш, би) үйрету. Шығармалардың жеке фрагменттері бойынша (кіріспе, қорытынды, музыкалық фразалар) әуендерді тану арқылы музыканы есте сақтауды жетілдіру.

.- Қазақ халқының әндері мен би әуендерінің үздік үлгілерін тыңдауға баулу.

- Балалар музыкалық аспаптарында қарапайым, таныс әуендерді жеке және шағын топпен орындауға үйрету, балалар шығармашылығын дамыту, оларды белсенділікке, дербестікке баулу.

-Музыкалық (дауылпаз, асатаяқ, сазсырнай, тұяқтас, қоңырау, сыбызғы, домбыра, металлофон, ксилофон, бубен, барабан, маракас, румба және т.б.) және шулы аспаптарда ойнау тәсілдерімен таныстыру.

-Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке ән айту дағдыларын дамыту.







МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК       ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫлған ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ                                                                                                                  ЖОСПАРЫ

Білім беру ұйымы:

Тобы: мектепалды даярлық тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2025 жыл Наурыз айы



Ұйымдастырылған  іс-әрекет

Ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңміндеттері




Наурыз айы: Құндылық –Тәуелсіздік және отаншылдық

1

Денешынықтыру.

- Лақтыру. допты қабырғаға лақтыру және екі қолымен қағып алу; 2–2,5 м арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты лақтыру, допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 м) басынан асыра лақтыру

-Секіру: бір орында тұрып биіктікке секіру (6-8 метр); бір аяқпен және қос аяқпен құрсаудан құрсауға секіру (арақашықтықтығы 40 сантиметр), алға айналдыра отырып, ұзын және қысқа секіргіштен секіру, оң және сол аяқты алмастыра отырып, арқаннан, сызықтан секіру, тұрған орнында айналып секіру; биіктіктен секіру, 20 см дейінгі биіктіктікке секіру.

-Спорттық жаттығулар. Велосипед, самокат тебу. Шеңбер бойымен және тура жолмен өз бетінше екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға және солға бұрылу.

-Спорттық ойын. Бадминтон. Воланды ракеткамен белгілі бір жаққа бағыттай отырып лақтыру. Ұлттық ойындарға қатысуға белсенділікті арттыру.

-Адамның денсаулығы дұрыс тамақтануға байланысты екені туралы түсініктерді жетілдіру. Адамның денсаулығына гигиена мен күн тәртібінің ықпалы туралы түсініктерді кеңейту. Науқасқа күтім жасау дағдыларын қалыптастыру: оған қамқорлық жасау, шуламау, оның өтініштері мен тапсырмаларын орындау. Науқастарға жанашырлық танытуға тәрбиелеу.

-Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту -Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол - аяқтарын жуу, тіс тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл шүберекпен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

2

Сөйлеуді дамыту

- Тілдің грамматикалық құрылымы. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). Артикуляциялық жаттығулар жасау.

- Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз б-п, г-ғ, к-қ, ж-ш, з-с, н-ң, р-л дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету.

-Сөздік қор. Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыруды жалғастыру, «асар», «сүйінші сұрау» дәстүрлерінің мәнін түсіндіру, балаларды бір-біріне көмек қолын созуға, бірлесіп ойнауға, тапсырманы орындауға, бір-бірінің қуанышына ортақтаса білуге, бір-біріне қамқор болуға баулу; -Алуан түрлі заттарды сипаттауға, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді қолдану және түсіну, оларды сөйлегенде белсенді қолдану дағдыларын қалыптастыру.

-Байланыстырып сөйлеу. Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту, шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыру; -түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі сөйлеуді дамыту; -Түбірлес сөздерді жасау және қолдана білу, етістіктерді жалғаулармен қолдану, сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру

3

Көркем әдебиет.


- Шешендікке, сөз өнеріне баулу, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.

-Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу, онда рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.

-Әдеби тілдің көркемдігін сезіну (эпитеттер, сипаттамалар, образды сөздер), шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау.

-Балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен фольклорға, театр әлеміне баулу, кітапқа деген қызығушылығын дамыту.

-Өлеңдерді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту

4

Сауат ашу негіздері.

-Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауыссыз дыбыстарды анықтау.

-Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз), сөйлем сөздерден тұратынын түсіну. Сөйлемді ауызша талдау: жай сөйлемдерді сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру.

-Әртүрлі бағыттағы тігінен, көлденең, қысқа, ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, нүктелерді, тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өзбетінше жазуға мүмкіндік беру.


5

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.
Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, киім-кешегімен, азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен, туған өлкенің көрнекі жерлері, әсем табиғаты, тарихи орындары туралы суреттер, фотолар, альбомдармен жабдықталған орта құру.
Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән қ, ү, і, ғ, ң дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Қазақ халқы қолөнер шеберлерімен жасалған киіз үйдің заттарын және тұрмыстық заттарды білдіретін (кереге, уық, шаңырақ, ағаш керует, кебеже, сандық, кілем, сырмақ, алаша, ши, бау, басқұр, арқан, жіп), азық-түлік атауларын (бидай, күріш, арпа, жүгері, талқан, тары, жент, құрт, сүзбе, шұбат, қымыз, айран), сөздермен толықтыру.
Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу.
Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдауға, сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу.

6

Математика негіздері.

- «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарын ажырату, оларға дұрыс жауап беру.

-Сан санау. 10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару.

Шама.

-Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын анықтай білу, заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыру. Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану.

-Геометрияляық пішіндер. Танымдық-зерттеушілік қызығушылықты, ойлауды, алдына қойылған міндетті шешуде не істеу, қалай істеу керек екенін түсінуге, күрделі формадағы заттарды өзбетінше зерттеуге мүмкіндік беру, қоршаған ортадан геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табу, олардың пішіндерін анықтау.

-Кеңістікті бағдарлау. Сөйлеуде белгілі бір заттың өзіне немесе басқа затқа қатысты орнын көрсете білуге үйрету. Берілген бағытта, оны белгі бойынша өзгерте отырып, бағдарлауын қалыптастыру. Қағаз парағын бағдарлай білуді бекіту.

7

Қоршаған ортамен

таныстыру.

- Отанның тарихы мен мәдениетін білу және оған құрметпен қарауды қалыптастыру, туған жер туралы түсініктерін кеңейту;

- Туыстық байланыстарды түсіну (өз жұрты атасы мен әжесі, жақын туыстары, нағашы жұрты), өзінің жеті атасын білу. -Үйде отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау, үлкендерді сыйлау, кішіге ізет көрсету, үй шаруасына көмектесу, отбасы мүшелеріне жақсы көретінін білдіру, алғыс айту, сыпайы сөйлеу.

-Арнайы көлік құралдарының түрлерін, белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықталуын түсіну, ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидар және т.б. қолданылуын білу, оларды қолдануда қауіпсіздікті сақтау

- Шамасы келетін, бірлескен еңбек әрекетіне қатысуға, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, дербестік пен жауапкершілікке баулу. Топта тазалық сақтауға, ойыншықтарды сүртуге, табиғат бұрышындағы тіршілік иелеріне күтім жасауға, кезекшілік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға, жоспарланған нәтижеге жетуге, өзі мен құрдастарының еңбегінің, шығармашылық әрекеттерінің нәтижелерін бағалауға және құрметпен қарауға баулу. Айналадағы заттар, ойыншықтар адамның еңбегімен жасалғанын түсіну және оларға ұқыпты қарау

-Қазақстанның әсем табиғаты, көрнекі жерлері мен тарихи орындарының, мәдени мұрасының маңыздылығын түсіну. Қазақ халқының киіз үйінің маңыздылығын, оның құрылысы мен ішкі жабдықтарын білу. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу және құрметтеу.

-Ұялытелефон,смартфон,компьютер,ғаламтор,теледидардыңқолданылуынбілу,олардықолданудақауіпсіздіктісақтау -Кезекшілікміндеттерінжауапкершілікпенатқаруға,жоспарланғаннәтижегежетуге баулу

8

Сурет салу.

- Қазақ халқының өмірін, еңбегін, тұрмысын көрсете отырып, қазақ ертегілерінің желісі бойынша сурет салу. Ұжымдық жұмыстарға, өзбетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.

- Бояумен сурет салу кезінде қылқаламды бояуға батыру, қағазға жуан сызықтарды сызарда қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, қиғашынан жүргізу.

-Ою-өрнектермен қазақтың ұлттық киімдерін (орамал, шапан, қамзол және т.б.) салу, оларды пішіндердің ортасында және шеттерінде орналастыру.


9

Мүсіндеу.

- Қазақ халқының түрлі зергерлік бұйымдарымен (білезік, сырға, сақина, тұмар, шашбау және т.б.), туған өлкедегі мәдени мұра ескерткіштерімен таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдану, олардың бетіне бедерлер жасау.

бақылаған заттың бейнесін бере білу, затты әртүрлі қалыптарда мүсіндеу, пішіннің бетін дымқыл шүберекпен тегістеу және кескішті пайдалану;

10

Жапсыру.

- Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару.

-Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру, әлеуметтік оқиғаларды, балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу, шаблондармен, трафареттермен, дайын үлгілермен жұмыс істеу, композиция ережелеріне, перспективаға сәйкес бейнелерді құрастыру.

11

Құрастыру.

- Ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастыруға, алдағы жұмысты бірге жоспарлауға, бір-бірімен келісіп орындауға, дайын құрылыспен ойнауға мүмкіндік беру.

-шығармашылық ойлауды және қиялды дамыту;

12

Музыка.

- Қазақ халық аспаптары: домбыра мен қобыз үнінің тембрлік ерекшеліктерімен, «күй» жанрымен, күйші-композиторлар: Құрманғазы, Қорқыт, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей Шығайұлы, Ықылас Дүкенұлы шығармаларымен таныстыру.

- Балаларды шығармалардың эмоционалды мазмұнын, олардың сипатын, көңіл-күйін, динамикалық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.Музыкалық шығармаға көзқарасын білдіру, оның сипаты, мазмұны туралы айту.

-Қазақ халық аспаптары: домбыра мен қобыз үнінің тембрлік ерекшеліктерімен таныстыру -Таныс әндерді өз бетінше музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды;


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК       ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫлған ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ                                                                                                                  ЖОСПАРЫ

Білім беру ұйымы:

Тобы: мектепалды даярлық тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2025 жыл сәуір айы



Ұйымдастырылған  іс-әрекет

Ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңміндеттері




Сәуір айы: Құндылық –Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

1

Денешынықтыру.

-Тепе-теңдікті сақтау.гимнастикалық скамейканың бойымен екі қадам қашықтықта орналасқан іші толтырылған доптардан аттап өту; қолдарынан ұстап, жұптарымен айналу.

Жүгіру.100-120 метр арақашықтықта жүгіру; белгіленген жерге дейін жылдамдыққа (ұзындығы 20 м) жүгіру.

Ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру. Ұлттық қимылды ойындарды ойнату. Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу.

Еңбектеу, өрмелеу.Бірнеше заттардан еңбектеп өту, әртүрлі тәсілдермен құрсаудың ішіне еңбектеп өту, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу және бір гимнастикалық қабырғадан екіншісіне ауысып өрмелеу.

Секіру.бір аяқпен және қос аяқпен құрсаудан құрсауға секіру (арақашықтықтығы 40 сантиметр), алға айналдыра отырып, ұзын және қысқа секіргіштен секіру, оң және сол аяқты алмастыра отырып, арқаннан, сызықтан секіру, тұрған орнында айналып секіру; биіктіктен секіру, 20 см дейінгі биіктіктікке секіру.

-Сап түзеу Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру: сапқа бір, екі, үш қатармен тұру, бір-бірінің жанына және бір-бірінің артынан сапқа тұру, орнында айналу, оңға, солға бұрылу, сап түзеп, бір және екі, үш қатармен қайта тұру. –Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.

-Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту -Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол - аяқтарын жуу, тіс тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл шүберекпен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.

2

Сөйлеуді дамыту

- Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті,. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). Артикуляциялық жаттығулар жасау.

- Сөздік қор. Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттарды білдіретін зат есімдермен, заттардың қасиеттері мен сапасын сипаттайтын сын есімдермен, адамдардың қарым-қатынасын, олардың еңбекке қатынасын білдіретін үстеулермен байыту.

Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыруды жалғастыру, «асар», «сүйінші сұрау» дәстүрлерінің мәнін түсіндіру, балаларды бір-біріне көмек қолын созуға, бірлесіп ойнауға, тапсырманы орындауға, бір-бірінің қуанышына ортақтаса білуге, бір-біріне қамқор болуға баулу.

Тілдің грамматикалық құрылымы. Түбірлес сөздерді жасау және қолдана білу, етістіктерді жалғаулармен қолдану, сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру;

Байланыстырып сөйлеу. Әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болу.

3

Көркем әдебиет.


- Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу, онда рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.

Өлеңдерді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту. -Әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету - Өлеңдерді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту,

4

Сауат ашу негіздері.

-Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауыссыз дыбыстарды анықтау.

Әрбірсөздіңмағынасыболатынытуралытүсінікқалыптастыру

Балалардың заттар мен жағдайды нақты сипаттауда қарапайым тұжырымдар мен өз ойларын басқаларға түсінікті жеткізуге баулу; -Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз), сөйлем сөздерден тұратынын түсіну. -Сөйлемді ауызша талдау: жай сөйлемдерді сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру

-Буындардансөздер құрастыруға(ауызша)үйрету

-Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету.

5

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.
Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту.
Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Қазақ халқы қолөнер шеберлерімен жасалған заттармен таныстыру.
Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу. Балаларды шешендік өнерге, айтыс өнеріне баулу.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу.
Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдауға, сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу.
Балалардың түрлі әрекеттерінде бір-бірімен еркін диалог құруға мүмкіндік беру, өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 5-6 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу. Заттар мен ойыншықтар, сюжетті суреттерді зат, сын, сан есімдерді қолдана отырып, сипаттауда сөздерді дәл және дұрыс қолдануға, берілген мәтіннің басталуын және соңын ойдан құрастыруға баулу.


6

Математика негіздері.

- «Бір» сөзінің мағынасы, ол тек бір затты ғана емес, сондай-ақ жиынның бір бөлігі ретінде заттардың тобын білдіретінін түсіндіру.

-Әртүрлі заттардан тұратын топтардың санын анықтау, топтарды санау және салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс жалпылау.

10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару ‑Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын анықтай білу, заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыру. Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану. -Пішіннің бір формасынан екіншісін қалай жасау керектігі туралы ұғымдарды дамыту, қағаз парағын тең және тең емес бөліктерге бөлу, бүтін мен бөлікті салыстыру, 8-10 бөліктерден пішіндерді жинап, құрастыру.

Оқиғалардың ретін ("алдымен – содан кейін", "бұрын – кейінірек") анықтау -Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа          

7

Қоршаған ортамен

таныстыру.

-Өзінің жасына сәйкес өмірінде болатын өзгерістерді, балабақшаға баруы, мектепке баруы, ересек азамат болып ержетуі мен еңбек етуі, болашақта табысты болуы үшін білімнің қажеттігін түсінуіне, болашақта мектепте оқуға ынтасын арттыру, жаңаны тануға, өз өміріне қажетті дағдыларды игеруге ықпал ету.

-Ата-ана еңбегін түсіну, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқау. Еңбек ардагерлерін, қарттарды құрметтеу, үлкенді сыйлау, олардың еңбегін бағалау.

-Шамасы келетін, бірлескен еңбек әрекетіне қатысуға, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге баулу.

Балаларды адамгершілік құндылықтарға, өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың іс-әрекеттерін бағалай білуге, өзінің іс-әрекетіне басқалар пікірін білдірген жағдайда ол пікірді дұрыс қабылдауға, өз ісіне адал болуға, еңбек етуде, шығармашылық әрекеттерде нәтижеге жетуге ұмтылуға, сеніп тапсырған тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға, айналасындағыларға әрқашан әділ болуға, оларға қолдау көрсетуге, көмек беруге, жалған сөйлемеуге, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға баулу.

‑Балалардыадамгершілікқұндылықтарға,өзіс-әрекеттеріменбасқаадамдардың іс-әрекеттерін бағалай білуге баулу

-Мемлекеттік Әнұранды жатқа білу, оның маңыздылығын түсіну. Мемлекеттік мерекелердің ( ғарышкерлер) маңыздылығын түсіну, оларға белсенді қатысу. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаевты білу, оларды құрметтеу. Әртүрлімамандықтар, еңбектің мазмұны, сипаты және нәтижесінің маңызын,түсінужәне бағалау.

-Жол белгілерін (жүру бөлігі, жаяужүргіншілер өткелі, тротуар, велосипед, электросамокат, гироскутер, сигвейгеарналғанжол)білу,бағдаршамныңбелгілерінесәйкесжолданөту

-Тірі және өлі табиғат, табиғат құбылыстары (маусым, өсімдік, адам еңбегі) арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және түсіну.

Балалардың зерттеу әрекеті үшін жағдай жасау, табиғатпен таныстыру барысында заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылау, талдау, салыстыру, ажырату.

8

Сурет салу.

-Балалардың суретте қарапайым сюжеттерді: әлеуметтік оқиғаларды, қоршаған өмірдегі оқиғаларды, мерекелерді, адамдардың еңбегін, ертегілердің, өлеңдердің, әндердің және басқалардың желісін жеткізе білуін жетілдіру.

Бояумен сурет салу кезінде қылқаламды бояуға батыру, қағазға жуан сызықтарды сызарда қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, қиғашынан жүргізу

-Қазақ халқының өмірін, еңбегін, тұрмысын көрсете отырып, қазақ ертегілерінің желісі бойынша сурет салу. Ұжымдық жұмыстарға, өзбетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру


9

Мүсіндеу.

-Қазақ халқының түрлі ыдыс-аяқтарын (ожау, күбі, торсық), тұрмыстық заттарын ( ер-тұрман, кебеже, диірмен), зергерлік бұйымдарымен (білезік, сырға, сақина, тұмар, шашбау және т.б.), туған өлкедегі мәдени мұра ескерткіштерімен таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдану, олардың бетіне бедерлер жасау.

-Бақылаған заттың бейнесін бере білу, затты әртүрлі қалыптарда мүсіндеу, пішіннің бетін дымқыл шүберекпен тегістеу және кескішті пайдалану.

10

Жапсыру.

-Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін және т.б.) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру.

Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару -Қайшы мен желімді дұрыс қолдану, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау.

киіз үйдің жабдықтарымен (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, басқұр және т.б.) таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша қиып жапсыру, оларды ою-өрнектермен безендіру.

11

Құрастыру.

-Ұжыммен сюжетті құрастыруға баулу. Шығармашылық ойлауды және қиялды дамыту. Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді пішінге өзгерте білуді бекіту. Дайын үлгілермен және қарапайым сызба бойынша жұмыс істеу, бейнені кескіні бойынша қию үшін қайшыны қолдану.

-Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру: ауызша сипаттау бойынша ұсынылған тақырыпқа, өзбетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу. Құрастырылған құрылысы мен құрылыстың шынайы бейнесі арасында байланыс орнату.

12

Музыка.

-Музыкалық (дауылпаз, асатаяқ, сазсырнай, тұяқтас, қоңырау, сыбызғы, домбыра, металлофон, ксилофон, бубен, барабан, маракас, румба және т.б.) және шулы аспаптарда ойнау тәсілдерімен таныстыру.

Таныс би қимылдарын қолдана отырып, музыканың сипатына сәйкес ойдан би қимылдарын шығару, мәтінге сәйкес әнді сахналау; шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталандыру. -Ән айтуда дауыспен вокалдық-есту қабілетін үйлестіруді жетілдіру -Музыканың сипатын бейненің мазмұнымен, оның көңіл-күйімен байланыстыра білуді қалыптастыру


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК       ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫлған ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ                                                                                                                  ЖОСПАРЫ

Білім беру ұйымы:

Тобы: мектепалды даярлық тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2025 жыл мамыр айы



Ұйымдастырылған  іс-әрекет

Ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңміндеттері




Мамыр айы: Құндылық –Бірлік және ынтымақ

1

Денешынықтыру.

-Алға айналдыра отырып, ұзын және қысқа секіргіштен секіру, оң және сол аяқты алмастыраотырып, арқаннан, сызықтан секіру, тұрған орнында айналып секіру; биіктіктенсекіру,20 сантиметрдейінгібиіктіктікке секіру.

- Баскетбол элементтері. Кеуде тұсынан екі қолымен допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүруге жаттықтыру.

Бадминтон. Воланды ракеткамен белгілі бір жаққа бағыттай отырып лақтыру.

Футбол элементтері. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен тебу. Допты заттарды айналдыра жүргізу. Допты қақпаға тебу. Допты бірнеше рет аяқпен қабырғаға тебу.

- Велосипед, самокат тебу. Шеңбер бойымен және тура жолмен өз бетінше екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға және солға бұрылу.

Лақтыру,қағыпалу,домалату:доптыжоғары,жіптіңүстіненлақтыружәнеекі қолымен, бір қолымен (оң және сол қолын алмастыру) қағып алу; допты бірқатарғақойылғанзаттардыңарасымендомалату,доптықабырғағалақтыружәнеекі қолымен қағып алу; - Музыкалық-ырғақтық қимылдар. Таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем және ырғақты орындау.Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру. Түзу бағытта адымдап жүру. Жұбымен шеңбер бойымен жүру.

‑2–2,5 метр арақашықтықтағы нысанаға құм салынғанқапшықты,асықтылақтыру,доптыекіқолыменбір-біріне(арақашықтығы1,5–2метр)басынанасыралақтыру,доптыекіқолымензаттардыңарасымен(арақашықтығы 4 метр) жүргізу, допты лақтыру және алға қарай жылжып, екіқолымен қағып алу(арақашықтығы4–5метр).

Белгі бойынша басқа бағытқа бұрылып жүру, қолдың бастапқы қалыптарын өзгерте отырып, әртүрлі қарқында секіргіштен аттап жүру; ересектің белгісімен тоқтап, қозғалыс бағытын өзгертіп, шашырап жүру; заттардың, кегльдердің арасымен, жіптерден аттап жүру; қосалқы қадаммен алға қарай жүру.

-Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол - аяқтарын жуу, тіс тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл шүберекпен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну. - Мәдениеттітамақтанужәнеасханақұралдарынеркінқолданудағдыларынжетілдіру.

-Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту

2

Сөйлеуді дамыту

- Зат есімдер мен жалпылаушы сөздерді дұрыс қолдану білуді дамыту.

Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдану, белгілі бір затқа белгілерді, әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай білу.

Балаларға сөздерді мағынасына сәйкес қолдануға көмектесу.

-Сөйлемдердегі сөздерді: зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді жетілдіру

Ойыншықтарды, заттарды, сюжеттік суреттер, табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау, сын есімдер мен үстеулерді қолдану. - Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару, бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру, өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру, сөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.

Дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын дамыту және жетілдіру, дауыссыз г – ғ, л –р,ж–з,с–з,ж–ш,н–ң,х–һдыбыстардыестубойыншаажыратуғажаттықтыру

3

Көркем әдебиет.


-Өлеңдерді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту. -Шешендікке, сөз өнеріне баулу, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.

-Әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдауына ықпал ету, олардың мазмұнын түсіну, себеп-салдарлық байланыстарды, жанрларды (ертегі, әңгіме, өлең) ажырату, тілдің көркемдігін сезіну (эпитеттер, сипаттамалар, образды сөздер), шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау.

Балалардың назарын кітаптың безендірілуіне, иллюстрацияларына аудару.

Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру,

4

Сауат ашу негіздері.

-Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауыссыз дыбыстарды анықтау.

- Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз), сөйлем сөздерден тұратынын түсіну. Сөйлемді ауызша талдау: жай сөйлемдерді сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру.

Балалардың заттар мен жағдайды нақты сипаттауда қарапайым тұжырымдар мен өз ойларын басқаларға түсінікті жеткізуге баулу;

-Буындардан сөздер құрастыруға(ауызша)үйрету

-Жазуды көзбен қадағалай отырып, қаламды немесе қарындашты дұрыс, еркін ұстап, үстінен қатты қысып күш түсірмей, саусақтармен біркелкі жоғарыдан төменге, солдан оңға қимылдарды орындап, сызықтарды үзбей салу.

5

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.
Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен, тұрмыста және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарын таныстыру.
Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ө, ү, і дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Егіншілік кәсіпке байланысты (дән, тұқым, суару, отау, ору, диірмен, орақ, кетпен, шалғы, айыр, күрек, тырма, соқа) сөздермен толықтыру.
Шағын өлеңдер, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу.
Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдауға, сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу.
Балалардың түрлі әрекеттерінде бір-бірімен еркін диалог құруға мүмкіндік беру, өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 5-6 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу. Заттар мен ойыншықтар, сюжетті суреттерді зат, сын, сан есімдерді қолдана отырып, сипаттауда сөздерді дәл және дұрыс қолдануға, берілген мәтіннің басталуын және соңын ойдан құрастыруға баулу.

6

Математика негіздері.

- 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен, 0 ден 9 дейінгі цифрмен таныстыру. «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарын ажырату, оларға дұрыс жауап беру

Денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атап, оларды ажырата білуге жаттықтыру. - Беттестіру, тұстастыру және жұппен салыстыру тәсілдерін қолдана отырып, заттарды салыстыру, заттар тобынан 2-3 белгілері бойынша сәйкес келмейтін затты бөліп алу.

- Тәулік бөліктерінің ауысуын («кеше», «бүгін», «ертең»), оқиғалардың ретін («алдымен – содан кейін», «бұрын – кейінірек») анықтау.

Айлар, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың ретін білу және атау, циферблат бойынша уақытты анықтау. - Пішіннің бір формасынан екіншісін қалай жасау керектігі туралы ұғымдарды дамыту, қағаз парағын тең және тең емес бөліктерге бөлу, бүтін мен бөлікті салыстыру, 8-10 бөліктерден пішіндерді жинап, құрастыру

7

Қоршаған ортамен

таныстыру.

- Туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік мерекелер, Қазақстан Республикасының рәміздерін, Қазақстан Республикасының Президенті, оның халық үшін атқаратын қызметінің маңыздылығын түсіну.

- Өз Отанын жақсы көру, оны қорғаудың, Қазақстан әскерінің маңыздылығын түсіну. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанын қорғаған қазақстандық жауынгерлердің Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтің ерліктері туралы білу, оларды құрметтеу.

- Өсімдіктерге қажеттіліктеріне сәйкес күтім жасау әдістерін білу: оларды суару, түбін қопсыту, жапырақтың шаңын сүртуҚазақстанмемлекетініңрәміздерінеқұрметкөрсету.

- Қазақстан аумағын мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін атау және олардың өздеріне тән белгілері бойынша ажырату. Бақылау арқылы төрт түліктің пайдасын білу, оларды күтіп-баптау, жылдың әр мезгілінде олардың сыртқы түрі мен тіршілік ету ерекшеліктерін сипаттау, жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу, құстардың пайдасы туралы білу, оларға қамқорлық жасау.

Адам өмірі үшін судың, құмның, күн, ай сәулесінің, саздың, тастардыңмаңызынтүсіну.

- Қарапайым экологиялық ұғымдарды, адамның табиғаттың бір бөлігі екендігін және оны қорғау, сақтау керек екендігін, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызы туралы, табиғатпен қарым-қатынас барысында денсаулықты нығайтуды, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезіне білу.

- Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жол белгілерін (жүру бөлігі, жаяу жүргіншілер өткелі, тротуар) білу, бағдаршамның белгілеріне сәйкес жолдан өту. Жол қозғалысының қарапайым ережелерін, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қозғалыс ережелерін сақтау. «Балалар», «трамвай аялдамасы», «автобус аялдамасы», «жаяу жүргіншілер жолы», «велосипед жолы» белгілерін білу.


8

Сурет салу.

- Балалардың суретте қарапайым сюжеттерді: әлеуметтік оқиғаларды, қоршаған өмірдегі оқиғаларды, мерекелерді, адамдардың еңбегін, ертегілердің, өлеңдердің, әндердің және басқалардың желісін жеткізе білуін жетілдіру.

Бояумен сурет салу кезінде қылқаламды бояуға батыру, қағазға жуан сызықтарды сызарда қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, қиғашынан жүргізу

- Қазақ ою-өрнектерінің түрлері («түйетабан», «құсқанаты», «құстұмсық», «жапырақ», «жауқазын», «жетігүл», «жұлдызгүл» және т.б.) туралы түсінігін кеңейту, өзіне тән элементтерді пайдалана отырып, оларды құрастыра білуін дамыту

- Бейнелеу әдістерін (штрихтар, бояуларды араластырып, кляксография, жіппен және т. б.) қолдану.

9

Мүсіндеу.

- Сазбалшық, ермексаз және пластикалық массадан мүсіндеудің ерекшеліктерін білу.

Шынайы бейнесіне қарап және ойдан пішіндері мен өлшемі әртүрлі таныс заттарды: көкөністерді, жемістерді, ойыншықтарды, ыдыстарды мүсіндеу, оларға тән ерекшеліктерді беру, қолдың және саусақтардың қимылдарын жетілдіру.

- Ойдан өзбетінше мүсіндеуге, ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу. Мүсіндеген заттарымен түрлі ойындар ойнау.

Жұмысты ұқыпты орындау, заттарды жинау, қауіпсіздік ережелерін сақтау.

10

Жапсыру.

- Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару.

Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру, әлеуметтік оқиғаларды, балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу, шаблондармен, трафареттермен, дайын үлгілермен жұмыс істеу, композиция ережелеріне, перспективаға сәйкес бейнелерді құрастыру.

11

Құрастыру.

- Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, киіз үйдің жасауларымен, тұрмыстық заттарымен, ыдыстарымен таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу - Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи материалдарды дұрыс пайдалануға үйрету. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс жасау кезінде өзінің әрекетін жоспарлау дағдыларын жетілдіру, дербестік пен шығармашылық танытып, мақсатты түрде жұмыс жасай білу. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасай білу.

12

Музыка.

- Лирикалық, вальс ырғағындағы баяу әуендерді қабылдау, әннің (шығарманың) сипатына сәйкес би қимылдарын орындай білу, әннің қарқынының өзгеруін байқау, шығармаларды сипаттау.

-Музыканың және оның бөліктерінің сипатындағы өзгерістерге сәйкес қимылдарды өзгерте отырып, жаттығуларды орындауға үйрету: марш сипатын анық ырғақты жүрумен; музыканың қимыл сипатын жеңіл және ырғақпен жүгіру, жүрелеп отыру арқылы бере білу.

-Ән айту дағдыларын қалыптастыру, бірінші октаваның «ре», екінші октаваның «до» диапазонда жеңіл дауыспен ән айту, ән айтар алдында, музыкалық фразалар арасында тыныс алу, әннің сөздерін анық айту, орташа, қатты және ақырын дауыспен ән айту.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2024
231
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі